Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 18 қыркүйек №538 Астана қаласы


Бір күн бұрын (бұдан әрі - К) К+60



бет4/4
Дата03.07.2016
өлшемі332 Kb.
#175788
1   2   3   4

Бір күн бұрын (бұдан әрі - К) К+60 пациенттерді гематолог-дәрігер аптасына 2 рет тексеріп-қарайды (қажетілігі бойынша жиі).

Осы кезеңде:



  1. инфекциялар (бактериялық, вирустық және микозды);

2) транспланттаудың жетіспеушілігі;

3) эндотелийдің зақымдануы (венооклюзионды ауруы (ВОА), идиопатиялық пневмония, жоғары капиллярлық жетіспеушілік синдромы);

4) «Иесіне қарсы трансплантант» жіті реакциясы;

5) цистит;

6) психологиялық проблемалар.

Лабораториялық зерттеулер: қанның клиникалық талдауы, қанның биохимиялық талдауы аптасына 2 рет, А циклоспорині немесе такролимус шоғырлануы – аптасына 1 рет.

Иммуносупрессивті және ілеспе терапияны қабылдау бақыланады (бактерияға қарсы, вирусқа қарсы және ликоз ауруына қарсы).

Қажеттілігіне қарай пациенттер онкогематолог мамандарынан консультация алады.

Күн +60 және +100

Пациентті тексеріп-қарау (кестені қараңыз). Ауруды қайта сатылау (оның ішінде ең төменгі резидуалдық немесе қалдық ЕРА ауруы), химеризмді, қан тобын анықтау және пациентті қадағалап қарау тәсілін әрі қарай анықтау (иммуносупрессивті терапияның жалғасын, иммунобейімделу терапияның қолданылуын: донорлық лимфоциттер инфузиясын, интерлейкинді, интерферонды; таргенттік терапия: гливек, дазатиниб, нилотиниб және т.б.)

Инфекцияға тексеру (аспергиллез, ЦМВ және т.б.)

«Оториноларингология», «Эндокринология», «Невропатология», «Офтальмология» мамандықтары бойынша дәрігерлердің консультациясы.



К+100 К+365 дейін

Асқынулар болмаған кезде гематолог-дәрігердің тексеріп-қарау мен негізгі зертханалық және аспаптық зерттеулерді айына 1-2 рет жүргізу.

Иесіне қарсы трансплантат реакцияларының (ИҚТР) белгілері болмаған жағдайда біртіндеп иммуносупрессивті терапияны тоқтату. Бактерияға қарсы, зеңге қарсы және вирусқа қарсы терапияны жалғастыру. Иммуноглобулиндер трансфузиясы.

Ықтимал асқынулар:

1. иммунтапшылығы: инфекциялық асқынулар (Аспергиллез, ЦМВ-инфекциялар және т.б.);

2. созылмалы ИҚТР;

3. өкпе аурулары (бітегіш бронхиолит, пневмония пайда болып, бітегіш бронхиолит);

4. асептикалық сүйек некроздары;

5. эндокринді бұзылулар;

6. бедеулік;

7. лейкоэнцефалопатия;

8. катаракта;

9. психологиялық проблемалар.



К+365

Пациентті зертханалық және аспаптық зерттеп-қарау (кестені қараңыз). «Оториноларингология», «Сурдология», «Офтальмология», «Невропатология», «Эндокринология», «Акушерия және гинекология», «Медициналық психология», «Психиатрия», «Кардиология», «Пульмонология», «Гастроэентерология», «Травматология-ортопедия» (балалар, ересектер) мамандықтары бойынша дәрігерлердің және қажеттілігіне қарай басқалардың консультациясы.

Ауру ремиссиясы, тұтас донор химеризмі және ауытқулар болмаған кезде вакцинация туралы мәселені шешу.

К+365 кейін алғашқы 2 жылда жылына 2 рет бақылау зерттеп-тексеруі, одан кейін 10 жылға дейін жылына 1 рет. Гормондық дәрежесін, когнитивті функцияны, психомоторлық және жыныстық дамуды (балаларға), жүрек-буын және тыныс жүйесін міндетті зерттеу. Мамандардың тексеріп-қарауы. Өмір сүрудің сапасын айқындау.
* 10-қосымшада пайдаланылатын қысқартулар:

АД - артериялық қысым

ЖЖЖ – жүрек жиырылуының жиілігі

ТЖ – тыныс алу жиілігі

ЛДГ- лактатадегидрогеназа

РАБ – реактивті ақуызы бар

ПЦТ – полимеразды – тізбекті реакция

FISH (флуоресцентті insitu гибридизациясы) – молекулярлы цитогенетика әдісі

УЗД – ультрадыбыстық зерттеу

МРТ – магнитті – резонансты томография

КТ – компьютерлік томография

МҚҚ – мұрынның қосалқы қуысы

ІТФ – ішкі тыныс алу функциясы
Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа 11-қосымша
Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі дәрігерлерге арналған «Иесіне қарсы трансплантант» созылмалы реакциясын диагностикалау алгоритмі


Ағза /жүйе

Клиника

Тері және қосалқылар

Диспигментация, ксероз, эритема, склеродерма, ониходистрофия, алопеция, пойкилодерма, тырнақ дистрофиясы, тік иректік, тырнақ пластинкаларының түсуі мен лизис, алопеция, қабыршықтану мен бастың шашты бөлігінің папуло-сквамозды аймақтары

Ауыз сілемейлері

Лихеноидтер, гиперкератозды түйіндіктер, склеротикалық өзгеріс нәтижесінде ауыздың ашылу шектеулігі, мукоцеле, ксеростомия, атрофия, жалған мембраналар

Көз

Дакриоцистит, кератит, «құрғақ көз» симптомы, қышу, көз ауруы, тыртықты конъюктивит, құрғақ кератоконъюктивит

Бауыр

Сары ауру, билирубиннің артуы, трансаминаз, ақуызы түзу қызметінің төмендеуі

Өкпе

Обструктивтік/рестриктивтік өзгерістер (облитерациялайтын бронхиолиттер)

Қынап

Стеноз, атрофия, эрозиялар, жарықтар, ойық жаралар

Буындар

Контрактуралар, бурситтер, артриттер, фасциит

Гемотологиялық белгілер

Тромбоцитопения, эозинофилия, лимфопения

Басқалар

Салмақ жоғалту

Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа 12-қосымша


Ата-аналарға арналған «Иесіне қарсы трансплантант» созылмалы реакция профилактикасы» жадынамасы


Патологиялық симптом немесе синдром

Профилактикалық іс-шаралар, емдеу

Жиі суық тиіп ауруға бейімділік

Қорғау режимі, үйде оқыту

Ауыздың құрғауы

Антисептиктермен жиі шаю

Арнайы тіс пасталары

Ауыз қуысын жиі санациялау


Көздің құрғауы

Жасанды жас

Қара көзілдірік



Фотосезімталдылық

Жабық киім

Күнқағары бар бас киімдер

Күннен қорғайтын крем


Буындардағы қимылдың шектелуі

Физиотерапия, емдік дене шынықтыру, жергілікті стероидты терапия

Жұтынудың бұзылуы, жиі құсу, қыжыл және іштің жоғарғы жағының ауруы

Бас жағы сәл көтерілген төсекте ұйықтау

Эпигастральді саласында ауырсыну кезінде гастроэнтеролог консультациясы



Қыз балалардың бұтаралығы маңының ауырсыну және дискомфорт

Гинеколог консультациясы,

Алмастырушы гормональды терапия*



Аяқ-қолдарының ауыруы

Буындар мен сүйектер ауырғанда «Педиатрия», «Травматолог-ортопедия» (балалар, ересектер) мамандықтары бойынша дәрігерлердің консультациясы

Тамақтанудың бұзылуы

Тамақтың жоғары калориясы

Аз мөлшермен жиі тамақтану


Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа 13-қосымша


Ата-аналарға арналған «Гемопоэздік дің жасушалары трансплантациясынан кейін науқастардың

дұрыс тамақтануы» жадынамасы



Тамақ өнімдері

рұқсат етілген

тыйым салынған

Сүт және сүт өнімдері

майлылығы төмен сүт

майсыздандырылған сүт

шоколадты сүті

жануар тектес емес кілегей

буланған немесе қойылтылған сүт қосылған ауруханалық сүт коктейльдері немесе сүт өнімдері

барлық пастерленген йогурт пен қатты ірімшіктер



ерітілген балмұздақ

шикі сүт


пастерленбеген сүт өнімдері

жұмсақ ірімшіктер, зең басқан ірімшік



Көкөністер

консервіленген көкөністер,

жаңадан дайындалған немесе қатырылған көкөністер

консервіленген көкөніс шырындары


барлық шикі және дайындалмаған көкөністер

барлық салаттар

қуырылған көкөністер

қабығымен картоп



Жемістер мен шырындар

кез келген

консервіленген және пісірілген жемістер

кез келген пастерленген консервіленген шырындар, бөтелкедегі шырындар


барлық жаңа піскен жемістер

пастерленбеген жеміс шырындары

сұлы печеньесінің құрамдас бөлігі ретінде қоспаларды қоспағанда, мейіз бен басқа да кептірілген жемістер


Нан, жарма және басқалар (крахмал, целлюлоза)

кез-келген ақ, толығымен бидайдан пісірілген нан немесе бөлке нан

ыстық тоқаш

багет

бисквиттер



галеттер, крекерлер, тосттар

ыстық тоқаштар

құймақтар, оладьи және вафли, француз наны

кез келген дайындалған ботқалар

ақ немесе тәтті картоп (қабықсыз)

картоптан жасалған чипсы

макарондар, спагетти, лапша

күріш


крем толтырғыштары бар тәтті тоқаштар

дайындалған тамақтың құрамдас бөлігі ретінде енетін қоспаларды қоспағанда, тазартылмаған кебек



Ет және жануар тектес өнімдер (ақуызды)

жақсы дайындалған сиыр еті, бұзау еті, шошқа еті, қой еті, тауық еті, түйетауық еті, ысталған ет және балық,

бүтіндей пісірілген кез келген сортты жаңа шығарылған немесе пастерленген жұмыртқа,

пайдалануға рұқсат етілген бұқтырылған ет пен балықтан жасалған тағамдар,

ірімшік қосылған макарондар,

арахистен жасалған май,

қуырылған жаңғақтар



шикі балық пен теңіз өнімдері

шикі және қатты қуырылмаған ет

шикі немесе шала пісірілген жұмыртқалар

қытай асханасының тағамдары

жаңа піскен жаңғақтар


Сорпалар

кез келген үй жағдайында жасалған ыстық сорпалар, консервіленген қатырылған немесе дегидратталған сорпалар

окрошка, суық борщ, гаспачо сияқты суық сорпалар

Майлар

маргарин мен май

өсімдік майы

бекон

дайындалған асқатық



ақ тұздық

маймен және сірке суымен тұздықтау



кілегей

авокадо


зеңі бар ірімшік

Десерт

жұқа нан

үй печеньесі, тоқаш

іркілдек десерт

үй жағдайында дайындалмаған жеміс мұзы



үй жағдайында дайындалған жеміс мұзы

пайдалануға рұқсат етілмеген өнімдермен дайындалғаннан басқа барлық десерттер (нан, жарманы қараңыз)



Тәттілер мен дәмдеуіштер

тұздалған дәмдеуіштер, шөптер және дәмдеуіштерді тамақ дайындау кезінде ғана пайдалануға болады

қант


джем, тоңба, тосап

бал, шәрбәт және қара сірнеден жасалған

мұз кәмпит

шоколад пен какао



тамақ дайын болғаннан кейін оған бұрыш, дәмдеуіштер, шөп қосу

кокос кесектері, жоңқа

кесектері


Сусындар

кофеинді және кофеинсіз кофе

шай


какао

газдалған сусындар, лимонад (ұнтақ пен зарарсыздандырылған судан)

консервіленген немесе бөтелкедегі, тек пастерленген сусындар


қатырылған концентраттардан дайындалған немесе зарарсыздандырылмаған суда қалпына келтірілген сусындар

Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа 14-қосымша


Онкологиялық және гемотологиялық аурулары бар науқас балаларды бейінді медициналық көмек көрсететін республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарына жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған құжаттар тізбесі
Балаға:

1. Электрондық порталға емдеуге жатқызу коды бар жолдама-талон.

2. Денсаулық сақтау басқармасының емдеуге жатқызуға жолдамасы.

3. Баланың сырқатнамасынан көшірме (112/е н), 063/е егу нысанының көшірмесі, паспорт.

4. Баланың үйдегі эпидемиялық ортасы туралы анықтама (анықтама 3 күнге жарамды).

5. Бала баратын мектепке дейінгі балалар мекемесі бойынша эпидемиялық ортасы туралы анықтама (анықтама 3 күнге жарамды).

6. Жалпы қан талдауы (соңғы 10 күнгі).

7. Жалпы несеп талдауы (соңғы 10 күнгі).

8. Биохимиялық қан талдауы (трансминаздар, соңғы 10 күндегі билирубин).

9. Стафилококқа жұтқыншақтан алынған жағынды (соңғы 10 күнгі).

10. Патогенді флораға бактериологиялық нәжіс себіндісі (соңғы 10 күнгі). *

11. Гельминтке қырынды (3 реттік).

12. 12 жастан жоғары пациенттер үшін микрореакция;

13. «В», «С» вирусты гепатиттеріне таңбалардың толық жиынтығы бар иммундық ферментті талдау (ИФТ) және қалалық гепатитке полимеразды – тізбекті реакция (ПТР).

14. Адамның иммун тапшылығы инфекциясына (АИТВ) зерттеу.

15. 5-қосымшаға сәйкес эпидемиологиялық анамнез.



Балаға күтім жасайтын адамға (анасы немесе жақын туыстары):

1. Микрореакция.

2. Стафилококқа жұтқыншақтан алынған жағынды.

3. Патогенді флораға бактериологиялық нәжіс себіндісі.

4. Флюорография (жылына 1 рет).

5. Гельминтке 3-мәртелік қырынды.

6. «В», «С» вирусты гепатиттеріне таңбалардың толық жиынтығы бар ИФТ және вирустық гепатитке ПЦТ.

* Шұғыл емдеуге жатқызу кезінде баланы бактериялық себіндісіз вирустық гепатитке зерттеп-қарауға жіберіледі.


Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа 15-қосымша
Онкологиялық және гематологиялық аурулары бар науқас балаларды бейінді медициналық көмек көрсететін республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарына тасымалдау шарты
1. Онкологиялық және гемотологиялық аурулары бар науқас балаларды бейінді медициналық көмек көрсететін республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарына тасымалдау пациент мынадай жағдайда болғанда медициналық қызметкерлердің алып жүруінсіз жүзеге асырылады:

1) есі – дұрыс;

2) гемоглобині 80 г/л төмен емес;

3) оксигенге тәуелсіз;

4) өмірге қауіпті (мұрыннан, асқазан-ішектен, жатырдан және т.б.) қан кетулердің болмауы;

5) гемодинамика (АҚ, ТЖ, ЖЖЖ) тұрақтылығы;

6) күрделі неврологиялық симптоматиканың болмауы (ошақтық бұзылулар, менингидтік симптомдар, құрысулар);

7) жіті бүйрек функциясының жетіспеушілігі белгілерінің болмауы.

2. Онкологиялық және гематологиялық аурулары бар науқас балаларды бейінді медициналық көмек көрсететін республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарына тасымалдау пациент мынадай жағдайда болғанда медициналық қызметкерлердің алып жүруімен жүзеге асырылады:

1) есінен танып қалса (коматоздан басқаның барлығы);

2) оксигенге тәуелді;

3) өмірге қауіпті қан кетулермен бірге бет пен дененің жоғарғы бөлігінде

айқындалған тері-геморрагиялық синдромы;

4) жүрек-қантамыр (ІІ деңгей), тыныс (ІІ деңгей) немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздік белгілері;

5) күрделі неврологиялық симптоматика (ошақтық бұзылулар, менингит симптомдары, парездер, сал ауруы, құрысулар);

6) айқындалған ауырсыну синдромы;



7) тірек-қимыл аппараты, ауырсыну синдромымен бірге омыртқа діңі бұзылған пациенттер.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 24 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8838 болып енгізілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет