Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет17/22
Дата09.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
#124370
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Білуге тиіс. Релелі қорғаныштың күрделі түрлерінің құрылысы, мақсаты мен жұмыс істеу қағидаты, оларды ретке келтіру әдістері, кабельдің зақымдалған дерін анықтауға арналған жоғары вольтты тексеру құрылғысы мен аппаратураларының құрылғысы, автоматика элементтері бар ауыспалы ток электр жетегі мен жартылай өткізгішті техникасын ретке келтіру әдістері, тұрақты ток машиналарының сипаттамасы, басқару тәсімі релелі-контакторлы және автоматика элементтері бар тұрақты ток электр жетектерін ретке келтіру әдістері, электр қауіпсіздігінің қорғаныш шаралары, автоматика және жартылай өткізгіш техника негіздері.

Арнайы (кәсіптік) орта білім талап етіледі.

Ескерту. Едәуір күрделі түсіріп ретке келтіру жұмыстарын инженер-техникалық қызметкерлер орындайды.

Аккумуляторлы батарея жөніндегі электр монтажшы
331. Аккумуляторлы батарея жөніндегі электр монтажшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бекіту бөлшектерін орнату. Бекіткіш пен төсемнің нақты өлшемді қажет етпейтін ұсақ бөлшектерін жасау. Сепараторларды құрастыру және оларды аккумуляторларға орналастыру. Ыдыстар мен электродтарды әперу. Аккумуляторларға арналған ыдыстары бар қораптарды ашу. Орап салу материалдарын жинау.

Білуге тиіс. Түсті және қара металл түржиыны, аккумуляторлы батареяны жасау және монтаждау кезінде қолданылатын негізгі материалдар, бекіту бөлшектері мен ұсаққұрылымдардың түрлері, аккумуляторлы батареяны монтаждау кезінде қолданылатын құралдардың мақсаты және түрлері.

332. Аккумуляторлы батарея жөніндегі электр монтажшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтарды бояу. Полярлығы әртүрлі электродтарды монтаждауға дайындау. Оларды тазалау және тегістеу. Ыдыстарға қорғасын электродтарды орнату. Электродтарды мұқият тексеру. Сымдарды, кабельдерді дәнекерлеуге (қызмет көрсетуге) дайындау, қорғасын қабығын тазалау.

Білуге тиіс. Арматуралардың негізгі түрлері, қарапайым аспаптардың, электр аппараттар мен қолданылатын электрленген және пневматикалық құралдың құрылысы, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі, такелаждық құралдардың негізгі түрлері және оларды пайдалану тәртібі.

333. Аккумуляторлы батарея жөніндегі электр монтажшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қорғаныш құралдарының, қаптама мен қоршауды орнату. Жинақтаушы поршеньді тапаншаның көмегімен конструкциялар мен аппараттарды бекіту. Кабельдер мен сым өткізгіштер желілерінің ұштарын дәнекерлеу және сығымдау. Қапсырма шеге мен металл тіреуішқұрылымдарды орнату.құрылымдарды желімдеу арқылы бекіту. Барлық түрдегі сөрелерді монтаждау. Аккумулятор шкафын монтаждау және мұқият тексеру. Электролитті дайындау және құю. Аккумуляторлардың ағып кетуін тексеру. Қорғасын бөгеттерді орнату. Аккумуляторлық батареяларды шкафтарда жинақтау. Пластинаны дәнекерлеу.

Білуге тиіс. Аккумуляторлық батареялар құрылысының негізі, арматураны құрастыру тәртібі, оқшаулаудың кедергісін өлшеу әдістері, күрделілігі орташа электр сұлбаларын оқу тәртібі, жабдықты ілмектеу және орнын ауыстыру тәртібі, механикаландырылған такелаждық жабдықтардың құрылысы мен оларды пайдалану тәсілдері, монтаждаушы поршенді тапаншаның құрылысы және оны пайдалану тәртібі, электролитті дайындау және құю технологиясы, аккумуляторлық батареяға қуат беру және разрядтау тәсілдері, металдарды дәнекерлеу тәсілдері, ПОС типіндегі қалайы-қорғасын дәнекердің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі, аккумуляторлық батареяларды монтаждау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

334. Аккумуляторлы батарея жөніндегі электр монтажшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сөрелерді аккумуляторлық батарея ретінде белгілеу. Тасымалдаушы типтегі аккумуляторлық батареяларды сөреде монтаждау. Аккумуляторлық батареяларды шиналау. Тумбочкаларды орнату үшін орын белгілеу. Пластина мен полюстік түйісу арасындағы оқшаулықты тексеру. Мыс, алюминий және болат шиналарды кабельдік ұштарға дәнекерлеу.

Білуге тиіс. Жинақталатын аккумуляторлық батареялардың электр сұлбаларын оқу тәртібі, жекелеген тораптарды стендтер мен шеберханаларда жасау үшін оларды өлшеу және нобайы жасау тәртібі, аккумуляторларды батареяға қосу тәсілдері, орындалған сұлбаларды тексеру әдістері, аккумуляторлық батареялардың техникалық сипаттамасы, оларды таңбалау тәсілдері.

335. Аккумуляторлы батарея жөніндегі электр монтажшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық типтегі аккумуляторлық батареяларды қалыптастыру. Стационарлық типтегі аккумуляторлық батареяларды сөрелерде монтаждау. Оларды тексеру және сынау. Аккумуляторлық батареялардың барлық типтерін ретке келтіру үшін тапсыруға дайындау. Монтаждау орнында өлшеу жұмыстарын орындау. Тапсырыстың графикалық бөлігін ресімдеу, үлгісі мен сұлбасын әзірлеу.

Білуге тиіс. Электр техникалық құрылғылардың құрылысы, объектілерді пайдалануға тапсырудың техникалық шарттары, аккумуляторлық батареяларды қалыптастырудың үлгісі мен тәсілдері, жарылыс қаупі бар аймақта жұмысты орындаудың тәртібі.

Кабельді желілір жөніндегі электр монтажшы
336. Кабельді желілір жөніндегі электр монтажшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бекіту бөлшектерін орнату және бекіту. Кабельдің сыртқы кендір қаптамасын қолмен ашу. Бекітудің ұсақ бөлшектері мен төсемді жасау. Кабельді бояу. Кабельді орлар мен арналарда жабу. Дайын белгілер бойынша тесіктер мен жыралардың ұяшықтарын қолмен тесу.

Білуге тиіс. Кабельдердің маркалары, түсті және қара металдардың түржиыны, бекіту бөлшектері мен ұсаққұрылымдардың түрлері, электр монтаждау жұмыстарына арналған құралдардың құрылғысы мен оларды пайдалану тәртібі, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі.

337. Кабельді желілір жөніндегі электр монтажшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конустарын уақытша бекітіп кернеулігі 10 кВ дейінгі кабельдерді кесу. Кабель өткізгіштерінің барлық түрлеріне арналған қабырға және жабық жерлерден өтетін жолын бекіту. Кабельді салу кезінде қосалқы жұмыстарды орындау. Муфталар мен кабелдің ұшындағы бітегішті кесу. Ұяшықты, тесіктер мен жыраларды механикаландырылған құралмен ою. Кабельдерге арналған негізгі қораптарды орнату. Құралды, аспапты, тетік пен материалды тексеру және жұмыс істеуге дайындау. Тұрғын үйлерде, мәдени-тұрмыстық және әкімшілік ғимараттарда электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау.

Білуге тиіс. Кабельдер мен кабель арматураларының маркасы. Монтаждау жұмыстарына арналған такелаждық және арнайы аспаптардың құрылысы мен оларды пайдалану тәртібі, төсемнің және кабельдік желілер мен арматураларды монтаждаудың ақаулары, материалдар мен жабдықтарды жинақтау тәртібі, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі, электротехника негіздері.

338. Кабельді желілір жөніндегі электр монтажшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қимасы 240 мм дейінгі әртүрлі маркалы кабельдерді, дәнекерлеуден басқа барлық әдіспен жалғау, ұштау және қосу. Кабельді белгілеу және айыру. Монтаждық поршенді тапаншаның көмегімен конструкциялар мен аппараттарды бекіту. Тартылған құбырлар мен кабельдерді таңбалау. Қапсырма шеге мен металл тіреуішқұрылымдарды орнату.құрылымдарды желімдеу арқылы бекіту. Жыраларға, еденге, фермалар мен бағаналарға болат және пластмасса төсемдерді салу. Кабель науаларын, перфорланған монтаждау пішіні мен болат қораптарды қою. Кернеулігі 1 кв дейінгі кабельдердің ұшын бітегіш пен жалғауыш муфталарды монтаждау. Кернеулігі 10 кВ жоғары кабельдерді кесу. Кабельдік муфталар мен шұғынағын бекіту. Кабельдердің ұшын қорғасын ұштамамен бітеу. Еріту массасы мен дәнекерді дайындау. Құдықтарда май толтырылған кабельдердің бронін бекіту. Экранды орау. Іске қосқыштардың (жарылыс қаупі бар аймақтардан басқа) құрылысы. Оқшаулағыш кедергісін өлшеу. Май толтырылған кабельдердің зақымдалған бетін тотыққа қарсы жабынмен қаптау. Өнеркәсіптік ғимараттар мен имараттарда электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау.

Білуге тиіс. Барлық маркалы кабельдердің желілерін қосу, ұштау және жалғау тәсілдері, май толтырылған кабельдердің маркалары және оларды қолдану салалары, жалғаушы бекіткіш және ұштама муфталардың құрылысы, болат және пластмасса құбырларды, кабельдерді таңбалау тәсілдері, монтаждаушы поршеньді тапаншаның, құралдың гидравликалық және соққылы-айналмалы қызметінің құрылысы және оларды пайдалану тәртібі, майды кептіру және құю аппаратураларының құрылысы, май толтырушы кабельдерді монтаждау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі.


339. Кабельді желілір жөніндегі электр монтажшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 10 кВ дейінгі кабелдерде ұштама мен жалғаушы муфталардың барлық түрлерін монтаждау. Қимасы 240 мм² үлкен кабельдерді барлық тәсілмен ұштау. Болат жалғаушы муфталарды жасау. Күшті және бақылау кабельдерін (май толтырылғандарынан басқа) орларда, арналарда, туннельдер мен ғимараттың ішінде (жарылыс қаупі бар аймақтан басқа) кабель тартқыштарды қолданбай барлық әдіспен тарту. Кабельдерді таңбалау. Кабельдерді фазалау және қосуға дайындау. Май қысымын өлшеу. Май толтырылған кабель желілеріне арналған май сорғыш агрегаттарды монтаждау. Үштік тармақтағышты дайындау және жинау. Кабель желілерін өртке қарсы қорғау.

Білуге тиіс. Тірек құрылымдарын орнату орны мен кабель тарту трассаларын белгілеу тәртібі, күшті және бақылау кабельдерін бөлу және монтаждау тәсілдері, өткізгішті фазалау тәртібі және орындалған үлгілерді тексеру әдістері, кабельдік өткізгіштерді өлшеу және нобайын жасау тәртібі.

340. Кабельді желілір жөніндегі электр монтажшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кабель тарту трассаларын белгілеу. Кернеулігі 110 кВ дейінгі май толтырылған кабельдерді монтаждау. Барлық типтегі күшті және бақылау кабельдерін (май толтырылғандарынан басқа) кабель тартқыштың көмегімен тарту. Кернеулігі 110 кВ дейінгі кабельдерде ұштама мен жалғау муфталарының барлық түрлерін монтаждау. Жерді ою. Муфталар мен құбырларды кептіру, вакуумдау және азотпен толтыру. Муфталар мен құбырларды маймен толтыру. Құрылғылардағы майды газсыздандыру. Қысым бактарын жабдықтау және оларды ауыстыру. Жабдықтаушы жүйені сынау. Қысымды таратушы құрылғы. Трансформаторлардың қосымша кабельді желілік іске қосқыштарын монтаждау, вакуумдау және оларды маймен толтыру. Кабельдерді теріс температура кезінде қыздыру.

Білуге тиіс. Май толтырылған кабельдерді монтаждау тәртібі, типі мен кернеулігі әртүрлі кабельдердің, жабдықтар мен аппаратуралардың құрылысы, кабельдерді әртүрлі жағдайда тартудың және оларды пайдалануға тапсырудың техникалық жағдайлары.

341. Кабельді желілір жөніндегі электр монтажшы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 110 кВ жоғары май толтырылған кабельдерді монтаждау. Кабельдерді жарылыс қаупі бар аймақтарда және теріс температура жағдайында тарту. Барлық типтегі күшті және бақылау кабельдерін су қоймаларында тарту. Кернеулігі 110 кВ жоғары кабельдерде ұштама мен жалғау муфталарының барлық түрлерін монтаждау. Кабельдерді полиэтилен қабықшасымен тарту. Кабельдерді механикаландырылған тарту желілерін ретке келтіру және қызмет көрсету. Кабельді теріс температурада қыздыру және ток режимі мен қыздыру температурасын орнату қажеттілігін айқындау. Аппаратураның көмегімен кабельдің зақымданған жерін анықтау.

Білуге тиіс. Жарылыс қаупі бар аймақтарда және теріс температура жағдайында жұмыс істеу тәртібі, зақымданған жерлерді анықтауға арналған аппаратураның құрылысы және онымен жұмыс істеу тәртібі, физика, электр техника, материал жүргізу негіздері.

Арнайы (кәсіптік) орта білім талап етіледі.

Таратқыш құрылғылар мен қайталама тізбек

жөніндегі электр монтажшы
342. Таратқыш құрылғылар мен қайталама тізбек

жөніндегі электр монтажшы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бекіту бөлшектерін орнату және бітеу. Нақты өлшемдерді қажет етпейтін бекітудің ұсақ бөлшектері мен төсемдерді жасау. Жерге қосу электродтарын қолмен енгізу. Өткізгіш пен шиналарды бояу. Дайын белгілер бойынша ұяшықтар, тесіктер мен жыраларды қолмен жасау. Жабдықтардың орауын ашу және орап салу материалдарын жинау. Жабдықты тазалау және сүрту. Қарапайым төсеме тақталарды орнату және алып тастау.

Білуге тиіс. Өткізгіштердің негізгі маркалары, түсті және қара металдардың түржиыны, электрқұрылымдарды жасау және монтаждау кезінде қолданылатын материалдардың түрлері, бекіту бөлшектері мен ұсаққұрылымдардың түрлері, электр монтаждау жұмыстары кезінде қолданылатын құралдардың негізгі түрлері, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі.

343. Таратқыш құрылғылар мен қайталама тізбек

жөніндегі электр монтажшы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дюбельдерді орнату. Жерге қосқыш өткізгіштер мен шиналардың барлық түрлеріне арналған қабырға немесе аралық жабын арқылы өтетін жолды бекіту. Барабандарды орната отырып, өткізгіштерді жаю. Жерге қосу жүйелері мен нөлдеуші құрылғыларды монтаждау. Жабдықты бояу. Жабық және ашық типтегі таратушы пункттерді (шкафтарды) алу. Қарапайым аппараттар мен аспаптарды (тірек изоляторларды, тұтқалы жетегі бар ажыратқыш пен ауыстырып қосқышты, сақтандырғышты, реостатты, ток пен кернеулік трансформаторын және т.б.) бөлшектеу. Тесіктерді ою және дәнекерлеу орнын механикаландырылған құралмен тазалау. Төсем мен төсеме тақташаларды жасау. Оқшаулағыштың тірек бағаналарында шина ұстағыштары монтаждау. Тұрғын үйлерде, мәдени-тұрмыстық және әкімшілік ғимараттарда электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау.

Білуге тиіс. Бекіту бөлшектері мен арматуралардың негізгі түрлері, қарапайым аспаптардың, электр аппараттарының және қолданылатын электрленген және пневматикалық құралдардың құрылымы, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі, қарапайым такелаждық құралдардың құрылымы мен оларды пайдалану тәсілдері, электр монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау тәртібі.

344. Таратқыш құрылғылар мен қайталама тізбек

жөніндегі электр монтажшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қимасы 240 мм² дейінгі әртүрлі маркалы өткізгіштерді, дәнекерлеуден басқа барлық әдіспен жалғау, ұштау және қосу. Қорғаныш құрылымдарын, қап пен қоршау орнату. Тартылған құбырлар мен берілген жерді белгілеу. монтаждау поршеньді тапаншаның көмегімен конструкция мен аппараттарды бекіту. Ұштамаларды жарылғыш камерада сығымдау. Ұштамаларды өткізгіштің желісіне дәнекерлеу. Ток пен кернеудің электр магнитті релелерін тексеру және реттеу. Қапсырма шеге мен металл тіреуішқұрылымдарды орнату.құрылымдарды желімдеу арқылы бекіту. Оқшаулағыш кедергісін өлшеу. Жыраларға, еденге, фермалар мен бағаналарға болат және пластмасса құбырларды тарту. Перфорланған монтаждау профильді төсеу. Тірек оқшаулағыштарды, сақтандырғыштарды, 1 кВ кернеуге қосымша кедергілерді арматуралау және орнату. Төмен омдық шунттаушы кедергілерді монтаждау. Оқшаулағыш материалдан жасалған тақташалар мен қорғаныш қаңқаны орнату. Ашық және қалқаланған шинасымдардың (компенсаторлар, қаптар, қалқандар, түйістірмелі пластиналар, фланецтер және т.б.) бөлшектерін орнату және дәнекерлеуге дайындау. Май өткізгішті жасау. Трансформатордың багына магниттелген орамды орау. Оқшаулағыштарды (жарылғыш камерадағы сынақтан басқа) сынау. Шиналар, төмен түсіргіштер, ілмектер мен аралық бөгеттерді дайындау және ию. Ысырманы, кранды, штуцерді, манометрлер мен термометрлерді орнату. Май сынамасын алу. Таратқыш құрылғылардың кіші станциясына арналған оқшаулағыш аспаларға арматуралар мен оқшаулағыштарды құрастыру. Жабдыққа май құю және оны төгу. Трансформаторларды монтаждаған кезде құбырлардағы ысырманы тексеру және орнату. Сымдардың қағылуы. Өнеркәсіптік ғимараттар мен инженерлік имараттарда электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау.

Білуге тиіс. Таратқыш құралдардың түрлері, оқшаулағыш кедергісін өлшеу тәсілдері, күрделілігі орташа электр сұлбаларын оқу тәртібі, барлық маркалы өткізгіштерді жалғау, бітеу және қосу тәсілдері, болат және пластмасса құбырлар мен бөлінген жерді белгілеу тәсілдері, жабдықты ілмектеу және орнын ауыстыру тәртібі, ұштамаларды сығымдауға арналған жарылғыш камералардың құрылымы, релелі қорғаныштың мақсаты, таратқыш құрылғыны монтаждау тәсілдері, майды кептіру және құюға арналған аппаратураның құрылымы, трансформаторлардың негізгі тораптары мен бөлшектері, механикаландырылған такелаждық жабдықтардың құрылысы мен оларды пайдалану тәсілдері, монтаждық поршеньді тапаншаның құрылысы мен оны пайдалану тәртібі.

345. Таратқыш құрылғылар мен қайталама тізбек

жөніндегі электр монтажшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қимасы 240 мм² үлкен әртүрлі маркалы өткізгіштерді, дәнекерлеуден басқа әртүрлі әдіспен жалғау, ұштау және қосу. Ажыратқыштарды, айырушыларды, қысқа тұйықталғышты, жерге қосқыштар мен асқын кернеулерді 220 кВ дейінгі кернеумен шектегіштері монтаждау. Жүктемені сөндіргіштер, сигналдау аппараттары бар жәшіктер мен релелер, блоктау құлыптарының құрылысы. Кернеуі мен тогы 220 кВ дейінгі трансформаторларды монтаждау. Күшті трансформаторлар, авто-трансформаторлар мен қуаты 63 мың кВА дейін, ал кернеуі 220 кВ дейінгі және қуаты 125 мың кВА дейін, ал кернеуі 110 кВ дейінгі реакторларды монтаждау. Оқшаулағышты жарылғыш камерада сынау. Кернеуі 220 кВ дейінгі элегазды ұяшықтарды монтаждау. Блокты транспортабельді құрылғыны (УТБ) монтаждау. Салмағы 3 т дейінгі бетон реакторларды монтаждау. Магистральді құрамалар мен тармақтаушы шиналарды, иілмелі бұраулар мен қимасы 1000 мм² дейінгі компенсаторларды дайындау және монтаждау. Дайын пакеттер мен салмағы 250 кг дейінгі шина блоктарын монтаждау. Құрылғыларды фазалау. Жабдықты монтаждау кезінде өлшеу жүргізу және нобайын жасау. Радиаторларды сынау және монтаждау. Қабатталған алюминий швеллерден жасалған майсорғыларды, шинасымды құру. Конструкцияларға тірек силуминді сақиналарды орнату. Блоктарды алдын ала дайындау кезінде шинасымның тұйық бұрыштарын құрастыру. Шинасымды осьтер бойынша салыстырып және құлыптарға бекітіп тарту. Жоғары сапалы байланыс, қорғау және телемеханика (қосу фильтрлері мен резонансты бөгеуіштен басқа) жабдықтарын монтаждау. «Суховей» және «Иней» типіндегі құрылғыларды монтаждау. Майлы сөндіргіштерді монтаждау. Кернеулігі ПО кВ дейінгі әуе сөндіргіштерді монтаждау. Таратқыш құрылғыларды қатаң шиналауды монтаждау. Барлық маркадағы өткізгіштер мен қималарды белгілеу және тарту (жарылыс қаупі бар аймақтардан басқа).

Білуге тиіс. Кернеуі 220 кВ дейінгі электр жабдығын монтаж алдында тексеру, монтаждау, кептіру және реттеу тәсілдері, тірек құрылымдарын, өткізгіштер мен шиналар тарту жабдықтары мен трассаларын орнату орнын белгілеу тәртібі, өткізгіштердің жекелеген тораптарының нобайын өлшеу және жасауды орындаудың тәртібі.

346. Таратқыш құрылғылар мен қайталама тізбек

жөніндегі электр монтажшы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықты орнату орнының осьтерін белгілеу. жабдықтың жекелеген тораптарын орнату нобайын өлшеу және жасау. Жинақталған таратушы құрылғылар мен жекелеген блоктар мен тораптарды құру және реттеу. Әуе сөндіргіштерді, ток және кернеу трансформаторларын, ажыратқыштарды, разрядтауышты, асқын кернеуді шектеуіш мен кернеуі 750 кВ дейінгі жерге қосқышты монтаждау. Күшті форматтарды, автотрансформаторлар мен қуаты 250 мың кВА, кернеуі 750 кВ дейінгі реакторларды монтаждау. Кернеуі 220 кВ дейінгі элегазды ұяшықты монтаждау. Салмағы 3 т көп бетон реакторларды монтаждау. Аса күрделі электр жабдықтарын монтаждау және тексеру.ү салмағы 3 т көп электр жабдығын құру. Магистральді құрамалар мен тармақтаушы шиналарды, иілмелі бұраулар мен қимасы 1000 мм² артық компенсаторларды дайындау және монтаждау. Дайын пакеттер мен салмағы 250 кг шина блоктарын монтаждау. Резонансты бөгеуіш пен қосу фильтрін монтаждау. Тірек құрылымдарын ашық және қалқаланған шинасымға бейімдеп монтаждау. Шинасымды секцияларын монтаждау кезінде түйістіру (тік және бұрыштап). Гидравликалық және әуе жетектерін сынау. Статикалық конденсаттардың батареясын монтаждау. Болтты түйісу қосындыларын құрастыру және тексеру. Трансформаторларды бақылау қыздыру және кептіру. Трансформаторларды суыту жүйесін монтаждау.

Білуге тиіс. Кернеуі 750 кВ электр жабдықтарды монтаждау, тексеру және кептіру тәсілдері және оны реттеу әдістері, барлық маркалы өткізгіштер мен арқандарды монтаждау тәсілдері, трансформаторлардың техникалық сипаттамасы, электротехникалық құрылғылардың құрылысы, объектілерді пайдалануға тапсырудың техникалық шарттары, жарылыс қаупі бар аймақтарда жұмыстарды орындау тәртібі, релелі қорғаныш туралы жалпы мәліметтер.

Арнайы (кәсіптік) орта білім талап етіледі.

347. Таратқыш құрылғылар мен қайталама тізбек

жөніндегі электр монтажшы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күшті трансформаторларды, автотрансформаторлар мен қуаты 250 мың кВА астам, кернеуі 750 кВ жоғары реакторларды монтаждау. Әуе сөндіргіштерді, ток және кернеу трансформаторларын, ажыратқыштар мен кернеуі 750 кВ жоғары разрядтауышты монтаждау. Басқа бірегей электр жабдығын монтаждау және тексеру. Бірегей жабдықтың жекелеген тораптарын монтаждаудың нобайын өлшеу және жасауды орындау.

Білуге тиіс. Монтаждалатын жабдықтың конструкциясы, кернеуі 750 кВ жоғары электр жабдықтарының электр сұлбасы, монтаждау, тексеру және кептіру тәсілдері және оны реттеу әдістері, қашықтықтан басқару электр жетектерінің жүйесі, олардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, механикалық беріліс жүйесі.

Арнайы (кәсіптік) орта білім талап етіледі.

Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау

жөніндегі электр монтажшы
348. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау

жөніндегі электр монтажшы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бекіту бөлшектерін құру және бітеу. Кабельдің сыртқы кендір қаптамасын қолмен алу. Нақты өлшемді қажет етпейтін бекітудің ұсақ бөлшектері мен төсемді жасау. Жерге қосу электродтарын қолмен енгізу. Кабел мен шина өткізгіштерін бояу. Кабельді ор мен арналарда қалқалау. Дайын белгінің үстінен ұя, тесік және жыраны қолмен ою.

Білуге тиіс. Жол белгілері мен сигналдар, өткізгіштер мен кабельдердің негізгі маркалары, болат түржиыны, электр құрылымдарын жасау және монтаждау кезінде қолданылатын негізгі материалдар, бекіту бөлшектері мен ұсаққұрылымдардың түрлері, электр монтаждау жұмыстары кезінде қолданылатын құралдардың негізгі түрлері.

349. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау

жөніндегі электр монтажшы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ұшын уақытша бітеп кернеуі 10 кВ дейінгі кабельді кесу. Құрастырылмаған конструкцияларға оқшаулағышты құру. Дюбель орнату. барлық түрлі өткізгіштер мен шиналарға арналған жолдады бітеу. Барабандарды құрастырып өткізгіштер мен кабельдерді жазу. Жерге қосу желілері мен нөлдеуші құрылғыларды монтаждау. Жабдықты бояу. Ашық және жабық типтегі таратушы пункттерді (шкафтарды) алу. Қарапайым аппараттар мен аспаптарды (тірек оқшаулағышты, тұтқалы жетегі бар ажыратқышты пен сөндіргішті, сақтандырғышты, реостатты, ток пен кернеу трансформаторын және т.б.) бөлшектеу. Дәнекерлейтін жерді өңдеу және тесікті механикаландырылған құралмен ою. Кабельдер мен өткізгіштерге арналған тармақталған қорапты құру.

Білуге тиіс. Бекіту бөлшектері мен арматуралардың негізгі түрлері, қарапайым аспаптардың, электр аппараттар мен қолданылатын электрленген және пневматикалық құралдардың құрылысы, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі, қарапайым такелаждық құралдардың құрылысы мен оларды пайдалану тәсілдері, электр монтаждау жұмыстары кезінде қолданылатын дәнекерлеу жабдықтарының түрлері және оларды пайдалану тәртібі.

350. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау

жөніндегі электр монтажшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қимасы 70 мм² дейінгі барлық маркалы өткізгіштер мен кабельдерді, дәнекерлеуден басқа әртүрлі тәсілдермен жалғау, бітеу және қосу. Қорғаныш құрылғылары, қаптама мен қоршауларды құру. Тартылған құбырларды, кабельдер мен бұрауларды таңбалау. Монтаждық поршеньді тапаншаның көмегімен конструкциялар мен аппараттарды бекіту. Ұштамаларды кабель мен өткізгіштің желілеріне дәнекерлеу. Ток пен кернеудің электрмагнитті релесін тексеру және реттеу. Қапсырма шеге мен металл тіреуішқұрылымдарды құру.құрылымдарды желімдеу арқылы бекіту. Болат және пластмасса құбырларды жыраларға тарту. Кабельді лотоктар мен тесілген монтаждық профильдерді тарту. Кабельдік тіреуді, релелі және трансформаторлық жәшіктерді, бірыңғайланған муфталарды, тұратын және еденге төсейтін құралдарға арналған дроссельдер мен жерге қосқыштарды құрастыру. Электрөткізгіштерге арналған коммутацияны дайындау. Аспаптарды релелі шкафтарда, батареялы құдықтар мен релелі сөрелерде құрастыру және жалғау. Сигналдық кабельді тарту. Кабельді кішкене көпірде орналастырылған бағдаршамға тарту. Блок-аппараттың енгізілген шкафын құрастыру және монтаждау. Пластмассамен оқшауланған кабельдің ұштарын бөлу. Мачталық бағдаршамды монтаждау үшін кендір-коммутациясын дайындау. Барлық түрлі өткізгіштерді монтаждау. Релелі және трансформаторлық жәшіктер мен кабельдік тіреуді монтаждау. Батареялы құдықтардың қалқанын монтаждау. Кабельдік жәшіктерді монтаждау кезінде өткізгіштерді дәнекерлеу. Инженерлік имараттарда электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау.

Білуге тиіс. Монтаждалатын электр жабдығының құрылысы, арматураны құрастыру тәртібі, оқшаулағыш кедергісін өлшеу тәсілдері, күрделілігі орташа электр сұлбаларын оқу тәртібі, барлық маркалы өткізгіштер мен кабельдерді қосу, бітеу және жалғау тәсілдері, болат және пластмасса құбырлар, кабельдер мен бұрауларды таңбалау тәсілдері, жүкті ілмектеу және қозғау тәртібі, механикаландырылған такелаждық жабдықтың құрылысы және оны пайдалану тәсілдері, монтаждық поршеньді тапаншалардың құрылысы мен оларды пайдалану тәртібі, релелі қорғаныштың мақсаты, максималды ток қорғанышының сұлбасы мен қызмет ету қағидаты, инженерлік имараттарда электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау тәртібі.

351. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау

жөніндегі электр монтажшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жебелі электр жетектеріндегі коммутацияларды монтаждау. Релелі шкафтар мен сөрелерді, батареялы құдықтар мен жәшіктерді монтаждау. Сигналдық кабельдің шеткі топтық, қосылған және бірыңғайланған муфталарын бөлу. Кабельді СЦБ құрылғыларына (постқа, реле күркеге) қосу. Сигналдық кабельдің желілерін ажыратып және қаға отырып қосу. Сигналдық кабельді тексеру. Кабельді жерге және конструкциялар бойынша құрылымдарды құрастыра отырып тарту. Батареялық құдықтарға АБН-72 аккумуляторларын орнату және қосу. Кабельді жәшіктерді құрастыру және монтаждау. Жол индикаторлары мен жезл аппараттарды құрастыру және қосу.

Білуге тиіс. Монтаждалатын электр жабдығының электр сұлбасы және оларды тексеру тәсілдері, тірек құрылымдарын орнататын жерді, жабдықтарды және өткізгіштерді, кабель мен шиналарды тартатын трассаларды белгілеу тәртібі, өткізгіштердің жекелеген тораптарын жасау үшін олардың нобайын өлшеу және жасауды орындау тәртібі, ашық және қалқаланған шинасымдарды жинақтау және бекіту тәртібі, өткізгішті фазалау тәртібі мен орындалған сұлбаларды тексеру әдістері, басқару, сигнал беру және автоматика құрылғыларын тексеру және ретке келтіру әдістері, трансформатордың оқшаулағыш сипаттамасы.

352. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау

жөніндегі электр монтажшы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бағдаршамдарды, жарық көрсеткіштерін, маневрлі бағаналарды, жебелі орталықтандырғыштарды, көрсеткіш тақтаны монтаждау. Блок-аппараттарды қайта монтаждау. Электр орталықтандыру посттарында қоректендіруші және таратушы құрылғыларды монтаждау және қосу. Қағидалық сұлба бойынша СЦБ құрылғыларын монтаждауды түйісуі бойынша тексеру. Электр орталықтандырудың тұратын және еденге төселетін құрылғыларын және автоблокировканың айыру құрылғыларының сигнал беруін реттеу; СЦБ құрылғыларын сөндірмей ауыстырып қосу. Аспаптарды механикалық орталықтандыру және жартылай автоматты блоктау аппараттарында қосу және реттеу.

Білуге тиіс. Бақылау кабельдерін бөлу және монтаждау тәсілдері, таратушы қалқандардың, пульттердің, басқару және қорғану қалқандарының конструкциясы, барлық маркалы өткізгіштер мен арқандарды монтаждау тәсілдері, трансформаторлардың техникалық сипаттамасы, электротехникалық құрылғылардың құрылысы, объектілерді пайдалануға тапсырудың техникалық шарттары, жұмыстарды жарылыс қаупі бар аймақтарда орындау тәртібі, релелік қорғаныш туралы жалпы мәліметтер.

Арнайы (кәсіптік) орта білім талап етіледі.

Электр машиналары жөніндегі электр монтажшы


353. Электр машиналары жөніндегі электр монтажшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жерге қосу өткізгіштері мен шиналарына арналған бекіту бөлшектерін құрастыру және бекіту. Қапсырма шегелерді, ілмектерді магниттік іске қосқышқа арналғанқұрылымдарды құру. Кабельдің сыртқы кендірін қолмен ашу. Нақты өлшемді қажет етпейтін бекіткіш пен төсемнің ұсақ бөлшектерін жасау. Жерге қосқыш электродтарын қолмен енгізу. Кабельдер мен шиналардың өткізгіштерін бояу.

Білуге тиіс. Өткізгіштер мен кабельдердің негізгі маркалары, түсті және қара металдардың түржиыны, электр құрылымдарын жасаған және монтаждаған кезде қолданылатын материалдар, бекіту бөлшектері мен ұсаққұрылымдардың түрлері, электр монтаждау жұмыстарында қолданылатын құралдардың негізгі түрлері, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі.

354. Электр машиналары жөніндегі электр монтажшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұштары уақытша бітелген кернеуі 10 кВ дейінгі кабельдерді кесу. Дюбель қағу. Жерге қосу өткізгіштері мен шиналарының барлық түрлеріне арналған қабырға және жабық жерлерден өтетін жолды бекіту. Барабандарды орната отырып, өткізгіштерді жаю. Жерге қосу жүйелері мен нөлдеуші құрылғыларды монтаждау. Жабдықты бояу. Жабық және ашық типтегі таратушы пункттерді (шкафтарды) алу. Қарапайым аппараттар мен аспаптарды (тірек изоляторларды, тұтқалы жетегі бар ажыратқыш пен ауыстырып қосқышты, сақтандырғышты, реостатты, ток пен кернеулік трансформаторын және т.б.) бөлшектеу. Жерге қосу шиналарын дәнекерлеу және оларды қапсырма шегелер мен бекіту бөлшектеріне дәнекерлеу. Дәнекерленген жерді өңдеу және тесікті механикаландырылған құралмен тесу.

Білуге тиіс. Бекіту бөлшектері мен арматуралардың негізгі түрлері, қарапайым аспаптардың, электр аппараттарының және қолданылатын электрленген және пневматикалық құралдардың құрылымы, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі, қарапайым такелаждық құралдардың құрылымы мен оларды пайдалану тәсілдері, электр монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын дәнекерлеу жабдықтарының түрлері және оларды қолдану тәртібі, уақытша жарық сымдарын монтаждау және демонтаждау тәсілдері.

355. Электр машиналары жөніндегі электр монтажшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қимасы 70 мм² дейінгі барлық маркалы өткізгіштерді, кабельдерді, дәнекерлеуден басқа барлық әдіспен жалғау, ұштау және қосу. Қорғаныш құрылғыларын, қаптама мен қоршауларды орнату. Құбырларды, кабельдерді және бұрауларды таңбалау. Монтаждық поршенді тапаншаның көмегімен конструкциялар мен аппараттарды бекіту. Тартылған құбырлар мен кабельдерді таңбалау. Ұштамаларды кабельдерің желілері мен өткізгіштерге дәнекерлеу. Ток пен кернеудің электрмагнитті релесін тексеру және реттеу. Қапсырма шеге мен металл тіреуішқұрылымдарды орнату. оқшаулағыш кедергісін өлшеу.

Білуге тиіс. Монтаждалатын электр жабдығының құрылысы, арматураны жинақтау тәртібі, оқшаулаудың кедергісін өлшеу тәсілі, күрделілігі орташа электр сұлбаларын оқу тәртібі, барлық маркалы кабельдердің өткізгіштері мен желілерін жалғау, бітеу және қосу тәсілдері, болат және пластмасса құбырларды, кабельдер мен бұрауларды таңбалау тәсілдері, жабдықты ілмектеу және орнын ауыстыру тәртібі, механикаландырылған такелаждық жабдықтардың құрылысы мен оларды пайдалану тәсілдері, монтаждық поршенді тапаншаның құрылысы және оны пайдалану тәртібі, релелі қорғаныштың мақсаты, максималды ток қорғанышының сұлбасы мен қызмет ету қағидаты, таратқыш құрылғыларды монтаждау тәсілдері, майды кептіру және құюға арналған аппаратураның құрылысы.

356. Электр машиналары жөніндегі электр монтажшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр машиналарын құрастыру орнын белгілеу. электр машиналары мен салмағы 500 кг агрегаттарды олардың барлық қосындылары түрлерінде монтаждау және орталықтандыру. Қосалқы құрылғыларды машиналарда құрастыру. Коллекторларды тегістеу және жол салу. Щеткаларды сүрту. Электр машиналарын қосу сұлбасын тексеру және оларды қосуға дайындау. Роторларды, шестеренкаларды және салмағы 50 кг дейінгі муфталарды алу және орнату.

Білуге тиіс. Монтаждалатын электр жабдығының құрылысы және оларды тексеру тәсілдері, электр жабдығын тексеру және кептіру тәсілдері, тірек құрылымдарын, жабдықтарды және өткізгіштерді, кабельдер мен шиналарды тарту трассалары құрастыратын орынды белгілеу тәртібі, күшті және бақылау кабельдерін бөлу және монтаждау тәсілдері, өткізгіштердің, құрылымдардың, тораптардың және электр жабдықтардың блоктарын өлшеу және нобайын жасауды орындау тәртібі, ашық және қалқаланған шинамыстарды жинақтау және бекіту тәртібі, өткізгішті фазалау тәртібі және орындалған сұлбаларды тексеру әдістері, трансформаторлардың оқшаулағыш сипаттамасы.

357. Электр машиналары жөніндегі электр монтажшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр машиналары мен агрегаттарды құратын орынның осьтерін белгілеу. Машиналар мен салмағы 500 кг көп агрегаттарды, синхронды компенсаторларды, прокаттау қозғалтқыштары мен түрлендіргіштерді монтаждау, тексеру және орталықтандыру. Ротор, маховиктер, шестеренкалар мен салмағы 50 кг артық муфталарды алу және орнату. Монтаждалған машиналар мен агрегаттарды қосу тәсімін тексеру. Электр жабдықтарын тексеру және кептіру. Кесте бойынша кептіру режимін және майдың түрін таңдау. Электр жабдықтарының қосуға дайындығын тексеру. Электр жабдықтарын кептіру кезінде орамалауды индуктивтік жоғалту әдісімен орындау.

Білуге тиіс. Жоғары вольтті, бақылау және арнайы кабельдерді бөлу және монтаждау тәсілдері, тарату қалқандарының, пульттердің, басқару және қорғану қалқандарының құрылысы, электр жабдықтарын тексеру және реттеу әдістері, трансформаторлардың техникалық сипаттамасы, электр техникалық құрылғылардың құрылысы, объектілерді пайдалануға тапсырудың техникалық шарттары, жарылыс қаупі бар аймақтарда жұмыс істеу тәртібі, электр жабдықтарының релелі қорғанышы, конструкциясы, тораптары мен блоктары туралы жалпы мәліметтер, ашық және қалқаланған шинасымдарды құрастыру және бекіту тәртібі, өткізгіштерді фазалау тәртібі және орындалған сұлбаларды тексеру әдістері, трансформаторлардың оқшаулағыш сипаттамасы.

Арнайы (кәсіптік) орта білім талап етіледі.

Электр жабдықтар, күш және жарық беруші желілер

жөніндегі электр монтажшы
358. Электр жабдықтар, күш және жарық беруші желілер

жөніндегі электр монтажшы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бекіту құралдарын орнату және бітеу. Қапсырма шегелер, ілмектерді,құрылымдарды қағу. Кабельдің сыртқы кендір қаптамасын қолмен ашу. Нақты өлшемді қажет етпейтін бекітудің ұсақ бөлшектері мен төсемді жасау. Жерге қосу шиналары мен кабельдерді бояу. Кабельді орлар мен арналарда қалқалау. Дайын белгілер бойынша ұяшықтарды, тесіктер мен жыраларды тесу, тесіктерді бұрғылау және зенкерлеу, бұрандасын қолмен керту. Кабелі, жабдықтары мен материалдары бар барабандарды ашу және орау материалдарын жинау. Жабдықтарды тазалау және сүрту. Қарапайым төсемдерді орнату және алып тастау.

Білуге тиіс. Кабельдер мен өткізгіштердің негізгі маркалары, түсті және қара металдардың түржиыны, электр құрылымдарын жасаған және монтаждаған кезде қолданылатын материалдар, бекіту бөлшектері мен ұсаққұрылымдардың түрлері,электр монтаждау жұмыстарында қолданылатын құралдардың негізгі түрлері, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі.

359. Электр жабдықтар, күш және жарық беруші желілер

жөніндегі электр монтажшы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ұшын уақытша бітеп кернеуі 10 кВ дейінгі кабельдерді кесу. Дюбельдерді қағу. 6 лампаға дейінгі (люменесценциялы лампадан басқа) шырағданның барлық түрлерін, сөндіргіштерді, ауыстырып қосқыштар мен штепсельді розеткаларға қуат беру және орнату. Өткізгіштердің барлық түрлері үшін қабырғалар мен аралық жабындардағы өтетін жолды бітеу. Барабандарды орната отырып өткізгіштер мен кабельдерді жаю. Жерге қосу жүйелері мен нөлдеуші құрылғыларды монтаждау. Жабдықтар мен шиналарды (жерге қосқыш шиналардан басқа) бояу. Оқшаулағыш құбырлардағы өткізгіштерді, аудару мен бұрауларды, жабық және ашық типтегі таратушы пункттерді (шкафтарды) бөлшектеу. Қарапайым аппараттар мен аспаптарды (тірек изоляторларды, сөндіргіштерді, тұтқалы жетегі бар ажыратқыш пен ауыстырып қосқышты, сақтандырғышты, реостатты, ток пен кернеулік трансформаторын және т.б.) бөлшектеу. Дәнекерлеу орнын механикаландырылған құралмен өңдеу. Дайын белгілер бойынша ұяшықтарды, тесіктер мен жыраларды механикаландырылған құралмен тесу. Уақытша жарық беру өткізгіштерін тарту. Оқшаулағышты арматуралап және орната отырып сыртты жарықтандыратын бір тіреулі тіректер мен кронштейндерді құру. Кабельдер мен өткізгіштерге арналған тармақтаушы қорапты құру. Тұрғын үйлерде, мәдени-тұрмыстық және әкімшілік ғимараттарда электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау.

Білуге тиіс. Тірек құрылымдарының, арматуралар мен бекіту бөлшектерінің негізгі түрлері, қарапайым аспаптардың, электр аппараттарының және шырағданның құрылымы, электрленген және пневматикалық құралдардың құрылымы және оларды қолданудың тәртібі, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі, қарапайым такелаждық құралдардың құрылымы мен оларды пайдалану тәсілдері, уақытша жарық беру өткізгіштерін монтаждау және бөлшектеу тәсілдері, тұрғын үйлерде, мәдени-тұрмыстық және әкімшілік ғимараттарда электр монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау тәртібі.

360. Электр жабдықтар, күш және жарық беруші желілер

жөніндегі электр монтажшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қимасы 240 мм² дейінгі барлық маркалы өткізгіштер мен кабель желілерін, дәнекерлеуден басқа әртүрлі тәсілдермен жалғау, бітеу және қосу. Қорғаныш құрылғылары, қаптама мен қоршауларды құру. Тартылған құбырларды, кабельдер мен бұрауларды таңбалау. Монтаждық поршеньді тапаншаның көмегімен конструкциялар мен аппараттарды бекіту. Жарылғыш камерада ұштамаларды престеу. Ұштамаларды престеу және құбырларды преспен қосу. Ұштамаларды кабель мен өткізгіштің желілеріне дәнекерлеу. Ток пен кернеудің электр магнитті релесін тексеру және реттеу. Қапсырма шеге мен металл тіреуішқұрылымдарды құру.құрылымдарды желімдеу арқылы бекіту. Арқан өткізгіштерге арналғанқұрылымдарды орнату. Болат және пластмасса құбырларды жыраларға, еденге, фермалар мен бағаналарға тарту. Кабельді лотоктар мен тесілген монтаждық профильдерді тарту. Жабық тармақтаушы шинасым және салмағы 50 кг дейінгі осы сияқты басқа да жабдықтарды дайын белгі бойынша кіріспе және таратушы жәшіктерді, қалқандарды, бағдаршамдарды, реостаттарды, реттегіштерді, контроллерлерді, жолдық және соңғы сөндіргіштерді кедергілік жәшіктерді, төменвольтті аппаратуралары бар жәшіктерді, кіріспе және тармақтаушы қораптарды құрастыру. Жабдыққа май құю, майдың сынамасын алу және құю. Троллеұстағыштар мен қармауыштарды орнату. Электр жабдықтарының, кабельдер мен өткізгіштердің оқшаулағышының кедергісін өлшеу. Қимасы 240 мм² барлық түрлі және маркалы өткізгіштерді белгілеу және тарту. Өткізгіштерді барлық түрлі құбырларға тарту (жарылыс қаупі бар аймақтардағы өткізгіштерден басқа). Металл жеңдерді тарту. 7-12, егер люминесценциялы болса 4 лампасы бар шырағданды, барлық түрлі су мен шаңнан қорғайтын арматураларға қуат беру және орнату. Прожекторларды, сигналдық аспаптарды және аппараттарды орнату. Жарық бергіш желілерге өткізгіштерді тарту. Үш фазалы розетканы монтаждау. өткізгіштер мен кабельдерді қағу. Өнеркәсіптік ғимараттар мен инженерлік имараттарда электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау.

Білуге тиіс. Монтаждалатын электр жабдықтары мен желілердің құрылысы, оқшаулағыш кедергісін өлшеу тәсілдері, күрделілігі орташа электр сұлбаларын оқу тәртібі, барлық маркалы өткізгіштер мен кабельдерді қосу, бітеу және жалғау тәсілдері, болат және пластмасса құбырлар, кабельдерді таңбалау тәсілдері.

361. Электр жабдықтар, күш және жарық беруші желілер

жөніндегі электр монтажшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қимасы 240 мм² барлық маркалы құбырларды белгілеу және тарту (жарылыс қаупі бар аймақтардан басқа). Арқанда өткізгіштерді монтаждауға дайындау. 12-ден артық лампасы бар шырағдандарды, кронштейндер мен 4-тен астам лампасы бар люминесценциялы шамшырақтарға қуат беру және орнату. қоректендіруші және таратушы пульттер мен қалқандарды монтаждау. Сынапты лампасы бар шырағдандарға қуат беру және орнату. Жарылыстан қорғалатын етіп және қосылуын реттейтін құралдармен шырағданға қуат беру және орнату. Прожекторларды, шырағдандарды және блок қораптарын монтаждау. Салмағы 1 т дейін құбырды пакеттермен және блоктармен тарту. Құбырларды машина залдары мен прокаттық станоктардың іргетасы мен аралық жабындарында тарту. Өткізгіштер мен кабельдерді қораптарда, лотоктар мен шектерде буып тарту. Өткізгіштердің тораптарын өлшеуді мен нобайын жасауды орындау. Май қысымын өлшеу. Қосуды реттейтін және сигналдық аппаратураны, қоректендіруші және таратушы пункттердің құралдарын, қалқандардың, тетіктерді басқару пульттерін, бағдаршамдарды, реостаттарды, қашықтықтан басқару реттегіштерін, контроллерлерді, жолдық және соңғы сөндіргіштерді, кедергі жәшіктерін, тежегіш магниттерін, төменвольтті аппаратурасы бар жәшіктерді және басқа да салмағы 500 кг дейінгі жабдықтарды орнататын орынды белгілеу және монтаждау. Өздері жазатын құрылғылармен жарақтандырылған аспаптар мен аппараттарды монтаждау. Қимасы 800 мм² дейінгі ашық және жабық шинасымдарды (магистральдық, таратушы, жарық беруші, троллейлі). Трансформаторлық майды сүзу және кептіру. Сигнал бергіші бар қозғалтқыштарды қашықтықтан басқару сұлбасын сынау, энергияның активті және реактивті есептегішін қосу. Қосқыштарды, түйістіргіштерді, майлы сөндіргіштердің жетектерін және басқа да қосуды реттейтін аппаратураны реттеу.

Білуге тиіс. Электр жабдықтарын тексеру және кептіру тәсілдері, жабдықтардың тірек құрылымдарын орнату орны мен өткізгіштерді, кабельдер мен шиналарды тарту трассаларын белгілеу тәртібі,құрылымдарды, электр жабдықтарының тораптары мен блоктарының нобайын өлшеу және жасауды орындау тәртібі, ашық және қалқаланған шинасымдарды құрастыру және бекіту тәртібі, трансформаторлардың оқшаулағыш сипаттамасы.

362. Электр жабдықтар, күш және жарық беруші желілер

жөніндегі электр монтажшы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ішкі және сыртқы жарық беруші желілерді тарту трассаларын, конструкциялар мен электр жабдықтарының негізгі осьтерін орналастыратын орынды белгілеу. Жарылыс қаупі бар аймақтарда құбырларды, өткізгіштерді, арқан төсемдер мен күшті электр жабдықтарын тарту және сынау, осы жабдықтарды сынау және реттеу. Бірегей шырағдандарға қуат беру және орнату. Электр жабдықтары мен салмағы 1 т дейінгі блок құбырларды монтаждау. Басқару станцияларының таратушы қалқандарын, жоғары вольтты жабдықтары бар шкафтарды, электр сүзгілерін орнату (соның ішінде жартылай өткізгіштерге). Ашық шинасымдар мен қимасы 1200 мм² троллелерді монтаждау. Электролизді ванналарды шиналауды монтаждау. Сынап, кремний және басқа да түзеткіштер мен оларға қатысты электр жабдықтары мен форвакуумды сорғыларды іріктеу және монтаждау. Күрделі құбыр айырмасының, аса күрделі күшті өткізгіштерді, аспаптарды, аппараттар мен электр жабдықтарының жекелеген тораптарын нобайын өлшеу және жасауды орындау.

Білуге тиіс. Таратушы қалқанның, пульттердің, басқару және қорғау қалқандарының, станция тораптарының конструкциясы, күрделі электр сұлбаларын оқу тәртібі, электр жабдықтарын тексеру және реттеу әдістері, барлық типтегі жарық беруші өткізгіштерді монтаждау әдістері, трансформаторлардың техникалық сипаттамасы, жарылыс қаупі бар аймақтарда жұмыс істеу тәртібі, релелі қорғаныш туралы жалпы мәліметтер.

Салмағы 1 т артық электр жабдықтарын, қимасы 1200 мм² троллелерді монтаждау кезінде – 7-разряд.

6-7-разрядтарды беру үшін арнайы (кәсіптік) орта білім талап етіледі.

Жоғары кернеулі әуе желісі мен түйісу желілерін

монтаждау жөніндегі желілік электр монтері


363. Жоғары кернеулі әуе желісі мен түйісу желілерін

монтаждау жөніндегі желілік электр монтері 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Нақты өлшемді қажет етпейтін бекітудің ұсақ бөлшектерін жасау. Жерге қосқыштарды қолмен тереңдету. Орнатылмаған ВЛ болат тіректер мен ашық кіші станция құрылымдарын тазалау. Тіреуіштің бекіту бөлшектері мен жерге қосу шиналарын бояу. Ағаш тіректердің бөлшектеріне кистьпен зарарсыздандырғыш құрамды жағу. Барабандардың қаптамасын ашу және оларды өңдеу. Өткізгіштер мен арқандарды қолмен жаю.

Білуге тиіс. Желілік арматуралардың, оқшаулағыштардың, өткізгіштер мен арқандардың негізгі маркалары, болат пен метиздердің түржиыны, зарарсыздандырғыш құрамалармен жұмыс істеу тәртібі және ағаш материалдарын зарарсыздандыру тәсілдері, теміржол көлігінде сигнал беру тәртібі, жерге қосу өткізгіштері мен шиналарын бояу әдістері, жерге қосқыштарды қолмен тереңдету тәсілдері, қол құралдары мен аспаптарының атаулары мен пайдалану мақсаты.

364. Жоғары кернеулі әуе желісі мен түйісу желілерін

монтаждау жөніндегі желілік электр монтері 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ілмектерді, қадалықтар мен оқшаулағыштарды орнатылмаған тіреуіштерге орнату және алып тастау. Барабандарды орната отырып, болат арқандарды, тростар мен біржелілік өткізгіштерді жаю. Штангалар мен сырықтарды қолданып кернеулі 20 кВ дейінгі ВЛ тіректеріне өткізгіштерді көтеру. Өткізгіштер мен арқандарды кесу және шабу. Жерге қосушы шаппаларын тарту, жерге қосу контурын монтаждау. Жерге қосқыштарды механикаландырылған құралдармен тереңдету. Темір бетонқұрылымдарды гидрооқшаулау. ВЛ орнатылмаған болат тіректері мен ашық кіші станция құрылымдарын бояу. Тіректерді нөмірлеу және кестелер мен плакаттарды бекіту. Барабандарды тігіп өткізгіштер мен арқандарды барабандарға орау. Конструкциялар мен материалдарды тасып тарату.құрылымдарды қолмен қозғалту.

Білуге тиіс. Бекіту бөлшектері, арматуралар, оқшаулағыштар, өткізгіштер мен арқандардың түрлері, қарапайым электрленген және пневматикалық қол құралының құрылысы, ВЛ құрылыс құрылымдары мен кіші станциялардың негізгі түрлері, қарапайым такелаждық құралдарды орнату және оларды пайдалану тәртібі, жерге қосу және нөлдеу тәртібі.

365. Жоғары кернеулі әуе желісі мен түйісу желілерін

монтаждау жөніндегі желілік электр монтері 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. ВЛ тіректері мен салмағы 5 т дейінгі ашық кіші станция құрылымдарын құрастыру. Ағаш тіректердің бөлшектерін дайындау. Тіректер мен салмағы 1 т дейінгі ашық кіші станция құрылымдарын орнату және бөлшектеу. Кернеуі 150 кВ дейін, ал арқандардың кернеуі 750 кВ дейінгі ВЛ тіректеріне өткізгіштерді жаю және көтеру. Өткізгіштер мен арқаннан шаппа, аралық жабын, ілмек және жартылай ілмек жасау. Разрядтауыштарды орнату. Аралықтардағы қорғаныш құрылғылары. Кернеуі 220 кВ дейінгі ВЛ-ге арналған оқшаулағыштар мен арматураларды оқшаулаушы ілмектерге құрастыру. Қимасы 70 мм² өткізгіштер мен арқандарды қосу. Өткізгіштерді кернеуі 1 кВ дейінгі ВЛ қадалық оқшаулағыштарына бекіту. Жерден тасымалдаушы арқанда буындық және иілгіш шектерді белгілеу және орнату. Арматураны консоль мен иілмелі маңдайшада орналастыру. Теңгеріп анкерлеу жүктерінің, тіректегі фиксаторлы және фидерлі кронштейн шектеулерін орнату. Жерде орташа анкеровканы монтаждау. Жерден тіректе тасымалдаушы арқанның ілмегі. Оқшаулағыштарды жерде өткізгіштер мен арқандарға бұрау. Рельстер арасындағы қосындыларды монтаждау. Арқандық тартуларды жасау және оларды тіректерге қосу. Қатаң маңдайшаларды жинақтау. ВЛ орнатылған тіректері мен ашық кіші станциялардың құрылымдарын бояу. ВЛ-дің өткізгіштері мен арқандарын және кернеуі 150 кВ дейінгі түйіспе желілерді бөлшектеу. Кернеуі 20 кВ дейінгі желінің біртіреулі тірегін түзету. Кабельді каналдар мен апатты май ағызғыштың құрылымы. Әуе желілерін ғимараттарға енгізуді монтаждау. Тіректегі шырағдандарды монтаждау.

Білуге тиіс. ВЛ тіректері және ашық кіші станция құрылымдарын жинақтау және орнату тәсілдері, оқшаулағыштар мен арматураларды оқшаулаушы ілмектерге жинақтау және құрастыру тәртібі, өткізгіштер мен арқандарды қосу тәсілдері, тіректердегі өткізгіштер мен арқандарды көтеру және бекіту тәсілдері, өткізгіштер мен арқандардан шина, шаппа, аралықтар мен ілмектер жасау және орнату тәсілдері, тіректегі разрядтауыштарды, жүк шектегіштер мен фидерлік кронштейндерді орнату тәсілдері, өткелдерге арналған қорғаныштың түрлері мен оларды орнату тәсілдері, механикаландырылған такелаждық жабдықтар мен құралдарды пайдалану тәсілдері, шырағдандардың түрлері мен оларды орнату.

366. Жоғары кернеулі әуе желісі мен түйісу желілерін

монтаждау жөніндегі желілік электр монтері 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. ВЛ тіректері мен салмағы 5-10 т дейінгі ашық кіші станция құрылымдарын құрастыру. Тіректер мен салмағы 1,5-5 т дейінгі ашық кіші станция құрылымдарын, іргетастарға шарнирлік орнатылатын тартқыштағы тіректерден басқаларын орнату және бөлшектеу. Қимасы 70-800 мм² дейінгі өткізгіштер мен арқандарды қосу. Түсті металдардан жасалған көпсымды өткізгіштерді жаю. ВЛ тіректеріне өткізгіштердің кернеуі 150-750 кВ дейінгі және арқандардың кернеуі 750 кВ артық жаю және көтеру. Кернеу 1 кВ жоғары ВЛ қадалық оқшаулағыштарда өткізгіштерді бекіту. Кернеуі 220 кВ жоғары ВЛ үшін оқшаулаушы ілмектерге оқшаулағыштар мен арматураларды жинақтау. Өткізгіштер мен арқандарға дірілді тоқтатқыштар мен қашықтықтық тіректерді орнату. Кернеуі 150 кВ дейінгі ВЛ тіректерінде өткізгіштер мен арқандарды тарту, реттеу және алмастырып салу. Шлейфтерді монтаждау. Түйіспе өткізгіштерге шектеу қою. Бір және екіжолды консольдерді орнату. Иілмелі маңдайшаларды монтаждау. Орташа анкерлеуді монтаждау. Барлық типтегі электр жалғастырғыштар мен жетектерді орнату. Өткізгіштерді қоректендіретін және күшейтетін тасушы арқанды қатаң анкерлеу. Шынжыр ілмекті консольдің табанына көтеру және тоқымға ауыстыру. Кернеуі 150 кВ жоғары ВЛ өткізгіштері мен сымдарын бөлшектеу. Кернеуі 20 кВ дейінгі ВЛ күрделі тіректерін түзету.

Білуге тиіс. ВЛ пикеттері мен түйіспелі желілерде қазан шұңқырларды және тіректерді кіргізу орындарын жасау тәсілдері, түйіспе желілердің өткізгіштерін фазалау тәртібі мен сұлбалар бойынша орындалған жұмыстарды тексеру әдістері, түсті металдан жасалған көпсымды өткізгіштерді жаю тәсілдері, ВЛ өткізгіштері мен арқандарында қашықтықтық тіреулерді, дірілдерді тоқтатқыштарды және түйіспе өткізгішті шектеуді орнату тәсілдері, шлейфтерді, иілмелі маңдайшаларды, анкерлік учаскелердің жанасуын монтаждау тәсілдері, өткізгіштер мен арқандарды ауыстырып салу тәсілдері, кернеуі 150 кВ дейінгі ВЛ өткізгіштері мен арқандарын және аралықтағы және станциялардағы түйіспе ілмек шынжырларын реттеу тәртібі, түйіспе желінің тіректерінде өткізгіштерді қатаң анкерлеу тәсілдері, түйіспе желілердің жебелері мен қосылған жерлерін монтаждау және бөлшектеу.

367. Жоғары кернеулі әуе желісі мен түйісу желілерін

монтаждау жөніндегі желілік электр монтері 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. ВЛ тіректері мен салмағы 10-25 т дейінгі ашық кіші станция құрылымдарын құрастыру. Темір бетон іргетастарды орнату және салыстыру. Тіректер мен салмағы 5-20 т дейінгі ашық кіші станция құрылымдарын, салмағы 15 т дейінгі іргетастарға шарнирлік орнатылатын тартқыштағы тіректерден басқаларын орнату және бөлшектеу. Қимасы 800 мм² артық өткізгіштер мен арқандарды қосу. Кернеуі 750 кВ артық ВЛ тіректеріне өткізгіштерді жаю және көтеру. Түйіспе өткізгіштердің тартқышы жүктік теңгерімінің түйінін монтаждау. Түйіспе өткізгіштер мен тасушы арқанды теңгеріп анкерлеу. Шынжыр ілмектің белгіленген тартуын, анкерлік учаскелердің, әуе стрелкаларының, түйіспе желілердің жасанды ғимараттарда, секциялық оқшаулағыштарда жанасуын монтаждау. Пайдаланылатын магистральді темір жолдарға тірек орнату. Кернеуі 150-750 кВ жоғары ВЛ тіректерінде өткізгіштер мен арқандарды тарту, реттеу және алмастырып салу. Кернеуі 750 кВ дейінгі ВЛ өткізгіштерінің транспозициясын монтаждау. Кернеуі 750 кВ дейінгі ВЛ тіректерін түзету. Кернеуі 20 кВ дейінгі ВЛ трассаларын салу.

Білуге тиіс. Кернеуі 750 кВ дейінгі ВЛ өткізгіштерінің транспозициясын монтаждау тәртібі, өткелдерде өткізгіштер мен арқандарды монтаждау тәртібі, түйіспе өткізгіштер мен тасушы арқанды теңгеріп анкерлеу тәсілдері, шынжыр ілмектің белгіленген тартуын, анкерлік учаскелердің, әуе стрелкаларының, түйіспе желілердің жасанды ғимараттарда, секциялық оқшаулағыштарда жанасуын монтаждау тәсілдері, магистральді және станциялық темір жол желілерінде тірек орнату және тексеру тәсілдері, көшпелі радиостанцияның түрлері мен олармен жұмыс істеу тәртібі, теодолиттер мен нивелирлердің типтері мен оларды пайдалану тәртібі.

368. Жоғары кернеулі әуе желісі мен түйісу желілерін

монтаждау жөніндегі желілік электр монтері 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. ВЛ тіректері мен салмағы 25 т артық ашық кіші станция құрылымдарын құрастыру. ВЛ тіректері мен салмағы 20 т артық ашық кіші станция құрылымдарын және салмағы 15 т артық іргетастарға шарнирлік орнатылатын тартқыштағы тіректерден басқаларын орнату және бөлшектеу. Тұтасқұймалы іргетастарды орнату. Кернеуі 750 кВ жоғары ВЛ өткізгіштерінің транспозициясын монтаждау. Үлкен су бөгеттері арқылы өткелдерде өткізгіштер мен арқандарды монтаждау. Кернеуі 750 кВ артық ВЛ-де өткізгіштер мен арқандарды тарту, реттеу және ауыстырып салу. Іргетастарды, тіректерді, өткізгіштер мен арқандарды тікұшақтардың көмегімен монтаждау. Трассаның жекелеген учаскелерін бөлінісін және кернеуі 20 кВ жоғары қазаншұңқырлардың іргетасы мен осьтерін белгісін қалпына келтіру.

Білуге тиіс. Тұтасқұймалы темір бетон іргетастарды орнату және тексеру тәртібі, үлкен су бөгеттері арқылы өткелдерде өткізгіштер мен арқандарды монтаждау тәртібі, ВЛ имараттарында монтаждау жұмыстарын тікұшақтық техниканы қолдана отырып орындау тәсілдері, кернеуі 750 кВ жоғары ВЛ-де өткізгіштер мен арқандарды реттеу тәртібі, ВЛ жекелеген трассалары учаскелері бөлінісін қалпына келтіру тәсілдері (өндірушілік пикетаж).

Арнайы (кәсіптік) орта білім талап етіледі.

Құрылыс электр слесары


369. Құрылыс электр слесары 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өткізгіштерді, жерге қосу желілерін, электр жабдықтарының құрылысын бекітуге арналған ұсақ бөлшектерді жасау. Конструкцияларға ұсақ бөлшектерді орнату. Нақты өлшемді қажет етпейтін оқшаулағыш аралықтарды жасау. Жабдықтардың қарапайым түрлерін, кабелі мен өткізгіштері бар барабандарды ашу. Дәнекерлеу орнын қолмен өңдеу.

Білуге тиіс. Электр құрылымдарын жасау және жинақтау кезінде қолданылатын негізгі материалдар, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі, электр құрылымдары мен бөлшектердің негізгі түрлері.

370. Құрылыс электр слесары 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қол құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, дөңгелек, жолақ және бұрышты болаттан жасалған дайындаманы кесу, шабу және түзету. Электр ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ бөлшектеріндегі тесіктерді бұрғылау және кесу. Екі-үш бөлшектен тұратын күрделі емес электр құрылымдарын жасау. Металл және пластмасса құбырларды қолмен кесу. Дәнекерлеу орнын механикаландырылған тәсілмен өңдеу.

Білуге тиіс. Электр құрылымдарын жасаған кезде қолданылатын қара және түсті металдардың, болат және пластмасса құбырлардың түржиыны, кернеуі 1 кВ өткізгіштер мен кабельдердің негізгі маркалары, қарапайым электр сұлбаларын оқу тәртібі, қолданылатын оқшаулау материалдарының қасиеттері, электрленген және пневматикалық құралдардың, станоктар мен механизмдердің құрылысы және олармен жұмыс істеу тәртібі, қарапайым такелаждық құралдардың негізгі түрлері және олармен жұмыс істеу тәртібі, материалдар мен жабдықтарды жинақтау тәртібі.

371. Құрылыс электр слесары 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтыр және профильді болатты, құбырларды, шиналарды станокта түзету, белгілеу және кесу. Зенкерлеу, құбырдың ұшынан бұранда ою, қоныштарды жасау. Қаңылтыр және профильді болатты, құбырларды, шиналарды әр түрлі тәсілдермен белгіленген қисық радиусты сақтай отырып, ию. Тролле, жарықтандырылған белгілер мен көрсеткіштерге арналғанқұрылымдарды жасау және жинақтау. Жарықтандырылған белгілер мен бағдаршамның жарық беретін арматураларына, кабельдерді, кронштейндерді, бір аппаратты орнатуға арналғанқұрылымдарды, қорғаныш қаптамаларды, тор қоршаулары мен автомобиль жолдарында жұмыс істеуге арналған қоршауларды әне т.б. бекіту. Оқшаулағыш материалдарды өңдеу. Конструкцияларға оқшаулағышты, 1 кВ жоғары кернеуге сақтандырғышты, ажыратқышты, сигналды лампаны және т.б. орнату. Дөңгелек және жолақты шиналарды түзету.

Білуге тиіс. Күрделілігі орташа электр схемаларын, машинажасаудың бөлшектік және жинақтау сызбалары мен үлгілерді оқу тәртібі, технологиялық желілердегі жұмыстардың тәртібі, бөлшектер менқұрылымдарды маркерлеу тәртібі мен тәсілдері, материалдар мен жабдықтарды жинақтау тәртібі, жүктерді ілмектеу және қозғалту тәсілдері, механикаландырылған такелаждық жабдықтардың құрылысы мен оларды пайдалану тәртібі.

372. Құрылыс электр слесары 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конструкция бөлшектерін үлгілер мен сызбалар бойынша белгілеу. Күрделігі орташа қалыптарды, қаңқалар мен панельдерді, қалқандарды, пульттерді, шкафтар мен бағдаршамдарды, электр құрылымдарын жасау. Құбырларды блоктар мен пакеттерге жинақтау. Магистральдық жиналмалы және қимасы 800 мм² дейінгі тармақталған шиналарды жасау және блоктарға жинақтау. Шиналар мен электр жабдықтарын түйіспелі шықпаларға реттеуіштер, төсемдер жасау. Электр жабдықтары мен шиналардың түйіспелі бетін өңдеу. Оларға ажыратушылар мен жетектер орнату. Конструкцияларға жоғары вольтті электр жабдықтарын, өлшеу, басқару және қорғау аспаптары мен аппараттарын орнату. Дәнекерлеу үшін күрделі электр құрылымдарының бөлшектері мен тораптарын құрастыру. 4-ке дейін лампасы бар люминесценциялы шырағдан мен бағдаршамды блоктарға құрастыру. Бағдаршамды монтаждау үшін металлқұрылымдарды құрастыру. Автокөлік қозғалысы бағытының көрсеткіштерін жасайтын тіректерді жасау және құрастыру. Кабельдікқұрылымдарды, қораптар мен лотоктарды құрастыру.

Білуге тиіс. Күрделі электр сұлбаларын оқу тәртібі, түйіспе бетті өңдеу тәсілдері.

373. Құрылыс электр слесары 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сызбалар бойынша аса күрделі электр құрылымдарын жасаған кезде бөлшектерді белгілеу. Аса күрделі бегілеу және монтаждау қалыптарын жасау. Төмен вольтті және жоғарғы вольтті жинақтаушы тарату құрылғыларын жасау және монтаждау және оларды блоктарға құрастыру. Электр жабдықтарын реттеу. Магистральдық жиналмалы және қимасы 800 мм² астам тармақталған шиналарды, бағдаршамдарға арналған күрделіқұрылымдарды монтаждау бұйымдарын жасау және блоктарға жинақтау. Бағдаршамдарға арналған 4-ке дейін лампасы бар люминесценциялы шырағдан мен қосымша секциялы бағдаршамдарды блоктарға құрастыру. Шкафтарды, қалқандар мен басқару станцияларын блоктарға жинақтау.

Білуге тиіс. Аса күрделі электр сұлбаларын оқу тәртібі, таратушы қалқандардың, пульттер мен басқару және қорғау шкафтарының түрлері мен конструкциясы.

Арнайы (кәсіптік) орта білім талап етіледі.

БТБА 1988 жылғы шығарылымының қолданыстағы бөлімдері бойынша кәсіптердің өзгерген атаулары көрсетілген осы бөлімде көзделген кәсіптер атауларының тізбесі БТБА-ның (3-шығарылым) 2-қосымшада келтірілген.

БТБА шығарылымдарының қолданыстағы бөлімдерінде көзделген, кәсіптердің өзгерген атаулары көрсетілген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі БТБА-ның (3-шығарылым) 3-қосымшада келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет