Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 21. СЕЛЕН ӨНДІРІСІН СЫНАУШЫ



бет29/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
§ 21. СЕЛЕН ӨНДІРІСІН СЫНАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылымды электр жабдықтары мен электр аппаратурасының күрделі сынақтарының схемаларын толық құрастыру. Селен өндірісінің технологиялық жабдығының жұмысын сынау және тексеру, сипаттамасын алу. Жоғары вольтті жабдықтар мен кернеуі жоғары трансформаторларды сынау. Электронды аппаратура тораптарын тексеру, баптау және сынау. Жабдықтар мен аппаратураны құрастыру және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: сынақ станциясының немесе лабораториясының толық электр схемасы, сынауға арналған күрделі өнеркәсіптік құрылғылардың өлшем схемалары және селен өндірісінің арнайы жабдықтары; электротехника және радиотехника негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 22. ЖЕЛІМДЕУШІ-НЫҒЫЗДАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қағаз төсеме мен алюминий фольганы селен элементтерге жабыстыру. әр түрлі элементтерді қол нығыздауышының көмегімен жабыстыру және нығыздау. Желімделген селен элементтерін плитадан алып, ыдыстарға салу. Нығыздауыштың жұмыс бөлігін тазалау. Кабельді қағаздан жасалған оқшаулауыш түтіктерді түтік орағыш станокта орау және казеин желіммен жабыстыру. Түтікті арнайы станокта кесу. Станокты оқшаулауыш түтікті орау және кесу үшін баптау. Триацетат пленкадан жасалған түтікті орау және жабыстыру. Хлороформ қоса отырып триацетат пленкадан желім дайындау. Термостатта кептіру.

Білуге тиіс: селен элементтерін жабыстыру және нығыздауға арналған қол нығыздауыштың құрылысы; ұстау уақыты; қол нығыздауышының жұмыс бетінің ластануының селен элементтерінің сапасына тигізетін әсерінің сипаты; түтік орағыш станок пен түтікті кесуге арналған станоктың құрылысы, жұмыс және баптау қағидасы; триацетат қабаттан жасалған түтіктерді орау және жабыстыру ережесі; термостаттың құрылысы және жұмыс қағидасы; триацетат желімін дайындау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Гетинакстан, текстолиттен, шыны текстолиттен жасалған панельдер, төсемдер – бетінің жылтырының бұзылуы және жабыстыру.

2. Кабельді қағаздан және триацетат қабықтан жасалған оқшаулауыш түтіктер – жабыстыру.
§ 23. ЖЕЛІМДЕУШІ-НЫҒЫЗДАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен элементке қағаз төсемдер мен алюминий фольганы жартылай автоматта жабыстыру. Әр түрлі элементтерді жабыстыру және нығыздау. Жабыстырылған селен элементтерін жартылай автоматтан алу және ыдыстарға салу. Жартылай автоматты тазалау және азын-аулақ ақаулықтарын жою.

Білуге тиіс: селен элементтерін жабыстыру және нығыздауға арналған жартылай автоматтардың құрылысы және баптау тәсілдері; іске қосу құрылғыларын пайдалану ережесі; жартылай автоматтардың жұмыс бетінің ластануының селен элементтерінің сапасына тигізетін әсерінің сипаты; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс режимін реттеу ережесі; өңделетін бұйымдардың өлшемдеріндегі шекті ауытқулар; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.


§ 24. СЕЛЕН ТҮЗЕТКІШТЕРДІ МОНТАЖДАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен түзеткіштерді монтаждау және дәнекерлеу. Аралықтар мен линоксин түтіктерін өлшемі бойынша кесу. Панелі бар октальді аяқты қажетті өлшемдерді сақтай отырып монтаждау және дәнекерлеу. Қосылған жерлерді майсыздандыру және қалайылау. Түзеткіштердің тораптары мен бөлшектеріндегі түрлі ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: түзеткіштерді монтаждау схемалары; селен түзеткіштерді жасау технологиясы жөніндегі қысқаша мәліметтер; дәнекерлеуге арналған әр түрлі құрылғылар мен аспаптарды (электр дәнекерлегіш, пинцет, қысқыш, тұғырлар және т.б.) пайдалану ережесі; дәнекерлердің маркасы, флюстердің мақсаты; селен түзеткіштерді монтаждау және дәнекерлеудің негізгі тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Дәнекерлеу орны - майсыздандыру және қалайылау.

2. Қалқаны бар октальді аяқты - монтаждау.

3. Панель – монтаждау және дәнекерлеу.

4. Сым, линоксин түтіктер - өлшемі бойынша кесу.

§ 25. СЕЛЕН ТҮЗЕТКІШТЕРДІ МОНТАЖДАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрылымды селен түзеткіштерді монтаждау және дәнекерлеу. Селен бағаналарын қағидаттық схемалар бойынша негізіне монтаждау және октальді аяқ шықпаларының ұштарын селен түзеткіштердің аралықтарымен сызбаға сәйкес қосу. Қосылған жерлерін дәнекерлеу.

Білуге тиіс: түзеткіштерді қағидаттық және монтаждау схемалары бойынша монтаждау тәсілдері; монтаждаудың тиімді жүйелілігін таңдау ережесі; дәнекерлеуге арналған әр түрлі құрылғылар мен құралдардың құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары; дәнекерлердің негізгі қасиеттері; флюстердің мақсаты; селен түзеткіштердің мақсаты және қолданылуы; электротехниканың негізгі заңдары мен ауқымы; сызбалар мен схемаларды оқу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Арнайы құрылымды бұйымдар - монтаждау.

2. Дәнекерлеу орны - майсыздандыру.

3. Окталь аяқтың шықпалармен қосылысқан жері – дәнекерлеу.

4. Қалқаланған окталь аяқты монтаждау.

5. Түзеткіштердің негіздері – монтаждау және дәнекерлеу.

6. Түзеткіш корпусы бар негіздер - монтаждау және дәнекерлеу.


§ 26. ШООПБАЛҚЫМА МЕН ВИСМУТТЫ БАЛҚЫТУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік екі немесе үш компонентті балқымаларды электр пештерінде немесе электр ванналарында пісіру. Дайын балқыманың белгіленген пайыздық құрамы және компоненттердің кему пайызы бойынша шикіқұрамды есептеу, талдаманы іріктеу.

Білуге тиіс: пештер мен астаулардың, реттеуші және бақылаушы аппаратура мен аспаптардың құрылысы; өңделетін материалдың атауы мен таңбалануы; пісіру режимі; балқыманың сапасына қойылатын негізгі талаптар.


§ 27. ШООПБАЛҚЫМА МЕН ВИСМУТТЫ БАЛҚЫТУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік екі немесе үш компонентті, әр түрлі металдардың тұнбасымен қоспаланған балқымаларды пісіру. Висмут қалдығын электролитпен тазалау. Тұнбаларды есептеу және дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау ережесі; қоспаланған тұнбалардың селен элементтерінің өлшемдеріне тигізетін әсері; балқымалардың анағұрлым тиімді құрамы және оларды алу әдісі; электролиздеу кезінде қолданылатын тұздардың қасиеттері.


§ 28. ШООПБАЛҚЫМА МЕН ВИСМУТТЫ БАЛҚЫТУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түсті металдар мен өндірістік екі, үш және төрт компонентті, әр түрлі металдардың тұнбасымен қоспаланған балқымаларды пісіру. Астаулар мен электр пештерінің дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету. Балқыту барысын бақылау және технологиялық режимдерді сақтау. Тұнба және қоспаланған материалдарды есептеу және салу, араластыру, шлакты алу, металл мен балқымаларды металл қалыптарға құю, жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жағдайын бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау ережесі; балқыту, тазалау, пісіру, қоспалау процессі және режимі; шикіқұрамның құрамына енетін компоненттердің негізгі физикалық және химиялық қасиеттері; балқымалардың анағұрлым тиімді құрамы; сұйық металдың ауамен араласуының алдын алу тәсілдері; бақылау-өлшеу жабдығының жұмыс қағидасы.


§ 29. ТҮЗЕТКІШТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түзеткіштерді жұмыс сызбаларына сәйкес құрастыруға арналған бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды дайындау және жинақтау. Бөлшектердің құрастыруға дайын екендігін сыртқы түрі бойынша анықтау. ВКВ типті купрокс түзеткіштерді арнайы құрылғыларды қолдана отырып құрастыру. Түзеткіштердің кесектерін станокта жаншу. Триацетат қабатқа арналған корпустарды дайындау. Таблетка элементтерін пленкадан жасалған корпустарға құрастыру. Қалқаланған окталь аяқты қажетті өлшемдерді сақтай отырып құрастыру және дәнекерлеу. Сырланбаған селен түзеткіштерді конвейерлік тізбектен кергіш түйрегішпен алу және оларды түрлері бойынша бөлу, церезинмен тазалау. Құрастырудың дұрыстығын пультпен тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының атауы және қолданылу шарттары; түзеткіштердің құрастырма және электр схемасы; құрастыру кезінде қолданылатын материалдар мен бөлшектердің атауы және негізгі қасиеттері; түзеткіштерді жасау технологиясы жөнінде қысқашы мәліметтер және оларды сақтау ережесі.


§30. ТҮЗЕТКІШТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Модуляторлық түзеткіштер мен арнайы мақсаттағы ұсақ түзеткіштерді құрастыру. Модуляторларды герметикаландыру. Селен түзеткіштердің герметикаландырылған пакетті, таблеткалы, арнайы құрылымдарын сызбалар бойынша олырдың құрылымын ескере отырып құрастыру және дәнекерлеу. Ашық құрылымды түзеткіштерді кергіш түйреуіште құрастыру. Аралықтарды негізіне қағидаттық электр схемасы бойынша құрастыру және дәнекерлеу. Шықпаларды механикалық біріктіру және қосылыс жерлерін дәнекерлеу. Түзеткіштердің негізгі электр өлшемдерін өлшеу пультінде тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері; құрастыру кезінде қолданылатын арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; құрастыру ережесі, түзеткіштердің мақсаты және олардың негізгі электр өлшемдерін тексеру ережесі; түзеткіштердің электр схемалары; герметикаландыру үшін құю массасын дайындаудың рецептурасы мен ережесі; селен элементтерін сыныптарға, топтарға, шағын сыныптар мен шағын топтарға жіктеу; түзеткіштерді жасау технологиясы жөнінде қысқашы мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Түзеткіш блоктар - құрастыру.

2. Панельдер - ПОС-61монтаждау және дәнекерлеу; люфтіні көзбен шолып бақылау.

3. Негізі бар селен бағаналар - монтаждау.

4. Селен таблеткалар - корпустарға алу.

5. Дөңгелек және төрт бұрыш пішінді селен элементтер – керме түйреуішке алу.


§ 31. ТҮЗЕТКІШТЕРДІ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен түзеткіштердің күрделі бөлшектері мен тораптарын МТП-75-11 типті электр дәнекерлеу машинасында, қажетті режимді таңдап және орната отырып электрлік дәнекерлеу. Дәнекерленген тораптардың беріктігі мен герметикалығын тексеру. Электр дәнекерлеу машинасын баптау.

Білуге тиіс: дәнекерлеу машинасының құрылысы мен жұмыс қағидасы; селен түзеткіштер тораптарының монтаждарын қабылдау; электр дәнекерлеу бойынша негізгі мәліметтер; дәнекерленген қоспалардың түрлері мен мақсаты; дәнекерленген қоспалардың сапасына қойылатын талаптар; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

1. Корпус – табанымен дәнекерлеу.

2. Негіз – сақинасымен дәнекерлеу.
§ 32. ТҮЗЕТКІШТЕРДІ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрылымды селен түзеткіштердің күрделі бөлшектері мен тораптарын МТМПК-350-1, МРПК -600-1 типті электр дәнекерлеу машинасында дәнекерлеу. Дәнекерлеу үшін қажетті режимдерді белгілеу және таңдау (қыздыру, импульс уақыты мен жиілігі). Дәнекерлеу сапасын механикалық сынақпен тексеру.

Білуге тиіс: МТМПК-350-1, МРПК-600-1 типті дәнекерлеу машиналарының құрылысы, электр схемасы, баптау және дәлдігін тексеру ережесі; арнайы құрылымды герметикаланған селен түзеткіштердің тораптарын монтаждауды қабылдау; электротехника бойынша негізгі мәліметтер; дәнекерленетін тораптар мен бұйымдардың мақсаты; қарапайым қоспалардың беріктігінің мәні; дәнекер сапасын анықтау әдістемесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Негіз - октальді аяқпен және сақинасымен дәнекерлеу.

2. Селен түзеткіштер - окталь аяқпен дәнекерлеу.
§ 33. КУПРОКС ЖӘНЕ СЕЛЕН ТҮЗЕТКІШТЕРДІҢ ТЕРМИСТІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Купрокс түзеткіштерге арналған мыс дайындамаларды (платалар мен шайбалар) термоөңдеуге дайындау. Мыс дайындамаларды термоөңдеуге арналған құрылғыларға ілу. Құрылғыларға алу және салу кезінде оларға дайындамаларды іле отырып, электр пештерге қызмет көрсету. Термоөңделген дайындамаларды кептіргіш шкафта кептіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; оның маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары; өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы; құрылғыларға купрокс түзеткіштердің дайындамаларын термоөңдеу үшін ілу.


§ 34. КУПРОКС ЖӘНЕ СЕЛЕН ТҮЗЕТКІШТЕРДІҢ ТЕРМИСТІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен түзеткіштерге арналған алюминий табақтарын газсыздандыру және электр пештерінде термоөңдеу процессін жүргізу. Контейнерге алюминий табақтарын толтырып салу және оны пешке орнату. Электр пештің температурасын термореттеуішпен реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы; алюминий табақтарын газсыздандыру және электр пештерінде термоөңдеу режимі; бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары; термоөңделген табақтарды кейінгі операцияларға арнап орналастыру ережесі; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері; металды термиялық өңдеудің негіздері.


§ 35. КУПРОКС ЖӘНЕ СЕЛЕН ТҮЗЕТКІШТЕРДІҢ ТЕРМИСТІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ірі және ұсақ купрокс түзеткіш элементтерін қуаты 35 және 15 квт электр пештерінде термоөңдеу процессін жүргізу. Жарық сезгіш элементтерді өңдеу. Элементтерді шынықтырғыш астауда шынықтыру. Ілінген платалары мен шайбалары бар, сондай-ақ таблеткалар төселген құрылғыларды электр пештеріне салу және оннан шығару.

Білуге тиіс: купрокс түзеткіш элементтерін термоөңдеуге арналған қуаты 35 және 15 квт электр пештерінің құрылысы; ірі және ұсақ купрокс түзеткіш элементтерін термоөңдеу режимі; купрокс түзеткіш элементтерінің негізгі қасиеттері, олардың сапасына температура мен пеште ұстау уақытының әсер ету сипаты; фотоэлементтерді термоөңдеу режимі, олардың негізгі қасиеттері, термоөңдеу сипатының олардың өлшемдеріне әсер ету сипаты; әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.


§ 36. КУПРОКС ЖӘНЕ СЕЛЕН ТҮЗЕТКІШТЕРДІҢ ТЕРМИСТІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі купрокс түзеткіш элементтерін электр пештерінде термоөңдеу процессін жүргізу. Купрокс түзеткіш элементтерін термоөңдеуге арналған электр пештерінің температурасын қоршаған ортаның температурасына байланысты анықтамалық кестелер бойынша анықтау. Электр пештерінің ақаулықтарын анықтау және азын-аулақ ақаулықтарын жою.

Білуге тиіс: купрокс түзеткіш элементтерін термоөңдеуге арналған қуаты әр түрлі электр пештерінің құрылысы, электр схемасы және баптау тәсілдері; электр пештерінің температурасын қоршаған ортаның температурасына байланысты қайта есептеуге арналған кестелерді пайдалану ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; электротехника және термоөңдеу негіздері.


§ 37. НАФТАЛИН ПЕШТЕРДІҢ ТЕРМИСТІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен элементтерін нафталин пештерде қайта термоөңдеу процессін жүргізу. Селен элементтерін пештің конвейерлік таспасына орнату және оларды алу. Селен элементтерін кейінгі операциялар үшін орналастыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; селен элементтерін қайта термоөңдеу режимі; селен элементтерін нафталин пештің конвейерлік таспасына орнату ережесі; кристалдандырудың мақсаты және оған температура мен уақыттың әсер ету сипаты; селен мен нафталинді балқыту температурасы; бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарының (контактілі термометр, термореттегіш) мақсаты және олардың қолданылу шарттары.


§ 38. КУПРОКС ТҮЗЕТКІШ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ӨҢДЕУШІ

З-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Купрокс элементтерінің тотықты қабатын құрылғыларды қолмен ерітіндіге мыстың тотықты қабатын алғанға дейін батырып ұстау әдісі арқылы химиялық өңдеу. Астаудың температурасын контактілі термометрді пайдалана отырып түзету. Астау ерітіндісінің салыстырмалы салмағын ареометрмен анықтау және астау мен бөлменің жарықтандырылуын люксметрмен анықтау. Элементтерді астауда ұстау уақытын секундомер бойынша белгіленген режим бойынша түзету. Белгіленген концентрациялы өңдеуші ерітінділер мен қышқылдарды дайындау және оларды түзету.

Білуге тиіс: купрокс түзеткіш элементтерін химиялық өңдеу режимі; купрокс түзеткіштердің негізгі қасиеттері; астау температурасын реттеуіштердің құрылысы мен жұмыс қағидасы; купрокс элементтеріне ерітінділердің жай-күйі, астаудың температурасы мен жарықтандырылу дәрежесінің тигізетін әсері; өңдеу кезінде қолданылатын қышқылдардың химиялық қасиеттері, олардың өңделетін бетке тигізетін әсері.

Жұмыс үлгілері

1. Ерітіндінің салыстырмалы салмағын тексеру.

2. Астау құрамын жасау және түзету.

3. Купрокс элементтерін құрылғыларда өңдеу.


§ 39. СЕЛЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚАЛЫПТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен элементтері мен түзеткіштерді тік қалыптау стенділерінде, сумен суыта отырып қалыптау процессін жүргізу. Қалыптау стенділеріне салу және одан шығару. Селен элементтері мен түзеткіштерді қалыптау сапасын электр өлшемдерін өлшеу нәтижесі бойынша анықтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс қағидасы; құрылысы; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының (амперметр, вольтметр, секундомер) мақсаты мен қолданылу шарттары; селен элементтері мен түзеткіштерді қалыптау режимі; қалыптауға кернеудің, тоқ күшінің, қалыптау ұзақтығының, суыту және тұрақтандырудың әсер ету сипаты; селен элементтерінің негізгі қасиеттері; электр сорғылардың жұмыс қағидаты, жоғарғы плитаның сууының рециркуляция жүйесі; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері: Селен элементтері – құндаққа орналастыру; стендіні зарядтау; қалыптау режимін таңдау.
§ 40. СЕЛЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚАЛЫПТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен элементтері мен түзеткіштерді қанықтыру дроссельдерін магниттендірудің тиімді режимін өздігінен таңдай отырып қалыптау процессін жүргізу. Қалыптау кернеуінің қажетті көлемін қалыптауға берілген элементтердің сапасына байланысты таңдау және орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері; блоктаушы және іске қосу аппаратураның құрылысы; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; қалыпталатын бұйымдардың электр өлшемдерінің шекті көлемі; электротехниканың негізгі заңдары.


§ 41. СЕЛЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚАЛЫПТАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен элементтерін сумен және ауамен суытылатын, қалыптауда қолданылатын әр түрлі электр схемалары бар қалыптау стенділерінде қалыптау. Тұрақты тоқта қалыптау және жоғары вольтті қарқынды қалыптау. Қарсы қосу схемасы бар қалыптау стенділерінде қалыптау кернеуі мен қалыптау уақытының тиімді режимін өздігінен таңдау. Қанықтыру дроссельдерін магниттендіру жүйесін реттеу, импульстік қалыптауға арналған импульстердің жоғары кернеу блогын басқару. Стенділерді селен элементтерімен зарядтау және разрядтау. Келетін тоқ пен кернеуді бақылаушы аспаптардың көрсеткіштерін бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері; блоктаушы және іске қосу аппаратураның құрылысы; жоғары вольтті көздің, уақыт релесінің, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; әр түрлі көлемді түзеткіш элементтерге арналған қалыптау схемалары; қалыпталатын селен элементтерінің электр өлшемдерінің шекті көлемі; селен элементтерін физикалық электр қалыптау процессі; электротехниканың негізгі заңдары; уақыттың, температуралық режимнің, электр жүктеменің және олардың сипаттарының түзеткіш элементтердің электр өлшемдеріне тигізетін әсері.


§ 42. ЭЛЕМЕНТТЕРДІ ШООПТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шоопбалқыманы жарық сезгіш элементтерге жағу. Катод дағын селен дайындамаларға бақылау-өлшеу аспаптары мен реттегіш аппаратураны (амперметр, манометр, вольтметр, термобу, термометр, сору желдеткішінің шибері), сондай-ақ штангенциркульді қолдана отырып, арнайы құрылғыларда жағу. Жұмыс барысында қыздыру температурасы мен тигельдегі шоопбалқыма, сондай-ақ таза ауа қысымы және оны қыздыру дәрежесін сақтау. Шоопбалқыманы бүркуге арналған пульверизатор соплосының орналасуын, транспортердің қозғалу, металл тозаңды сору жылдамдығын реттеу.

Білуге тиіс: шооптауға арналған құрылғының құрысы мен баптау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының, реттеуші аппаратураның мақсаты және қолданылу шарттары; талап етілетін қалыңдықты және бірігу беріктігі бар, ұсақ түйіршікті құрылымды катод дағын жағу тәсілдері; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.


§ 43. ЭЛЕМЕНТТЕРДІ ШООПТАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Катод дағын селен жағылған алюминий қаңылтырларға жартылай автомат немесе автомат агрегатпен бүрку тәсілі арқылы жағу. Агрегатты жұмысқа дайындау, дайындамаларды салу, балқыма температурасын, конвейерлік таспаның қозғалу жылдамдығын, ауа қысымын реттеу, қабаттың қалыңдығы мен түйіршіктігін анықтау.

Білуге тиіс: элементтерді шооптауға арналған жартылай автомат немесе автомат жабдықтардың құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикасы, электр схемасы, баптау және дәлдігін тексеру ережесі; бақылау-өлшеу аспаптары мен реттеуші аппаратураның құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары; әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылымы: өлшеу әдістері.


§ 44. ЭЛЕМЕНТТЕРДІ ШООПТАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Таллий мен висмут қосылған қалайы-кадмий балқымасының катод дағын селен жағылған алюминий қаңылтырларға конвейерлік типті жартылай автомат немесе автомат агрегатпен бүрку тәсілі арқылы жағу. Автоматты жұмысқа дайындау: қоректендіргіш пульттегі электронды термореттегіштерді баптау және реттеу; жағылған қабаттың қажетті қалыңдығын алу үшін конвейер қозалысының жылдамдығын таңдау; бүріккішті баптау және дайындамаларды салу. Қабаттың сыртқы түрін көзбен шолып бақылау. Жағылған қабаттың қалыңдығын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау.

Білуге тиіс: таллий мен висмут қосылған қалайы-кадмий балқымасын жағуға арналған жартылай автомат немесе автомат жабдықтардың құрылысы; электронды термореттегіштерді баптау және реттеу әдістері; тиісті қалыңдығы және белгіленген құрылымды бетінің түйіршіктілігі бар балқыманы жағу әдіс-тәсілдері; түйіршік құрылысының селен түзеткіштердің сипаттамасына тигізетін әсері; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; қолданылатын материалдардың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі


Р/с№



Осы бөлімшеде көрсетілген кәсіптердің атаулары

Разряд диапазондары

2002 жылы БТБА-ның қолданыста болған

бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары



Разряд диапазондары

БТБА басылымының №

Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1

Аппаратшы

2-6

Аппаратшы

2-6

20

Радиобөлшектер өндірісі

2.

Селенді қалпына келтіру жөніндегі аппаратшы

2-4

Селенді қалпына келтіру жөніндегі аппаратшы

2-4

-//-

-//-

3.

Күкіртті қалпына келтіру жөніндегі аппаратшы

2

Күкіртті қалпына келтіру жөніндегі аппаратшы

2

-//-

-//-

4.

Күкірттендіруші-аппаратшы

2-3

Күкірттендіруші-аппаратшы

2-3

-//-

-//-

5.

Селенді пісіруші

2-4

Селенді пісіруші

2-4

-//-

-//-

6.

Вакуум қабатын сынаушы

2-4

Вакуум қабатын сынаушы

2-4

-//-

-//-

7.


Селен өндірісін сынаушы

2-5

Селен өндірісін сынаушы

2-5

-//-

-//-

8.

Желімдеуші -нығыздаушы

2-3

Желімдеуші -нығыздаушы

2-3

-//-

-//-

9.

Селен түзеткіштерді монтаждаушы

2-3

Селен түзеткіштерді монтаждаушы

2-3

-//-

-//-

10.

Шоопбалқыма мен висмутты балқытушы

2-4


Шоопбалқыма мен висмутты балқытушы

2-4


-//-

-//-

11.

Түзеткіштерді құрастырушы

2-3

Түзеткіштерді құрастырушы

2-3

-//-

-//-

12.

Түзеткіштерді дәнекерлеуші

3-4

Түзеткіштерді дәнекерлеуші

3-4

-//-

-//-

13.

Купрокс және селен түзеткіштерінің термисті

1-4

Купрокс және селен түзеткіштерінің термисті

1-4

-//-

-//-

14.

Купрокс түзеткіш элементтерін өңдеуші

3

Купрокс түзеткіш элементтерін өңдеуші

3

-//-

-//-

15.

Нафталин пештерінің термисті

2

Нафталин пештерінің термисті

2

-//-

-//-

16.

Селен элементтерін қалыптаушы

2-4

Селен элементтерін қалыптаушы

2-4

-//-

-//-

17.

Элементтерді шооптаушы

3-5

Элементтерді шооптаушы

3-5

-//-

-//-

«ЭЛЕКТР ВАКУУМ ӨНДІРІСІ» бөлімі


1. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫНЫҢ ӨНДІРІСІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет