Негiзгi проблемаларды талдау
Денсаулық сақтау жүйесiнде қаржыландыру мен басқарудың, ең алдымен желiнiң тиiмдiлiгiне емес, оның қуаттылығын ұстауға бағдарланғанына байланысты проблемалар бар. Ынталандырушы төлемдерге қаржыландырудың болмауынан (44%); нормативтiк құқықтық базаның жетiлдiрiлмеуiнен, заңды тетiктердiң болмауынан (25%); денсаулық сақтау менеджерлерiн даярлаудың нашарлығынан (6%) қаржыландырудың тиiмдi тетiктерi (қор ұстау, екi компоненттi жан басына шаққандағы норматив) жеткiлiксiз пайдаланылады.
Қазiргi тариф белгiлеу (амортизацияны қамтымайтын) жүйесiнiң объективтi еместiгi, мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының төмен дербестiгi және бiлiктi менеджерлердiң болмауы медициналық қызметтердi ұсынушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн айтарлықтай тежеп отыр.
Өңiрлер бойынша ресурстарды бөлудiң теңсiздiгi әлi де байқалады. Мысалы, 2009 жылы бiр тұрғынға есептегенде ТМККК шығыстары 12 964-тен 21 289-ға дейiн теңгенi құрады. ТМККК-нi қаржыландыру көлемiнiң жыл сайын өсуiне (2003 жылғы 64,8 млрд. теңгеден 2009 жылы 464,1 млрд. теңгеге дейiн) қарамастан, қосымша шығыстарды қажет етедi.
Медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң жеткiлiксiз деңгейiмен байланысты мәселелер проблемалы күйiнде қалып отыр. Мысалы, медициналық жедел жәрдемнiң медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылуы республика бойынша 51,69 пайызды құрайды. Елдiң бiрқатар өңiрлерiнде медициналық көмек көрсететiн ұйымдар (медициналық жедел жәрдем станциялары, БМСК, сот-медициналық сараптама және тағы басқалар) типтiк емес бейiмделген ғимараттарда орналасқан. 400-ден (4,3%) астам денсаулық сақтау ұйымы апатты ғимараттарда орналасқан.
Сонымен қатар денсаулық сақтау саласының бастапқы буынында жалпы дәрiгерлiк практика және профилактикалық жұмыстарда денсаулық сақтау технологиялары әлсiз дамуда. Медициналық қызметтерге қол жетiмдiлiктiң теңсiздiгi мен медициналық қызметтер сапасының төмен болуы сақталуда.
Бүгiнгi таңда БҰДЖ-дың белсендi енгiзiлуiне қарамастан, денсаулық сақтауда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жеткiлiксiз деңгейi, медицина қызметкерлерiнiң компьютерлiк сауатының төмен болуы, емдеу-профилактикалық үдерiстi автоматтандырудың және төсек қорын оңтайландыру бойынша барабар iс-шаралардың болмауы, емдеуге негiзсiз жатқызу және стационарларда ұзақ жату сақталып отыр.
Қазақстанның ауылдық денсаулық сақтау жүйесi оқшаулануға (қашықтыққа), инфрақұрылымның нашар дамуына, материалдық базаның әлсiз болуына, қатаң климаттық жағдайларға, медицина қызметкерлерiнiң жеткiлiксiз болуына және кадрлардың тұрақтамауына байланысты елеулi қиындықтарға ұшырап отыр.
Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау
Халыққа медициналық көмек көрсету деңгейiне мынадай iшкi және сыртқы факторлар ықпал етедi.
Сыртқы факторлар:
денсаулық сақтау саласын жеткiлiксiз қаржыландыру;
Қазақстанның климаттық-географиялық ерекшелiктерi.
Көрсетiлген факторлардың терiс әсерiн болдырмау үшiн бөлiнетiн ресурстардың тиiмдiлiгiн арттыру, ресурс үнемдеушi технологияларды енгiзу, қосымша (бюджеттен тыс) қаржыландыру көздерiн табу қажет. Жетуге жолы қиын өңiрлерде, сондай-ақ климаттық катаклизм уақытында тиiмдi медициналық қызметтi қамтамасыз ету үшiн мобильдi және санитариялық авиацияны дамыту қажет.
Iшкi факторлар:
БМСК деңгейiнде медицина қызметкерлерi жүктемесiнiң көп болуы;
саладан медицина қызметкерлерiнiң кетуi, әсiресе ауылдық жерлерде кадрлардың жетiспеушiлiгi және телемедициналық консультацияларды жүргiзуге медицина қызметкерлерiнiң дайын болмауы және дайындалмауы;
пациенттердi режiммен қарауда кезеңдiлiктi сақтамау;
өңiрлерде амбулаториялық-емдiк деңгейдегi медициналық қызметтi қаржыландырудың теңсiздiгi;
медицина қызметкерлер құрамы уәждемесiнiң болмауы;
денсаулық сақтау қызметкерлерiне сараланған еңбекақы төлеудiң жетiлдiрiлмеуi;
медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жеткiлiксiз деңгейi;
басқару шешiмдерiн қабылдауда медициналық ұйымдардың дербестiгiнiң төмендiгi.
Денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн мыналар жоспарланады:
әлеуметтiк қызметкерлердi енгiзе отырып, БМСК-нiң әлеуметтiк бағдарланған моделiн құру;
БМСК-нi қаржыландыруды жетiлдiру: екi компоненттi жан басына шаққандағы норматив, iшiнара қор ұстау;
медицина қызметтерiн төлеудiң тиiмдi әдiстемесiн әзiрлеудi қоса алғанда, негiзгi құралдарды жаңарту шығындарын өтеудi ескере отырып, стационарлық, стационарды алмастыратын көмектi қаржыландыруды жетiлдiру;
қоса ақы төлеу тетiгiн енгiзе отырып БҰДЖ-ды одан әрi дамыту;
медицина қызметтерiнiң сапа менеджментi жүйесiн одан әрi жетiлдiру;
мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктi дамыту;
корпоративтiк басқару қағидаттарын енгiзе отырып мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының дербестiгiн арттыру;
денсаулық сақтау жүйесiнiң инфрақұрылымын жетiлдiру;
көлiк медицинасын дамыту, оның iшiнде авиациялық медициналық тасымалдауды жетiлдiру.
3. Кадр ресурстарын және медицина ғылымын дамыту
Денсаулық сақтауды дамытудың негiзгi параметрлерi
Қазiргi кезде дәрiгерлер даярлауды 6 медицина университетi, 1 мемлекеттiк емес ЖОО, көп бейiндi университеттердiң 3 медициналық факультетi iске асырады. Бiлiктiлiктi арттыру Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебi, медицина университеттерi, 16 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталықтардың базасында жүргiзiледi.
Медициналық көмектi 60 мыңнан астам дәрiгер және 139 мыңға жуық орта медицина қызметкерi көрсетедi. Халықты барлық мамандықтағы дәрiгер кадрлармен қамтамасыз етудiң артуына қарамастан, практикалық бейiндi дәрiгерлермен қамтамасыз ету бiрнеше жыл бойы бiр деңгейде қалып отыр (10 000 адамға шаққанда 2005 жылғы 36,5-тен, 2009 жылы 37,8-ге дейiн). Халықтың орта медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етiлуi ұқсас. 2009 жылы аталған көрсеткiш 10 мың адамға шаққанда 86,4-тi құрады.
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру кезiнде денсаулық сақтау кадрларын даярлау сапасы бойынша нақты жұмыстар жүргiзiлдi. Медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң нормативтiк базасы құрылды, 2007 жылдан бастап бiлiктi әдiстемеге және үздiк дүниежүзiлiк тәжiрибеге негiзделген жоғары медицина бiлiм берудiң жаңа бiлiм беру бағдарламалары iске асырылуда. Соңғы он жыл iшiнде барлық мемлекеттiк медициналық жоғары оқу орындары қазiргi заманға сай оқу-клиникалық және зертханалық жабдықтар сатып алды, медициналық жоғары оқу орындарының 85 % үлкен дербестiк алып, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын статусына ауысты. Инновациялық бiлiм беру технологияларын енгiзу кезең-кезеңмен жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта 400-ден астам оқытушы шетелде, және 500-ден астамы алдыңғы қатарлы шетел мамандарын тарта отырып Қазақстанда қайта даярлаудан өттi. Құрылған оқу-клиникалық орталықтар студенттер мен интерндердiң клиникалық дайындығына серпiн беруге әсер еттi. Дүниежүзiлiк медициналық бiлiм беру федерациясының сапасын жақсартуға негiзделген негiзгi медициналық бiлiм беру институты аккредиттеу ұлттық стандарттары әзiрлендi. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық аккредиттеу орталығының шешiмi бойынша «Астана медицина университетi» аккредиттелдi. Тағы 3 мемлекеттiк медицина университетiн институционалды аккредиттеу жүргiзу басталды.
Кадр әлеуетiн реттейтiн нормативтiк құқықтық база күшейтiлдi, номенклатура оңтайландырылды, медициналық және фармацевтикалық мамандықтар мен денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамасы жетiлдiрiлдi. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру кезеңiнде шетелдегi медицина кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру, шетелдiң алдыңғы қатарлы мамандарын тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастыруға аса назар аударылды.
2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2008 жылғы 19 ақпандағы № 79 бұйрығымен бекiтiлген Медицина ғылымын реформалаудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы iске асырылуда, медицина ғылымы менеджерлерiн даярлау жұмысы басталды.
Негiзгi проблемаларды талдау
Жыл сайынғы даярланған медицина кадрлары түлектерiнiң ұлғаюына қарамастан, кадр тапшылығы проблемасы әр жыл сайын өсу үстiнде.
БМСК көрсететiн қызметкерлердiң тапшылығы, iрi қалаларда медицина қызметкерлерiнiң шамадан тыс шоғырлануы, жоғары және орта кәсiптiк медициналық бiлiмi бар медицина қызметкерлерi санының теңсiздiгi орын алып отыр. 2009 жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарын дәрiгерлермен қамтамасыз ету 10 мың адамға шаққанда 58,3-тi, ал ауыл тұрғындарына – барлығы 14,1-дi құрады. Бұл жағдай өңiрлер бөлiнiсiнде үлкен сәйкессiздiкпен ұлғаюда: Қарағанды облысының ауыл тұрғындарын дәрiгерлермен қамтамасыз ету 20,1-дi құрайды, Солтүстiк Қазақстан облысында 10 мың ауыл тұрғынына щаққанда барлығы 9,6-ды құрайды.
Салаға жас мамандардың келу ағыны ұлғаюына қарамастан, кадрлардың «қартаю» үрдiсi байқалады. Олардың үлесi жеткiлiксiз күйiнде қалып отыр және жалпы дәрiгерлер санының 4 %-дан аспайтын бөлiгiн құрайды.
Бұдан басқа денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң жұмысқа деген уәжделген ынталары жоқ және оларды әлеуметтiк қорғау жеткiлiксiз. Медицина қызметкерлерi еңбекақысының деңгейi әлi де төмен, сондай-ақ жұмысының түпкi нәтижесiне негiзделген еңбекақыға сараланған тәсiл жоқ.
Ғылыми зерттеулердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен болуы және инновациялық жетiстiктердiң болмауы орын алып отыр.
Қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру қызметiнде кадрларды даярлау сапасы, жұмыс iстейтiн мамандардың бiлiктiлiк деңгейi негiзгi проблема болып отыр.
Сыртқы және iшкi негiзгi факторларды бағалау
Кадр ресурстарын және медицина ғылымын дамытуға мынадай iшкi және сыртқы факторлар ықпал етедi:
Сыртқы факторлар:
медицина мамандығының әлеуметтiк мәртебесiнiң төмендiгi және беделiнiң жеткiлiксiздiгi;
медицина ғылымының жеткiлiксiз қаржыландырылуы,
шетелде ғылыми зерттеулер менеджментiн оқыған ғылыми кадрлардың жетiспеушiлiгi.
Медицина мамандығының әлеуметтiк мәртебесiн және беделiн арттыру үшiн медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк бiрлестiктерiн (қауымдастықтарын) қолдау және рөлiн арттыру қажет.
Iшкi факторлар:
медицина кадларын даярлау сапасы қажеттiлiкке сәйкес келмейдi;
бiлiктi медицина кадрлары деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi;
медицина кадрларының қалаларда және ауылдық өңiрлерде теңсiздiгi;
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердiң бәсекеге қабiлетсiздiгi;
ғылыми зерттеулер менеджментiнiң жеткiлiксiз дамуы.
Медицина кадрларын даярлау сапасын және бiлiктi медицина кадрларының деңгейiн одан әрi арттыру үшiн Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру iсiн дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзiрлеу қажет.
Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн:
қосымша (бюджеттен тыс) қаржыландыру көздерiн белсендi тарту;
үздiк дүниежүзiлiк стандарттарға сәйкес жабдықтармен жарақтандырылған ұжымдық пайдалануға арналған қазiргi заманғы 2 ғылыми орталықты құру;
ғылыми зерттеулердi жүргiзудiң сапасын арттыру үшiн ғылыми кластерлердi, ғылыми консорциумдарды құру;
ғылыми өнiмдердi (патенттер, халықаралық басылымдарда жарияланымдар) көбейту қажет.
4. Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi жетiлдiру
Денсаулық сақтау саласын дамытудың негiзгi параметрлерi
Қазақстан Республикасында халықаралық талаптарға бейiмдеу үшiн фармацевтика саласын оңтайландыру үдерiсi басталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн iске асыру үшiн және медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, дәрiлiк заттарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлендi. Отандық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдау шаралары жыл сайын өсетiн номенклатураны қамтамасыз етуге және сапалы фармацевтикалық өнiмдi өндiру көлемiн арттыруға бағытталған.
Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының және де олардың жарнамаларының сапасын бағалауды, қамтамасыз етудi сертификаттау, тiркеу қызметтерi реттелген. Ұлттық ақпараттық дәрi-дәрмек орталығы құрылды.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен сатып алынатын дәрiлiк заттарға мемлекеттiк бағаны реттеу енгiзiлдi, бұл өз кезегiнде бағаны орта есеппен 30 %-ға төмендетуге мүмкiндiк бердi. Терапиялық, фармакоэкономикалық тиiмдiлiктi және жанама әсер мониторингiн ескере отырып дәрiлiк заттарды тиiмдi қолдануға бағытталған дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудiң формулярлық жүйесi енгiзiлдi.
Әлемдiк тәжiрибенiң негiзiнде Дәрiлiк заттар мен медициналық өнiмдердi дистрибуциялаудың бiрыңғай жүйесi құрылды, бұл қаржы қаражатын айтарлықтай үнемдеуге және отандық дәрi-дәрмектердi тұтыну үлесiн бiрнеше рет ұлғайтуға қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.
Ауыл тұрғындарын дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету үшiн БМСК объектiлерi арқылы дәрiхана ұйымдары жоқ 3000-нан астам ауылдық елдi мекенге дәрiлiк заттарды өткiзу ұйымдастырылды.
Негiзгi проблемаларды талдау
Қабылданған шараларға қарамастан, фармакобақылау, фармакоэкономикалық зерттеулер жүйесi, дәрiлiк заттардың жанама әсерiнiң мониторингi, жалған және контрафактiлiк дәрiлiк заттардың өндiрiсiмен және таратылуымен күрес жұмыстары одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi. Медицина ұйымдарын тиiстi сервистiк қызмет көрсететiн қазiргi заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесiн де шешу қажет.
Халықтың, әсiресе ауылдық жерлерде тұратын халықтың дәрiлiк заттарға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мәселелерi одан әрi шешудi қажет етедi.
Фармацевтикалық саланы қарқынды дамыту үшiн өндiрiлетiн дәрiлiк заттар қорының бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру және халықаралық нарыққа шығару бойынша жұмыстар жүргiзу қажет, оның iшiнде Кеден одағы шеңберiнде соңғы өнiмнiң сапаны бақылау жүйесiнен дистрибьюторлық және дәрiханалық практика өндiрiсiнiң сапасын қамтамасыз ететiн жүйеге өту қажет.
Сыртқы және iшкi негiзгi факторларды бағалау
Халыққа дәрiлiк заттардың қолжетiмдiлiгiн және сапасын арттыруға мынадай iшкi және сыртқы факторлар ықпал етуi мүмкiн:
Сыртқы факторлар:
Кеден одағына және ДСҰ-ға кiру.
Сыртқы факторларды жою үшiн дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының айналысы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң үйлесiмдiлiгi, рұқсат құжаттарын өзара тану, Кеден одағы шеңберiнде дәрiлiк заттар сапасын инспекциялау мен бақылаудың ықпалдастырылған жүйесiн құру қажет.
Iшкi факторлар:
отандық фармацевтикалық нарықтың бәсекеге қабiлетсiздiгi;
жалған және контрафактiлiк өнiмдердi тестiлеу үшiн зертханаларды жарақтандыру деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi;
Дәрiлiк заттар дистрибуциясының бiрыңғай жүйесi менеджментiнiң жеткiлiксiз денгейi;
медициналық жабдықтардың, әсiресе қымбат тұратын медициналық жабдықтардың мониторингiн жүргiзу деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi.
Халыққа дәрiлiк заттардың сапасын, тиiмдiлiгiн, қауiпсiздiгiн және қолжетiмдiлiгi мен медициналық жабдықтардың тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету үшiн мыналар жоспарланып отыр:
жабдықтарды лизинг жүйесi арқылы сатып алу мен сервистiк келiсiмшарт жүйесiн енгiзе отырып, медициналық техникамен орталықтандырылған қамтамасыз ету және сервис бойынша үйлестiру орталығын құру;
дәрiлiк заттарды сертификаттау мен бақылау бойынша мемлекеттiк зертханаларды халықаралық аккредиттеу.
3-бөлiм. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi
Ескерту. 3.1-кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.31 № 1744 Қаулысымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.28 N 553 Қаулысымен.
1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлiм-жiтiм деңгейiн төмендету
1.1-мақсат. Аурулардың профилактикасы, емдеу және оңалтудың тиiмдi жүйесi
Мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламаның коды: 001, 005, 006, 008, 009, 010, 016, 021, 036, 038, 062, 103, 104
№
|
Нысаналы индикатор
|
Ақпарат көзi
|
Өлшем бiрлiгi
|
Есептi жыл
|
Ағымдағы жылдың жоспары
|
Жоспарлы кезең
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
1.
|
БҚЖИ позициясы бойынша өмiр сүру ұзақтығы
|
ДЭФ деректерi
|
позиция
|
108
|
106
|
96
|
95
|
95
|
95
|
95
|
2.
|
Нәресте өлiм-жiтiмi бойынша БҚЖИ позициясы
|
ДЭФ деректерi
|
позиция
|
87
|
93
|
90
|
90
|
79
|
74
|
73
|
3.
|
Туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша БҚЖИ позициясы
|
ДЭФ деректерi
|
позиция
|
94
|
103
|
101
|
86
|
86
|
85
|
85
|
4.
|
Туберкулездiң iске ортамерзiмдiк әсерi
|
ДЭФ деректерi
|
позиция
|
111
|
104
|
102
|
90
|
90
|
89
|
89
|
5.
|
АИТВ таралуы бойынша БҚЖИ позициясы
|
ДЭФ деректерi
|
позиция
|
23
|
22
|
20
|
20
|
20
|
20
|
20
|
6.
|
АИТВ/ЖИТС-тiң iске ортамерзiмдiк әсерi
|
ДЭФ деректерi
|
позиция
|
95
|
86
|
86
|
80
|
80
|
79
|
79
|
7.
|
Мемлекеттiк органдармен қабылданатын шешiмдердiң ашықтығы
|
ДЭФ деректерi
|
позиция
|
|
75
|
53
|
46
|
44
|
43
|
42
|
Нысаналы индикаторға қол жеткiзу жолдары, құралдары мен әдiстерi:
1.1.1-мiндет Аурулардың профилактикасы және саламатты өмiр салтын қалыптастыру әдiстемелерiн жетiлдiру
|
8.
|
Күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы*
|
СА
|
жас
|
68,33
|
68,41
|
68,7
|
69,2
|
69,5
|
69,8
|
70,1
|
9.
|
Жалпы өлiм-жiтiмдi төмендету*
|
СА
|
1000 халыққа шаққанда
|
8,97
|
9,01
|
8,9
|
8,9
|
8,14
|
7,91
|
7,62
|
10.
|
Халық арасында темекi шегудiң таралуын төмендету
|
ДСМ
|
%
|
27,0
|
27,0
|
27,0
|
26,8
|
19,5
|
18,8
|
18,2
|
11.
|
Халық арасында алкогольдi шектен тыс тұтынудың таралуын төмендету
|
ДСМ
|
%
|
16,9
|
16,8
|
16,6
|
16,4
|
15
|
14,5
|
14
|
12.
|
Скрининтiк тексерiп-қарау мен қамтуды қамтамасыз ету
|
ДСМ
|
нысаналы халықтан %
|
80
|
80
|
80
|
80
|
80
|
80
|
80
|
13.
|
СӨС-тi насихаттау бойынша ҮЕҮ арасында әлеуметтiк жобаларды орналастыру
|
ДСМ
|
жобалар саны
|
|
|
110
|
110
|
120
|
125
|
125
|
14.
|
Жобалардың жалпы санында үкiметтiк емес ұйымдар мен бизнес-құрылым дар бiрлесiп iске асыратын жобалар үлесi
|
ДСМ
|
%
|
0
|
0
|
3
|
5
|
7
|
8
|
9
|
15.
|
БМСК дәрiгерлерiнiң жалпы санынан жалпы практика дәрiгерлерi үлесiн арттыру
|
ЖАО деректерi
|
%
|
25
|
26
|
27
|
35
|
40
|
45
|
50
|
16.
|
2015 жылға қарай БМСК шығыстар көлемiн денсаулық сақтау саласының жалпы шығыстар көлемiнен 30 %-ға дейiн ұлғайту
|
ДСМ
|
%
|
10
|
12
|
16
|
20
|
24
|
28
|
30
|
Тiкелей нәтижелерге қол жеткiзуге арналған iс-шаралар:
|
17.
|
Ұлттық скринингiлiк бағдарламаны әзiрлеу және енгiзу
|
Х
|
|
|
|
|
18.
|
Мына аурулардың түрлерiн: қанайналым жүйесiнiң ауруларын, қант диабетiн, онкопатология, В және С вирусты гепатит, глаукома, ерте жастағы балалардың туа бiткен және тұқым қуалайтын есту патологиясын ерте анықтауға арналған скринингтерi қоса алынған Ұлттық скринингiлiк бағдарламаны енгiзу және iске асырылуына мониторинг жүргiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
19.
|
СӨС насихаттау мәселесi бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
20.
|
СӨС ұйымдарының желiсiн мемлекеттiк нормативке сәйкес келтiрудiң мониторингi
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
21.
|
Халықты ақпараттық-бiлiм беру баспа материалдармен қамтамасыз ету
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
22.
|
Әлеуметтiк денсаулықты сақтау саласында әлеуметтiк қызмет көрсететiн ҮЕҰ-ны тарту бойынша жұмысты белсендiру (мемлекеттiк тапсырысты орналастыру)
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
23.
|
Жастарға арналған денсаулық орталықтары желiсiн дамыту арқылы жастарды саламатты өмiр салтын насихаттаумен қамту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
24.
|
Саламатты өмiр салтын енгiзуге уәждеу және қауiптi мiнез-құлық факторларын таралуын бағалау бойынша әлеуметтiк зерттеу жүргiзу
|
Х
|
|
Х
|
|
Х
|
25.
|
БМСК қызметiнiң iс-әрекетiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
26.
|
БМСК объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
27.
|
БМСК деңгейiнде әлеуметтiк қызметкерлер институтын енгiзу және дамыту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
28.
|
Амбулаториялық деңгейде науқастарды диагностикалау және емдеу хаттамаларын әзiрлеу және жетiлдiру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
1.1.2 - мiндет. Ана мен баланың денсаулығын нығайту
|
29.
|
Ана өлiм-жiтiмiн төмендету*
|
СА
|
100 мың тiрi туғандарға шаққанда
|
36,8
|
34,4
|
32,1
|
30,0
|
28,1
|
26,2
|
24,5
|
30.
|
Нәресте өлiм-жiтiмiн төмендету*
|
СА
|
1000 мың тiрi туғандарға шаққанда
|
18,23
|
17,4
|
17,1
|
16,0
|
14,1
|
13,2
|
12,3
|
31.
|
ДДҰ ұсынған, 2008 жылдан бастап енгiзiлген тiрi туу және өлi туу критерийлерiн есепке ала отырып, 5 жасқа дейiнгi балалардың өлiм-жiтiмiн төмендету*
|
ДСМ
|
1 000 тiрi туғандарға шаққанда
|
21,28
|
21,0
|
20,5
|
19,0
|
18,0
|
17,0
|
16,0
|
32.
|
Әйелдер денсаулығы индексi
|
ДСМ
|
%
|
30,6
|
30,6
|
30,6
|
30,7
|
30,7
|
30,8
|
30,8
|
33.
|
Босандыру мекемелерiнде есепке уақтылы тұрған жүктi әйелдер үлесi
|
ДСМ
|
%
|
73
|
65
|
70,1
|
72,5
|
72,7
|
73,0
|
75,0
|
34.
|
Аборттардың таралу деңгейi
|
ДСМ
|
фертильдi жастағы 1000 әйел халыққа шаққанда
|
25,6
|
23,3
|
23,0
|
22,8
|
22,5
|
22,0
|
21,0
|
Тiкелей нәтижелерге қол жеткiзуге арналған iс-шаралар:
|
35.
|
Перинатальдық медициналық көмек көрсетудi өңiрлендiру және пренаталды, перинатальдық, неонатальдық және педиатриялық медициналық көмек көрсетудiң және хаттамалар мен стандарттарды дәлелдi медицина негiзiнде енгiзу (әзiрлеу және таратып көбейту)
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
36.
|
Көмек көрсету деңгейiне сәйкес материалдық-техникалық базаны жетiлдiру, халықаралық стандарттарға сәйкес балалар және босандыру денсаулық сақтау ұйымдарын қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
37.
|
Ана болу қауiпсiздiгi, тиiмдi перинатальдық технологиялар және балалық шақ ауруларын ықпалдастыра ем жүргiзу бойынша каскадты оқыту
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
38.
|
ЭКҰ циклдерiн жүргiзудiң ұлғаюы бөлiгiнде ТМККК-нi кеңейту
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
39.
|
Босандыру ұйымдарында акушерлiк асқынулардың қиын жағдайларын және ана өлiм-жiтiмiн құпия аудитiн жүргiзу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
40.
|
Ұрпақты болу денсаулығын сақтау бойынша ақпараттық-түсiндiру және насихаттау жұмыстарын жүргiзу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
1.1.3-мiндет. Негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеудi және оңалтуды жетiлдiру
|
41.
|
Қанайналым жүйесi ауруларынан өлiм-жiтiмдi азайту*
|
СА
|
100 мың халыққа
|
416,4
|
403,99
|
401,3
|
395,2
|
374,8
|
364,4
|
353,9
|
42.
|
Онкологиялық аурулардан өлiм-жiтiмдi азайту
|
СА
|
100 мың халыққа
|
111,76
|
108,93
|
106,5
|
102,8
|
99,5
|
96,2
|
95,8
|
43.
|
Сүт безiнiң қатерлi iсiгiнен өлiм-жiтiм деңгейi
|
ДСМ
|
100 000 халыққа шаққанда
|
8,5
|
8,7
|
8,7
|
8,6
|
8,5
|
8,4
|
8,3
|
44.
|
Жарақаттардан, жазатайым оқиғадан және уланудан өлiм-жiтiмдi төмендету*
|
СА
|
100 мың халыққа
|
108,37
|
108,72
|
107,0
|
100,3
|
97,6
|
94,9
|
92,1
|
45.
|
Туберкулезден өлiм-жiтiмдi төмендету*
|
СА
|
100 мың халыққа
|
12,9
|
10,6
|
10,4
|
10,1
|
9,7
|
9,4
|
9,1
|
46.
|
Туберкулезбен сырқаттанушылы қты төмендету*
|
СА
|
100 мың халыққа
|
105,3
|
95,3
|
95,0
|
94,6
|
87,0
|
84,4
|
81,8
|
47.
|
АИТВ инфекциясын 15-49 жастар тобында таралуын ұстау*
|
ДСМ
|
%
|
0,2
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
48.
|
Ауруханалық және амбулаториялық -емханалық ұйымдардың жанындағы күндiзгi стационардағы төсек орын саны
|
ДСМ
|
төсек орындар саны
|
11 691
|
17 558
|
17 558
|
17 600
|
17 600
|
17 600
|
17 600
|
49.
|
БМСК ұйымдарының жұмыс сағаттарында (8-ден 19-ға дейiн) созылмалы аурулары бар науқастарға шақыру санын төмендету
|
ЖАО деректерi
|
%
|
30
|
29
|
28
|
27
|
26
|
25
|
24
|
Тiкелей нәтижелерге қол жеткiзуге арналған iс-шаралар:
|
50.
|
Жоғары технологиялық көмектiң жаңа түрлерiн енгiзу есебiнен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн кезең-кезеңмен кеңейту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
50-1.
|
Қазақстан Республикасында Онкологиялық көмектi дамыту бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру
|
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
50-2.
|
Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын құру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу
|
|
Х
|
|
|
|
51.
|
Халықаралық стандарттарға және дәлелдi медицинаға сәйкес ауруларды диагностикалау және емдеудiң, паллиативтi көмек көрсету, қалпына келтiрiп емдеу және оңалтудың клиникалық нұсқаулары мен хаттамаларын әзiрлеу мен жетiлдiру және одан әрi енгiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
52.
|
Ересек тұрғындар арасында холестерин, қан глюкозасын анықтау арқылы АГ, ЖИА, қант диабетiн ерте анықтаудың экспресс-диагностика әдiсiн дәрiгерге дейiнгi кабинеттер жұмысына енгiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
53.
|
Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
54.
|
АИТВ инфекциясының таралуын қадағалауды күшейту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
55.
|
АИТВ жұқтырған науқастардың вирустық жүктемесiн анықтау үшiн ЖИТС РО референс-зертханаларын тест-жүйелермен қамтамасыз ету
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
56.
|
АИТВ жұқтырған науқастарды антиретровирустық терапиямен қамтамасыз ету
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
57.
|
Медициналық жедел жәрдем қызметi стансаларының және стационарлардың материалдық-техникалық базасын жетiлдiру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
58.
|
Санитариялық авиация қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мониторингiлеу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
59.
|
Халықаралық стандартқа сәйкес жедел медициналық көмек және медициналық тасымалдау (санитарлық авиация) қызметiн жетiлдiру
|
Х
|
|
|
|
|
60.
|
Жедел медициналық жәрдем бригадаларын GPS навигация жүйелерi бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
1.1.4-мiндет. Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуiне жол бермеу
|
61.
|
Қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткiшiн ұстау
|
СА
|
100 мың халыққа
|
0,13
|
0,2
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
62.
|
В вирусты жiтi гепатитiмен сырқаттанушылық көрсеткiшiн төмендету
|
СА
|
100 мың халыққа
|
3,2
|
4,2
|
4,0
|
3,9
|
3,8
|
3,6
|
3,4
|
63.
|
А вирусты жiтi гепатитiмен сырқаттанушылық көрсеткiшiн төмендету
|
СА
|
100 мың халыққа
|
31,6
|
40,2
|
40,0
|
39,8
|
39,6
|
39,4
|
39,2
|
64.
|
Обамен сырқаттанушылық көрсеткiшiн 0,03-тен аспайтын деңгейде ұстау
|
СА
|
100 мың халыққа
|
0,03
|
0,03
|
0,03
|
0,03
|
0,03
|
0,03
|
0,03
|
Тiкелей нәтижелерге қол жеткiзуге арналған iс-шаралар:
|
65.
|
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң нормативтiк құқықтық актiлерiн халықаралық стандарттар мен Кеден одағы талаптарымен үйлестiру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
66.
|
Жұмыс iстеп тұрған орталықтар базасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сiбiр жарасы, туляремия, бруцеллездi диагностикалау бойынша мамандандырылған зертханалар желiсiн ұйымдастыру
|
Х
|
Х
|
|
|
|
67.
|
Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн бақылау бойынша мамандандырылған зертханалар құру
|
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
68.
|
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларына стандарттар әзiрлеу
|
Х
|
|
|
|
|
69.
|
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының қызметiне сапаны сыртқы бағалау жүйесiн енгiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
70.
|
Қазақ карантиндiк және зоонозды жұқпалар ғылыми орталығы базасында Аса қауiптi және карантиндiк инфекцияларды диагностикалау жөнiндегi орталық зертхананы құру
|
|
|
|
|
Х
|
71.
|
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiне бактериологиялық және химиялық заттарды анықтауға экспресс-зерттеулердi енгiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
72.
|
Балаларды пневмококк вакцинасына қарсы кезең-кезеңмен вакцинациялауды енгiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
1.2-мiндет. Бiлiм беру және ғылым жүйесiн жетiлдiру және инновациялық технологияларды енгiзу
Мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламаның коды: 002, 003, 007, 014, 018, 020, 024, 026
№
|
Нысаналы индикатор
|
Ақпарат көзi
|
Өлшем бiрлiгi
|
Есептi жыл
|
Ағымдағы жылдың жоспары
|
Жоспарлы кезең
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
73.
|
Дәрiгер кадрлар тапшылығын төмендету*
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ДСБ
|
адам
|
5083
|
5474
|
4583
|
4333
|
4083
|
3833
|
3583
|
74.
|
Халықаралық рецензиясы бар баспалардағы басылымдардың үлес салмағы
|
ДСМ
|
%
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
75.
|
Халықаралық патенттер үлесiн ұлғайту
|
ДСМ
|
%
|
2
|
2,5
|
3
|
3,5
|
4
|
5
|
5
|
1.2.1-мiндет Кадр ресурстарын және медицина ғылымын дамыту
|
76.
|
Аккредиттелген медициналық жоғарғы оқу орындарының саны
|
ДСМ
|
бiрл.
|
0
|
1
|
3
|
4
|
5
|
6
|
6
|
77.
|
Медициналық ЖОО бiтiрушiлердiң жұмысқа орналасқандардың үлесi
|
ДСМ
|
%
|
88,0
|
89,0
|
90,0
|
91,0
|
92,0
|
92,0
|
92,0
|
78.
|
Медициналық жоғарғы оқу орындарының меншiктi клиникаларының саны
|
ДСМ
|
бiрл.
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
79.
|
Дәлелдi медицина орталықтарының санын ұлғайту
|
ДСМ
|
орталықтар саны
|
12
|
15
|
17
|
20
|
25
|
25
|
25
|
80.
|
ISO стандарты бойынша сертификатталған сапа менеджментi жүйесiн енгiзген медицина ғылымы ұйымдарының үлесiн ұлғайту
|
ДСМ
|
%
|
1
|
10
|
27
|
30
|
30
|
30
|
30
|
Тiкелей нәтижелерге қол жеткiзуге арналған iс-шаралар:
|
81.
|
Медициналық бiлiм беру ұйымдарының аккредитациясын өткiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
|
82.
|
Мемлекеттiк тапсырыс бойынша медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша даярлау құнын ұлғайту, мемлекеттiк тапсырысты және магистратурада, резидентурада, PhD докторантурада оқыту құнын ұлғайту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
83.
|
Республикалық бiлiм және дағдыларды бағалау орталықтарын (Астана және Алматы қалаларында) құру және жарақтандыру, сондай-ақ практикадан өтетiн дәрiгерлер және орта медицина қызметкерлерiнiң дағдыларын өтеуге арналған 16 өңiрлiк симуляциялық орталық құру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
84.
|
Медицина кадрларын шетелде оқыту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
85.
|
Алматы, Семей және Ақтөбе қалаларындағы медициналық жоғарғы оқу орындары үшiн 1000 орындық 3 студенттiк жатақхананы салу
|
|
|
|
Х
|
|
86.
|
Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласының нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
|
87.
|
Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласының мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарын жетiлдiру
|
Х
|
|
|
|
|
88.
|
Медициналық бiлiм беру және ғылым ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
89.
|
Ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
90.
|
Ғылым ұйымдарын шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарға және акционерлiк қоғамдарға қайта ұйымдастыру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
91.
|
Үздiк әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн жабдықтармен жарақтанған қазiргi заманғы ұжымдық пайдаланудағы 2 ғылыми зертхананы құру
|
|
Х
|
|
|
|
92.
|
Ғылыми зерттеулердiң сапасын қамтамасыз ету үшiн ғылыми кластерлердi және ғылыми консорциумдарды құру
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
|
2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру
2.1-мақсат. Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру
Мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламаның коды: 001, 013, 017, 019, 023, 029, 031
№
|
Нысаналы индикатор
|
Ақпарат көзi
|
Өлшем бiрлiгi
|
Есептi жыл
|
Ағымдағы жылдың жоспары
|
Жоспарлы кезең
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
93.
|
Халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттанушылы қ деңгейi
|
ДСМ, ЖАО
|
%
|
70
|
75
|
80
|
85
|
85
|
90
|
90
|
94.
|
ТМККК шеңберiнде бiрыңғай дистрибуция жүйесi арқылы дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету (2015 жылға қарай жоспарланған сатып алу көлемiн жеткiзу)
|
ДСМ, ИЖТМ, ЖАО
|
%
|
0
|
50
|
60
|
65
|
70
|
75
|
80
|
95.
|
Республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру жүйесi шеңберiнде стационарлық көмектi тұтыну деңгейi
|
ДСМ, ЖАО
|
1000 халыққа шаққанда төсек-күн саны
|
1522,6
|
1460
|
1416
|
1372
|
1328
|
1250
|
1172
|
96.
|
Халықты ауруханалық төсектермен қамтамасыз етiлуi (ДСМ жүйесiнде)
|
ДСМ
|
10 мың халыққа шаққанда
|
65,9
|
65,7
|
65
|
64,5
|
64
|
62
|
60
|
97.
|
Республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру жүйесiне кiрген жеке меншiк медициналық ұйымдардың үлес салмағы
|
ДСМ, ЖАО
|
%
|
-
|
10
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
98.
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызметтердi өндiру
|
ДСМ,Еңбекминi, ЖАО
|
Алдыңғы жылға қарағанда ФКИ %
|
|
|
106,6
|
106,6
|
106,6
|
106,7
|
106,7
|
2.1.1-мiндет. Денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруды және қаржыландыруды жетiлдiру
|
99.
|
Көп бейiндi стационарлар үлесiн ұлғайту
|
ДСМ, ЖАО деректерi
|
%
|
35,4
|
38
|
40
|
45
|
50
|
55
|
60
|
100.
|
Өңiрлiк деңгейде жоғары мамандандырылған медициналық көмектi алған науқастар санын ұлғайту
|
ДСМ, ЖАО
|
науқастар саны
|
814
|
3 519
|
14 499
|
15 000
|
16 000
|
17 000
|
17 500
|
101.
|
Аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдардың үлес салмағы
|
ДСМ
|
%
|
96,4
|
96,4
|
95
|
95
|
96
|
96
|
96,1
|
102.
|
Ауылдық елдi мекендерде ТМККК шеңберiнде дәрiлiк заттарды босатуды жүзеге асыратын объектiлер санын ұлғайту (дәрiхана ұйымдары, БМСК ұйымдары арқылы)
|
ДСМ ИЖТМ, ЖАО
|
бiрлiк
|
3000
|
3015
|
3050
|
3100
|
3200
|
3250
|
3300
|
103.
|
Бiрыңғай дистрибуция жүйесi арқылы ТМККК шеңберiнде сатып алынатын жалпы көлемiнде отандық дәрiлiк заттардың үлесi (ақшалай мәнде)
|
ДСМ ИЖТМ, ЖАО
|
%
|
0
|
23
|
30
|
35
|
40
|
45
|
50
|
104.
|
Шығын мен уақытты қоса алғанда 2011 жылға қарай 30 %-ға және 2015 жылға қарай 2011 жылмен салыстырғанда тағы 30 %-ға тiркеуге және бизнестi жүргiзуге байланысты (рұқсаттарды, лицензияны, сертификаттарды алуға, аккредиттеуге, консультация алуға) операциялық шығындарды төмендету
|
ДСМ
|
%
|
|
30
|
|
|
|
|
30
|
105.
|
Денсаулық сақтау саласындағы бақылау органдарымен (тексерулердiң жылдық жоспарына сәйкес) жоспарлы тексерулердi қысқарту
|
ДСМ
|
2011 жылғы жүргiзiлген тексерулердiң санынан %-бен
|
|
|
2
|
10
|
20
|
28
|
|
106.
|
Электрондық нұсқада көрсетiлетiн ҚР ДСМ және ведомстволардың мемлекеттiк қызметтерiнiң саны
|
ДСМ
|
қызметтер саны
|
0
|
0
|
0
|
0
|
6
|
6
|
6
|
107.
|
Регламенттелген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер үлесi
|
ДСМ
|
%
|
|
|
|
100
|
100
|
100
|
100
|
108.
|
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету рәсiмдерiнiң орташа ұзақтығын азайту
|
ДСМ
|
2011 жылдан % бойынша
|
|
|
5
|
5
|
5
|
5
|
|
109.
|
Министрлiк қызметкерлерiнiң қызметi тиiмдiлiгiнiң орташа бағасы
|
ДСМ
|
балл
|
|
|
98
|
99
|
100
|
100
|
100
|
110.
|
Басқару қызметiн атқаратын әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкер әйелдердiң үлесi
|
ДСМ
|
%
|
50
|
50
|
50
|
50
|
50
|
50
|
50
|
Тiкелей нәтижелерге қол жеткiзуге арналған iс-шаралар:
|
111.
|
Мамандандырылған көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының, сот-медициналық сараптама, зертханалар және қан қызметтерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
112.
|
Стационарларды алмастыратын ұйымдарда, емханаларда және стационар жағдайында емдеуге жататын патологиялар тiзбесiн жетiлдiру, ауруларды диагностикалау мен емдеудiң хаттамаларын одан әрi жетiлдiру және енгiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
113.
|
Облыстық деңгейге жоғары технологиялық медициналық қызметтердiң трансфертi және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мәселелерi жөнiнде шетелдiк клиникалармен әрiптестiк өзара қарым-қатынасты нығайту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
114.
|
Зертханалық бөлiмшелерде өткiзiлетiн сот-медициналық сараптамалардың сапасын бағалау үшiн халықаралық ISO 2009 стандарттарын енгiзу және сот-медициналық сараптамалардың стандарттарын, теориялық негiздер жүйесiн әзiрлеу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
115.
|
Астана қаласындағы Қан орталығы базасында Трансфузиология ғылыми-өндiрiстiк орталығын ұйымдастыру және Қан орталығы базасында қан қызметi үшiн референс-зертхана құру
|
Х
|
|
|
|
|
116.
|
Қан препараттарын өндiретiн зауыт салу
|
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
117.
|
Денсаулық сақтау саласында аккредиттеуге қатысуға уәждеме жүйесiн әзiрлеудi қоса алғанда, денсаулық сақтау саласында аккредиттеу рәсiмдерiн жетiлдiру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
118.
|
Медициналық қызмет сапасының сыртқы мониторингi жүйесiн әзiрлеу және енгiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
119.
|
Азаматтардың ТМККК алуға тең құқықтарын қамтамасыз ету
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
120.
|
Халыққа денсаулық сақтаудың электрондық қызметтерiн ұсыну
|
|
|
Х
|
Х
|
Х
|
121.
|
Ұлттық телемедицина желiсiн кеңейту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
122.
|
Формулярлық жүйенi дамыту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
123.
|
Ауылдық жерлерде дәрiханалық ұйымдарды, оның iшiнде жылжымалы дәрiханалық пункттердi қоса алғанда, БМСК объектiлерiнiң базасында дәрiханалық ұйымдарды ашу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
124.
|
Денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi және орталық органдарының өкiлдерiн тәуекелдердi басқару жүйесiне (ТБЖ) оқыту
|
|
Х
|
Х
|
|
|
125.
|
Денсаулық сақтау менеджментiне оқыту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
126.
|
Денсаулық сақтау ұйымдарын кезең-кезеңмен шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын және акционерлiк қоғам мәртебесiне ауыстыру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
127.
|
Шалғайдағы ауылдық елдi мекендер үшiн АТ-инфрақұрылымды, коммуникацияны және ДБАЖ бағдарламалық шешiмiн құру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
127-1.
|
Денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң компоненттерiн ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiкке аттестаттау
|
|
Х
|
|
|
|
128.
|
Денсаулық сақтау объектiлерiнiң қажеттiлiгiн анықтаудың бiртұтас әдiстемесi негiзiнде республиканың әр өңiрiн дамытудың егжей-тегжейлi инвестициялық жоспарларын әзiрлеу
|
Х
|
Х
|
|
|
|
129.
|
Денсаулық сақтау саласын жетiлдiру саласында зерттеу өткiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
130.
|
Медициналық қызметтерге қоса ақы төлеу және денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру тетiктерiн жетiлдiру (орташа қор ұстау, екi компоненттiк жанбасылық норматив, клиникалық-шығындар топтары)
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
131.
|
Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiн енгiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
|
131-1.
|
Азаматтардың өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгiн арттыру тетiктерiн әзiрлеу
|
|
Х
|
|
|
|
132.
|
Ерiктi медициналық сақтандыру жүйесiн жетiлдiру, сондай-ақ шетел азаматтарын сақтандыру тетiгiн әзiрлеу және енгiзу
|
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
133.
|
Бос лауазымды орындарға кандидаттарды iрiктеу және қызмет бабында жоғарылату кезiнде тең шарттарды қамтамасыз ету
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
134.
|
Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына байқау кеңестерiн енгiзу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Ескертпе* - көрсеткiш деңгейi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |