Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет54/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 
 
 
 
 
 


62 
Эпилепсия 
 
«Эпилепсияны туындататын
себептер басқа да аурулар сияқты 
 миды зардаптайды»
Гиппократ 
 
Эпилепсия – бұл нейрондардың тым қуатты электрлік белсенділігінен 
туындаған, қайталанатын ұстамалармен сипатталатын, вегетативті, сезу, 
ойлау, психикалық және қимыл-қозғалыс қызметтерінің бұзылыстарымен 
сипатталатын мидың созылмалы ауруы. Осы эпилепсияның анықтамасы 
екі маңызды жағдайды түсіндіреді. Біріншіден, клиникалық белгілерімен 
байланыссыз бірлі-жарым ұстамадан эпилепсия дамымайды. Тек 
қайталанатын ұстамалар ғана эпилепсияның диагнозын анықтауға негіз 
болады. Екіншіден, эпилепсия кезінде өздігінен дамитын, басуға келмейтін 
ұстамалар дамиды. 
Эпилепсия мидың белгілі бір бөлігі зардапталғанда, яғни, толығымен 
бүлінбеген кезде туындайды. Зардапталған, бірақ тіршілікке икемділігін 
сақтай алған жасушалар патологиялық электрлік белсенділкің негізгі көзі 
болып саналады, соңынан тырысулық ұстамаларды туындатады. Осы 
ұстамалы түрде дамитын ми қызметінің бұзылуы мидың бір топ 
нейрондарының синхронды деполяризациясынан пайда болады.
Ауруларды зерттеу барысында басқа аурулардың эпилепсия сияқты 
бірнеше атаулары балмайды. Олардың ішінде «құдіретті», «әзәзіл», 
«қасиетті», «айлы», «жаман», «қара дәрменсіз», «селкілдегіш», «қайғылы 
азап шегу», «Геркулес ауруы», «Христті жазалау» және т.б. атаулар 
кездеседі.
Неврологиялық патологияның құрылымында эпилепсия үшінші 
орынды алады және адамдардың 1–2%-да кездеседі. Балалар мен 
жасөспірімдер барлық эпилепсиямен ауыратын науқастардың 1/3 құрайды. 
Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдерде халықтың егде жастағы 
топтарында эпилепсиямен ауыратын науқастардың саны өсіп келеді. 
Эпилепсиямен ауыратын науқастардың өлім-жітімділік деңгейі негізгі 
популяцияға қарағанда 2-3 есеге артқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет