Сүйектік жүйе не механикалық, не биологиялық маңызы басым бірқатар қызмет атқарады(1-сурет). Механикалық маңызы басым қызметтерін қарастырайық. Алғашқыда пайда болғанда , қатты қаңқа организмді сыртқы ортаның қауыпті әсерлерінен қорғау қызметін атқарады. Омыртқаларда ішкі қаңқаның дамуымен бірге, ол әуелі жұмсақ ұлпаларға тірек және қолдау болады. Қаңқаның жеке бөліктері бұлшықеттермен қозғалысқа келетін рычагтарға айналып, қаңқа локомоторлық қызметке ие болды. Ақыр аяғында, қол-аяқ сүйектері денені жер бетімен жоғары көтеріп, антигравитациялық қызмет атқаратын болды. Қорыта келгенде, қаңқаның механикалық қызметтері оның қорғау, тірек және қозғалысты іске асыра алатындығынан көрінеді.
Тіректік қызмет қаңқаға жұмсақ ұлпалар мен мүшелердің бекуі арқылы іске асатын болса, қозғалыстық қызметі бұлшық еттер арқылы қозғалысқа келетін буындар арқылы байланысқан, ұзын және қысқа рычагтар түріндегі сүйектердің құрылысына байланысты.
Қорғаныс қызметі жеке сүйектерден түтіктер, қуыстар пайда болу арқылы іске асады.Мысалы: түтікті сүйектер, бас сүйек қуысы, кеуде және астау қуыстары.
Сүйек жүйесінің биологиялық қызметі қаңқаның зат алмасуға әсіресе минералдық алмасуға қатысуына байланысты.Қаңқа минералдық тұздардың –фосфордың, кальцийдің және темірдің депосы болып саналады.Одан басқа, қаңқа ішінде сүйек майы болғандықтан қан жасау қызметін де атқарады.
Сүйек тірі организмнің мүшесі ретінде бірнеше ұлпадан тұрады. Олардың ішіндегі ең бастысы сүйек ұлпасы.Сүйектік ұлпаның көлемі мен маңызын мацерацияланған сүйектен көруге болады жұмсақ ұлпалардан тазартып кептіру).Осындай өңдеуге қарамастан сүйек өзінің пішінін, көлемін, құрылысын және беріктігін сақтайды. Сүйектің беріктігі оның екі қасиетінің қаттылығымен серпімділігінің қосылуының нәтижесі.
Сүйектің дамуы.
Сүйектің қалыптасуы мезинхималық жас дәнекер тінді жасушалардың- остеобласттардың көбеюінен басталады. Қаңқа дамуының 3 кезеңіне сай, сүйектер дәнекер ұлпасы немесе шеміршекті ұлпа негізінде қалыптасуы мүмкін. Осыған байланысыты ажыратылады:
-
Эндесмальді сүйектену (en - ішінде, desme - байлам) бірінші реттік жабындық сүектірдің дәнекер ұлпасында жүреді.
-
Перихондралді сүйектену (peri - айналасы, chondros - шеміршек) шеміршекті аралшықтың айналасында шеміршек үстінің (perichondrium) қатысуымен жүреді.
-
Эндохондралъді сүйектену (endo, греч. – ішінде, chondros – шеміршек) шеміршекті аралшықтың ішінде, шеміршек үстінің құрамында тамыры бар шеміршек ішндегі өсінділерінен дамиды.
Осы айтылған, түтікті сүйектің дамуына байланысты, түтікті сүйектің келесі бөлімдерін ажыратамыз.
1. сүйек денесі, диафиз, ересектерде іші сары жілік майына толы және тіректік қорғанышты қызымет атқаратын түтікті сүйек.
Диафиздің эпифизарлы шеміршекке ұласқан жері- метафиз. Олар диафизбен бірге дамиды және кеуекті заттан тұрады substantia spongiosa. «сүйекті кеуектің» ұяшықтарында қызыл жілік майы болады.
2. Әр бір түтікті сүйектің буындық соңдары эпифизарлы шеміршектің үстінде орналасады және құрамында қызыл жілік майы болады.
Эпифиздің айналасында, бұлшық еттер мен байламдар бекитің сүйектік төмпектер- апофиз деп аталады.
Сүйектің құрылысы.
Сүйек құрылысының бірлігі, микроскоппен шамалы үлкейткенде көрінетін остеон болып табылады, немесе оны Гаверсов жүйесі дейді.Остеондар интеретциальды табақшалармен бірге сүйектің негізгі ортаңғы қабатын түзеді. Бұл қабат сыртынан және ішінен жалпы (генеральды) табақшалар қабатымен жабылған. Генеральды табақшалардың сыртқы қабатында, сүйек қабығынан келетін қан тамырлары өтетін, Фолькманов түтікшелері деп аталатын ерекше түтікшелер орналасқан.
Остеондардан, қарусыз көзбен көрінетін, сүйектердің ірілеу элементтері – көлденең шабақтар түзіледі. Егер шабақтар тығыз жатса, тығыз зат пайда болады. Егер шабақтар сирек орналасса, онда кеуекті зат пайда болады. Тығыз және кеуекті заттардың орналасуы сүйектің атқаратын қызметіне байланысты. Тығыз зат тіректік және қозғалыс қызметі басым сүйектер мен олардың бөлімдерінде орналасады – түтік сүйектің диафизі. Үлкен көлемде жеңілдік пен беріктік керек болса онда кеуекті зат түзіледі Мысалы: түтікті сүйектердің эпифиздерінде.
Кеуекті заттың шабақтары қысу және созу күштері сызықтарына сәйкес орналасады(2-сурет). Бас қаңқасы күмбезінің сүйектерінің кеуекті заты ішкі және сыртқы табақшалардың арасында орналасқан.Ішкі табақшаны шыны табақша деп те атайды. Өйткені бас қаңқасы зақымданғанда ол тез сынады.
Шабақтар арасындағы ұяларда сүйек майы орналасқан. Ол қан жасау және организмді биологиялық қорғау мүшесі болып табылады. Сүйектің қызыл және сары майы болады. Олардың құрылысы мен маңызы туралы егжей-тегжейлі гистология курсында танысасыздар.Мацерацияланбаған сүйектің буын бетінен басқа жерін сүйек қабығы жауып жатады. Оның 2 қабаты бар: сыртқы фиброзды және ішкі остеогенді немесе камбиальды. Ол қан тамырлары мен нервтеріне бай, сондықтан сүйектің қоректенуі мен жуандап өсуіне қатынасады. Сүйектердің өсуі сүйек қабығының камбиальды қабатында болатын остеобластар деп аталатын клеткалардың есебінен жүреді. Сүйектердің сүйек қабығынан бос буын беттерін буын шеміршегі жауып жатады, ол гиалинды шеміршек.
Сонымен сүйек мүше ретінде деген түсінікке сүйек ұлпасы, сүйек майы, сүйек қабығы,буындық шеміршек және көптеген қан тамырлары мен нервтері кіреді.
Сүйектердің жіктелуі
Адам оганизмінде 200 ден астам сүйектер бар. Сырқы пішініне қарап ұзын, қысқа, жалпақ және аралас сүйектерді ажыратады.
Бірақ, Галеннің уақытынан бері келе жатқан мұндай бір ғана сыртқы пішіні арқылы бөлу біржақты болып табылады. Осының нәтижесінде өзінің құрылысы, қызметі , дамуы бойынша әртүрлі сүйектер бір топқа түсіп кетеді Мысалы, оран жілікпен қабырға бір топта.Ал олардағы процесстер әртүрлі жүреді, үйткені құрылысы, қызметі және дамуы әртүрлі.
Сондықтан сүйектерді 3 принциптің негізінде ажыратқан дұрысырақ болады: пішіні ( құрылысы), қызметі және дамуы. Осы тұрғыдан М.Г Привес мынадай классификацияны ұсынады.
-
Түтікше сүйектер
а.Ұзын б. Қысқа
2) Кеуекті сүйектер
а. Ұзын
б. Қысқа
в. Сесама сүйектер
3) Жалпақ сүйектер
4) Аралас сүйектер
1-Сурет Қаңқа сүйектері
2-Сурет Сүйектің кеуекті заты
Дәріс 2
Нерв жүйесі. Ми қыртысының қалыптасуы.Анализаторлар туралы түсінік
Нерв жүйесі адам организмінде ерекше орын алады. Оны тек медицина және жаратылыстану ғалымдары ғана емес, сонымен қатар философия, әлеуметтік ғылымдар, техника және саяси ғылымдар да тексеріп зерттейді. Сонымен, нерв жүйесі ғылымның әртүрлі саласының зерттеп білу объектісі болып табылады.
Тірі заттардың негізгі қасиеттерінің бірі тітіркенгіштік болып табылады. Әрбір тірі организм сыртқы ортадан тітіркеніс қабылдайды да,оған оны сыртқы ортамен байланыстыратын сәйкес реакциямен жауап береді. Өзінің тармақтарымен барлық мүшелер мен ұлпаларға кіріп, нерв жүйесі организмнің барлық бөліктерін біртұтас етіп біріктіреді.
Хайуандар мен адамның сыртқы ортаның алуан түрлі жағдайларына бейімделуіне нерв жүйесіне басты роль жатады. Нерв жүйесі шартты және шарттсыз рефлекстер арқылы организмнің сыртқы ортамен тұрақты байланысын қамтамасыз етеді. Олай болса, нервтік байланыстарды және барлық мүшелердің қызметтерін біртұтас біріктіретін мүшелер нерв жүйесін құрастырады. Нерв жүйесі мен жоғары нерв қызметі-психика тікелей байланысты.
«Нерв жүйесі- организм бөліктерінің өзара байланыстардың және сыртқы ортаның көп әсері тиетін күрделі жүйе- организмнің қарым-қатынастары мен байланыстарының айтып жеткізуге болмайтын өте күрделі , әрі өте нәзік аспабы» И.П.Павлов.
Нерв жүйесінің анатомо-функциональдық бірлігі болып ,көптеген өсінділері бар ,нерв клеткасы-нейрон саналады. Клетканың ұзын өсіндісі-аксон,немесе нейрит,ал тармақталатын қысқа өсінділері-дендриттер деп аталады. Нейронның ішінде нервтік қозу дендриттерден клетканның денесіне ,ал клетка денесінен аксонға өтеді(3,4,5- суреттер).
Нерв импульсі бір нейроннан екінші нейронға синапс (жалғасу) арқылы беріледі.
Нейрондардың байланыстары аксо-сомтикалық және аксо-дендриттік болып бөлінелі. Бір нейронның аксонының тармқтары екінші нейронның денесіне келсе, аксо-соматикалық байланыс. Егер, бір нейронның аксонының тармақтары екінші нейронның дендриттерінің тармақтарымен жалғасса, онда аксо-дендриттік байланыс(синапс) пайда болады. Сөйтіп, бар нерв жүйесі, бір-бірімен жалғасып, бірақ еш жерде тұтасып кетпейтін нейрондардың жиынтығы болып табылады.
Нейрондардың арасындағы байланыстың көрнекті мысалы-рефлекстің негізіне жататын ,рефлекторлық доға. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайьмдағандар орыс ғалымдары И. М. Сеченов, М. П. Павлов, П. Қ. Анохин.
Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесіиің сыртқы немссе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы., Рефлекстің морфологиялық негізі — рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізстін жол Ол бес белімнен атап айтқанда: 1) қабылдаушы кұрылым — рецептордан; 2) қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3) афференттік, аралык, эфференттік нейрондардан түратын орталықтан; 4) қозуды орталықтан эффекторга апаратын эфференттік жүйкеден; 5) жауап беруші құрылым—эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаңың бүтіндігі бұзылса рефлекс біржола жоғалып кетеді. Соңғы кезде рефлекстік доғамеп катар рефлекстік шеңбер деген үғым колданылады. Рефлекторлық доғаның екі нейрондық, үш және көп нейрондық болуы мүмкін (6,7- суреттер).
Морфологнялық және физиологнялық ерекшеліктеріие қарай рефлекс бірнеше топқа бөлінеді:
1. Рецепторлардың орналасуына (орнына) карай экстероцептивтік (сыртқы), интероцептивтік (ішкі), проприоцептивтік (өзіндік)' рефлекстер болып ажыратылады (rесерііо — лат.— алу), қабылдау. Демек рецептор — кабылдауыш деген сөз. Экстероцептивтік рефлекс рецепторлары дене сыртында: теріде, ауыз, көздің кілегейлі кабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.
Интероцептивтік рефлекс рецепторлары ішкі ағзаларда, тканьдерде, қан тамырларында, ал прорпиорецептивтік рефлекс рецепторлары сіңірде, буын қабында орналасқан.
2. Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер сомалық, вегетативтік болып екіге бөлінеді.
3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, артқы ми, ортаңры ми (мезенцефальдық), аралық ми (диенцефальдық), алдыңғы ми (қыртыстық) рефлекстер болып бөлінеді.
4. Қимыл-әрекетіне қарай жүту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстері болып ажыратылады.
5. Орталықта туатын процестер түріне карай қоздырушы тежелуші рефлекстер болады.
6. И. П. Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен) шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.
7. Рефлекстік доғаныц орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай екі, үш және көп нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.
Топогрфиялық принцип бойынша нерв жүйесін орталық және шеттік(перифериялық)бөлімдерге бөледі. Орталық нерв жүйесіне ақ және сұр заттардан тұратын ми мен жұлын жатады. Перифериялық нерв жүйесіне нервтік түбіршектр ,түйіндер ,өрімдер нервтер және шеттік(перифириялық)нерв ұштары жатады.
Мидың сұр заты –нерв орталықтары деп аталатын ,нерв клеткаларының(нейрондардың)жиынтығы.И.П.Павлов айтқандай –(нерв орталығы –клеткалардың,жиынтығы иен тіркестігі».
Ақ зат-нерв талшықтары(нерв клеткаларының өсінділері-нейриттер мен дендриттер).
Нерв жүйесінің орталық бөлімінде де ,перифериялық бөлімінде де реттейтін,нерв жүйесінің ең жоғарғы бөлімі болып,үлкен мидың жарты шарларының қыртысы саналады.
Нерв жүйесінің филогенезі.
Бір клеткалы қарапайым организмдерде – амебада ,нерв жүйесі әлі жоқ; сыртқы ортамен байланыс организмнің ішінде және сыртында орнласқан сұйықтың көмегімен іске асады;-реттеудің нерв пайда болғанша түрі. Мұнан былай ,нерв жүйесі дамығаннан кейін ,реттеудің нервтік түрі пайда болады.
Ол өзіне гуморальдық реттеуді бағындырады,сөйтіп ,тұтас нейрогуморальдық реттеу пайда болады. Мұнда нерв жүйесіне басты роль жатады. Нерв жүйесі филогенездің барысында дамудың бірнеше кезеңінен өтеді.
Нерв жүйесінің дамуыныі негізгі кезеңдері.
1.Тор тәрізді нерв жүйесі ішек қуыстыларда кездеседі,мысалы,гидрада. Бұл нерв жүйесі ,өсінділері бір-бірімен жалғасып тор түзетін ,нерв клеткаларынан тұрады.
2.Түйінді нерв жүйесі жоғарғы сатыдағы құрттарда,моллюскаларда,буынаяқтыларда кезеседі. Бұл нерв жүйесін өзара жақындасып жеклеген топтар –түйіндер жасайтын нерв клеткалары түзеді. Осының нәтижесінде нерв түйіндері –орталықтар пайда болады.
3.Түтікше нерв жүйесі хордалыларда пайда болған. Түтікше нерв жүйесі қозғалыс аппараының дамуымен байланысты. Бұл нерв жүйесінің құрылысы метамерлі.Омыртқалылар мен адамда түтікше нерв тұлғалық ми-жұлынға айналады.
Нерв жүйесінің әрі қарай дамып ,мидың пайда болуына рецепторлардың жіктелуі,яғни,сезім мүшелерінің дамуы себепші болады. Шындығында , жануарлар мен адамдарда мидың дамуы алдымен көру, есту, дәм сезу және түйсіну мүшелерінің пайда болуымен байланысты.
Сезім мүшелерінің көпшілігі жануарлар денесінің қозғалысқа бағытталған алдыңғы жағында пайда болады. Сондықтан да, олар арқылы сыртқы ортаның әсерлерін қабылдау үшін тұлғалық мидың(жұлынның)алдыңғы жағы дамып ,бас миы пайда болады.
Сонымен,мидың дамуы сезім мүшелерінің әсерінен жүзеге асады. Мидың одан әрі дамуы адамда басқа заңдылықтарға бағынышты. Адамда мидың қалыптасуының шешуші факторы болып еңбек саналады. Ал, қоғамдық еңбек прцесінде адамдар арасында өзара қатынасу құралы –сөйлеу пайда болды.» Әуелі еңбек,содан кейін онымен бірге анық сөйлеу-маймылдың миының біртіндеп адамның миына айналуының ең басты стимулы(ынталандырушысы)болды.»-деп , жазды Энгельс.(шығармалар, 2 басылуы ,20том,419-бет)
Нерв жүйесінің онтогенезі
Нерв жүйесінің онтогенезін морфо-физиологиялық зерттеудің үлкен тарихы бар. Бірақ, шын мәнінде тек соңғы он жылдарда кең қолданылған гистологиялық және физиологиялық зерттеулердің арқасында дәл ғылыми деректер алынды. Ғылымның бұл саласына отандас ғалымдардың зерттеулері көп үлес қосты(И.М.Сеченов,И.Р.Тарханов ,Н.П.Гундобин,В.М.Бехтерев,Л.А.Орбели,П.К.Анохин,Н.И.Красногорский,А.Г.Иванов-Смоленский,И.М.Филимонов және т.б.).
Нерв жүйесі сыртқы ұрықтық табақшадан –эктодермадан дамиды. Әуелі милық табақша дамиды да ол тереңдеп милық саланы қалыптастырады. Саланың шеттері бір-бірімен бірігіп саланы түтікке айналдырады. Бұл түтік орталық нерв жүйесінің бастамасы болып табылды. Түтіктің артқы жағы жұлынды береді де ,алдыңғы кеңейген жағы ми дамитын көпіршіктерге айналады. Әуелі 3 ми көпіршігі –алдыңғы,ортаңғы және артқы пайда болады. Келешекте алдыңғы және артқы көпіршіктер 2-ге бөлініп 5ми көпіршігі пайда болады (1 сурет).
Талдағыштар (анализаторлар) немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш-рецепторлардан, аралық және орталық жүйке клеткаларынан, оларды байланыстыратын арнаулы тал-шықтарыиаи тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі, Сезім ағ-залары организмнің өзін коршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Өйткені сезім ағзала-рының рецепторларында сыртқы ортаньщ тітіркену әсерінен козу толқындары пайда болады, ол орталык, жүйке жүйесіне өтеді. Сезім ағзалары қабылдайтын тітіркендірістер үлкен ми сыңарла-ры кыртысының, белгілі аймақтарында ажыратылады. Яғни талдағыштар ақпаратты кабылдайтын және талдау жасайтын жүй-елер.
Талдағыштар туралы ілімді И. П. Павлов ашты. «Анализатор – қызметі сыртқы ортаның күрделіктерін жекелеген элементтерге ажырататын аспап» - деп жазды И.П. Павлов. Ол, ен бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты: рецепторлық (шеткі бөлімі), афференттік нейрондар және өткізгіш жолдар (аралық бөлім), соңында афференттік сигналды кабылдайтын үлкен ми сыңарларыныц қыртысы (орталық бөлімі)
Бұл үш бөліктің біреуінің зақымдануы белгілі бір тітіркендірісті ажырату қабілеттілігін жоюға әкеп соқтырады. Мәселен, ми кыртысының нақтылы бір аймақтарын закымдайтын тәжірибе-лер шартты рефлекстерді жояды. Осыны ескере отырыл, И. П. Павлов талдағыштардың ми кыртысындағы бөлімінде алгашқы жобалау (проекциялық) аймағы болатындығын дәлелдеді. Соны-мен катар бұлардан тысқары келген мәліметті қабылдайтын шашыраңкы жүйке элементтерінің барлығы анықталды.
Талдағыштардың әлем тануда өте зор мәні бар. И. М. Сеченовтың айтуы бойынша , талдағыш дегеніміз — мидың сезіну ағзалары. Өйткені әрбір психикалық іс-әрекет санада сезім арқылы қабылдау негізінде туады.
Сезім арқылы білу адамда алты жолмен іске алады: а) тітіркену, б) есту, в) көру, г) дәм сезу, д) иіс сезу және е) гравитация. Алты сезім мүшелері адамға қоршаған объективтік бейнелер – сезімдер түрінде суреттеледі.
Сезім пайда болу үшін тітіркенуді қабылдайтын аспаптар осы тітіркенулерді өткізетін нервтер және осы тітіркенулер санаға айналатын, білудің алғашқы процесіне, орын-ми қажет. Сезім пайда болу үшін қажетті осы ақпараттардың жиынтығын И.П. Павлов анализатор деп атады.
Әрбір анализатор үш бөлімнен тұрады: 1) Рецептор (қабылдағыш) – тітіркендіру энергиясын нервтік процеске айналдырғыш. 2) Кондуктор – нервтік қозуды өткізгіш. 3) Анализатордың қыртыстық соңы; онда қозу сезім түрінде қабылданады.
Сезімдердің екі тобын ажыратады:
1. Сыртқы ортаның заттары мен құбылыстарының қасиеттерін көрсететін сезімдер: түйсіну, қызуды және ауырғанды сезу, есту, көру, дәм және иіс сезу.
2. Дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын және ішкі мүшелерді сезіну.
Рецепторлар (қабылдағыштар) дененің қай жерінен тітіркенуді қабылдауына қарай үш топқа бөлінеді:
-
Экстероцепторлар – тітіркенуді алты экстероцептивтік аймақтардан қабылдайды: теріден, есту, көру, дәм және иіс сезу, гравитация мүшелерінен.
-
Проприоцепторлар – бұлшықет – буындар мен тепе-теңдік мүшелерінен қабылдайды.
-
Интероцепторлар тітіркенуді ішкі мүшелерден және тамырлардан қабылдайтын рецепторлар.
Тітіркенуді қабылдау сипатына қарай рецепторлар тағы да бірнеше топқа бөлінеді: а) жанасым рецепторлар, нервтік импульсты өткізуді жанасу арқылы жүзеге асырады.
б) дистанттық (қашықтық) рецепторлар, тітіркену тікелей емес қашықтықтан қабылдайды; мысалы, иісті – дистанттық рецепторлар мұрын қуысында, көз алмасында, ішкі құлақта орналасқан, яғни, тітіркеністі алыс қашықтықтан қабылдайтын рецепторлар. Мысалы, түнгі таза ауда жанып тұрған шырақты біз бір шақырым қашықтықтан көре аламыз.
Көру талдағышы (көру сезім жүйесі) — адам мен жоғары омыртқалы жануарлар үшін аса маңызды сезім мүшелерінің бірі. Ол барлық рецепторлардан миға келетін мәліметтің 90%-ің жеткізеді; Көзге ілінген заттардық кескіні торлы қабыққа түсіп, сон-дары кабылдағыштарды қоздырады. Сөйтіп, қозу толқындары ми кыртысындағы көру талдағышының жоғарғы бөліміне жетіп тал-данады.
Заттарды анықтап қарау үшін көзді аударып, оған тура бағыттау керек. Сондықтан табиғатта жану-арлардын көптеген түрлерінде көз алмасы шар тәрізді болып ке-леді. К.өз алмасының үш қабықшасы бар, олар көз ұясында ор-наласқан. Оны сыртынан ак, қабықша немесе склера каптайды, бұл тығыз дәнекер тканьнен тұрады. Склераның артқы жағында тесік болады, ол арқылы көру жүйкесі енеді. Ақ қабықшаның алдыңғы бөлімі мөлдір қасаң кабыққа өтеді.
Ақ қабықшадан кейін тамырлы қабықша орналасқан. Тамыр-лы қабықшаның алдыңғы бөлігі нұрлы қабык, деп аталады. Торлы қабык, — көздің ішкі үшінші қабықшасы.
Нұрлы қабықтан кейін екі жағы да дөңес мөлдір линза — көз бұршары орналасқан. Көздіқ ішкі қуысын шыны тәрізді дене тол-тырып тұрады.
Жарық сәулесін сындыратын орта (қасаң қабық, көз бұрша-ғы, шыны тәріздес дене) және торлы қабық (ретина) көздің не-гізін қүрайды. Осы ортаның әркелкі қисықтарды және сыну көрсеткіштері көздің ішіндегі жарық сәулесінің сынуын анықтайды. Әрбір оптикалық жүйенің жарық сәулесін сындыру күшін диоптриймен (Д) белгілейді.
Иіс сезу анализаторы, яғни қабылдаушы аппарат, адамда негізгі үш бөлімнен тұрады: 1) жоғарғы мұрын жолы мен мұрын қалқасының (аралығының) сезгіш клеткалары. Иісі бар заттар тыныс алғанда ауамен бірге мұрын қуысына кіріп, оларды тітіркендіреді. Бұл сезгіш элементтер иіс сезу анализаторының рецепторлары және иіс сезу жолының бірінші нейроны болып табылады. Олардың ерекше өзіндік құрылысы бар: әрбір клеткадан екі өсінді кетеді. Олардың біреуі кілегей қабыққа бағытталған және ұшы шашақталып бітеді. Бұл иіс сезгіш клетканың – «радиолокаторы». Атап айтқанда шашақтардың түктерінде – рецепторларында иісі бар заттармен жанасу іске асады. Клетканың екінші жағынан кететін басқа өсінді (аксон) мұрын қуысынан тор сүйектің торлы табақшасының тесіктері арқылы ми сауытына өтіп, мидің төменгі бетінде орналасқан иіс сезу буылтығына жетеді. Бұл жерде, аксондары иіс сезу жолының құрамында иіс сезу үшбұрышының, алдыңғы тесікті дененің және мөлдір аралықтың сұр затына баратын, екінші нейрондардың денелері жатады. Аталған құрымдарында, аксондары иіс сезу анализаторының қыртыстық саңы-амонов мүйізі мен ілмектік қыртысы баратын, үшінші нейрондар жатады.
Иіс сезу клеткалары белсенді болып келеді – олардың шашқтары шамадан тыс күшті иістен жасырынып қалады да, алмалы исі болса кілегей қабықтың бетіне жақындапиісі бар заттардың молекулалаымен жанасады. Иіс сезу клеткаларының кілегей қобыққа қараған үнемі, ұзындығы 8-14 микрон, электромагниттік толқындар бөліп тұрады.
Дәм сезу мүшелері көпшілік омыртқасыздарда әлі иіс сезу мүшесіне бөлінбеген, сондықтан оларда жалпы химиялық сезім мүшелері бар.
Дәм сезу анализаторының рецепторлары омыртқалылар мен адамда тілдің дәм сезу бүрлерінде (еміздікшелерінде) орналасқан. Ал, төменгі сатыдағыларда олар дененің он бойында орналасқан. Дәм сезу анализаторының өткізгіш жолы (кондуктор) 3 нейроннан тұрады: а) тізешелік түйіннің клеткалары. Олардың шеттік өсінділері (дендриттері) дабылдың жіпшенің, құрамында тілдің кілегей қабығының алдыңғы 2/3-нің бүрлерінде рейепторлармен басталады. Орталық өсінділері аралық нервтің құрамында сопақша миға , барады; б) ІX жұптың төменгі түйінің клеткалары. Олардың шеттік өсінділері IX жұптың тілдік тарамқтарының құрамында тілдің түбірінің кілегей қабығының бүрлерінде рецепторлармен басталады. Орталық өсінділері IX жұптың сезгіш талшықтарының құрамында сопақша миға барады.
Сопақша мида аталған дәм сезгіш талшықтар ерекшеленген жол ядросының клеткаларына барады. Бұл клеткалар дәм сезу жолының екінші нейроны. Бұл нейрондардың өсінділері көру төмпесінің латеральді ядросына барады. Латеральды ядрода орналасқан клеткалар дәм сезу анализаторының – үшінші нейроны. Үшінші нейронның аксондары дәм сезу анализаторының қыртыстық орталығына теңіз атының (аммон мүйізінің) және теңіз аты маңы қатпарының ілмегінің қыртысына барады.
Есту мүшесі — мағынасы жағынан адамның екінші дистанциялық талдағышы болып саналады. Адам анық сөйлей бастағаннан, есту сезім жүйесі оған ең жогары дәрежеде кызмет атқарады.
1 сурет.ОЖЖ эмбриональдық дамуы
2- сурет. Нейрондарға сипаттама
3- сурет Нейрондық өсінділер
4-сурет Нейрондардың жіктелуі
5-сурет Нейрондардың түрлері
6-сурет Рефлекторлық доға
7-сурет Нерв импульсының синапс арқылы берілуі
Достарыңызбен бөлісу: |