Механикалық қосылыс. Құйманың бұл түріне бір-бірінде ерімейтін металл қосылыстарын жатқызады. Бұндай қосылыс ретінде, мысалы қорғасын, висмут және кадмий қосылыстарын жатқызуға болады. Құйманың әрбір компоненті өзіне тән кристалдық торын сақтайды және қасиеттері негізінен құрамдық бөліктерінің қатынастарына байланысты. Компоненттерінің өзара әлсіз байланысы бұл құймаларды тез балқығыш жасағанымен қолдану үшін олардың беріктігі жеткілікті.
Қатты ерітінді. Бұл топқа жататын құймалардың элементтері өзара сұйық күйде де қатты күйде де бір бірінде ерігіштік көрсетеді. Қатты ерітінді деп негізгі еріткіштің металл торларына еріген заттың атомдары кірген біркелкі кристалдардын тұратын денені айтамыз. Рентгеналогиялық тексерулердің нәтижесі қатты ерітіндінің бір ғана торы болатындығын анықтап отыр. Қатты ерітіндіде бір заттың атомы екінші бір заттың кристалдық торындағы атомдардың орнын басуы мүмкін, ал атом аралық кеңістіктерде металл емес заттар орналасады. Осы қосылыстарға мысал ретінде ортопедиялық стоматолгияда кеңінен қолданылып жүрген хром – никель, хром – кобальт құймаларын жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |