Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Тақырыбы: «Ми қанайналымының бұзылуы»



Pdf көрінісі
бет7/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Тақырыбы: «Ми қанайналымының бұзылуы» 
Ми қанайналымының өткінші бұзылысы (МҚӨБ) – бұл 24 сағаттан 
аспайтын, ошақтық немесе жалпы милық симптомдармен көрінетін ми 
қанайналымының жіті бұзылыстары. Осы МҚӨБ-тың негізінде кез келген 
ми тамырларының бассейнінде өтпелі ишемияның дамуы жатыр. 24 
сағаттың ішінде ошақтық немесе жалпы ми симптомдарының толығымен 
қалпына келуі МҚӨБ-ның негізгі критерийі болып саналады. Негізгі 
себептеріне: ілкі және салдарлық АГ, атеросклероз жатады. 
Транзиторлық ишемиялық атака (ТИА) – бұл қантамырлық бассейінде 
орналасуына қарай пайда болатын, жергілкі ми әйгіленімдерімен 
байқалатын ми қанайналымының жіті бұзылысы. Осындай транзиторлық 
ишемиялық атаканың пайда болуы 1 тәулікке дейін созылады. Егер осы 
ауытқулар 24 сағаттан көпке дейін созылса, онда бұл ұстама инсульт 
ретінде қарастырылады.
Инсульт (insilio , sultum – шабуыл жасау ) – ми немесе жұлын
қанайналымының жедел бұзылысы, ОНЖ зардапталуының тұрақты 
симптомдарының дамуы. Инсульттің түрлеріне: ишемиялық (ми 
инфаркты), геморрагиялық (миға қан құйылу) және субарахноидалды қан 
құйылулар жатады. 
Ишемиялық инсульт – миды қоректендіретін артериялардың тарылуынан 
немесе бітелуінен дамитын ми қанайналымының жіті бұзылысы (МҚЖБ). 
Негізгі себептері қантамырлардың атеросклерозы, жиі атеросклерозбен 
қабаттасқан қантты диабет, гипертониялық ауру, жүрек қақпақшаларының 
ақаулары, эмболиялар, коллагеноздардағы васкулиттер, қан жүйесінің 
аурулары (эритремиялар, лейкоздар). Барлық инсульттердің ішінде 
ишемиялық инсульт 65-80 %-ды құрайды. 
Геморрагиялық инсульт – инсульттің миға қан құйылумен сипатталатын 
түрі. Ілкі немесе салдарлық артериялық гипертензия салдарынан, туа 
біткен және жүре пайда болған артериялық-веналық қантамырлардың 
аневризмасы кезінде туындайды. Миға қанның құйылуы қантамырлардың 
жарылуынан және диапедездік жолмен дамуы мүмкін. Осы екі жағдайда 
қантамыр арнасынан қанның шығуының негізінде жалпы, әсіресе 
аймақтық 
мидағы 
қанайналымның 
функциялық-динамикалық 
ангиодистониялық бүліністері жатыр. Барлық инсульттердің ішінде 
геморрагиялық инсульт 65-80 %-ды құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет