Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы



бет2/3
Дата26.03.2024
өлшемі20.75 Kb.
#496554
1   2   3
stud.kz-66412

Тежемелік – ол билік тармақтарының қызметін заң шеңберінде ұстаудың Конституциялық әдісі. Айталық, Парламент заң шығару қызметін тек Конституцияда көрсетілген мәселелер бойынша жүзеге асыра алады. Конституцияда көрсететілмеген басқа қоғамдық қатынастар заңға сәйкес актілермен реттеледі. Жоғарғы Сот тек сот тәжірибесі, т.б. мәселелер бойынша нормативтік қаулылар қабылдауға құқылы.
Тепе-теңдік- ол өзінің Конституциялық өкілеттігін қорғау және конституцияның бұзылуына жол бермеу үшін бір билік тармағының екінші бір билік тармағына қарсы әрекет жасайтын конституциялық әдістері. Парламенттің Конституцияға қайшы келетін заңдар қабылдауына қарсы әрекет қолдану үшін Президентке тиым салу құқығы берілген. Егер Үкіметтің алдында тұрған және басқа міндеттерге оның бағдарламасы жауап бере алмаса Парламент оны қабылдамай тастауға құқылы.
Қазақстан республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстанның зайырлы мемлекет болып табылатындығы айтылған. Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты онда ресми, мелекеттік діннің болмайтындығынан –көптеген діни уағыздың бірде бірінің міндетті немесе басым болып танылмайтындығынан көрінеді Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуімен сипатталады. Бұл сонымен бірге мемлекет органдарының діни бірлестіктердің құызметіне заңсыз араласуға, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол бермеу қажеттігін білдіреді. Оның үстіне мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмауы тиіс.
Одан әрі қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол бермеуден де көрінеді. Конституцияда толық айтылмаған идея бар сияқты. Онда саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол бермеу туралы айтылады. Бұдан саяси партияларды діни негізде құруға тиым салынбайды деген ой тумайды. Әрине, бұл қағиданың Конституцияда жоқтығы өзінен-өзі түсінікті. Мәселе мынада, егер партияның діни негіздегі қызметіне тиым салынса, онда мұндай партияны құруға юолмайды. Мұндай партияларды мемлекеттік органдарда тіркеуге болмайды. Ал тіркелмеген партиялар заңсыз деп танылады[19].
Мемлекет діннен бөлінгендіктен діни бірлестіктер мемлекеттің саясатына, мемлекеттің ісіне араласпауы тиіс. Мұны діни бірлестіктердің құқығына нұқсан келтіру деп қарауға болмайды. Өйткені олар діни парыздарын өтеу үшін құрылады, сондықтан тек дінге сенушілердің сұранысын қанағаттандыруға қызмет етуі тиіс. Қандай дінді ұстайтындығына қарамастан азаматтардың саяси құқықтары болады. Дін ұстаушылар сияқты, дін қызметкерлері де тиісті конфессиялардың өкілі ретінде емес, басқа да азаматтар сияқты мемлекеттік органдарға сайлана алады.
Мақсаты мен әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, діни алауыздықты ушықтыруға бағытталған діни бірлестіктерді құруға және олардық қызметіне тиым салынады. Сонымен бірге мемлекет діни бірлестіктердің заңды қызметін қорғайды.
Діннің мемлекеттен бөлінуі діни парызды мемлекеттік оқу орындарында оқытуға жол берілмейтіндігін білдіреді. Діни бірлестіктердің, олардың өкілдерінің кез-келген мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысуы, мысалы, ашылатын мемлекеттік мекемелерде, олар өнім шығаратын кәсіпорындарда қызмет көрсетуі және басқалары, сондай-ақ онда қайсыбір діни рәміздік белгілерін орналастыру бұл принциппен сиыспайды.
Діни бірлестіктердің жарғысы республиканың әділет органдарында тіркеледі. Діни бірлестіктің жарғысын тіркеген мемлекеттік орган олардың өздерінің жарғыларын сақталуын қадалайды. Жарғылық құжаттардың талабын немесе тіркелу шартын орындамаған діни бірлестіктердің қызметшілері заңға сәйкес жауаптылыққа тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет