Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


–кесте.Ишемияланған тіндердегі жасушалардың апоптозы



Pdf көрінісі
бет40/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 2–кесте.Ишемияланған тіндердегі жасушалардың апоптозы 
(http://do.gendocs.ru) 
Нейрондардың апоптозы екі жолмен дамиды: 1) каспаздық 
механизмдердің белсенуінен; 2) казпаздық механизмдердің қатысуынсыз
яғни, 
жасуша 
митохондрияларының 
апоптоздық 
факторларының 
экпрессиясынан. 
Мидың 
ишемиялық 
зардапталуына 
каспаздық 
механизмге тәуелді апоптоз тән. Бұл сыртқы және ішкі жолдармен іске 
асырылады. 
Каспаздық механизмге тәуелді апоптоздың сыртқы жолы жасушаның 
беткейіне орналасқан «жасушалық өлім рецепторларының» қатысуымен 
іске қосылады. Бұл рецепторлар TNF (өспелерді жою факторы)
туыстығына жатады және рецептор–1 TNF–α, р75–нейротрофин–
рецепторы, Fas–рецепторы, TNF-альфа-апоптозды тежеуші лигандамен 
байланысқан рецептор, жасушалық өлім рецепторлары – DR–3 (ағылшын 
тілінен ауд. death receptor –өлім рецепторы), DR–5, DR–6 рецепторлары 
Гипоксия,
оттектің белсенді түрлерінің 
түзілуі, ЛАТ-ның күшеюі, 
тотығулық стресстің дамуы 
Қабыну,
қабынбалық цитокиндер мен
«жасушалық өлім» молекулалары 
(

-ӨЖФ мен 

-ӨЖФ-ның) 
түзілуінің артуы 
Апоптоз гендерінің белсенуі, 
апоптозды белсендіргіш 
нәруыздардың артығымен 
түзілуі 
Апоптоздың каспаздық 
және митохондриялық
механизмдерінің іске 
қосылуы 
А п о п т о з 


48 
түрінде көрінеді. Жасушалық өлім рецепторларының белсенуі көптеген 
жағдайларда лигандалардың көмегімен рецепторлардың үш еселенуін 
туындатады. Сонымен бірге, жасушалық мембрананың цитоплазмалық 
беткейіндегі апоптозды индукциялайтын сигналды кешендерді құрайды. 
Сыртқы жолдар арқылы апоптоздың жүзеге асырылуы кезінде жасуша 
протоплазмасында белсенбеген түрде (прокаспаз түрінде) болатын 
цистеинді протеазалар- каспаздар маңызды рөльді атқарады. Каспаздар 
протеолиздік тармақталған каскадты түзу арқылы бірін-бірі белсендіретін 
қасиеті бар. 
Сонымен, 
Fas-рецепторларының 
қатысуымен 
инициаторлық 
прокаспаза-8 белсенуі белсенбеген түрдегі проапоптоздық Bcl-2 – Bid 
туыстығының нәруыздарын бірнеше фрагменттерге ыдыратып, оларды 
цитоплазмадан митохондрия мембранасына өткізіп, С цитохромның 
шығуын қамтамыз етеді және апоптоздың соңғы эффекторлары ретінде 
қызмет атқаратын басқа да прокаспаздық ферменттерді (3, 6, 7) 
белсендіреді (3–кесте). Ең маңыздысы ДНҚ репарациясының ферменттері, 
протеиназалар мен жасушалық оралымды реттеушілер, цитоқаңқа 
нәруыздарының субстраттары қызметін атқаратын эффекторлық каспаза-3-
тің белсенуі саналады. Эффекторлық каспаза-3-тің белсенуі нәуыздардың 
протеолизі мен жасушаның өлуін туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет