65
құрсағындағы жарақаттар және т.б. факторлар жатады. Сонымен қатар, туа
біткен бейімділік үлкен шақтағы жаста да дамуы мүмкін. Бұл ең алдымен,
перинаталдық патологияның және ұрықтың құрсақішілік гипоксияның
нәтижесінде туындаған ми жасушаларының
қозымдылығын арттыратын
жағдайлармен байланысты дамиды.
Жүре пайда болған бейімділік. Бұл мидың қосымша ауруларының
салдары ретінде эпилепсиялық ошақтың түзілуінен дамиды. Мидың
магниттік-резонансты томографиялық зерттеу
әдіс арқылы эпилепсиямен
ауыратын науқастардың (30 жастан кейін) 80–94%-ның диагнозын
нақтылауға болады. Бұл кезде эпилепсияны туындататын негізгі
этиологиялық факторларға: ми-бассүйек жарақаты мен үлкен
жастағы
науқастарда пайда болатын церебралды қантамырлық патологиясы
жатады. Сонымен бірге, эпилепсияланған
ошақтың өзі қауіп-қатер
факторы ретінде саналады және кейбір жағдайларда осы сияқты ошақты
өзгерістер көптеген науқастарда эпилепсияны туындатпайды.
Эпилепсиялық ұстамаларды күшейтетін факторларға: құрысуға қарсы
дәрі-дәрмектерді уақытылы қолданбау,
ішімдікке салыну, психикалық
және физикалық шаршау және т.б. жатады.
Эпилепсиялық ұстамалардың патогенезі
Эпилепсиялық ұстамалардың даму жоларын шартты түрде екі топқа
бөледі: 1-ші топ – церебралдық процесстерге қатысы бар механизмдер. 2-
ші топ – организмдегі жалпы соматикалық
өзгерістермен байланысты
дамитын механизмдер.
Аурудың дамуы екі кезеңге бөлінеді: I-ші кезеңде – фокалды
эпилепсиялық ошақтың құрылуы байқалады. Бұл үшін 10
3
–10
5
эпилепсияланған нейрондар қажет. Ал, II-ші кезеңде – эпилепсиялық
жүйелер құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: