Көру мүшесі
Адамның көру мүшесі – табиғаттың тамаша тартуы. Бұл біздің сезімнің өте нақтылы және ең сезімтал мүшесі. Құстардың көзінің өткірлігі адамдікіне қарағанда өте жоғары. Сонымен бірге, көзінің өткірлігі жоғары жануарлар түнгі қараңғылықта көре алмайды, ал ала-көлеңкеде жақсы көретіндер – күндіз көрмейді (мысалы, жапалақ).
«Бүркіт адамнан әлде-қайда көреді, бірақ адамның көзі заттарды бүркіттің көзіне қарағанда көбірек ажырытады», деп жазды Ф.Энгельс («Табиғат диалектикасы»). Халық данышпаншылығы: «Көзді көздің қарашығындай сақтаңдар» - дейді.
Көру қызметі көптеген мүшелердің қабаттасқан жүмыстарымен іске асады.
Көру мүшесі - көзден және қосымша аппараттан тұрады. Көз - көз алмасынан және көру нервісінен, қосымша аппаратқа: бұлшықеттер, коньюктива, кірпіктер, қастар, көз жасы аппараты жатады. Көз алмасы 3 қабықтан ( талшықты, тамырлы, торлы) және ішкі ядродан ( шынылы дене, бұршақ) тұрады.
Көру мүшесінің онтогенезі
Көз алдыңғы ми көпіршігінен томпаю арқылы дамиды. Пайда болған сабақша көру шұңқырынан томпайып шығып тұрған көз көпіршігін ми көпіршігімен байланыстырады. Бұл сабақша көру нервін қалыптастырады, ал көз көпіршігінің шеткі бөлімінде торлы қабық, түзіледі. Ол басқа құрылымдардан бұрын пайда болады.
Көз көпіршігі мөлдір ми сұйығымен толған. Алдыңғы жағында көз көпіршігі бас эктодермасының қалыңдаған бөліміне жанасып жатады. Бұл жерде көз көпіршігінің алдыңғы қабырғасы артқы қабырғасына қарай ішке кіреді де, көпіршік екі қабырғалы тостағаншыға айналады. Алғашқыда көз тостағаншасының алдыңғы және артқы қабырғаларының арасындағы саңылау сабақшаның өзекшесі арқылы аралық ми көпірішігінің қуысымен жалғасады. Көз тостағаншасының сабақшасының төменгі қабырғасы науа түрінде ойысып, оған мезенхима және оның туындылары, атап айтқанда шыны тәрізді дененің артериясы, кіріп өседі. Құрсақтық дамудың екінші айында көз сабақшасының науасы төменгі жағынан, көз артериясын қоршай бітіп кетеді де, біртіндеп көз нервіне айналады.
Көз тостағаншасының сыртқы (ішке кірген) табақшасы торлы қабықтың пигменттік қабатына, ол ішкі табақшасы сәуле сезгіш қабаты – меншікті торлы қабыққа айналады. Көз тостағаншасының тесігінің алдында эктодерма клеткалары өсіп, көз бұршағын (хрусталикті) қалыптастырады.
Көздің сыртқы қабықтарының- тамырлы, ақуызды және мүйіз қабығының дамуы, көз бұршағымен қатар, мезодермадан жүреді.
Құрсақтық дамудың екінші айының соңында шыны тәрізді дене дамиды. Эктодерма мен көз бұршағының арасында кіріп өсетін мезинхиманың клеткалары, тері эпителиімен бірге көздің мөлдір мүйізді қабығына айналады.
Көз (көз алмасы) бір жағынан ашық көз ұясында орналасқан шар тәрізді дене болып келеді. Сыртқы жағынан ол үш қабықпен қапталған (3 сурет). Сыртқы қатты қабығы деп аталады немесе талшықты қабық. Ол көз алмасының ішіндегілерінің барлық жағынан қоршап жатадыда, алдыңғы мүйіз қабық деп аталатын бөлімінен басқа жері мөлдір емес ( 5,6-сурет).
Склераға іш жағынан қан тамырлары бар, тамырлы қабық жанасып жатады. Алдыңғы жағында ол қалыңдап, ортасында тесігі – қарашық бар құбылмалы қабықты түзеді. Қарашықтың қара болып көрінетін себебі – одан ішке өткен сәуле кері шықпайды. Қарашықтың кеңіп, әрі тарылуы бездің еркімізге емес, жарықтың күшіне байланысты. Көздің көру аймағының жарықтану деңгейіне бейімделу құбылысын адаптация деп атайды. Адаптация процесіндегі негізгі рольды қарашық емес торлы қабық атқарады.
Торлы қабық – көздің ішкі сәулені және түрлі-түсті сезгіш қабық. Бұл қабық күрделі және көп қабатты құрылысы болып келеді.
Көру сезімінің негізгі элементтері ұзын нервтік өсінділері жоқ клеткалардың екі түрі. Біріншілері – ұзынша келген таяқшалар деп аталатын клеткалар; екіншілері – қысқа әрі жуандау келген – шөлмекшелер. Торлық қабықта 130 млн. таяқшалар мен 7 млн. шөлмекшелер бар. Олардан басқа торлы қабықта биполярлық және мультиполярлық клеткалар бар. Соңғылардың аксондарының жиынтығынан көру нерві түзіледі. Торлы қабықтығын ең анық көретін жерінде, қарашыққа қарсы, тек таяқшалар ғана орналасқан және олардың саны 1 мм2 ауданда 100000 жетеді. Сондықтан адамның көзі көру аймағының ортасында ғана орналасқан заттарды егжей-тегжейлі ажырата алады.
Г. Гельмгольц ұсынған көз айнасының көменгімен торлы қабықта екінші ақ түсті дақты көруге болады. Бұл дақ көру нервінің басталатын жерінде орналасқан, оны соқыр дақ – деп аталады. Оның диаметрі – 1,88 мм.
Таяқшалар мен шөлмекшелердің қызметтері әр түрлі. Таяқшалардың сезімталдығы жоғары, бірақ олар түрлі-түсті ажырата алмайды да «ала-көлеңкелік көрудің» аппраты болып есептеледі, яғни әлсіз жарықта көру аппараты , шөлмекшелер түрлі-түске өте сезімталдығы төмен, сондықтан күндізгі көру аппараты болып саналады.
Көпшілік хайуанаттардың тор қабығының артында, көзге түскен сәуленің әсерін шағылыстыру арқылы күшейтетін, жұқа жылтырауық айналы қабат орналасқан. Мұндай хайуандардың көздері қараңғыда жылтырап тұрады (мысық, қасқыр).
Көз қарашығының артында ерекше қапшықпен қоршалған мөлдір, эластикалық дене – көз бұршағы орналасқан. Оның қапшығы ерекше жалғамалар мен бұлшық еттер талшықтарының көмегімен құбылмалы қабық кірпікті денемен байланысқан. Көз бұршағының пішіні дөнес линза тәрізді және көру процесіндегі маңызы өте үлкен - өтетін жарық сәулелерін сындырып, торқабықта заттардың анық бейнесін береді. Көру аймағындағы зат неғұрлым жақын болса, көз бұршағының дөнестігі соғұрлым ұлғаяды. Осылайша өзінің дөңестігін және сәуле сындыру күшін өзгертіп, ол бізге анық көруге көмектеседі. Көз бұршағының дөңестігінің өзгеріп, көздің алыс немесе жақын заттарды анық көруге бейімделуі аккомодация, - деп аталады.
Айта кету керек, тор қабықта заттардың анық бейнесінің пайда болуына бұршақтан басқа, мүйізгек қабық, көз алмасының ішінде орналасқан су тәрізді ылған және шыны тәрізді дене де қатысады.
Көру - өте күрделі психологиялық процесс. Көру әсері басқа да сез мүшелерін қабылдайтын әсерлермен үндесіп жатады. Осы күрделі жүйе қалыптасып, нақтылы қызмет атқарғанша біраз уақыт керек болады.
Көру анализаторының өткізгіш жолы қалай қалыптасады? (1 сурет) Торлы қабықтың 10 қабатының арасындағы өте маңыздысы, көру жолының бірінші нейрондары болып табылады – таяқшалар мен шөлмекшелер. Бұл жолдың екінші нейроны торлы қабықта орналасқан биполярлық клеткалар (6 қабат); келесі үшінші нейронды сегізінші қабаттағы мультиполярлық клеткалар береді. Бұлардың аксондарының жиынтығы көз алмасының артқы жағынан шығып, көру нервін түзеді. Ол көру нервінің өзегі арқылы көз ұясынан ми сауытына кіреді. Оның құрамында 400000-нан 800000-ға дейін талшықтар болатындығы анықталған. Көру нервінің ұзындығы 35-55 мм. Ми сауытындағы көру нерві айқасып, нервтің медиальді талшықтары ғана қиылыс жасап, қарама-қарсы жаққа өтеді де, латериальді талшықтар өз жағында әрі қалай жалғасады. Айқастан (қиылысқан) кейін көру жолы қалыптасады да, оның талшықтары қыртыс асты орталықтарға: 1) төрт төмпенің жоғары екі төмпешігіне; 2) көру төмпесінің жастықшасына; 3) латеральді тізелі денеге барады( метаталамуске).
Жоғарғы екі төмпешікте көздің көлденең жолақты және құбылмалы қабықтың жазық саласы бұлшық еттерінің нервтендіретін нервтермен байланысты ядролар орналасқан. Осы байланыстың арқасында белгілі бір сәулелік қоздыруларға көру аппаратының сәйкес конвергенсиясы мен аккомодациясы іске асады.
Конвергенция – көру және оптикалық біліктердің жақсы көруге қажетті қалыпта келуі. Берілген заттың бір ғана бейнесін қабылдау үшін екі көздің көру сызығы, бір нүктеде тоғысады. Сондықтан, заттардың алыста немесе жақында орналасуына байланысты бұл сызықтар бір-бірінен алшақтайды (егер зат алыс болса) немесе жақындайды (егер зат жақын орналасса). Көз бұлшық еттерініңғ көмегімен осындай бейімденушілік конвергенция – деп аталады. Аккомодация мен конвергенция бір-бірімен тығыз байланысқан.
Аккомодация (көздің икемделісі). Заттарды анық көру үшін, олардың нүктесінен шыққан сәуле торлы қабықтьщ бетіне түсуі немесе жиналуы керек. Адам алыстағы заттарға карағанда, олардың бейнесі 'көздің торлы қабығына жиналып өте анык кө-рінеді. Бұл кезде жақын орналасқан нәрселер анық көрінбейді, олардың бейнесі торлы қабықтың артында түйіседі. Көзден әр-түрлі кашықтықта тұрған заттарды бір мезгілде бірдей айкын көруге болмайды. Көздің әртүрлі қашықтықтағы нәрселерді ай-қын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындыру күшінің өз-геруін көз аккомодсщиясы дейді.
Көру жолының талшықтарының екі шоғы көру төмпесінің жастықшасының латериальді ядросы мен латериальді тізелік дене ядросында аяқталады(4-сурет). Аталған үш құрылымдардың ядроларында көру анализаторы жолының төртінші нейрондары орналасқан. Олардың аксондары ішкі капсуланың артқы иінінің артқы бөлімі арқылы көру сәулесін түзіп, мидің шүйде бөлігінің медиальді бетінде орналасқан құс тепкі саланың жиегінің бойындағы қыртысқа барадыда, тор қабыққа түскен жарық сәулеге бейнеге айналады. Берілген сәтте біз өзіміз ынталған және пайдалы құбылысты көреміз. Көру аймағы көптеген объектілер мен құбылыстарға толы, бірақ біздің санамыз осы сәтте назар салғанымызды және кнеттен пайда болған құбылыстарды бөліп алады( 5 сурет).
Есту белгілері (сигналдары) миға 0,12 секундта, ал көру белгілері (сигналдары) – 0,15 секундта жетуіне қарамастан, біздің көздің миға жеткізетін ақпараты естуге қарағанда 30 есе көп. Жанасу сезімдері миға 0,09 секундта жетеді.
1 сурет.Көру жолдары
2 сурет. Көз алмасының сыртқы бұлшықеттері
3 сурет. Көз алмасының жалпы құрылысы
4- сурет. Көз алмасы мен қосымша аппараты
5- сурет. Көздік нерв тармақтары
Білім деңгейін тексеруге арналған тестілер
1.Төменде көрсетілген ғалымдардың қайсысы анатомияның негізін қалаушы болып табылады:
a) Везалий
b) Гален
c) Алкмеон
d) Авиценна
e) Гиппократ
2. Тіректік қызметті атқаратын тінді көрсетіңіз:
a) эпителилік
b) нервтік
c) бұлшықеттік
d) дәнекер
e) сұйық дәнекер
3.Анатомияның ең байырғы әдісін көрсетіңіз:
a) құйып толтыру (инъекция)
b) рентгенологиялық
c) кесу
d) эксперименттік
e)жидіту (мацерация)
4.Сүйектер сыртынан немен жабылғаныын көрсетіңіз:
a) тығыз затпен
b) кеуекті затпен
c)шеміршекпен
d)сүйек қабығымен
e) сірлі қабықпен
5. Түтікті сүйектердің денелері қалай аталатындығын көрсетіңіз:
a) апофиз
b) диафиз
c) метафиз
d) эпифиз
6.Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік бірлігін көрсетіңіз:
a) нейрон
b) нефрон
c) гепатон
d) ацинус
e) үлесше
7. Рефлекторлық доғаның бірінші бөлімін көрсетіңіз:
a) сезімтал нейрон
b) қозғалтқыш нейрон
c) аралық нейрон
d) рецептор
e) эффектор
8.Сыртқы ортадан тітіркенуді қабылдайтын рецепторларды көрсетіңіз:
a) интерорецепторлар
b) проприорецепторлар
c) хеморецепторлар
d) экстерорецепторлар
e)висцерорецепторлар
9 Бұлшықет және буындардан тітіркенуді қабылдайтын рецепторларды көрсетіңіз:
a) интерорецепторлар
b) проприорецепторлар
c) хеморецепторлар
d) экстерорецепторлар
e)висцерорецепторлар
10. Мидың сұр заты нелерден түзілетіндігін көрсетіңіз:
a) нейрондардың денелерінен
b) нейрондардың өсінділерінен
c) тек дендриттерден
d) тек аксондардан
e) нейрондардың денелерімен өсінділерінен
11. Төменде көрсетілген ғалымдардың қайсысы алғашқы рет капиллярларды ашқан:
a) Гарвей.У
b)Мальпиги.М
c) Паре.А
d) Броун.Р
e) Линней. К
12.Кіші қан айналым жүйесі қай жерден басталатындығын көрсетіңіз:
a) оң жақ жүрекшеден
b) сол жақ жүрекшеден
c) оң жақ қарыншадан
d) сол жақ қарыншадан
e) тәждік қойнаудан
13.Үлкен қан айналым жүйесі қай жерден басталатындығын көрсетіңіз:
a) оң жақ жүрекшеден
b) сол жақ жүрекшеден
c) оң жақ қарыншадан
d) сол жақ қарыншадан
e) тәждік қойнаудан
14. Ұрықта жүрек қандай сегменттердің деңгейінде қалыптасады:
a) мойын
b) кеуде
c) бел
d) сегізкөз
e) құйымшақ
15. Жүрек неше камерадан тұратындығын көрсетіңіз:
a) 4
b) 5
c) 6
d) 3
e) 2
16.Төменде көрсетілген бездердің қайсысы эктодермальды бездердің қатарына жататындығын көрсетіңіз:
a) айырша
b) атабез
c) нейрогипофиз
d) анабез
e) қалқанша безі
17.Төменде көрсетілген бездердің қайсысы энтодермальды бездердің қатарына жататындығын көрсетіңіз:
a) аденогипофиз
b) атабез
c) нейрогипофиз
d) анабез
e) қалқанша безі
18.Төменде көрсетілген бездердің қайсысы мезодермальды бездердің қатарына жататындығын көрсетіңіз:
a) аденогипофиз
b) бүйрекүсті безінің милық заты
c) нейрогипофиз
d) анабез
e) қалқанша безі
19.Төмпе тәрізді дене қай жерде орналасқандығын көрсетіңіз
a) төрт төмпешіктің үстінде
b) мишықтың үстінде
c) бүйірлі қарыншада
d) сүйелді дененің үстінде
e) сопақша мидың вентральді бетінде
20.Ішкі секрециялық бездердің сыртқы секрециялық бездерден айырмашылығын көрсетіңіз:
a) шығарғыш түтігі жоқ
b) шығарғыш түтігі бар
c) секретін белгілі бір қуысқабөліп шығарады
d) қатпарлары бар
e) бүрлері бар
21. Ішкі мүшелерді зерттейтін анатомияның бөлімі қалай аталатындығын көрсетіңіз:
a) миология
b) спланхнология
c) синдесмология
d) ангиология
e)остеология
22.Мүшенің мүлдем болмауы қалай аталатындығын көрсетіңіз:
a) агенезия
b) аплазия
c) дистопия
d) гипоплазия
e) инверсия
23. Қуысты мүшелердің ең сыртқы қабығын көрсетіңіз:
a) шырышты
b) шырышасты
c) бұлшықетті
d) сірліасты
e) сірлі
24. Дене бітімі долихоморфты типті адамдарға асқазанның қандай пішіні тән екендігін көрсетіңіз:
a) мүйіз тәрізді
b) құмсағат тәрізді
c) қармақ тәрізді
d) шұлық тәрізді
e) таға тәрізді
25. Дене бітімі брахиморфты типті адамдарға асқазанның қандай пішіні тән екендігін көрсетіңіз:
a) мүйіз тәрізді
b) құмсағат тәрізді
c) қармақ тәрізді
d) шұлық тәрізді
e) таға тәрізді
26.Көру анализаторының рецепторлары қай жерде орналасады:
a) мүйізді қабықта
b) фиброзды қабықта
c) торлы қабықта
d) тамырлы қабықта
e) бұршақта
27.Көру нервісі қай жерде басталатынын көрсетіңіз:
a) тамырлы қабықта
b) торлы қабықта
c) фиброзды қабықта
d) мүйізді қабықта
e)кірпікті денеде
28.Көру анализаторының қыртысасты орталығы қай жерде орналасқандаығын көрсетіңіз:
a) бүйірлі иінді дене, жоғарғы төмпешіктер
b) медиальді иінді дене, төменгі төмпешіктер
c) қызыл ядро, қара зат, төменгі төмпешіктер
d) ми аяқшалары, қара зат, жоғарғы төмпешіктер
e) бүйірлі иінді дене, медиальді иінді дене
29.Көру анализаторының қыртыс орталығы қай жерде орналасаындығын көрсетіңіз:
a) маңдай бөлімінде, жоғарғы маңдай қатпарында
b) төбе бөлімінде, жоғарғы төбе бөлігінде
c) шүйде бөлімінде, құс тепкі жүлгесі маңында
d) самай бөлімінде, жоғарғы самай қатпарында
e) самай бөлімінде, төменгі самай қатпарында
30.Көру мүшесінің қосымша аппаратын көрсетіңіз:
a) мүйізді қабық
b) торлы қабық
c) бұршақ
d) көз жасы безі
e) кірпікті дене
Тестілердің жауаптары
1.с
2d
3 c
4 d
5b
6.a
7.d
8.d
9.b
10.a
11.b
12.c
13.d
14.a
15.a
16.c
17.e
18.d
19.a
20.a
21.b
22.a
23.e
24.d
25.a
26.c
27.b
28.a
29.c
30.d
Қолдануға ұсынылған әдебиеттер:
-
Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,II том.- Алматы: «Кітап», 2004.
-
Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том.- Алматы: «Кітап», 2006.
-
Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том.- Астана: «Фолиант», 2005.
-
Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
-
Николаев А.В. Топографическая анатомия и оперативная хирургия.- М: ГЭОТАР-медиа ,2009.-384с.
-
Гайворонский И.В. Анатомия дыхательной системы и сердца.- Учебное пособие для медвузов.- СПб:ЭЛБИ,2002.-125с.
-
Гайворонский И.В. Ангионеврология: Пособие к практическим занятиям по нормальной анатомии ВММ РФ, изд 3-е Б.И., 2006.-121с.
-
Гайворонский И.В.Остеология: Учебное пособие для медвузов.- ЭЛБИ-СПб,2005.-60с.
-
Гайворонский И.В.Клиническая анатомия черепа.- Учебное пособие для медвузов, ЭЛБИ-СПб, 2006.-50с.
-
Гайворонский И.В.Функциональная анатомия эндокринной системы. Учебное пособие для медвузов. - ЭЛБИ-СПб, 2006.-56с.
-
Большаков О.П., Семенов Г.М.Лекции по оперативной хирургии и клинической анатомии. - М: ГЭОТАР-медиа ,2000.- 248с.
-
Гайворонский И. В. Функциональная анатомия центральной нервной системы. Учебное пособие для медвузов. -ЭЛБИ-СПб, 2006.-86с.
-
Неттер, Френк. Атлас анатомии человека/Ф. Неттер:
Под ред.Н.О Бартоша.- М. : ГЭОТАР- Медиа, 2007.-624с.
25. 12. 2010 ж. басуға қол қойылды
Көлемі 5.8 есепті-баспа табағы
100 дана
ҚММУ баспаханасында басып шығарылды
Қ
арағанды қаласы, Гоголь көшесі,40
Достарыңызбен бөлісу: |