Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Мақсаты: ми қабығының тітіркенуі мен құрысу синдромдарын, ми 
қанайналымының жіті және созылмалы бұзылыстарының негізгі себептері, 
даму жолдары және көріну белгілері туралы қазіргі заманғы 
мәліметтермен таныстыру. 
Міндеттері: 
1. Ишемиялық және геморрагиялық инсульттердің этиологиясы мен 
патогенезін түсіндіру. 
2. Эпилепсия (қояншық) және құрысу синдромының патофизиологиясы 
туралы жазылған мәліметтермен таныстыру. 
3. Менингиттің себептері мен даму механизмдері туралы жалпы 
көзқарасты қалыптастыру.
 
ГЛОССАРИЙ
Тақырыбы:«Нерв жүйесі бұзылыстарының жалпы 
этиологиясы мен патогенезі» 
 
Трофогендер (грек тілінен ауд. trophe – қорек, қоректену) – аксондардың 
ұштарында өндірілетін және синапстық саңылауларға түсіп, жасушаларды 
нервтендіретін, сонымен бірге, оларға трофикалық әсер беретін 
макромолекулалық 
заттектер 
(негізінен 
нәруыздар). 
Трофогендер 
иннервацияланған жасушалардың функциялық қасиетін, заттек алмасу 
ерекшеліктерін, ультрақұрылымын және олардың дифференциациялануын 
айқындайды.
Патотрофогендер (грек тілінен ауд. pathos –ауру, азап шегу, дерт + trophe 
–қорек, қоректену) – нерв жүйесінде патологиялық жағдайда түзілетін 
және реципиент жасушаларда тұрақты патологиялық өзгерістерді 
туындатушы заттектер. Мысалы, эпилепсияға ұшыраған нейрондарда 
патотрофогендер пайда болып, аксоплазмалық ағыммен басқа да 
нейрондарға түседі және олардың эпилепсиялық қасиетін күшейтеді. 
Патотрофогендер Альцгеймер ауруы кезінде ми тінінде түзілетін 
түйіндақтарда көптеп кездесетін b–амилоидтың рөлін атқарады. 
Нейродистрофиялық процесс (грек тілінен ауд. neuron – нерв + dys – 
бұзылу + trophe – қорек) – соматикалық және автономиялық нерв жүйесінің 
афференттік, ассоциациялық және эфференттік нейрондардың (денесі мен 
өсінділері) ағзалар мен тіндердегі нервтік әсерлерінің әртүрлі өзгерістерінің 
болуы немесе болмауымен байланысты білінетін (сонымен бірге, нерв 
жүйесінің 
өзінде) 
трофикалық 
бұзылыстардың 
жиынтығы. 
Нейродистрофиялық 
үдеріс 
ағзалардың 
функциялық 
белсенділігі 
өзгеруімен және олардың құрылымдық ауытқуларымен (атрофия, эрозия, 
малигнизация, ойықжара болуымен) білінеді. Осыған ұқсас өзгерістер 
денервациялық синдром кезінде де байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет