Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 51. техникАЛЫҚ ТАСТАРДЫ ЖЫЛТЫРАТУШЫ



бет3/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#138500
1   2   3   4   5   6
§ 51. техникАЛЫҚ ТАСТАРДЫ ЖЫЛТЫРАТУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат және техникалық тастардың беті мени фасонды қабатын түрлі жылтырату автоматтары мен жартылай автоматтарда алмаз микроұнтақтарымен, қатты және жартылай қатты және жұмсақ жылтыратушы, жұмсартушы және салқындатушы түрлі ерітінділерді қолдана отырып шекті 6-7 квалитеттер бойынша Rz 0,1 - Rz 0,05 қабат бұдырымен жылтырату. Барлық үлгідегі жылтырату автоматтары мен жартылай автоматтарды реттеу және жұмысқа дайындау.

Білуге тиіс: барлық үлгідегі жылтырату автоматтары мен жартылай автоматтардың құрылымын, жұмыс принципін және реттеу әдістерін; өңделетін минералдардың негізгі физикалық қасиеттерін; орындалатын опреациядан кейін дайындамалар мен дайын тастарға қойылатын техникалық талаптарды; тастардың берілген диаметрдегі тесік нысанының дұрыс формасын алу әдісін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Импульсті корунд тас дайындамалары - цилиндрлік бетін және сегмент тегістігін жылтырату.

2. Балансты және агренажды корунд тастар дайындамалары – тегіс бетін және саңылауды жылтырату.

3. Корунд палеттер дайындамалары - беттерін жылтырату.

4. Тұтас тесігі бар корунд сағаттар мен втулкалардың дайындамалары – саңылаудың жылтырын кетіру және жылтырату.

5. Импульсті корунд тастар - сегмент пен сыртқы щеттер тегістіктерін жылтырату.

6. Сағаттың және втулканың корунд тастары - саңылау мен сыртқы щеттер тегістіктерін жылтырату.

7. Корунд палеттер – импульстік беттерін жылтырату.

8. Кратері ұшының дөңгелету радиусы бар, когникалық корунд өкшеліктер – коникалық оймаларды жылтырату.

§ 52. ШЫНЫЛАРДЫ ПРЕССТЕУШІ

2-разряд

ЖҰмыс сипаттамасы. Ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар мен шағын габаритті қоңыраулы сағаттардың органикалық шынысын реттелген престер мен арнаулы айлабұйымдарды алдын ала қыздыра отырып қалыптау. Шыныны кесу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін пресстердің құрылымын; қолданылатын айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралының нысанын және қолдану ережесін; шынын қыздыру және суыту тәсілдері мен температуралық режимін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.
§ 53. ШЫНЫЛАРДЫ ПРЕССТЕУШІ

3-разряд


ЖҰмыс сипаттамасы. Түрлі формадағы сағат шыныларын (механикалық және электронды механикалық қол сағаттар, қалта сағаттар мен секундомерлер) пневматикалық, гидравликалық престерде және жылытпалы пресс-потанстарда құрғақ әдіспен қалыптау. Шыныға белгі салу, кесу, штампылау, корпусқа орнату.

Білуге тиіс: шыны дайындауға қойылатын негізгі талаптарды; қызмет көрсететін пресстердің құрылымын; бақылау-өлшеу құралының құрылымын және қолдану ережесін; шынының физикалық қасиеттерін; корпус формаларын; шыныны өңдеу (қалыптау) режимін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді


§ 54. ТАСТАРДЫ ЖУУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат дайындамалары мен техникалық тастарды қышқылды-сілтілі және басқа да ерітінділерде жуу және майсыздандыру. Жуудың температуралық режимі мен уақытын қадағалау, жуылған тас дайындамаларын кептіру және арнаулы тараға буып түю. Берілген рецепт бойынша жуу ерітінділерін дайындау, жуу және майсыздандыру процесінде ерітінділердің концентрациясын өзгерту және ауыстыру.

Білуге тиіс: сағат дайындамалары мен техникалық тастарды жуудың сапасына қойылатын техникалық талаптарды; қышқылдардың, сілтілердің және басқа да ерітінділердің қасиеттерін; жуу ерітінділерін дайындау ережесін; сағат дайындамалары мен техникалық тастарды жуудың әдістері мен қышқылдар мен сілтілерді бейтараптандыру әдістерін; жуу процесінің режимін, сағат дайындамалары мен техникалық салынған еріткіштерді қыздыру температурасын; сағат дайындамалары мен техникалық тастардың сапасыз жуылу себептерін және оны жою тәсілдерін.


§ 55. ТАСТАРДЫ ЖУУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат дайындамалары мен техникалық тастарды жуу және майсыздандыру. Арнаулы жуу жабдығын қолдана отырып тастарды операцияаралық жуу.

Білуге тиіс: сағат және техникалық тастарды жуу сапасына қойылатын тезхникалық талаптарды; жуу ерітінділерін дайындау тәсілін; жуу жабдығының жұмыс принципін және реттеу ережесін; ерітінділердің концентрациясын өзгертудің тәртібін және оларды жуу барысында ауыстыруды.

§ 56. САҒАТ ШЫНЫЛАРЫН СҮРТУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі формадағы және беткі сағат шыныларын сүрту және оларды тараға салу, бақылауға тапсыру.

Білуге тиіс: сағат шыныларын сүрткілеуге қойылатын техникалық талаптарды; сағат шыныларын сүрту тәсілдерін; қолданылатыг сүрту материалын, оның сапасы мен қолданылу жарамдылығы мерзімін; сағат шыныларын тасымалдау кезінде оларды тараға орналастыру тәсілін.


§ 57. минералДАРДЫ КЕСУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Яшманы, кварцитті, топазды және басқа да жұмсақ минералдардың барлық түрлерін тас кесетін станоктарда блоктарға, тақталарға, сондай-ақ тақталарды дайындамаларға кесу. Тас кесетін станоктарды реттеу, оларды жұмысқа дайындау. Кесу жылдамдығын реттеу, олардың мөлшері мен дайындалатын тақталар мен дайындамалардың сапасын бақылау

Білуге тиіс: тас кесетін станоктардың құрылымы туралы негізгі деректерді; өңделетін минералдардың физикалық қасиеттері мен олардың сапасын анықтау әдістерін; кесетін құралдарға қойылатын техникалық талаптарды; минералдарды кесудің оңтайлы әдістерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.


§ 58. минералДАРДЫ КЕСУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Агатты, ситаллды және қаттылығы орташа басқа да минералдарды тас кесетін станоктарда және жартылай автоматтарда берілген мөлшердегі тақталарға, тақталарды дайындамаларға кесу. Тас кесетін станоктар мен жартылай автоматтарды реттеу, оларды жұмысқа дайындау. Алмазды дискілерді түзеу. Есептік және бөлу механизмдерін, кесуші құралдарды орнату, дайындалатын тақталар мен дайындамалардың мөлшерін және сапасын бақылау.

Білуге тиіс: тас кесетін станоктарда және жартылай автоматтардың құрылымын және реттеу тәсілдерін; өңделетін минералдардың негізгі физикалық қасиеттерін; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және олардың жұмыс принципін; дайындама сапасына қойылатын техникалық талаптарды; минералдарды тақталар мен дайындамаларға кесудің оңтайлы әдістерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.


§ 59. минералДАРДЫ КЕСУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Корундты және басқа да қаттылығы жоғары минералдарды тас кесетін жартылай автоматтар мен автоматтарда өлшемді тегіс параллелді тақталарға, шаршы және тік бұрышты дайындамаларға алмазды дискілер пакетімен кесу. Алмазды дискілерді құрастыру, берілген кесу тереңдігіне орнату және ыңғайлау. Дайындалатын тақталар мен дайындамалардың мөлшерін және сапасын кесу процесінде бақылау. Полярлеу аспаптарының көмегімен полубульді белгілеу. Тас кесетін жартылай автоматтар мен автоматтарды реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін тас кесетін жартылай автоматтар мен автоматтардаың құрылымын және реттеу тәсілдерін; өңделетін минералдардың негізгі физикалық қасиеттерін; дайындамалар барынша көп шығуы үшін минералдарды тақталар мен дайындамаларға кесудің оңтайлы әдістерін; кесетін құралды түзеу әдісін және дайындамаларды техникалық бақылауды; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және олардың жұмыс принципін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді; дайындама сапасына қойылатын техникалық талаптарды; минералдардың өңделуінің кристаллографиялық негізгі бағыттарын анықтау әдістерін.


§ 60. САҒаТ БӨЛШЕКТЕРІНЕ СЫЗЫМ КЕСУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат бөлшектерінің тұтас және бітеу саңылауларында сыртқы және ішкі сызымдарды реттелген сызым кесу және сызым салу станоктерінде арнаулы айлабұйымдарды қолдана отырып, диаметрі 3 мм дейін 4-5 дәлдік дәрежелері бойынша кесу және салу. Технологиялық карта бойынша кесу режимін белгілеу. Сызым кесу және сызым салу станоктерін реттемелеу.

Білуге тиіс: сызым кесу және сызым салу станоктерінің құрылымын және жұмыс принципін; сызым кесу және сызым салу станоктерін реттемелеу ережесін; арнаулы айлабұйымдардың атауын, нысанын және оларды қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу, сызым кесу және сызым салу құралының құрылымын және қолдану ережесін.


§ 61. САҒАТ БӨЛШЕКТЕРІНЕ СЫЗЫМ КЕСУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат бөлшектерінің тұтас және бітеу саңылауларында сыртқы және ішкі сызымдарды реттелген сызым кесу және сызым салу станоктерінде арнаулы айлабұйымдарды қолдана отырып, диаметрі 3 мм дейін 3-4 дәлдік дәрежелері бойынша кесу және салу. Сызым кесу және сызым салу станоктерін реттеу. Технологиялық карта бойынша кесу режимінің кезектілігін анықтау.

Білуге тиіс: сызым кесу және сызым салу станоктерінің құрылымын және жұмыс принципін, реттемелеу ережесін; арнаулы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу, сызым кесу және сызым салу құралының құрылымын және оларды қолдану тәсілдерін; кесу стандарттарын; сызба кесу құралының геометриясын және оны қайрау ережесін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

§ 62. СӘУЛЕЛЕНЕТІН БОЯУЛАРМЕН СУРЕТ САЛУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағаттардың сыртқы әрлеу бөлшектерін сәулеленетін массамен және бояумен қолмен жабу және түсірілген қабатты қаламның, кистінің және рейсфедердің көмегімен түзеу. Дайын өнімдерді кептіру.

Білуге тиіс: сағаттардың сыртқы әрлеу бөлшектеріне жанатын массаны қаламның, кистінің және рейсфедердің немесе айлабұйымдардың көмегімен қолмен түсіру тәсілдерін; жанатын массаның, бояудың қасиеттерін, құрамы мен сұрпын, олармен жұмыс істеу ережесін; тарту құрылғыларын қолдану ережесін; бөлшектерді өңдеуге қойылатын техникалық талаптарды; лупаны пайдалану, өңдеудің сыртқы ақауларын анықтау және оларды жою ережесін; қолданылатын арнаулы айлабұйымдардың құрылымын және оларды қолдану ережесін.


§ 63. СӘУЛЕЛЕНЕТІН БОЯУЛАРМЕН СУРЕТ САЛУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағаттардың сыртқы әрлеу бөлшектерін жанатын массамен жартылай автоматтарда жабу. Бастапқы материалдардан жанатын массаны дайындау. Жұмыста пайдаланылатын жартылай автоматты реттеу.

Білуге тиіс: жұмыста пайдаланылатын жартылай автоматтардың құрылымын және жұмыс принципін; сағаттардың сыртқы әрлеу бөлшектерін жанатын массаны түсіру тәсілдерін; жанатын массаны сақтау ережесін; тапрту құралының нысанын және жұмыс принципін.


§ 64. САҒАТТАРДЫҢ ҚҰРАСТЫРУ БІРЛІКТЕРІН ҚҰРАСТЫРУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағаттардың қарапайым құрастыру бірліктерін престерде, потансаларда және қолмен құрастыру. Сағаттардың хромдалған корпустарын шаңнан қорғаайтын сызымды қақпақпен, сызымды сақинамен құрастыру. Шыныларды желімдеу және оларды корпусқа престеу. Дөңгелектердің құрастыру бірліктерін трибтермен, ірі габаритті балансты және маятникті, электронды-механикалық, қалта сағаттардың, секундомерлердің, ірі габаритті механикалық қоңыраулы сағаттардың баланстарын арнаулы айлабұйымдарда немесе орталықтарды бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, 0,03 мм. асатын соғу шектемесімен тексеру және түзеу.

Білуге тиіс: сағаттардың қарапайым құрастыру бірліктеріндегі дөңгелектерді тексеруге жәіне түзеуге арналған престердің, потансалардың және арнаулы айлабұйымдардың құрылымын, әрекет ету принципін және қолдану тәсілін; жинақталатын бөлшектердің, сағаттардың құрастыру бірліктерінің нысанын, оларға қойылатын техникалық талаптарды; сағат бөлшектерін құрастыру, престеу, түзеу және тексеру тәсілдері мен әдістерін, құрастыру бірліктерін бөлшектеу тәсілін; бақылау-өлшеу құралдарының нысанын және қолдану тәсілін; сағатты құрастыру сапасын бақылау кезеңділігін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Механикалық қоңыраулы сағаттар – барабанды, циферблат астын құрастыру; анкерлік айырды валикпен және жақшамен құрастыру.

2. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар - барабан корпусын пружинамен, қақпақпен, валмен құрастыру, кілтті, құлақшаны, браслет тақтасын, бұранда басын, корпус сақинасын құлақшамен және қақпақпен құрастыру; бұранда кілтінің валын бұранда басымен бұрандалау.

3. Қалта сағаттар, секундомерлер, арнаулы уақыт құралдары – дөңгелекті муфтамен, аралық дөңгелекті трибпен, корпусты қақпақпен құрастыру; спираль колонкасы винтін баланс көпіріне бұрап орналастыру.

4. Ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар – дөңгелектің, барабанның жүру, соғу тораптарын құрастыру; шыныны корпусқа орнату.

5. Ірі габаритті электронды-механикалық сағаттар мен қоңыраулы сағаттар – дөңгелекті осьпен, пружинамен, втулкамен құрастыру.

6. Үстелге қоятын, қабырғалық балансты, маяникті, ірі габаритті, электронды-механикалық сағаттар, қоңыраулы сағаттар - тулкаларды, штифтерді, колонкаларды, сағат тастарын престеу.
§ 65. САҒАТТАРДЫҢ ҚҰРАСТЫРУ БІРЛІКТЕРІН ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағаттардың күрделілігі орташа құрастыру бірліктерін престерде, потансаларда және қолмен құрастыру. Әртүрлі материал бөлшектерінен сағаттардың күрделі корпустарын құрастыру. Сағаттардың алтындатылған корпустарын құрастыру. Корпус сақинасын қақпақпен және прокладкамен іріктеу әдісімен құрастыру. Фасонды шыныны корпусқа бектіпемен престеу. Ірі габаритті сағаттардың баланстарын теңгермелеу. Дөңгелектердің құрастыру бірліктерін трибтермен, қол, қалта сағаттардың, секундомерлердің баланстарын арнаулы аспаптар мен айлабұйымдарда 0,03 мм. асатын соғу шектемесімен тексеру және түзеу.

Білуге тиіс: пайдаланылатын престерді, айлабұйымдарды реттеу тәсілдерін; сағат механизмінің әрекет ету принципін; орындалатын операцияларға қойылатын техникалық талаптарды; сағаттардың құрастыру бірліктерін өңдеу операцияларының кезектілігін; бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар - дөңгелекті храповиктермен құрастыру, браслеттердің барлық түрлерін құрастыру; үстіңгі салманы бушонмен жинақтау; регулятор торабын (штиф пен регулятор құлпын престеу) құрастыру; колонканы жылжымалы сақинаға престеу.

2. Электронды-механикалық қол сағаттар – жақтарды отырғызу және ток түсіргішті жүрекшеге жапсыру; башмактарды статорға орнату; дабыл дөңгелегін дискімен құрастыру.

3. Қалта сағаттар, секундомерлер, арнаулы уақыт құралдары – баланс тормозын пружинамен құрастыру.

4. Ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар – пружинаны және ілмекті барабанға орнату; корпус сақинасын қақпақпен құрастыру.

5. Ірі габаритті электронды-механикалық сағаттар мен қоңыраулы сағаттар – платаны винтпен, пружинамен, регулятормен құрастыру; катушканы реле пластинкасымен, якорьмен, құлыппен, пружинамен құрастыру; вексельді осьті трибпен құрастыру; көпірді фиксатормен құрастыру; магнит сымдарды жапсыру.

6. Қол, қалта сағаттар, секундомерлер, кіші габаритті қоңыраулы сағаттар – втулкаларды, штифтерді, колонкаларды, сағат тастарын пластиналарға, көпірлерге, рычагтерге престеу.

7. Қол сағаттар - барабан көпірін құрастыру.

8. Электронды-механикалық кварцті қол сағаттардың адымдық қозғағыштары – платаны статормен құрастыру (желімдеу, жаныштау); штифті статорға престеу; капсуланы құрастыру.

9. Автокөліктердегі кварцты сағаттар – роторды құрастыру (трибті оське престеу, магнитті желімдеу);

10. Механикалық, электронды-механикалық кварцті қол сағаттар сағаттар – секунді тілдерін втулкамен құрастыру; циферблатты салмалы белгілермен құрастыру;

11. Сағат үлгісіндегі механизм – спиральді колодкаға оймыштау.

12. Кіші габаритті қоңыраулы сағаттардың дабылдың құрылғысы - магнитті вибраторға желімдеу.

§ 66. САҒАТТАРДЫҢ ҚҰРАСТЫРУ БІРЛІКТЕРІН ҚҰРАСТЫРУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сағаттардың күрделі құрастыру бірліктерін арнаулы айлабұйымдарды қолдана отырып құрастыру. Сағаттардың құрастыру бірліктерін ыңғайлау және реттеу. Қол сағаттардың баланстарын теңгермелеу.

Білуге тиіс: сағаттардың күрделі құрастыру бірліктерінің құрылымын, нысанын және әрекет ету принципін; қолданылатын айлабұйымдарды реттеу ережесін; сағаттардың күрделі құрастыру бірліктерін құрастыру кезінде қолданылатын дәл ыңғайлау және реттеу әдістерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар - анкерлік айырдағы палеттерді реттеу және сілтілеу; қума муфтаны құрастыру және реттеу; қос роликті құрастыру (импульсті тасты, штифті престеу); осьті престегеннен кейін анкерлік айырды түзеу; қос роликті баланс осіне престеу.

2. Электронды-механикалық кварцті қол сағаттар - магниттерді магнит сымға желімдеу; трибтің фрикционды тораптарын – дөңгелекті айналу сәтінде тексере отырып селективтік құрастыру; ретор трибін адымдық қозғағыш магнитімен құрастыру; аударма көпірінің торабын айналу және қосылу беріктігін тексере отырып құрастыру;


§ 67. САҒАТТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ірі габаритті механикалық қоңыраулы сағаттардың, гирлі маятникті сағаттар механизмдерінің қарапайым және күрделілігі орташа тораптарын бөлшекті құрастыру кезінде жиналатын құрастыру бірліктері мен бөлшектерінің өзара әрекетін реттей отырып құрастыру.

Білуге тиіс: сағат механизмінің қарапайым құрастыру бірліктерін құрастыру кезектілігін; қарапайым жұмыс және көмекші құралдың атауын және нысанын.

Жұмыс үлгілері

1. Ірі габаритті механикалық қоңыраулы сағаттар – жүру және дабыл пружиналарын бұрау; кілттерді, тілдерді ауыстыру кнопкаларын орнату, цапфтарды майлау; көлік сақинасын тістету; шыныларды сүрту.

2. Маятникті гирлі сағаттар – дөңгелектерді майлау; тіл механизмін құрастыру; мех тартапаларын орнату; механизмді кронштейнге бекіту; әткеншек пен алқаны бекіту; тілдерді орнату.
§ 68. САҒАТТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ірі габаритті механикалық қоңыраулы сағаттардың, гирлі маятникті сағаттар механизмдерінің күрделі тораптарын бөлшекті құрастыру кезінде құрастыру бірліктері мен бөлшектерін іріктей отырып құрастыру. Шағын габаритті механикалық қоңыраулы сағаттардың, ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар механизмдерінің қарапайым және күрделігі орташа тораптарын құрастыру. Жиналатын құрастыру бірліктерінің өзара әрекетін реттеу. Ірі габаритті механикалық сағаттар мен қоңыраулы сағаттар спиралінің ұзындығын анықтау (баланс ауытқуларының кезеңін белгілеу).

Білуге тиіс: сағат механизмдерін құрастырудың орындалатын операцияларының кезектілігін; орындалатын жұмысқа қойылатын техникалық талаптарды; сағат механизміндегі құрастыру бірліктері мен бөлешктерді монтаждау тәсілдерін; спираль саңылаулары мен ұзындығын реттеу тәсілін; жұмыс және көмекші құралдың атауын және нысанын; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Механикалық қоңыраулы сағаттар - рамканы, механизмді құрастыру; ангренажды құрастыру және тексеру; орталық винттерді, регуляторларды, балансты, тілдерді ауыстыру кнопкасын, циферблатты, механизмді корпусқа, механизмді уақытша орнату; тіл механизмі бөлшектерін, дабыл пружинасын орнату; балғаның дабыл пружинасымен өзара әрекетін реттеу; дабылды реттеу; ұсақ және орташа жөндеу; минуттық тілді престеу; прибордағы механизмді майлау; спиральді штифтеу; дөңгелек ілмектерін тексеру.

2. Ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар - барабанды, көтеру жұдырығын, колонкаларды, механизмді корпусқа орнату; қосуды тексеру және реттуе; дөңгелек жүйесін құрастыру; спиральді түзеу; жүруді және дабылды реттеу; механизмді ұсақ және орташа жөндеу; колонкаларды платинаға бұрау; механизмді майлау.

3. Маятникті гирлі сағаттар – дөңгелек саңылаулары мен трибтерді орнату; көкектің бұрылу кронштейнін бекіту және оны реттеу.


§ 69. САҒАТТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шағын габаритті механикалық қоңыраулы сағаттардың, ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар механизмдерінің күрделі тораптарын құрастыру. Осьтік және радиальді саңылауларды анықтау және реттеу, сағат механизмінің құрастыру бірліктері мен бөлшектерін іріктеу. Механикалық және электронды-механикалық қол сағаттардың, қалта сағаттардың, электронды- механикалық қоңыраулы сағаттардың, ірі габаритті электронды- механикалық сағаттар механизмдерінің қарапайым және күрделігі орташа тораптарын құрастыру. Механизмдерді жинаулы түрінде реттеу және реттемелеу. ірі габаритті электронды- механикалық қоңыраулы сағаттарды және гирлі маятникті сағаттарды құрастыру ақауларын түзеу.

Білуге тиіс: ірі габаритті балансты және маятникті сағаттардың, механикалық қоңыраулы сағаттардың механизмінің құрылымын, жұмыс принципін, құрастыру бірліктері мен бөлшектерінің қалыпты және шағын калибрлі механикалық және электронды-механикалық қол, қалта сағаттар механизмі жұмысындағы өзара әрекетін, осьтік және радиальді саңылауларды реттеу тәсілдерін; арнаулы айлабұйымдар мен құралдардың құрылымын және пайдалану ережесін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Механикалық қоңыраулы сағаттар - дабыл механизмін, балансты көпріді регулятормен, ангрренажды, циферблат астын құрастыру; механизм жұмысын тексеру; палеттерді орнату және сілтілеу; анкерлік айырды монтаждау; спиральді орнату және оны колонкаға оймыштау; спиральді түзеу және тартпаны орнату; механизм жүрісін реттуе; дабыл тілін, шынын, механизмді циферблатпен корпусқа орнату; дабылды реттеу және қоңыраулы сағатты түпкілікті құрастыру; корпустағы реттеу; баланстың ауытқу кезеңін белгілеу.

2. Электронды-механикалық қоңыраулы сағаттар – электронды блокты, циферблатты панельмен орнату.

3. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар – палеттерді қою және реттеу; механизмді майлау; барабанды, балансты, ремонтуарды құрастыру; анкерлік айырды монтаждау; баланстың теңгерімділігін бақылау; спиральді колонкаға штифтеу, регуляторды баланс көпіріне орнату; цмферблат винттерін платинаға, колонка винтін баланс көпіріне бұрау; спиральдің сыртқы қисық ұшыгн дайындау және тексеру; тартпаны тексеру; баланс пен регулятор салмасын орнату; баланстың ауытқу кезеңін белгілеу; спиральді баланс осіне престеу; циферблатты сағат дөңгелегімен және сағат тілімен жинақтау; платинаны орталық дөңгелекпен және минуттқ тіл трибімен құрастыру; тіл трибін қыспалау; тастарды көпірден алу.

4. Дәлдігі екінші сыныптық қосымша құрылғысы жоқ механикалық қол сағаттар – механизмді бөлшектеумен, тазалаумен, құрастырумен және реттеумен байланысты кепілді жөндеу.

5. Ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар – платинаны, платинаны корпуспен және қақпақпен, айналманы шынымен және механизммен, ангренажды жаеама жүрумен құрастыру; сағат механизміг бөлшектеу; балансты, балас тормозын, баланс көпірін қою, спиральді тегістік бойынша түзеу; минуттықты престеу; ұсақ жөндеу; баланс салмасын бұрау.

6. Маятникті гирлі сағаттар – жүруді, көтеру рычагін, дабылды, мехтарды реттеу; механизмді жүргізу; ұсақ және күрделі жөндеу.


§ 70. САҒАТТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Механикалық және электронды-механикалық қол сағаттардың, қалта сағаттардың, электронды- механикалық қоңыраулы сағаттардың, ірі габаритті электронды-механикалық сағаттар механизмдерінің қарапайым және күрделі тораптарын құрастыру. Жиналатын құрастыру бірліктерінің өзара әрекетін реттеу. Шағын габаритті механикалық қоңыраулы сағаттар мен ірі габаритті балансты және маятникті құрастыру ақауларын түзеу. Сағат мехнаизмін корпусқа орнату. Дөңгелек жүйесінің ілмегін тексеру. Сағатты майлау және майлауды тексеру.

Білуге тиіс: қалыпты және шағын калибрлі механикалық және электронды-механикалық қол сағаттардың, қалта сағаттардың құрылымын; ірі габаритті электронды-механикалық сағаттар мен қоңыраулы сағаттардың құрылымын, кинематикалық және электр сызбаларын; сағаттың құрастыру бірліктері мен бөлшектерінің нысанын; баланстан тісті ауыспаға өту тәсілін; баланс магниттерін магниттеу ережечсі мен тәсілдерін; қолданылатын құралдардың, айлабұйымдардың, күрделі және дәл аспаптардың нысанын және қолдану шарттарын; қолданылатын май сұрыптары мен сағат механизмінің майланатын жерлерін; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Шағын габаритті механикалық қоңыраулы сағаттар - механизмді циферблат астымен құрастыру; механизмнің жүру дәлдігін реттеу, балансты монтаждау; қисық сымды бұру, тізелікті дайындау; спиральді түзеу; пружинаны престеу; механизмнің жүрісін реттеу; механизмді жүргізу; баланстың осьтік саңылауын реттеу; балансты механизмге, механизмді корпусқа орнату; сағат механизмін тәуліктік тексеру және бөлшектеу; ұсақ жөндеу; кепілді жөндеу.

2. Электронды-механикалық қоңыраулы сағаттар – механизмді құрастыру және блок тірегін майлау; блокты, циферблатты, тілдерді, шыныны, механизмді корпусқа орнату; механизмді реттеу; ұсақ жөндеу;

3. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар – ремонтуарды, ангренажды құрастыру; циферблат пен тілдерді, механизмді корпусқа, регулятор мен колонка рычагін баланс көпіріне, автозаводты механизмге орнату; палеттерді реттеу; баланстағы, рожкадағы, копьедегі саңылауларды белгілеу және бақылау; балансты тегістік бойынша түзеу; сприальді колодкаға штифтеу; спиральдің сыртқы және ішкі айналымын тістету; спиральді түзеу; құрастыру ақауларын жорю; күнтізбелік құрылғына құрастыру және бақылау; жүру дәлдігін тексеру және реттеу; механизм мен амортизаторларды тазалау және майлау; спиральді желімдеу; механизмді жүруге қосу; соғуға қарсы құрылғыны механизмге және көпірге орнату; регуляторды баланс көпіріне орнату.

4. Дәлдігі екінші сыныптық қосымша құрылғысы жоқ механикалық қол сағаттар – механизмді бөлшектеумен, тазалаумен, құрастырумен және реттеумен байланысты кепілді жөндеу.

5. Ірі габаритті балансты және маятникті сағаттар – механизмді бекітпе платинаға циферблатпен бұрау; механизмді сәттік тәуліктік жүруі бойынша реттеу; орта және күрделі жөндеу; айналманы шынымен және редуктор механизмімен құрастыру; дабыл механизмін сағат және жарты сағат бойынша реттеу; спиральдің қисық ұшын дайындау; қақпақ пен кнопканы орнату; редуктордың құрастырылуын және реттелуін тексеру.

6. Электронды механикалық қол сағаттар – ремонтуарды, ангренажды, күнтізбелік және тілдік құрылғыларды құрастыру; рычагті колонкамен, өткізу және орталық дөңгелектерді, минуттық тіл трибін, пружина мен кулистерді, механизмді корпусқа, батарейкаларды орнату; ангренаж саңылауларын бақылау.

7. Ірі габаритті электронды-механикалық сағаттар – ангренажды және баланс тіреуін құрастыру; блоктарды, механизмді панельге және кожухты орналастыру; кнопканы престеу; баланс тіреуі мен дөңгелек жүйесін майлау.

§ 71. САҒАТТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі үлгідегі сағат механизмдерінің күрделі тораптарын құрастыру, сағат механизиі бөлшектері мен құрастыру бірліктерінің осьтік саңылауларын реттеу. өзгертуші жүйені құрастыру және реттеу, электронды механикалық қол сағаттар механизмін реттеу. Электронды-механикалық қоңыраулы сағаттарды, ірі габаритті электронды-механикалық сағаттарды құрастыру ақауларын жою.

Білуге тиіс: жиналатын сағат механизмдерінің құрылымын, кинематикалық және электр сызбаларын; сағаттың құрастыру бірліктерінің сағат механизмі жұмысындағы өзара әрекеті мен нысанын; адымдық микроқозғағыштың, блок пен қоректендіру көзінің электр параметрлерін; сағат механизмін құрастырудың кезектілігін, құрастыру бірліктерін сағат механизмінде монтаждау тәсілдерін; дөңгелек жүйесінің сағат механизмінденгі құрастыру бірліктерінінің әрекет етуі ақауларының себептерін, оларды жою тәсілдерін; қолданылатын айлабұйымдардың, құралдар мен аспаптардың құрылымын; электронды-механикалық қол сағаттардың адым қозғағышы магниттерін магниттеудің ережесі мен тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Электронды-механикалық қоңыраулы сағаттар – фиксаторды реттеу; балансты, контактіні, элементтерді, дабыл дөңгелегін, зуммерді, ауыстыру валын, механизмді панельге орнату; дабылды және саңылауды тексеру; орташа және күрделі жөндеу; кепілді жөндеу.

2. Қалыпты және шағын калибрлі механикалық қол сағаттар - құрастыру ақауларын анықтау және оларды жою; анкерлік айырды механизмге орнату және реттеу, күнтізбені жинау сапасын, автобұрауды бақылау; баланстың ауытқу амплитудасын қосуды бақылау және тексеру; сағаттың жүру дәлдігін тексеру және реттеу; сағаттарды ангренаж бен ремонтуарды құрастыру, майлау, қосу, амплитуда, сағаттың тәуліктік жүру ақаулары бойынша сұрыптау.

3. Дәлдігі бірінші сыныптық, қосымша құрылғысы жоқ механикалық қол сағаттар (күнтізбе, автобұрау және т.б.) - механизмді бөлшектеумен, тазалаумен, құрастырумен және реттеумен байланысты кепілді жөндеу.

4. Электронды механикалық қол сағаттар – күнтізбе жұмыс істеген кездегі трибте айналу сәтін бақылау; күнтізбені, ремонтуарды, аударманы, адым қозғағыштарын құрастырудың, айналу сәті мен адым қозғағыштың жұмыс қабілетіндегі ақауларды жою; төменгі ток түсіргішті платниаға орнату; қоректендіру элементін ауыстыру; катушканың электр параметрлерін бақылау; электронды блокты орнату; жүруді реттеу; циферблаттар мен тілдерді орнату; кварцты генератор блогін ауыстыру.

5. Ірі габаритті электронды-механикалық сағаттар – фиксаторды реттеу, балансты орнату және штифтеу; механизмді қосу; ұсақ және күрделілігі орташа жөндеу; кепілді жөндеу; құрастыру ақауларын анықтау және жекелеген бөлшектер мен құрастыру бірліктерін ауыстыра және олардың жұмысын реттей отырып жою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет