Екінші төменгі үлкен азу тіс біріншіге ұқсас. Ол шамасы жағынан кішілеу, сауыты дұрыс куб пішінді. Оның қабысу бетінде төрт төмпешік болады. Түбірлері бірінші үлкен азу тістікіндей. Тіс жақтарының барлық белгілері айқын білінеді.
Үшінші төменгі үлкен азу тіс едәуір өзгермелі келеді. Ол екінші төменгі азу тістен кішілеу, сауытының қабысу бетінде 3 немесе 5 төмпешік бар. Түрлері көбінесе екеу, бірақ олар біраз жерінде қосылып бір конус түріндегі түбір түзеді. Көбіне негізінен дистальды жағына қарай түбірдің қисаюы байқалады.
Жоғарғы медиальді күректіс – күректістер табындағы ең ірісі. Оның сауытының ерін беті көлденен, және байлық бағыттарда дөңес. Оның үш кішкене байлық білігі бар, олардың әрқайсысы шайнау бетінде бедерімен аяқталады. Ортаңғы әйліктің екі жағында біреуден байлық ойыс жатады. Тіс сауытының тілге қараған беті көлденең және байлық бағыттарда ойыс келеді. Мойын бөлімінде төмпешік, tuberculm olentale жатады, одан тілге қараған беттің дистальді және мезиальды жиегімен тістің шайнау жиегіне қарай келетін бөліктер шығады. Тістің үш белгісінен тіс сауытының қисықтығы барынша айқын білінеді. Түбірі конус пішінді және сауытынан ұзындау: бүйір жүлгелері онша байқалмайды оның 3 беті бар: ерін және 2 апроксимальды беттер.
3- ші . Дәріс: Протез бен аппараттар жасалатын, негізгі конструкциялық материалдар
Металдар және металл құймалары
Тот баспайтын болаттар
Хром-кобальт құймасы
Бағалы металдар және олардың құймасы
Ортопедиялық стоматологияда протездерді дайындау үшін әр түрлі металл құймалары қолданылады. Металдар таза күйінде қолданылмайды, өйткені олардың қасиеттері негізгі материалдарға қойылатын талаптарға сай емес. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын барлық металдар көп компанентті құймалар болып табылады.
Металдардың химиялық қасиеттері құрамындағы атоммен әлсіз байланысқан қозғалғыш электрондардың санына байланысты.
Металдардың құрылысы. Металдар қатты күйінде анық байқалатын кристалдық құрылыста болады. Металдың бет қабатын мұқият жалтыратып содан соң белсенді химиялық заттармен улай отырып микроскоппен қарағанда оның құрылысының кристалды екенің көруге болады. Кристалды дененің негізгі ерекшеліктері атомдардың молекулалардың немесе иондардың кеңістікте белгілі бір орында орналасуы болып табылады.
Металдардың көпшілігіне тән кристалдық тордың үш түрі бар:
кубтық қабырғаларынан орталықтандырылған , бұдан кристалдық тор темірде 910-1390º С температура аралығында алюминийде, алтында, мыста, қорғасында болады.
Кубтық көлемді – орталық таңдырылған, бұндай кристалдық тор темірде 910 ºС төмен болғанда және 1390ºжоғары болғанда хромда, ванадида болады
Гексагональды бұндай кристалдық тор мырышта, магнийде, кадмийде болады. Кристалдық тордың байдамдарында оң зарядталған иондар орналасады.
Атомдардың валентілігін анықтайтын электрондар кристалдық торда бос қозғалыста болып, электрондық газдар түзеді. Олардың белсенділігінен металдың электр және жылу өткізілетін қасиеті өзгеріп отырады.
Кристалдық құрылыстың кемшіліктерінің бірі - атомдар арасындағы қуыстардың болуы, басқаша «вакансия». Торлардың бұл кемістіктері құймалардың балқу кезінде бір-біріне енуі үшін өте маңызды және термиялық өндеуге байланысты. Кристалдық құрылыстың екінші бір кемшілігі дислокация деп аталады. Бұл жағдайда кристалдардың шоғырлануына байланысты жартылай жазықтық түзіп, бір сызықтың бойына орналасқан кемістікке әкеліп соғады басқаша айтқанда жиектік дислокация. Бұл дислокация түзу болуы болмаса бұралып спираль тәрізді болуы да мүмкін. Соңғысы “бұрандалы дислокация“ деп аталады.
Құймалардың кристалдық құрылысы: Құймалар сұйық күйден қатты күйге көшкен кезде кристалдық тор түзеді. Осы қату кезінде құйма құрамындағы компоненттерінен бір-бірімен әрекеттесуін негізгі үш түрге бөледі механикалық қосылыс, қатты ерітінді және химиялық қосылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |