Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы №365 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»


Жедел медициналық көмек станциясының зарарсыздандырылған



бет6/6
Дата20.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#149669
1   2   3   4   5   6

Жедел медициналық көмек станциясының зарарсыздандырылған
бөлімшесіне арналған медициналық жабдық

 


р/с №

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе

1.

Бумен зарарсыздандырғыш

дана

1

 

2.

Ауамен зарарсыздандырғыш

дана

1

 

3.

Аквадистиллятор

дана

1

 

4.

Зарарсыздандырылған тазарту алдындағы механикалық ультрадыбыстық аппарат

дана

1

 

5.

Зарарсыздандырылған материалды сақтауға арналған сөре (500 мың тұрғынға дейін)

дана

4

 

6.

Зарарсыздандырылған қорап

дана

10

 

7.

Бактерицидтік сәулелендіргіш

дана

 

СанПжН-ге сәйкес өңделетін аумаққа есептеумен

8.

Вальцеватель

дана

1

 

9.

Дезинфекцияға арналған ыдыс

дана

6

3 л, 5 л

10.

Құжаттарға арналған үстел

дана

1

 

11.

Кептіретін тұтқалы шкаф

дана

1

 

12.

Қаптамалау үстелі

дана

1

 

 

Қазақстан Республикасы



Денсаулық сақтау министрінің

2013 жылғы 26 маусымдағы

365 бұйрығымен бекітілген



Стандартқа 9-қосымша

 

 



Жедел медициналық көмек ұйымының парамедигінің үлгілік лауазымдық

нұсқаулығы

 

Жалпы ережелер

 

1. Парамедик лауазымына мамандандырылған курстардан өткен және парамедик сертификаты, халықаралық бағдарламалар бойынша парамедиктерді даярлаудың тиісті курсынан өткені туралы куәлігі бар («Базалық реанимация» - Basic Life Support (BLS); «Жедел жәрдем көлігін қауіпсіз жүргізу техникасы бойынша тренинг» (Safe Ambulans Driving Techniques Trainings, «Жедел жәрдем көлігінің жабдықтарын пайдалану стандарты» (AES) адам тағайындалады.

2. Парамедикті лауазымға тағайындау және одан босату медициналық ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

3. Парамедик:

1) «Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1463 қаулысын, Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын, Қазақстан Республикасында шұғыл және жедел көмек көрсету мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

2) адам ағзасының тіршілік етуін қамтамасыз етудің негізін және қарқынды терапияның негізгі жедел жағдайын, оның ішінде:

адам анатомиясының, физиологиясының және патофизиологиясының негіздерін;

бастапқы көмек түсінігін, бастапқы жедел медициналық көмекті ұйымдастыруды;

жүрек-өкпе реанимациясы, қан кету, шок, механикалық жарақат (оның ішінде бас сүйегінің және жұлынның жарақаттары, көз жарақаты, іштің және кеуденің көнтерілік жарақаты, сынықтар және т.б.), электр жарақаты, термиялық жарақаты, улану, босану кезінде қарқынды іс-шаралардың жалғасуын;

десмургия негіздерін;

деонтология негіздерін;

денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастырылған құрылымын;

3) медициналық аспаптармен және жабдықтармен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін, техникалық қауіпсіздік ережелерін, өрттен сақтану ережелерін;

4) ішкі еңбек тәртібі ережелерін;

5) еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, өндірістік санитария нормалары мен ережелерін білуі тиіс.

 

 



1. Лауазымдық міндеттері

 

4. Парамедик:



1) жұқпалы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимнің, асептиктердің, сақтаудың, өңдеудің, зарарсыздандырудың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың ережелерін сақтауға);

2) дәрігердің, орта медицина қызметкерінің нұсқаулары бойынша, ал олар жоқ кезде - өздігінен шақырту орнында және жол бойы пациенттерге медициналық қызмет көрсетудің барлық процесстерін орындауға (пациенттің жай-күйін бағалауға, алынған деректерді талдауға, науқастардың және зардап шеккендердің ағзасының тіршілік етуін қолдау үшін негізгі жедел медициналық манипуляцияларды жүзеге асыруға, стационарға қазіргі заманғы тасымалдауды ұйымдастыруға);

3) дәрігердің, орта медицина қызметкерінің нұсқаулары бойынша, ал олар жоқ кезде - аталған жай-күй кезінде белгіленген іс-қимыл тәртібіне сәйкес пациенттерге өмірлік айғақтары бойынша өздігінен дәрілік препараттарды, шокқа қарсы (анафилактикалық шок кезінде) заттарды енгізуге, қажеттілігіне қарай көліктік мобильдендіруді қамтамасыз етуге;

4) дәрігердің орта медицина қызметкерінің нұсқаулары бойынша, ал олар жоқ кезде - өздігінен медициналық манипуляциаларды өткізу кезінде немесе жол бойында туындаған, пациенттерде айқындалған барлық жіті асқынулар мен аурулар туралы диспетчерге және ауысымның бас дәрігеріне хабарлауға;

5) дәрілік препараттардың дұрыс сақталуын, есепке алынуын және есептен шығаруын қамтамасыз етуге;

6) пациенттердің мүддесі үшін әріптестерімен және басқа қызметтің қызметкерлерімен өзара әрекет етуге;

7) бекітілген медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуге;

8) өзінің кәсіптік біліктілігін жүйелі түрде жоғарылатып отыруға міндетті.

 

 



2. Құқықтары

 

5. Парамедиктің:



1) дәрігердің орта медицина қызметкерінің нұсқаулары бойынша, ал олар жоқ кезде - өздігінен жедел жағдайларды диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес айқындалған емдеу манипуляцияларын жүргізуге;

2) өзінің кәсіби міндеттерін нақты орындау үшін қажетті ақпаратты алуға;

3) қажеттілігіне қарай аға фельдшерден санитариялық көлікті жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, күтіп-қарау нысаналарымен және өзінің функционалдық міндеттерін сапалы орындау үшін қажетті т.б. қамтамасыз етуді талап етуге;

4) бекітілген тәртіппен өзінің біліктілігін жоғарылатуға, атқарып отырған лауазымға сәйкестігін растау мақсатында аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өтуге құқығы бар.

 

 



3. Жауапкершілік

 

6. Парамедик:



1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен айқындалған шекте - осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық кодекстерінде айқындалған шекте - өзінің міндетін жүзеге асыру процесінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық кодекстерінде айқындалған шекте - материалдық шығын келтіргені үшін жауапты болады.

 

 



 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет