Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен



бет6/6
Дата12.06.2016
өлшемі330 Kb.
#131108
1   2   3   4   5   6

САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСШЫСЫ

2 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қайтыс болған адамды санитарлық өңдеу, киіндіріп және табытқа салу. Шаштараз және косметикалық жұмыстарды орындау. Салттық заттарды тағайындаған жерге жеткізу. Автокатафалкадан тағанын беру, табытты автокатафалкаға орнату, оны бекіту және жерлейтін жерде автокатафалкадан шешу. Мола төбешігін әзірлеу, оны шыммен жабу және жерлеуге байланысты басқада жұмыстарын жүргізу.

Білуі тиіс: қайтыс болған адамды санитарлық өңдеу, шаштараз және косметикалық жұмыстардың орындалуын; қолданылатын медикаменттерді және материалдарды тағайындауды; жерлердің қасиетті негізі мен түрлерін, оларды өңдеу тәсілдерін және қолмен нығыздауды; дайындау тәсілдерін және шымды қалауын; жерлеу салтының тәртібін; автокатафалканы ұстау бойынша санитарлық ережесін» деген жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалығымен толықтырылсын;

3) бекітілген БТБА, 62-шығарылымында:

«Тұрмыстық қызмет саласындағы жұмыс» бөлімі мынадай мазмұндағы:
«СӘНДІ ШАШ ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конкурстар мен семинарларда сәнді шаш үлгілерін көрсету. Жаңа шаш үлгілерін жасау жөніндегі эксперименттерге қатысу. Сүретшілерге, сондай - ақ фото - кинотүсірулер үшін поза көрсету.

Білуі тиіс: шаш үлгілерін көрсетудің ережелері мен әдістерін.
БАЛА БАҒУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларға күтім жасайды. Тәрбиешіге киіндіру, шешіндіру кезінде көмектеседі. Балаларды жуындыруда, шомылдыруда және төсекке жатқызуда. Үйді жинау. Үйлерінде балаларға, сырқаттарға және қарт адамдарға қарау: тамақ әзірлеу, тамақтандыру, ыдысты жинау және жуу, киімдер мен іш киімді ауыстыру, судноны әперу және жинау. Үйдегі сырқаттар, қарттар және балалар үшін қажетті режимді сақтау. Іш киім мен киімді, шаруашылық керек – жарақтарын және жуу құралдарын дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету.

Жұқпасыздандыруға кір іш киімді жіберумен байланысты жұмыстардың іске асырылуы кезінде, жууға - 4-разряд;



Білуі тиіс: бөлмелерді ұстаудың санитарлық – гигиеналық талабын; балаларға, қарттарға және сырқаттарға қарау ережесін; тамақ әзірлеу рецепттерін; жуу құралдарын тағайындау және оларды қолдана білу ережесін.
ШАШТАРАЗ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ересектер мен балалардың шашын тарау, кесу. Шашты мода бағытына сәйкес және адамның келбетінің ерекшелігіне қарай бұйралау және жатқызу. Шашты бигудимен, қысқышпен, химиялық және электр тәсілімен (перманент) бұйралау. Басқа массаж жасау және жуу, химиялық препараттар мен ерітінділерді жағу. Шашты әртүрлі түс пен реңге бояу, оны түссіздендіру. Тұтынушы терісінің қасиеттерін ескере отырып сақал-мұртты бастыру және алу, бетке компресс және массаж жасау. Салмамен және парикпен жұмыс істеу. Құралдарды зарарсыздандыру, жуу және тексеру.

Білуге тиіс: тері мен шаштың құрылымы мен қасиеттерін; жұмысты орындаудың тәсілдері мен жолдарын; бояйтын және химиялық қоспалардың рецептурасы мен олардың шаш пен теріге әсерін; аппаратура мен құралдардың құрылымын, оларды пайдалану ережесін; материалдардың, препараттардың түрлерін, олардың нысаны мен жұмсалу нормаларын; санитария мен гигиена ережесін; қызмет көрсету ережесін және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін; модельер мектебі көлеміндегі шаш сәндеуді үлгілеу, макияж негіздерін; пастижерлік бұйымдарды жасау технологиясын.

Жұмыстар мен қызметтердің барлық түрлерін орындау кезінде (күрделі шаш сәндеу, шашты қию және т.б.) - 4-разряд.



Ескертпе. Шаш сәндеу үлгілерінің әзірлемелерін орындау және оларды конкурстарда көрсету кезінде кәсіп шаштараз-модельер деп аталсын.
ПЕДИКЮРШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аяқ башпайларындағы тырнақтарды гигиеналық тазалау, қажетті түрге келтіру үшін оларды кесу. Өкше мен табандағы өскіндерді тазалау, мүйізін алу. Тырнаққа лак жағу. Лактың құрама түрлерін жасау. Құралдарды зарарсыздандыру, жуу және тексеру.

Білуге тиіс: педикюр жұмысын орындау ережесін; санитария мен гигиена ережесін; қолданылатын құралдардың атауы мен нысанын, оларды пайдалану жолдарын, сақтау ережесін; лактың әртүрлі түсі мен реңін жасау тәсілдерін; тұтынушыларға қызмет көрсету ережесін және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін.
ТАПСЫРЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУШЫ

1 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Халықтан тұрмыстық қызметтерге тапсырыстар қабылдау. Қабылдаудың белгіленген ережесіне сәйкес жууға қабылданған кірлердің сапасын, бояудың төзімділігін, кірленудің дәрежесін, басқа да белгілердің және бұйымдардың жасақталуын, санын, кейбір ақау жерлерін, тозу процесін, жұмыс көлемін, бұйымдардың атауларын анықтау. Баға көрсеткішін анықтаумен қабылданған тапсырыстардың баға прейскурантын ресімдеу, жұмыстың орындалу мерзімін анықтау. Фабрикаларға қажетті ілеспелі құжаттарының ресімделуімен тапсырыстарды орындау үшін жолдау және бөлу, орындаған тапсырыстарды алу. Тапсырушыға көрсетілген квитанциясы бойынша бұйымдарды беру, халықтан ақша алу және оларды белгіленген тәртіпке сәйкес тапсыру.

Білуі тиіс: қызметтердің прейскурантын (тарифын); атауларын, түрлерін, тозу дәрежесін, кірленуін және басқа да қабылданатын бұйымдардың сапалы сипаттамасын; технологиялық өндеудің түрлерін; тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарында орындалған тапсырманы беру жөніндегі құжаттарды ресімдеу ережесін; ақша қаржыларын тапсыру және сақтау, қабылдау тәртібін.
ТАПСЫРЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУШЫ

2 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Халықтан тұрмыстық қызметтерге тапсырыстар қабылдау. Көлік құралдарын, радио-теледидар аппаратураларын, сағаттар, аспаптар, тұрмыстық машиналар, зергерлік бұйымдарды жөндеу жұмыстарының көлемін және ақауларын, бұйым атауларын анықтау. Қолданыстағы прейскуранттарға сәйкес жөндеу жұмыстарының құнын анықтаумен қабылданған тапсырыстардың түбіртектерін ресімдеу; жұмыстардың орындалу мерзімін анықтау және сақталуын бақылау. Қабылданған тапсырыстарды ілеспелі құжаттармен ресімдеп зауыттарға, цехтарға, шеберханаларға жіберу және орындалған жұмыстардың сапалығын тексеріп алу. Бұйым жөндеудің кепілдемелік картотекасын жүргізу. Тұрмыс қызметтерін орындауға арналған халықтың тапсырыстарын абонентті телефондар бойынша қабылдау және орындалуын бақылау. Тапсырыстар қабылдау және газет – журнал ақпараттарын, хабарлама, жарнама алуға мекемелермен, ұйымдармен келісімшарт жасау.

Білуі тиіс: қызметтерге арналған прейскуранттарды (тарифтарды); түрлерін, маркаларын, атауларын, бұйым, аспап жұмыстарының қағадаларын және құрылғысын; қымбат метал сынықтарын қабылдау әдістемесін және тастардың түрлерін; тапсырыстарды беру және қабылдау жөніндегі құжаттарды ресімдеу ережесін; тапсырыстардың қозғалыс есеп кітапшасын жүргізу; мемлекеттік стандарт және техникалық жағдайларды.
ЖАЛҒА БЕРУ ПУНКТІНІҢ ҚАБЫЛДАУШЫСЫ

1 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалға беру ательесінде, салондарда, пункттерде азаматтардың уақытша пайдалануына (жалға) шаруашылық және мәдени – тұрмыстық заттарын, спорттық керек – жарақтар мен басқа да жабдықтарды береді. Түбіртекті немесе келісім шартты ресімдеу. Азаматтарды жалға берілген заттарды пайдалану ережесімен, баға прейскуранттарымен, жалға беру ережелерімен таныстыру. Азаматтардан жалға берілген заттарды қайтаруды қабылдау, жалға берілгені үшін ақша алу. Жалға берілген заттардың және басқа да құжаттардың қозғалыс журналын жүргізу. Кассалық тізімдемесін ресімдеу; белгіленген тәртіппен маусымдық сипаты жалға берілген заттардың ақшалай түсімін тапсыру.

Білуі тиіс: Жалға беру ережесін; баға прейскуранттарын; есеп беру мен есептеменің белгіленген тәртібін жүргізу.
ЖАЛҒА БЕРУ ПУНКТІНІҢ ҚАБЫЛДАУШЫСЫ

2 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Азаматтардың уақытша пайдалануына (жалға) шаруашылық және мәдени – тұрмыстық заттарын, спорттық керек – жарақтар мен басқа да жабдықтарды беру және олардың жинақтылығын және дұрыстылығын тексеру. Жалға берілетін ақау заттарды жөндеуге беру, тозығы жеткен керек – жарақтарды есептен шығаруға актілер ресімдеу. Керек – жарақтар және құралдармен жалға беру қорын толтыруға арналған өтініштерді құрастыру. Азаматтардан жалға берілген заттарды алған жинақтылығын және дұрыстылығын тексеру, азаматтардың кінәсінен пайдалануға жарамсыз заттарға актілер ресімдеу.

Білуі тиіс: Жалға беру ережесін; жалға беру қорында бар керек – жарақтар мен құралдарды пайдалану ережесін және құрылғысын; жалға беру қорын пайдалану және ережесін; пайдалануға жарамсыз, жалға беру заттарына актілер ресімдеу.
МОНШАДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ

1 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Келушілерге қызмет көрсету. Келушілердің кіру билеттері бойынша рұқсаттама, оларға бос орындарды ұсыну, сеанстың (сеанс бойынша қызмет көрсету кезінде) аяқталуы туралы ескерту. Келушілерге моншаның керек – жарақтарын беру, тиісті тауарларды іске асыру, іш киімдер мен көйлектерді шұғыл жууға алу, шағын жөндеу, үтіктеу және басқа ақылы қызмет көрсету. Келушілердің бағалы және басқа да киімдерді сақтауға қабылдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету, мүгедектер мен қарт адамдарға көмек көрсету. Киім ілгіш орындарының, крандардың, вентилдің, душ қондырғыларының, құбыр жолдарының, электр каминдерінің және басқа да жабдықтардың жағдайын бақылау және бұзылып тұрғандарды туралы әкімшілікке уақытында хабарлау. Жуу керек – жарақтарын тиісті тәртіпте ұстау, сабынды, булы және шешінетін бөлмешелеріндегі тазалықты қамтамасыз ету. Бу бөлмесіне бу беруді, желдеткіш жұмысының кестесін қамтамасыз ету. Пайдаланған монша қажеттіліктерін жууға тапсыру. Санитарлық және гигиеналық ережені сақтау.

Білуі тиіс: моншадағы санитарлық нормалары мен қызмет көрсету ережесін; техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс ережесін; көрсетілетін қызметтерге баға прейскурантын және моншаның ішкі тәртіп ережесін.
УНИФОРМАШЫ

4 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Манежді құралдандыру: аппаратуралардың құрылымы мен салпыншақтарына реквизит беру. Көрсетілім және дайындық уақытында әртістерді сақтандыру және пассировка жасау. Нөмірлер мен аттракцион дайындығын өткізу, клоундардың кілемдік қайталымдарына қатысу. Манежге аңдарды шығару және оларды сахнаның сыртында қабылдау, тордағы аңдармен, реквизит, аппаратура және басқа да цирк мүліктері мен цирк алаңында тасымалдау.

Білуі тиіс: аңдармен араласу ережесін; аппаратуралардың салпыншақтары мен құралымдары жүйелерін; реквизиттарды пайдалану ережесін; түйіншектердің түрлерін және қанатты тоқу тәсілдерін; жүк көтергіш механизмдері мен ыңғайлылығының құрамы мен пайдалануын; қауіпсіздік техникалары мен өртке қарсы шаралардың ережесін.
ФИЛЬМДІ ТЕКСЕРУШІ

3 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлек бетінің, метражын, жапсырылғанның саны мен сапасының жағдайын тексеру негізінде әр бөлігі бойынша пайдаланудағы 35 – және 16 миллиметрлік фильм көшірмесінің техникалық жағдайын анықтау. Әр бөліктің техникалық жағдайының дәрежесін анықтау. Ағымды жөндеу және фильм көшірмесін тазалау. Қорғау түйіні мен ракорды түзету, толықтыру және ауыстыру. Стандартты емес және ақау жапсырылған, фильмді жаңадан жапсыру, тесіп қию, қайтадан жасау. Әр фильмнің көшірмесіне техникалық паспорт және ақау карточкаларды толтыру. Бөлек коробкалардағы фильмнің көшірмесін, фильмостаттардағы және арнайы дымқылдау камераларын дымқылдату.

Білуі тиіс: позитивті кинотаспаның түрлерін, форматтың және негізгі тәсілдерін; фильмді тексеру столының, дыбысты құрастыру столының және фильмді тазалау машиналарының құралын; фильмнің көшірмесіндегі ақаудың техникалық жағдайын анықтау үшін аспаптар мен құралдарды; фильмнің көшірмесін дымқылдату құралдарын; фильмостат құралдарын; нұсқауды орнатуға 35 – 16 миллиметрлік фильм көшірмесінің техникалық жағдайын.
ФИЛЬМДІ ТЕКСЕРУШІ

4 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бетінің, тесілуінің, жапсырылғанның саны мен сапасын, реңдік қасиеті мен айқындық жағдайын бақылау негізінде әр бөлік бойынша пайдаланудағы 70 миллиметрлік фильм көшірмесінің техникалық жағдайын анықтау. Құрастыру жоспарын құрастырады парағымен салыстыру. Түзетулерді енгізгеннен кейін қажетті жағдайларда фильмнің көшірмесін құрастыру. Пайдаланудағы фильм көшірмесінің жолдарын жапсыру. Тозуда, жоғалтуда және бүлдіруде басты нормативтік актілерді, техникалық пайдаға жарамсыз фильмнің көшірмесін шығару актілерін құру.

Білуі тиіс: фильмнің көшірмесін техникалық пайдалану ережесін; дыбысты құрастыру столының және фильмді тазалау машиналарын тағайындауын және құрастыруын; құрастырылған парақтармен фильм көшірмесін салыстыру тәсілін; тесілген жолдарды жапсыру техникасын; жарамсыздық топтастыру түрін және олардың пайда болу түрін.
ФИЛЬМДІ ТЕКСЕРУШІ

5 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. «Норм – Кино» ракорд талаптарына сәйкес әр бөлігі бойынша бөлек бетін, тесілуін, метражды, жапсырылудың саны мен сапасын, ілеспені, геометрия мөлшерін, бейне мен фонограмманың жиілік жағдайын тексеру негізінде киноны көшіру фабрикасынан алынған жаңа фильмді көшірудің техникалық жағдайын анықтау. Техникалық тозғандардың ішінен фильмнің көшірмесін құрастыру және жинақтау. Пайдаланудағы фильмді көшіру түрлі – түсті балансын анықтау. Өзгеріп кетуіне байланысты түсті бұрынғы қалпына келтіру немесе демонстрациядан алу үшін түрлі – түсті фильмнің көшірмесін таңдау. Жарамсыздықтың түріне байланысты оның сипаттамасын қалпына келтіру және анықтау үшін фильмнің көшірмесін таңдау. Қалпына келтіргеннен кейін фильмді көшірудің техникалық жағдайын анықтау. Кинотеатрда көріністік және дөңгелек кино көріністерін бейне және магнит фонограммаларымен үш таспаны кірістіру. Көріністегі фильмнің көшірмесі мен фонограммасының тозғаның және жөндеуді есептеу. Киноны көшіру фабрикасының өніміне өтінішті әзірлеу. Төменгі санаттағы фильмді тексерушілермен басшылық ету.

Білуі тиіс: фильмнің көшірмесіне түрлі – түсті және қара, ақ кең форматты, көріністі және стереоскоптық техникалық жағдайын; техникалық тозғаннан фильмнің көшірмесінің технологиясын; құрастыру парағына сәйкес фильм көшірмесінің құрастыруын; бейне мен дыбыс ілеспесінің негізін; фильм көшірмесінің өзгеру дәрежесін анықтаудың ұсынуын; қызмет көрсету жабдығын тағайындауы мен құрылымын; нитротаспалар негізін ажырату нышанның; бүліну түрлерін қалпына келтіру жолдары мен жоюын; фильмді жалға алу және пайдалану ережесін» деген жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалықтарымен толықтырылсын.
_____________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет