Дәріс 4
Эндокринді аппарат және иммундық жүйе морфо-функционалдық сипаттамасы, организмнің ағзалары мен жүйелерінің қызметтерін реттеудегі олардың ролі
Жүйке жүйесі жоқ қарапайым бір клеткалы ағзалардың барлық қызметтерін реттеу және сыртқы ортамен қатынасы ағзадағы бар сұйықтықтардағы химиялық заттар арқылы жүреді, олар химиялық және гуморальді реттеу. Бұған қоса бірклеткалылардағы физиологиялық белсенді заттардың айналымы сарысу арқылы диффузды жүреді, ал көпклеткалыларда арнайы трубкалық система тамырлары арқылы жүреді.Жүйке жүйесі пайда болғаннан кейін, біртіндеп нейрогуморальді реттеу қалыптасады. Яғни химиялық белсенді заттармен жүйке элементтерінің тығыз байланыста болуы.жүйке жүйесінің әсер етуімен зат алмасу процесінде пайда болатын белсенді химиялық зат бір уақытта қоздырғыш зат – медиатор, яғни жүйке қозуын өткізеді. Олар пайда болған жерінен алыс қашықтықта әсер етеді және қан тамырлар мен лимфалық жүйке арқылы тез тарайды.Бұл дистантты белсендірушілер арнайы дамушы ағзаларда шығарылады – ішкі секреция бездерімен немесе эндокриндік бездермен. Эндокринді бездер ( эндо-ішкі, крино-шығару) немесе ішкі секреция бездері деп, өз алдына маманданған ағза, безді құрылысы бар шығаратын өзектері жоқ және өз секретін тікелей қан тамыр жүйесіне бөледі, сыртқы секреция бездеріне қарама-қайшы секреті немесе экскреті сыртқы тері бетіне ( тер және май бездері) және шырышты қабатқа ( сілекей бездері,бауыр ж/е т. б.)
шығарылады. Ішкі секреция бездері және олармен тікелей қанға бөлінетін гормондар (gormon- қоздырушы ) жайлы ғылым ЭНДОКРИНОЛОГИЯ деп аталады. “ГОРМОН” деген терминді 1905 жылы Бейлиз және Сторминг ұсынды. Эндокриндік бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ, без клеткалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланган, сондықтаіг без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердіц әзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
I Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқаніна, қалқан-серік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады (20-сурет). Соңғы екеуі аралас секрециялы бездер.
Гормондар дегеніміз– жоғары активті биологиялық зат, эндокринді бездермен ағзаның ішкі ортасына синтезделіп бөлінеді, реттеуші әсер беретін заттар.
Гормондардың жіктелуі:
1. Ерігіштігі бойынша – гидрофильды, липофильды
2. Химиялық құрылымы бойынша:
АМҚ туындылары; тирозин туындылары: адреналин, тироксин, дофамин, норадреналин, трийодтиронин
Белокты-пептидті гормондар:
-
-полипептидтер: глюкагон, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, пептидті гормондар
-
-жай белокты (протеиндер): инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин
-
-күрделі белокты (гликопротеидтер): тиреотропин, фоллитропин, лютропин
-
-стероидты гормондар: кортикостероидтар (альдостерон, кортизол, кортикостерон), жыныс гормондары: андрогендер, прогестерон
3. Сигналдарды өткізу механизмі және рецепторлардың орналасуы бойынша, екі негізгі топқа бөлінеді:
-
стероидтар, йодтирониндер, кальцитриол. бұлардың рецепторлары цитоплазма, ядрода орналасады
-
суда еритін гормондар – олар плазмалық мембранадағы рецепторлармен байланысады
4. Сигналдық табиғаты, жасмушаішілік эффект бойынша
5. Биоқызметтеріне қарай – АМҚ, липид, көмірсуды реттеушілер (инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин). Су-тұз алмасуын реттеуші (вазопрессин, альдостерон). Са алмасуын реттеуші (паратгормон, кальцитриол, кальцитонин). Репродуктивті қызметті реттеушілер (эстрадиол, тестостерон, прогестерон). Тропты гормондар – либерин, статиндер гипоталамустын, гипофиздің кейбір гормондары басқа гормондардың синтезін де реттейді.
Гормондар физикалық әсеріне қарай қозғағыш және орындаушы гормондар болып бөлінеді. Қозғағыш гормондарға (басқа бездердің қызметін белсендіретін) гипоталамустың нейрогормрндары жатады. Орындағыш гормондарға қозғағыш гормондарға қарағанда айырмашылығы ағзаның кейбір негізгі қызметтеріне тікелей әсер етеді. Өсуі, зат алмасуы, көбею, адаптация, жүйке жүйесінің тонусы мен қызметі.
Гормондардың ағзаға 4 негізгі физиологиялық әсерін ажыратады.
-
кинетикалық немесе қозғағыш
-
метаболиттік, зат алмасудағы өзгерістерді түзету.
-
Морфогенетикалық немесе формативті( ұлпалар мен ағзаның дифференциациясы, өлуге әсер ету ж/е т.б.)
-
коригерлеуші, ағзадағы функцияларын өзгерту.
Эндокринді бездердің формасының әртүрлілігіне, көлеміне және орналасуына қарамастан негізгі анатомиялық белгілері бар.
-
Олардың бәрінің шығару өзектері жоқ.
-
Эндокринді бездер өз секретін тікелей қанға бөлетіндіктен барлығынды қан тамыр торлары жақсы дамыған. Бұл қан тамырларға безді әртүрлі деңгейде, бағытта тесіп өтеді. Тамырлар маңайында бездердің жасушалары орналасқан. Бұлар өз секретін қанға бөледі.
Дамуына байланысты эндокринді бездердің келесі түрлері ажыратылады.
І. Энтодермальді бездер.
а)Ұрықтың желбезек қалташысынан және жұтқыншақтан пайда болады- бранхиогенді топ.( қалқанша безі, қалқаншамаңы бездері, айырша без)
б) Ішектік түтікшелік бездер ұйқы безінің аралшықтары
ІІ. Мезодермальді бездер (бүйрекүсті безінің қыртысты заты, жыныс бездері)
ІІІ. Эктодермальді бездер
а) арлық мидың туындылары ( неврогенді топ): гипофиздің артқы бөлігі( нейрогипофиз), эпифиз;
б) Ратке қалтасының эпителиінің туындысы: гипофиздің алдыңғы бөлімі ( аденогипофиз)
в) Вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің туындысы: бүйрекүстібезінің милық заты және параганглилер
Гипоталамус - эндокринді қызметтерді реттеудің жоғарғы орталығы болып табылады(1- сурет).
Ол ішкі мүшелердің қызметтерін бақылап, эндокринді механизмдерді нервтермен топтастырады.
Гипоталамустың сұр затының ядроларында секреторлы нейрондар орналасады. Ядролар гипоталамустың алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдерінде орналасады.
Алдыңғы бөлімінде жұп супраоптикалық және паравентрикулярлық ядролар орналасады. Екі ядродада нейросекреторлы клеткалар ақуызды нейрогормондар шығарады - вазопрессин ( антидиуретикалық гормон - супраоптикалық ядрода), және окситацин (паравентрикулярлы ядроларда)
Ортаңғы бөлімінде аденогипофизотропты нейрогормондар бөлінеді соның арқасында аденогипофиздің жұмысын басқарады. Гипоталамустың нейрогормондарды гипофизге келеді. Осыған байланнысты гипоталамус пен гипофизді ерекше нейрогормональдық гипоталамустық – гипофизарлық нейросекреттік жүйе ГГНЖ деген атпен біріктіреді.
Гипоталамус шеткері эндокринді бездерге гуморальді әсерін тигізеді. Оның либериндері гипофиздің алдыңғы бөлімінің клеткаларын белсендіріп тропты гормондардың шығуын реттейді. Гипоталамус ұйқы безінің инсулин гормондарының шығуын күшейтеді.
Гипофиз
Гипофиз gypophysis (glandula pituctaria) ішкі секрецияның кішігірім безі: 20 - ға жуық биологиялық белсенді заттарды шығарады
Морфологиялық жағынан гипофиз үш алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдерден тұрады. Алдыңғы бөлік бүкіл дененің өсуі мен дамуына әсер етеді. Ішкі секреция бездерінің – қалқанша бездің (тиреотропты гормон,ТТГ), бүйрекбез қыртысының (адренокортикотропты гормон,АКТГ) және жыныс бездерінің (гонадотропты гормон, ГТГ) қызметін күшейтеді.
Ортаңғы бөлік меланостимулирующий, артқы бөлік: антидиуретикалық.
Артқы бөлік қан қысымын арттыра (вазопрессин) тамырлардың бірыңғай салалы бұлшыкеті мен жатырдың (окситацин) жұмысын күшейтеді, сондай-ақ бүйректегі су реабсорбциясына әсер етеді.
Төмпе тәрізді дене.
Төмпе тәрізді дене corpus pineale таламустармен habenuale арқылы байланысқан ортаңғы ми қақпағы плстинкасының жоғарғы төбешіктері үстінде орналасқан . Осы кішкентай сопақ пішінді ж/е қызғылт түсті дене, оның жіңішке ұшы 7-10 мм көлденеңі 5-7 мм тәжі түрінде топтасатын клеткалардың секреттік қасиеттері бар. Төмпе тәрізді дене ерте балалық шақта ірілеу(әйелдерде еркектерге қарағанда ірілеу) алайда, жыныстың пісіп жетілуі басталғанға дейін ақ инвалюция құбылысы байқалады. .
Қызметі: Төмпе тәрізді дененің қызметі күрделі және көп түрлі. Жыныстық дамуды тежейді. Зақымданған кезде жыныс бездерімен ІІ жыныс белгілері ерте және шамадан тыс өсіп дамиды. Қандағы Са құрамын көбейтетін гормон шығарады, соған байланысты минералды алмасуға қвтысады.
Қалқанша безі
Қалқанша безі- glandula thyroidea ішкі секреция бездерінің ең үлкені, мойындары трахеяның алдыңғы жағында,жұтқыншақтың артқы жағында кішкене бөлігі қалқанша шеміршекке тиіп жатады. Соған байланысты аталған. Ол 2 бөліктен тұрады. Оң және сол. Және мойнақ isthmus көлденең жатқан немесе қабырғалық бөлімдерінің бір-бірімен байланыстырушы. Мойнақтан жоғары қарай жіңішке өсінді кетеді.lobus pira mitalis деп аталады және тіласты сүйегіне дейін жетеді. Қалқанша бездің мойнағы кеңірдектің ІІ-IV сақинасының аймағында орналасқан, ал кей кездерде қалқанша шеміршегіне дейін жетеді.Екі шеткі бөлігі қалқанша шеміршігінің латеральді бетінің төменгі бөлігінде орналасқан, оймақ тәрізді шеміршек жәнекеңірдектің төменгі полюсімен V- VI сақиналарында. Артқы бетімен жұтқыншқпен және өңешпен жанасады. Қалқанша безінің алдыңғы беті шығыңқы, ішкісі кеңірдек мен көмекейге қараған, иілген. Алдынан терімен қапталған, тері асты ұлпамен және бұлшықеттермен: m. sternohyoideus , m. Sternothyroideus m.omohyoideus .
Қалқанша бездің салмағы адамда 30-40 гр орта есеппен, әйелдерде еркектерге қарағанда көп, кейде үлкейіп отырады (етеккір уақытында).Қалқанша бездің ең үлкен салмағы жыныстық жетілу кезеңінде (20-30 жас) жетеді. Кейіннен (50 жаста) біртіндеп кішірейеді.
Организмде йод түзетін гормондар мынандай функцияларды атқарады: 1)зат алмасудың /белокты, липидті, көмірсу/ барлық түрлерін күшейту, организмде негізгі зат алмасуды арттыру; 2)өсу процесіне, физикалық және ақыл естің дамуына әсер ету; 3)жүректің жиырылу жиілігін арттыру; 4)асқорыту қызметін арттыру; тәбетті арттыру, асқорыту сөлдерінің секрециясын арттыру; 5)өнімдерді арттыруға байланысты дене температурасын арттыру; 6)нерв жүйесінің қозуын арттыру.
Қалқанша без гормондарының секрециясы аденогипофиздің, гипоталамустың тиреолибериндерінің тиреотропты гормондарының қанда йод түзілуімен реттеледі. Қанда йодтың жетіспеуі, сондай-ақ йод түзетін гормондар қайтымды байланыс механизмі бойынша тиреолибериннің бөлінуін күшейтіп, тиротропты гормон синтезін реттеу арқылы қалқанша без гормондарының өнімін арттырады. Қанда йодтың және қалқанша без гормонының көп болуынан қалыпты емес қайтымды байланыс механизмі іске асырылады.
Қалқаншна безі гиперфункциясында Базедов ауруының симптомдары көрінеді. Бұл бездің туа біте толық дамымауы миксидемаға әкеліп соқтырады.
Бүйрек үсті безі glandula suprarenalis
жұп мүше іштіктің арт жағында, бүйректің жоғарғы ұшының үстінде жатады. Оның массасы 4г жуық бүйрек бездің көп үлкеюі байқалмайды, өлшемдері: Вертикальді 30-60 мм, көлденеңі 30мм-дей, алғы-артқы өлшемдері 4-6 мм. Сыртқы түсі сарғылт немесе қоңырлау.Оңжақ бүйрек үсті безі төменгі үшкір жиегімен бүйректің жоғарға полюсін қамтиды да, сол жақ бүйрек үсті безі бүйректің полюсіне емес бүйректің ішкі жүйесінің ең жақын бөліміне жанасып жатады. Құрылысы: Бүйрек үсті безі мүше ішіне қарай жекелеген трабекулалар шығаратын фиброзды капсуламен жабылған. Бүйрек үсті безі 2: сарғыш түсті қыртысты қабаттан және жұмсақтау қоңырлау түсті қабаттан тұрады. Даму құрылымы жағынан бұл 2 қабаттың бір-бірінен айырмашылығы күшті.Қыртыс заты түрлі гормондар жасап шығаратын 3 зонадан тұрады: ми заты адреналин мен норадреналин жасап шығаратын клеткалардан тұрады. Негізгі гормондары болып гидрокортизон, кортикостереон және альдестерон табылады.
Бүйрек үсті безінің милы қыртысы катехоламиндер; адреналин мен норадреналиндерді өндіріп шығарады. гормоналды секрецияның 80% адреналиннің үлесіне, 20%-норадреналинге бөлінеді.
Адреналин мен норадреналин секрециясы тирозиннің аминқышқылынан ромаффинді клеткаларында жүзеге асады.
Адреналин көмірсу алмасуына әсер етіп, бауыр мен бұлшық етте гликогенді күшейтіп, нәтижесінде қан плазмасында глюкозаның құрамы жоғарылайды. Адреналин липолизді белсендіреді. Катехоламиндер термогенезді белсендіруге қатысады.
Адреналин мен норадреналиннің әрекет етуі альфа мен бета- адренорецепторына негізделген, яғни фармакологиялық бөлімдерге а1-а2, бета1-бета2-рецепторларына бөлінген.
Катехоламиндер секрециясының шамадан тыс көп болуы бүйрек үсті безінің хромаффинді заттардың ісігі-феохромоцитомада білінеді. Оның біліну белгілеріне жататындар: күре тамыр қысымының жоғарылауы, жүректің ұстамалы тез соғуы, ентікпе.
Әртүрлі жағдайлардың төтенше немесе патологиялық факторлардың (жарақаттану, тканьдегі ауаның жеткіліксіздігі, бактериялы улану және т.б.) әсерінен организмде адаптационды синдром деп аталатын бір типті өзгерістер болады (Г.Селье). Адаптационды синдромның дамуына гипофизарлы-бүйрек үсті безілік жүйе негізгі роль атқарады.
Гидрокортизон
көмірсу, белок және липидтердің алмасуын реттейді. Белок пен майдағы неоглюкогенезді жоғарылатады, бауырға гликогеннің түсуін қамтамсыз етеді, көлденең салалы бұлшықеттің жүруін және организмнің спресс-факторға ( инфекция,хенкофелин, травма ж/е т,б) адаптациясын жүргізеді.
Кортикостерон гликокортикойдпен минералокортикоидтардан тұрады.Су-тұз алмасуын реттейтін альдестереон. Бауыр каналындағы иондардың реабсорбциясын қадағалайды және еркек ( андрогендер) пен әйел (экстерогендер) жыныс гормондарына жақын ерекше гормондар шығарады.
Ұйқы безі – pancreas – ұлтабардық артында, I ж/е II бел болімінде орналасады. Ұйқы безінің паренхимимасының кіші болігін сыртқы секретік аппаратты құрайды,.әртүрлі панкреатикалық сөлдерді жасайды. Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің жалпы массасының 2 - 10 % құрайды, оның саны 250 мыңнан 2,5 млн болып табылады. Лангерганс 3 түрлі жасушаны ажыратады: b-клеткасы –аралшықтары орталығына жақын орналасқан және барлық клеткалардың 70-75 % құрайды бұл клеткалар инсулин синтездейді, оның гипогликемиялық әсері бар, ұлпалардың клеткаларымен қандағы глюкозаны сіңіруіне ықпалын тигізеді.: a-клеткасы аралшықтары басқа жасушаның құрамдасы (20- 25%) инсулиннің антогонисті глюкогон шығарады, ол гликогенді ыдыратуға қатысады. және д-клеткалары перифериясына жақын жатады 5-10% соматостатин гормонын шығарады, өсу гормонының синтезін тежейді. Ұйқы безіннің инсулин секрециясының жетіспеушілігі қант диабеті деп аталатын ауруға алып келеді.
ІІ. Мезодермальді бездер
1. Бүйрек үсті безі.
Аталық жыныс безі
Жұмыртқада жыныс безінің эндокриндық белгілі ұрық өзекшелері арасындағы дәнекер тканінде аралық клеткаларда жайғасады, клеткасында андрогендердің жасалуы жүреді. Аталыр жыныстық гормон болып тестостерон, қалған андрогендер – оның метобализмнің өнімі.
Тестестеронның әсерінен – сыртқы жыныс мүшесінің қалыптасуы мен өсуі жүреді, ІІ жыныстық белгілер, сүйек пен бұлшықет жүйесінің қалыптасуы, анаболизмдік белоктың өсуі, және т.б. жүреді. Тестестерон – жыныстық белгілерді айқындайды.
Аналық жыныс безі. Аналық жыныс безінің гормондары жыныстық жетілу кезеңінде шығарылады.Гормоны - эстрогендер. Бұл гормондар жыныс аппаратына трофикалық әсер етуі, еттеккірді реттеу, ІІ жыныс белгілердің дамуына себепші болады. Эстрогендердің жалпы қызметі – овуляциядан кейін фолликулалары тастап шыққан жұмыртқа клеткасын ұрықтандыруға әйел организмін жыныс аппаратын дайындау.
Сонымен қатар аналық – сары дене пайда болады. Сары дене бірқатар аса маңызды қызметті атқарады деп есептеледі.
-
сары дене ұрықтың жатырда бір орында дамуына әсер етеді.
-
овуляцияны кешіктіреді.
-
сары дене екіқабат болу кезінде сүт бездердің дамуына әсер етеді.
Иммундық жүйе организмді генетикалық бөтен клеткалардан немесе заттардан (олардың сырттан кірді немесе организмде түзілуі мүмкін) қорғауды қамтамасыз ететін мүшелер мен ұлпаларды біріктіреді.Лимфа ұлпасынан тұратын иммунды жүйенің мүшелері организмнің ішкі тұрақтылығын қорғайтын қызмет атқарады.Олар иммундыкомпетентті клеткалар шығарады,( лимфациты, плазмоциты) организмге түскен бөгде заттарды тауып,жойып жібереді. Қазіргі уақытта иммундық жүйенің мүшелеріне организмнің қорғаныш жауаптарын іске асыратын клеткаларды бөліп шығаруға қатысатын мүшелердің барлығын жатқызады. Мұндай мүшелерге жататындар: жілік майы, айырша без (тимус), лимфоидтық ұлпаның ас қорыту және тыныс алу мүшелерінің қабырғаларында орналасқан жиынтығы (бадамшалар), құрт тәрізді өсіндінің және мықын ішегінің топтасқан лимфалық түйіншектері, лимфа түйіндері және көкбауыр (талақ) Бұл мүшелердің паренхимасы лимфойдтық ұлпадан тұрады. Иммунды жүйенің мүшелері орталық және шеткері болып бөлінеді. Иммунды жүйенің орталық мүшелеріне сүйек ми және айырша без жатады. Жілік майының бағаналық клеткаларынан В- лимфоциттер жасалынады. Айырша безде мүшелердің бағаналық клеткаларынан түскен Т-лимфоциттер әрі қарай дифференцияланады.Одан лимфоциттер иммунды жүйенің шеткері мүшелеріне түседі. Иммунды жүйенің шеткері мүшелеріне бадамшалар, лимфалық түйіншектері, лимфа түйіндері, көкбауыр жатады. Иммунды жүйенің шеткері мүшелерінің қызметтерін иммунды жүйенің орталық мүшелері басқарады. Т-лимфоциттер лимфа түйіндері, көкбауырдың тимусқа тәуелді зоналарында орналасады.В- лимфоциттер антидене түзетін клеткалардың бастамасы болып табылады. Иммунды жүйенің мүшелері адамның денесінде ретсіз орналаспайды.Олар бөгде заттардың түсетін аймақтарына жақын орналасады. Мысалы: бадамшалар асқорыту түтігінің және тынс алу жолдарының бастапқы бөлімдерінде орналасады.Көптеген лимфа түйіндері мүшелер мен ұлпалардан лимфаның ағу бойында орналасады. Лимфаға түскен бөгде зат лимфа түйіндерінде ұсталынып , залалсыздандырылады.Қанның артериальды жүйеден қақпалық венаға өту бойында көкбауыр орналасады. Иммунды жүйенің мүшелерінің ең маңызды морфологиялық белгісі олардың өте ерте дамуы болып табылады, пісіп жетілген кездері балалық және жеткіншек кезеңдері, одан кейін мүшелердің жастық инволюциясы, лимфойдтық ұлпа азайып, майлы ұлпаға ұласады. Иммунды жүйенің мүшелерінің адам денесіндегі жалпы массасы 1,5 - 2 кг шамасында( сүйекті миды қоспағанда). Жілік майы қан түзуші және иммунды жүйенің мүшесі болып табылады.Жілік майы қызыл және сары болып бөлінеді. Қызыл сүйек кемігі жалпақ және қысқа сүйектердің кеуекті заттарының ұяшықтарында, ұзын түтікті сүйектердің эпифиздерінде орналасады. Жілік майы ұзын түтікті сүйектердің диафиздерінде орналасады.Жілік майының массасы адам денесінде 2, 5 - 3 кг жуық .Қызыл сүйек кемігінде қан түзуші клеткалардың бағаналы клеткалары бар олар қанның және лимфаның клеткаларының бастамалары болып табылады. Жілік майы майлы ұлпадан тұрады.
Айырша без thymus паренхимальды бөлікті мүше. Көкірек қуысының жоғарғы алғы бөліменде төстіктің сабы мен денесі бөлімінің артында орналасқан. Алдыңғы мен бүйір жағынан өкпенің жиегімен шектелген, артынан-өңешпен астыңғы жағы перикардқа дейін жетеді.Ол 2 бөліктен тұрады: bobus dexter et sirister. Бөліктің жоғарғы енсіздеу ұштары әдетте көкірек қуысы шегінен асып, кейде қалқанша безге жетеді. Айырша безі төмен қарай кеңейіп, ұлкен тамырлар, жүрек пен перикардтың бір бөлігінің алдында жатады. Бездің көлемі жасқа қарай өзгереді. Жаңа туған нәрсетеде бездің салмағы 12 г-ға жетеді. Содан кейін (14-15) жаста инвалюция процесі басталады, соның салдарынан без салмағы 25 жаста 25 г, 60 жаста 15 г, 70 жаста – 6 г дейін азаяды.
Топография:Айырша без склетотопиялық жағынан балаларда жоғарғы жағында төстік сабынан 1 – 1,5 лет жоғарыда проекцияланады, төменде III – IV ал кейде V қабырғаға дейін жетеді. Құрылысы: Айырша без капсуламен жабылған, ол бездің ішінде оны кішкене бөліктерге бөлетін бөлікаралық тканьдермен шығады. Әрбір кішкене бөлік қыртыс және милық затынан тұрады.
Қызметі: Жілік майынан қанмен түскен бағаналы клеткалар кезекті аралық кезеңдерден кейін Т - лимфоциттерге айналады, кейін олар қан және лимфа арқылы иммунды жүйенің шеткері мүшелерінің тимусқа тәуелді аймақтарына барады. Тимустың милық заттының клеткалары шығаратын фатор Т- лимфоциттерді дифференциялайды. олар клеткалық иммунитетке жауапты лимфалар айырша безіне түрлі зақымдану салдарынан организмге бөгде кететін клеткаға қарсы қорғаныш реакциясын қамтамасыз ететен қасиетке ие болады. Бездің қызметінің ерте жоғалуынан иммундік жүйе қызметі әлсірейді. Без иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады.
Айырша бездің қалыпты жағдайдан ауытқулары:
-
Алимфоплазия - туа біткен айырша бездің болмауы.
-
Айырша бездің гипоплазиясы - бездің толығымен дамымауы.
-
Тимомегалия - Айырша бездің салмағының шамадан тыс болуы.
Көкбауыр қан айналыс жүйесіне жатады. Көкбауырда біржағынан эритроциттердің және тромбоциттердің бұзылуы, ал біржағынан лимфоцитопоэз жүреді. Лимфациттердің түзілуінен көкбауырдың қорғаныштық қасиеті байланысты.Көкбауыр сол жақ қабырғаастында орналасқан тақ мүше болып табылады.Оның көкеттік беті көкетпен ,ал висцеральді беті асқазанмен, тоқ ішекпен сол жақ бүйрекпен байланысты. Ол бетінде қақпасы бар , одан артерия вена, лимфа тамырлары, нервтер өтеді.Ол интраперитонеальді орналасады, бүйрекке, асқазанға бағытталған байламдар бар.Сыртынан тығыз фиброзды ұлпамен қапталады.Көкбауырдың паренхимасы пульпа деп аталады. Оның өзі қызыл және ақ пульпадан тұрады.Қызыл пульпа веналық қойнаудың арасында орналасады ол ретикулярлы ұлпадан тұратын эртроцит, лейкоциттер, лимфоцит, макрофагтерден тұрады.Ақ пульпа лимфойдтық ұлпадан, түйіндерден тұрады. Қызыл пульпа қанмен келетін элементтерге фагоцитоздық қызмет атқарса, ақ пульпа қанға иммунологиялық бақылау жасайды.
Көкбауырдың қалыпты жағдайдан ауытқулары:
-
Алиения - туа біткен көкбауырдың болмауы.
-
Көкбауырдың пішінінің қалыпты жағдайдан ауытқулары
а) құйрықты көкбауыр
б) бөлімді көкбауыр
3. Гипоплазия - көкбауырдың толығымен дамымауы
4. Қос көкбауыр
5.Қосымша көкбауыр.
6. Көкбауырдың эктопиясы - іштікарты кеңістікте орналасуы мүмкін.
Лимфа түйіндері.
Лимфа түйіндері, ұлпалармен мүшелерден келе жатқан лимфа тамырларының жүру жолдарының бойында орналасады. Лимфа түйіндері жұмсақ қызғылт-сұр түсті, домалақ, сопақ, ұршық тәрізді, жарты ай тәрізді немесе бұршақ пішіндес және әртүрлі мөлшердегі: 1 ден 50 мм ұзындығы бар денелер болып табылады. Олар, әдетте, қан тамырларының, әсіресе, ірі веналардың маңында орналасады. Лимфа түйіндері лимфа тамырлары біреуден орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны лимфа тамырлары басталатын ұлпалардан, мүшелерден немесе дененің бөліктерінен қабылдайды. Мұндай түйіндер аймақтық немесе регионалдық лимфа түйінлері, - деп аталады. Орналасу ерекшеліктерін – анастомотопографиялық принцип, сондай-ақ, лимфаның мүшелерден ағу бағытын - аймақтық принциптерді ескере отырып. Адамның денесінде лимфа түйіндерінің 150 дей аймақтарына қарай атайды: белдің лимфа түйіндерін олардың топтарын айырады. Осыған сүйене отырып лимфа түйіндерін олардың орналасу аймақтарына қарай атайды : белдің лимфа түйіндері, қолтықтың лимфа түйіндері, жағдайларда лимфа түйіндерінің өздері қасында жатқан тамырлардың аттарымен аталады: құрсақтық лимфа түйіндері, мықындық лимфа түйіндері.
Адам денесінің кейбір аймақтарында лимфа түйіндері екі қабат жасап орналасады. Мұндай топтардың арасында, әдетте, фасция орналасады. Бұл жағдайда фасцияның үстінде жатқан түйіндер терең түйіндер деп аталады: мысалы, беткей шаптық лимфа түйіндері, санның жалпақ фасциясының үстінде орналасқан. Бұл фасцияның астындағы орынды терең шаптық лимфа түйіндері алып жатады.
Дененің қуыстарында – көкірек, құрсақ және астау қуыстарында лимфа түйіндері ішкі мүшелердің маңында және қуыстардың қабырғаларында жатады. Түйіндердің орналасуын ескере отырып, бірінші түйіндерді висцеральдық /ішкі мүшелік/ - деп атау қабылданған. Олардың құрамына көкірекаралық; бронх - өкпелік, трахео – бронхтың түйіндердің топтары кіреді. Олар көкірек қуысында орналасқан; асқазандық, шажырқайлық, жиектік топтар – құрсақ қуысында; тік ішек маңындық, қуық маңындық, жатыр маңындық – астау қуысында. Дене қуыстарының қабырғаларында париетальдық /қабырғалық/ лимфа түйіндері орналасады. Оларға төс маңындағы, қабырғааралық, жоғары көкеттік лимфа түйіндері жатады – көкірек қуысында орналасқан; белдік, төменгі құрсақ үстілік, төменгі көк еттік лимфа түйіндері – астау қуысында орналасқан.
Лимфа түйіндерінін құрылысы. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қабықпен жабылған паренхимадан тұрады. Лимфа түйіннің қабығын оның паренхимасына дәнекер ұлпадан бірдей аралықта өсінділер кетеді – қабықтың трабукалар /шарбақтар/. Түйіннің қақпасының аймағында қабықтың қалыңдауынантүйін паренхимасына тағы да аралықтар кетеді – қақплық трабекулалар. Олардың қабықтық трабекулалармен бірігіп кетуі мүмкін. Қабық пен талшықтар көлемі үш өлшемдері тор түзеді. Бұл түйіннің тұлғасы. Оның ілмектерінде қыртысты және милы заттар түрінде лимфоидтар ұлпа орналасады.
Қыртысты зат қабыққа жақын орналасқан және тұлға бойынан қыртыстық аралық қойнаулар өтеді. Қыртысты затта диаметрі 0,5 – 1мм лимфалық фоликулалар орналасқан. Лимфа түйінің жұмсақ тартпалары бар және аралық милық қойнаулармен бөлінген орталық бөлігі ақшыл келеді де милы зат деп аталады. Қыртысты және милы заттардың паренхимасы торлы тұлғаның /ретикулярлық сторма/ ілмектерінде орналасқан клеткалық элементтерден тұрады.
Бадамша бездер. Тілдік, түтіктік, таңдайлық, жұтқыншақтық. Олар тілдің түбірінде және жұтқыншақтың мұрындық ,аран бөлігінде орналасады. Тілдік бадамша безі тақ, тілдің түбірінде лимфа ұлпасының жиынтығынан тұрады.Таңдай бадамша безі жұп, бадамша безінің шұңқырында, таңдай - жұтқыншақтық және таңдай тілдік доғашықтарда орналасады.Жұтқыншақтық бадамша без тақ, жұтқыншақтың артқы және жоғарғы қабырғасының шекарасында орналасады.Түтіктік бадамша без - жұп, есту түтігінің жұтқыншақтық тесігімен жұмсақ таңдайдың арасында орналасады.
Р.В.Петров организмді мемлекетпен, ал иммунитет күштерін- оның тәуелсіздігін қорғайтын, оның барлық жерінде орналасқан әскермен салыстырады.Иммунитеттің солдаттары- лимфоидтық клеткалар, әскер-лимфоидтық ұлпа. Оның аралшықтары- гарнизон- лимфа тамырларының тоғысқан жерлерінде орналасқан лимфа түйіндері.Әрбір лимфа түйіні лимфа жүйесінің белгілі бір аймағын бақылайды.Егер бөтен антиген тікелей қанға жіберілмесе, онда иммундық реакция жауап басталатын бірінші орын- антиген кірген жерге жақын орналасқан лимфа түйіні болып табылады. Ал егер, қанға жіберілсе, онда бірінші жауапты-лимфоидтық мүше- көкбауыр береді.Соңғы жылдары ғылымға, иммунологияға, айналған организмнің қорғаныштық жауаптары реакциялары туралы ілім, практикада кең қолдану тапты.
1- сурет Эндокринді бездер
Достарыңызбен бөлісу: |