52
Ишемиялық инсульттің патогенездік емінің негізгі бағыттары
Ишемиялық инсультті емдеудің тиімділігі
уақыт ықпалымен және
ишемиялық инсульттің негізгі себептері мен даму жолдарын зерттейтін
патологиялық процесстердің ағымының ерекшеліктерімен анықталады.
Ишемиялық инсультті емдеу базистік және
спецификалық терапиядан
құралады.
Базистік
терапия
–
бұл
науқастың
ауыр
жағдайын
тұрақтантандыратын және неврологиялық функцияның қалпына келуін
қиындататын бұзылыстарды түзетуге бағытталған
негізгі терапиялық
стратегиялар. Оларға жүрек-тамыр жүйелерінің жұмысын бақылау,
екіншілкі соматикалық
асқынулардың алдын-алу, қышқылдық-сілтілік
және су-электролиттік
баланстарды бір қалыпта ұстау, бассүйекішілік
гипертензия, мидың ісінуі мен вегетативтік-трофикалық бұзылыстардың
алдын алу және оларды емдеу шаралары жатады.
Инсульттің ағымы
неғұрлым ауыр болса, емдік шаралар кешенінде базистік терапия соғұлым
қажет болады.
Спецификалық патогенездік терапия. Бұл ем бұзылған қан ағымды
қалпына келтіруге, жылдам дамитын глутаматтың
эксайтуыттылық әсерін
жоюға және кешеуілдетілген жергілкі қабынудың көріністерін әлсіретуге
бағытталған. Нейротрофикалық және нейромодуляторлық әсері бар дәрі-
дәрмектерді қолдану – нейропротективті
емнің негізгі бағыты болып
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: