Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Эпилепсияның негізгі түрлері



Pdf көрінісі
бет55/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Эпилепсияның негізгі түрлері 
I. Шығу тегі бойынша:

Идиопатиялық эпилепсия. Аурудың себебін анықтау мүмкін емес. 
Тұқымқуалайтын нейрондар қозымдылығының жоғарылауы салдарынан 
туындайды. 
Идиопатиялық 
эпилепсия 
ерте 
жаста 
дамиды, 
генерализацияланған түрде байқалады.

Әйгіленімдік эпилепсия. Мидың сұр затын зақымдайтын ОНЖ-нің 
органикалық аурулардың нәтижесінде дамитын парциалдық ұстамалармен 
көрінеді.
II. Талмалардың түрлері бойынша: 


63 

Генерализацияланған (үлкен) құрысулық талмалар. Мидың 
электрлік қозу үдерісіне таралған және жүйелік түрде қатысуының 
нәтижесінде дамиды. Сонымен бірге, мидың ортаңғы құрылымдарының 
белсенуінен туындайды. Осы үлкен құрысулық талмалар айқын тонустық-
клонустық құрысулармен (grandmal), есін жоғалтумен қатар, несеп пен 
нәжістің еріксіз шығуымен, тілін тістеумен сипатталады.

Фокалды құрысқақ. Осы талмалардың дамуында басты рөлді
ойнайтын белгілі бір фокус – эпилепсиялық ошақ пайда болады. Бұл ОНЖ-
нің органикалық зақымдануынан туындайды. Ең алдымен, ұстамалар 
мидың белгілі бір құрылымдарының бұзылумен көрінетін айқын 
клиникалық және электрофизиологиялық сипат белгілерімен байқалады. 
Мысалы, мидың алдыңғы бөлігіндегі орталық иірімдердің ортаңғы-
төменгі бөлімінде эпилепсияланған ошақтың орналасуынан бет пен 
қолдың бір жағының клонустық құрысуы (фацио-брахиалдық ұстамалар) 
дамиды. 
 
Талмалардың моторлық, сенсорлық, вегетативтік, психикалық түрлері 
болуы мүмкін. Сонымен бірге, олар құрысулармен, ерікті қимылдың толық 
жоғалуымен (салданумен) және патологиялық сезімнің пайда болуымен 
көрінеді. Талмалар үшін естің сақталуы немесе оның бұзылуы (өзгеруі) 
тән. Барлық талмалардың ішінде фокалды талмалар ересектерде 80%-ды, 
ал балаларда 60%-ды құрайды. Парциалдық эпилепсияның самайлық 
(лимбиялық) түрі ең көп зерттелген түріне жатады. Бұл кезде мидың сол 
жақ бөлімінде, яғни, самай бөлімі мен лимбиялық жүйенің басқа да 
бөліктерінде эпилепсияланған ошақ жиі орналасады. Лимбиялық кешеннің 
бірнеше қызмет атқаруынан самайлық эпилепсияның алуан түрлі 
клиникалық көріністері байқалады. Самайлық талмамен ауыратын 
науқастардың 60-70%-ында ұстаманың алдында аура (грек тілінен 
ауд. αὔρα –жеңіл самал, желдің лебі) пайда болады. Аура – бұл эпилепсия 
ұстамасының алдында білінетін өзіндік белгі, қозғалыс немесе психикалық 
әсерлерді сезіну. Аура құрысулық ошақтың белсенуінің клиникалық 
көрінісі 
ретінде 
саналады. 
Бірақ, 
спецификалық 
эпилепсиялық 
реакциялардың іске қосылуына шамасы жетпейді. Аураның пайда болуы 
алуан түрлі және мидың қай бөліміндегі қызметінің бұзылуына 
байланысты туындайды. Аураның мысалдары – дене температурасының 
жоғарылауы, үрейлену және жабырқау сезімінің пайда болуы, көру, есту 
және иіссезімдік түйсінудің өзгеруі және т.б. 

 
Абсанстар (шағын талмалар, petitmal) – қысқа мерзімге есінен 
танып, кейін болған оқиғаны ұмытып қалу; қояншық симптомы немесе 
генерализацияланған құрысқақсыз талмалардың алуан түрлілігі. Бұл 
жоғары жиілікпен және ЭЭГ-ғы 3 герц жиіліктегі генерализацияланған 
пик-толқындық белсенділікпен сипатталады. Сонымен бірге, абсанс 
кезінде науқас қысқа мерзімнің ішінде құрысусыз естен танып, құлайды 
және вегетативтік әйгіленімдер (бетіндегі тері түсінің өзгеруі, 
гиперсаливация, мидриаз және басқада ерекше белгілер) байқалады. 


64 
Абсанстарға тән ерекшеліктер – олардың жиілігінің жоғары болуы. Ауыр 
жағдайларда бір тәулікте ондаған немесе жүздеген ұстамалар дамуы 
мүмкін. Кейбір абсанс кезінде науқас ұстаманы басынан кешіргенді 
байқамай қалады. Науқас ештеңе болмағанын және ол барлық уақытта 
есінің сақталғанын айтады. Сонымен қатар, абсанстар – балалар мен 
жасөспірімдерде жиі кездесетін эпилепсиялық ұстамалардың түріне 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет