Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.
Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.
Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж
Қосымша әдебиеттер:
Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.
Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.
Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.
Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.
Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.
№ 6 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Орталық жүйке жүйесі.
Лекцияның жоспары:
Ми бөлімдері және оның құрылысы.
Сопақша ми, оның рефлекторлық және автоматикалық орталықтары.
Мишық және оның құрылысы.
Үлкен ми сыңарларының негізгі эволюциясы.
Лекцияның мақсаты:Студенттерге ортаңғы ми құрлымдары және олардың қызметі мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны: Жұлынның өрлеу жолы, немесе орталыққа тепкіш жолының қызметімен жіктелуі.
Үлкен ми жарты шарлары қыртысының қызметі.
Сопақша мидың қызметі.
Артық ми құрлымдарының қызметі.
Мишық оның құрлысының ерекшелігі.
Аралық ми таламус әр түрлі эфферентті жүйелердің импульстер коллекторы.
Ортаңғы ми құрлымдары және олардың қызметі.
ОЖЖ-сі дегеніміз адам мен омыртқалы жануарлар жүйкесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. ОЖЖ-сі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелер мен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Орталыққа тепкіш өткізгіш жалдар сыртқы немесе ішкі орта әсерін қабылдайтын рецепторлардан импульстерді мидың әртүрлі құрылымдарына жеткізеді. Оларға жіңішке және сына тәрізді шоғыр, латеральдық және вентральдық жұлын-таламустық жол, дорсальдық және вентральдық жұлын-мишық жолы жатады.
Жіңішке және сына тәрізді шоғырлар (Голл және Бурдах жолы) жұлындық түйіндердің сезімтал нейрондарының өсінділері болып табылады, үлпекті талшықтардан құралады, Қозу импульсін 60-100 н/сек. жылдамдықпен өткізеді. Бұл шоғырдын қысқа аксондары өз сегменттерінің мотонейрондарымен және аралық нейрондарымен синапстық байланыс түзеді де, ұзын аксондар сопақша миға бағытталады. Жол жөнекей ұзын аксондар жұлынның жоғарырақ орналасқан сегменттеріне тармақтар бере отырып, сегментаралық байланыс түзеді.
Жіңішке шоғыр талшықтары арқылы дененің артқы бөліктері мен
аяқтардан, ал сына тәрізді шоғыр арқылы- дененің алдыңғы бөліктері
мен қолдардан (алдыңғы аяқтардан) келетін импульстер өткізіледі
Аталған шоғырлар талшықтары жұлынды бойлай өз жақтауымен сопақша мидағы Голл және Бурдах ядроларында аяақталады. Осы жерде
олар екінші нейронмен синапс түзеді. Ал, екінші нейрон аксондары
осы сопақша ми деңгейінде айқасып қарсы бетке өтеді де, таламустың арнаулы ядроларында аяқталады. Осы жердегі үшінші нейрон
өсінділері үлкен ми жарты шарлары қыртысының IV- қабатының
нейрондарында аяқталады. Жалпы бұл жол арқылы тітіркендіргіштердің әсер еткен аумаған, олардың мерзімдік сипатын ажыратуға мүмкіндік беретін айқын сигналдар өткізеді.
Латеральдық жұлын-таламус жолы ауырсыну және температуралық әсерлерді, ал вентральдық жұлын-таламус жолы - тактильдік (жанасу) әсерді өткізеді. Кейбір деректерге қарағанда бұл жолмен проприо- және висцерорецепторларда туындаған импульстер де өткізіледі. Қозу толқынының өту жылдамдығы 1-30 м/с құрайды. Бұл жолдың бастапқы талшықтары не өздері енген сегментте аяқталады, не айқасып, қарсы бетке өтіп, не өздері жұлынға енген жағымен бірнеше сегментті бойлай өрлеп, қарсы беттегі нейрондармен жалғасады. Бұл нейрондардан басталған аксондар көру төмпегінде (таламуста) аяқталады. Таламус нейрондарының аксондары үлкен ми жарты шарлары қыртысыңда аяқталады. Жұлын-таламус жолы арқылы тітіркендіргіштердің сапалық сипаты жайлы ақпарат алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |