Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 1. ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ ИНДУКТОРДА ДӘНЕКЕРЛЕУШІ



бет30/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
§ 1. ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ ИНДУКТОРДА ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металл бөлшектер мен күрделілігі әр түрлі тораптарды шынымен кейіннен күйдіре отырып, жоғары жиілікті тоқпен қыздыру арқылы дәнекерлеу. Штенгельдерді газ шілтермен қыздыра отырып, дәнекерлеу. Бөлшектерді жоғары жиілікті тоқпен қыздыру арқылы тотықтандыру.

Білуге тиіс: жоғары жиілікті генератордың атауы, мақсаты және жұмыс қағидасы; дәнекерленетін бөлшектер мен тораптарды жоғары жиілікті тоқпен қыздыру режимі; балқытылатын шыны мен металдың негізгі қасиеттері мен маркалары; газ шілтерді пайдалану ережесі; шыныны кесу ережесі.


§ 2. ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ ИНДУКТОРДА ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі металл бөлшектерді ТВЧ құрылғыларында, 11-13 квалитеттер бойынша өлшемдерді сақтай отырып, шынымен дәнекерлеу. Металл штенгельдерді, штуцерлерді шынымен газ шілтердің көмегімен және жоғары жиілікті тоқпен жалпы қыздыру арқылы дәнекерлеу. Жоғары жиілікті дәнекерлеу режимін, температура мен газ шілтері жалынының формасын реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері; шыныны күйдіру тәсілдері және дәнекерлеу кезіндегі күйдіру режимдері; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; вакуум материалдарын электрлік және термоөңдеу негіздері.

Жұмыс үлгілері: Электронды оптикалық түрлендіргіштердің корпустары мен өткелдері – шыны сақинасы бар ұстағыш пен ковар сақинаны дәнекерлеу; қаңқасы бар шыны сақинаны дәнекерлеу.
§ 3. ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ ИНДУКТОРДА ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі металл бөлшектер мен тораптарды ТВЧ құрылғыларында, 6-10 квалитеттер бойынша өлшемдерді сақтай отырып, шынымен дәнекерлеу. Шығару және енгізу штуцерлерін, қақпақтарды, басұштар мен тарту штуцерін қаңқаға дәнекерлеу. Күрделі пішінді және шағын көлемді диафрагмаларды, анодтар мен басқа да бөлшектерді дәнекерлеу. Металл ұстауыштарды электр вакуум аспаптардың сыртқы қабатына, дәнекерлеу орнын нақты белгілей отырып дәнекерлеу. Шыны дискілерді металл колбаларға дәнекерлеу. Металл бөлшектерді термодиффузиондық дәнекерлеу құрылғыларында қысыммен термодиффузиондық дәнекерлеу. Никельден және оның балқымаларынан жасалған бөлшектерді жоғары жиілікті тоқпен қыздыру арқылы қысыммен дәнекерлеу. Дәнекерлеу режимдерін өздігінен реттеу. Құрылғыны баптау.

Білуге тиіс: жоғары жиілікті жартылай автомат құрылғылардың құрылысы; дәнекерленетін бөлшектер мен тораптарды жоғары жиілікті тоқпен қыздыру режимін айқындау ережесі; температураның, шыны мен металды қыздыру уақытының және қорғаныш ортаның балқыманың сапасы мен қалыбына тигізетін әсері; бөлшектер мен тораптарды құрылғыларға салу және орталықтау тәсілдері мен ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Электронды-оптикалық түрлендіргіш - цилиндрді катодпен дәнекерлеу.

2. Арнайы электронды-сәулелі түтіктер – ұстауыштарды стаканға дәнекерлеу, анод шықпасын колбаның түбіне дәнекерлеу.

3. Фотоэлектронды көбейткіш – тегіс шыны мен сақинаны колбаға дәнекерлеу.


§ 4. ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ ИНДУКТОРДА ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі пішінді және шағын көлемді металл бөлшектер мен тораптарды (аноды бар МҚШ баллондар, Ш-2А типті шам, МҚШ аспабы, қыздырғыш қолғаптар), сондай-ақ ФЭУ күрделі тораптарын жоғары жиілікті дәнекерлеу, дәнекерлеу жігі 3-тен кем емес күрделі металл шыны қабатты дәнекерлеу. Металл бөлшектерді газ қоспаларда (формиргаз) әр түрлі дәнекерлермен дәнекерлеу. Баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдарды жұқа пленка түріндегі баяу балқитын шыныларға дәнекерлеу. Жоғары жиілікті генераторларды өздігінен баптау. Бұйымдарды бөлшектеу.

Білуге тиіс: жоғары жиілікті генераторлар мен әр түрлі типті және құрылымды индукторлардың құрылысы; металдардың индукциялық қыздырылу процессі; әр түрлі маркалы шыны мен металдарға арналған дәнекерлеу режимдерін айқындау ережесі; дәнекерлеу кезінде шыны мен металды қыздыру температурасын көзбен жобалап белгілеу тәсілдері; дәнекерлеу кезінде қолданылатын дәнекерлердің қасиеттері; формиргаздағы қоспалардың дәнекер сапасына тигізетін әсері; орындалатын жұмыс көлеміндегі электр және радиотехника негіздері.

Жұмыс үлгілері: Электронды-оптикалық түрлендіргіш - өткелді дәнекерлеу.
§ 5. ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ ИНДУКТОРДА ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қуатты және күрделі генератор аспаптар мен СВЧ аспаптарды, жіктерінің саны кемінде 5, бір-біріне жақын орналасқан ФЭП аспаптарды жоғары жиілікті дәнекерлеу. Бөлшектерді, генератор аспаптарды, рентген электронды-оптикалық түрлендіргіштер мен ЛБВ аспаптарын әр түрлі маркалы және әр түрлі пішінді жоғары температуралы, желілік кеңею коэффициенті әр түрлі шынылармен жоғары жиілікті дәнекерлеу. Магнетрондардың сынақ үлгілі анод блоктарын формиргаз атмосферасында шынымен жоғары жиілікті дәнекерлеу. Формиргазда баяу балқитын дәнекерлермен жоғары жиілікті дәнекерлеу бойынша сынақ жұмыстары. Дәнекерлеу кезінде баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдардың беттерін тотықтандыру және қалпына келтіру режимін өздігінен реттеу.

Білуге тиіс: жоғары жиілікті генераторлар мен қуаттылығы мен қолданылу дәрежесі әр түрлі индукторлардың құрылысы; дәнекерленетін торап пен дәнекерленетін материалдардың құрылымына байланысты индукторларды таңдау қағидасы; сынау жұмыстарын орындау кезінде дәнекерлеу режимін таңдау тәсілдері; шыны мен металды дәнекерлеу орындарындағы кернеуді төмендету ережесі; дәнекердің сапасын тексеру әдістемесі; вакуум материалдардың химиялық-физикалық қасиеттері; вакуумды техника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Электронды-оптикалық түрлендіргіш - ТВЧ құрылғыларында корпусты дәнекерлеу.

2. Рентген электронды-оптикалық түрлендіргіш - ковар тоқ өткізгішті шыны қабыққа дәнекерлеу; конусты, экранды металл ернеушені дәнекерлеу.
§ 6. ЗАВАРЩИК ЭЛЕКТРОВАКУУМНЫХ ПРИБОРОВ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шағын көлемді радиошамдарды, тиратрондарды және басқа да осыған ұқсас тегіс аяқты электр вакуум аспаптарын көп шпиндельді жартылай автоматтарда дәнекерлеу. Аша аяқ шамдарды 3-разрядты дәнекерлеушімен бірлесе отырып немесе дәнекерленген шамдары автоматты түрде алынатын жабдықта өздігінен дәнекерлеу. Жартылай автоматтардың шпиндельдерін тазалау және оларға жинақталған аяқтарды толтыру. Аяқтар мен шамдарды қыздыру және күйдіру пештерін толтыру және босату.

Білуге тиіс: дәнекерлеу автоматтары мен жартылай автоматтарының құрылысы және жұмыс қағидасы; газ шілтердің құрылысы және дәнекерлеу кезінде жалынды реттеу тәсілдері; дәнекерлеу кезінде шыныны отпен өңдеу әдістері мен режимі; дәнекерлеу автоматтары мен жартылай автоматтарын аяқтармен (жинақталған) және колбалармен толтыру ережесі; әр түрлі типті шамдардың аяқтары мен колбаларының айырым белгілері.

Жұмыс үлгілері

1. Колбалар - өлшемі бойынша станокта кесу, аяқтарын дәнекерлеу.

2. Люминесцентті шамдар - дәнекерлеу автоматтарына дәнекерленген түтіктерді автоматты түрде ала отырып толтыру.

3. Шағын көлемді қабылдап-күшейткіш шамдар – көп позициялы жартылай автоматтарда дәнекерлеу.

4. Неон толтырылған газ разрядтауыш шамдар - көп позициялы жартылай автоматтарда дәнекерлеу.

5. Аша және тізбектелген аяқты электр вакуум аспаптар - дәнекерлеу жартылай автоматын монтаждалған аяқтармен және колбалармен толтыру.

6. Вакуум резонаторлар – шыны баллондарды газ шілтермен дәнекерлеуге дайындау; Э2 типті резонаторларды газ шілтерде дәнекерлеу.

7. Кварц ұстауыштарға арналған шыны түтіктер - дайындау.


§ 7. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптарын көп позициялы жабдықта дәнекерлеу. Қолмен басқарылатын станоктарда, айналмалы және қозғалмайтын газ шілтері бар бір шпиндельді станоктарда дәнекерлеу. Электр пеште қыздыра отырып және күйдіре отырып дәнекерлеу. Жабдықты өздігінен баптау және дәнекерлеу режимін таңдау. Дәнекерлеу кезінде шамдарды орталықтау және дәнекерлеу орнын қалыптау. Шыны және дәнекерлеу сапасын сырттай тексеру арқылы анықтау.

Білуге тиіс: дәнекерлеу жабдықтары мен қолданылатын құрылғылардың құрылысы мен баптау тәсілдері; шынылардың маркасы, олардың қасиеттері және өңдеудің температуралық режимдері; цокольдің типіне сәйкес келетін дәнекерлеу конусының қалыбы; полярископты пайдалану ережесі; жанғыш газдың, ауа мен оттегінің берілу ережесі; бұйымдардың белгілі бір типтерін дәнекерлеуге қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Арнайы қыздыру шамдары - көп позициялы жартылай автоматтарда және қолмен басқарылатын станоктарда дәнекерлеу.

2. Шағын неон шамдар - көп позициялы жартылай автоматтарда дәнекерлеу.

3. Шағын, өте шағын және шағын көлемді қабылдап-күшейткіш шамдар - көп позициялы автоматтар мен жартылай автоматтарда алдын ала шыныны күйдіру пештерінде қыздыра отырып дәнекерлеу.

4. Арнайы қыздыру шамдары - механикаландырылған желілерде дәнекерлеу және аяқтарын монтаждауды бақылау.

5. Генератор және қабылдап-күшейткіш шамдар - бір шпиндельді және төрт шпиндельді станоктарда дәнекерлеу.

6. Шағын көлемді люминесцентті шамдар – қолмен басқарылатын станоктарда дәнекерлеу.

7. Доғал сынап шамдар – аяқтарын колбаға бір шпиндельді (тік) дәнекерлеу станогында дәнекерлеу.

8. Генераторлы АЖЖ шамдар – аяқтарын көп позициялы жартылай автоматтарда дәнекерлеу.

9. Шықпаларының саны 12 дейінгі электр вакуум аспаптар – көлденең және тік станоктарда дәнекерлеу.

10. АЖЖ аспаптары – аспаптарды, баллоны бар аяқтарды, коллекторы бар баллонды дәнекерлеу; зеңбіректі және баяулату сызығын вакуумды байламдау.

11. С-2 типті вакуум резонаторлар - пьезоэлементтерді шағын электродтармен дәнекерлеу.

12. Кварц резонаторлар – тартудан кейін газ шілтермен штенгельдің дәнекерін қопару.

13. Тиратрондар – айналмалы шілтері бар тік дәнекерлеу станогын дәнекерлеу.

14. Электронды-сәулелі түтіктер - бір шпиндельді (тік) дәнекерлеу станогында аяқтарды колбаға дәнекерлеу.

15. Рентген түтіктер – тік дәнекерлеу станогында колбаға жинақталған аяқтарын дәнекерлеу.

16. Фотоэлементтер және манометриялық шамдар – аяқтарын орталықтай отырып көп позициялы жартылай автоматтарда дәнекерлеу.

§ 8. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптарын көлденең және тік көп шпиндельді станоктарда дәнекерлеу. Колбасының диаметрі үлкен әр түрлі аспаптарды дәнекерлеу орнында және аяғында көп шықпасымен айналмалы шілтері мен айналмалы шпинделі бар тік дәнекерлеу станогында дәнекерлеу. Қатты дәнекерді тоқпен дәнекерлеудің аргонды доғал, электр доғал, диффузионды және электронды-сәулелі құрылғылардың көмегімен дәнекерлеу

Білуге тиіс: әр түрлі жүйелі дәнекерлеу станоктарының, сондай-ақ дәнекерлеу кезінде тораптарды бекітуге және орталықтауға арналған құрылғылардың құрылысы және жұмыс қағидасы; қатты дәнекерді тоқпен дәнекерлеудің аргонды-доғал, диффузиондық және электронды-сәулелік құрылғылардың жұмыс қағидасы және құрылысы; бұйымдарды дәнекерлеу және күйдіру кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолданылу ережесі; шыныны металмен дәнекерлеудің әдіс- тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Анод шықпалар – азот үрлей отырып, "Пушка" газ шілтерінде баллонмен дәнекерлеу.

2. ВГ-237 типті газотрондар; ГМ-100 типті генератор аспаптар; ГК-750; ТР1-6/15, ТГ1-2/8, ТГИ-400/16 типті тиратрондар – аспаптарды айналмалы шілтерлері мен шпиндельдері бар тік дәнекерлеу станоктарында дәлме-дәл орталықтай отырып және ауа үрлей отырып дәнекерлеу.

3. Жоғары вольтті кенотрондар – тік станоктарда дәнекерлеу.

4. Ірі ауқымды кинескоптар (экранының көлемінің диагоналі бойынша 50 см дейінгі) - көп позициялы жартылай автоматтарда өздігінен баптай отырып дәнекерлеу.

5. Магнитпен басқарылатын контактілер – құрылғылар мен жартылай автоматтарда инфрақызыл және электротермиялық дәнекерлеу; газ шілтерде дәнекерлеу.

6. Фара шамдар - коварды шынымен дәнекерлеу; тік бір шпиндельді станокта дәнекерлеу.

7. Ерекше сериялы шағын, беріктігі жоғары қабылдап-күшейткіш шамдар - көп позициялы жабдықтарда өздігінен баптай отырып дәнекерлеу.

8. Магнетрондар – аспапты, ұстауышты дроссельмен, катод аяқты басұшпен (катодты орталықтай отырып), катод аяқты экранмен; қыздырғышты траверспен дәнекерлеу.

9. ИМ-12 манометрлері – тік станокта үрлей отырып және формиргаз қысымы деңгейін белгілей отырып дәнекерлеу.

10. Баллоны бар аяқ, коллектор - "Пушка" типті шілтерде геттер сорғысын қолмен дәнекерлеу.

11. Бейнелегіш аяқ – азот үрлей отырып "Пушка" типті шілтерде дәнекерлеу.

12. ГУ-ЗЗА, Б, ГУ-35А, ГУ-40Б типті генератор шамдардың аяқтары - конвейерлік және азотты-сутекті электр пештерде дәнекерлеу.

13. Күрделілігі орташа СВЧ аспаптары - аргонды доғал құрылғыда дәнекерлеу.

14. Баяу балқитын шыныдан жасалған СВЧ аспаптары - "Пушка" типті шілтерде қолмен дәнекерлеу; вакуумдық будалау.

15. Өте шағын ПУЛ - бір шпиндельді станокта сапаны көзбен шолып бақылай отырып дәнекерлеу.

16. Қуаттылығы орташа генератор аспаптар - 12-шпиндельді жартылай автоматта дәнекерлеу.

17. Потенциалоскоптар – тік дәнекерлеу станоктарында дәнекерлеу.

18. Шықпаларының саны 12-ден астам электр вакуум аспаптар – көлденең және тік станоктарда, жартылай автоматтарды дәнекерлеу.

19. Электронды оптикалық түрлендіргіштер - көлденең және тік станоктарда дәнекерлеу.

20. Вакуум резонаторлар - алюминий электродтары бар пьезоэлементтерді дәнекерлеу.

21. Скиатрондар – тік дәнекерлеу станокта дәнекерлеу орнын күйдіре отырып, тікелей станокта дәнекерлеу.

22. Тиратрондар мен газотрондар - катод аяқ (катодты орталықтай отырып) пен анод аяқты (анод аяқты орталықтай отырып) жүйелі дәнекерлеу.

23. Үлкен және айналмалы анодты рентген түтіктер - колбаға жиналған аяқтарды дәнекерлеу.

24. Электронды-сәулелі түтіктер (көп сәулелі), регенерациядан кейінгі кинескоптар - бір шпиндельді тік дәнекерлеу станогында дәнекерлеу.

25. Шыны түтіктер - кварц ұстағыштың шықпаларымен дәнекерлеу.
§ 9. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дәнекерлеу орны бойынша колбамен дәнекерленген металл құрылымды эксперименталды және сынақ электр вакуум аспаптарын көлденең және тік дәнекерлеу станоктарында және әр түрлі жүйелі газ шілтерді қолдана отырып қолмен дәнекерлеу. Дәнекерленетін тораптарын күрделі орталықтай отырып және қатаң шақтамамен электрод аралық қашықтықты белгілей отырып аспаптарды дәнекерлеу. Өте шағын электр вакуум аспаптарды көп позициялы жартылай автоматтарда өздігінен қайта құру арқылы және дәнекерлеу барысында жалын режимін ауыстыра отырып, аспаптардың әр түрлі типтеріне арнап баптау арқылы дәнекерлеу. Электронды оптикалық жүйені түрлі-түсті кинескоптардың қабығына қатысты арнайы құрылғылардың көмегімен бағдарлау. Түрлі-түсті кинескоптардың қабығын тегістеуші құймалар бойынша бағдарлау. Үш зеңбіректі электронды-оптикалық жүйені қабық осіне қатысты, дәнекерлеу кезінде әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып дәл орталықтауды жүзеге асыру. Күрделі құрылымды тораптарды алдын ала күйдіру.

Білуге тиіс: дәнекерлеу станоктарының, жартылай автоматтар мен электр вакуум аспаптарын күрделі және сынамалы дәнекерлеу кезінде қолданылатын құрылғылардың құрылымы; талап етілетін электрод аралық қашықтықты сақтау кезінде дәнекерленетін бұйымдарды құрастыру, орталықтау және өлшемдерін тексеру ережелері; әр түрлі маркалы шынылардың қасиеттері және оларды өңдеу режимдері; әр түрлі маркалы шыныларды металдармен дәнекерлеу тәсілдері; дәнекерленетін тораптарды дәнекерлеу сапасын көзбен шолып айқындау әдістері; жалын режимін баптау тәсілдері; шыны мен металдың келісілмеген құймаларын орындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Ерекше талап қойылатын және бірнеше шықпасы бар геркондар – арнайы құрылғыларда, автоматтар мен жартылай автоматтарда дәнекерлеу.

2. Арнайы технологиялық жабдықтарға арналған болат бөлшектер – сутекті ортада күміспен және мыспен дәнекерлеу.

3. И1-100/1000, И1-150/1000 типті игнитрондар – көлденең дәнекерлеу станоктарында дәнекерлеу.

4. Клистрондар - катод аяқтарды электрод арасындағы қашықтықты 0,04 мм дейінгі дәлдікпен белгілей отырып және күрделі орталықтай отырып дәнекерлеу; бейнелегішті колбаға, дәл орталықтай отырып және ара қашықтығын 0,1 мм дейінгі дәлдікпен белгілей отырып қолмен "Пушка" типті шілтермен дәнекерлеу.

5. Ірі көлемді кинескоптар (экранның диагоналі бойынща көлемі 50 см артық) – станоктар мен жартылай автоматтарда дәнекерлеу.

6. Түрлі-түсті кинескоптар – тегістеу құймалары бойынша қабығын бағдарлау және дәнекерлеу.

7. Электр вакуум конденсаторлар – дәнекерлеу.

8. 2И-2А, ГМИ-11, ГМИ-83"В''типті генератор шамдар - дәнекерлеу.

9. Электр вакуум, сынамалы, эксперименталды аспаптар – көлденең және тік дәнекерлеу станоктарында қолмен дәнекерлеу.

10. АЖЖ аспаптары – тораптар мен аспаптарды инертті газдар атмосферасында дәнекерлеу; платинамен электронды сәулелі құрылғыда дәнекерлеу.

11. Кварц резонаторлар - дәнекерлеу.

12. Тиратрондар - көлденең дәнекерлеу станоктарында (катод аяқ) және тік дәнекерлеу станоктарында (анод аяқ) орталықтай отырып және азотты үрлей отырып дәнекерлеу.

13. Рентген түтіктер - катод аяқты колбаға бүйірін штенгельдей отырып, тік дәнекерлеу станоктарында дәнекерлеу.

14. Электр вакуум аспаптардың әр түрлі тораптары - әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып дәнекерлеу және күйдіру.

15. ФЭУ-127типті фотоэлектронды көбейткіштер - әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып дәнекерлеу және күйдіру.


§ 10. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫНЫҢ БӨЛШЕКТЕРІН ДАЙЫНДАУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кейіннен қолмен және құрылғылардың көмегімен қарапайым операцияларды (кесу, шабу, қалыптау, қысып шығару, майыстыру, тесу және т.б.) орындау арқылы өңдеу үшін күрделі емес бөлшектер мен дайындамаларды жасау және дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтар мен қолданылатын құрылғылардың құрылысы; бөлшектерді қолмен дайындау жұмыстарының негізгі тәсілдері; өлшеу және бақылау құралдарының (сызғыш, қарапайым калибрлер мен шаблондар) мақсаты және қолданылу ережесі; өңделетін материалдардың атауы және таңбалануы; жасалатын бөлшектер мен дайындамалардың мақсаты.

Жұмыс үлгілері

1. ТҚШ бөлшектері - гальваникалық қаптау алдында ілмектерге орау.

2. Гетинакс түптері – нығыздауышта штамптау.

3. Никель жұқанағы - жаншу.

4. Электронды-сәулелі түтіктерге арналған қайтарушы пластиналар - қалыптау.

5. Мыс сымнан жасалған ілмек - дайындау

6. Электродтар – құрылғыда кесу.
§ 11. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫНЫҢ БӨЛШЕКТЕРІН ДАЙЫНДАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрылғылардың көмегімен қолмен және арнайы бапталған жабдықта қарапайым пішінді ішкі арматура бөлшектерін жасау. Күрделі емес бөлшектерді әр операция сайын өңдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтар мен құрылғылардың жұмыс қағидасы; өлшеу және бақылау құралдарының (штангенциркуль, шаблондар, калибрлер, микрометр) мақсаты және қолданылу ережесі; электр вакуум аспаптар мен тораптарға кіретін жекелеген бөлшектердің тораптарының мақсаты; өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Шыны моншақтар - шықпаларымен фурадит көзге құрастыру.

2. Люминесценті шамдардың цокольдеріне арналған жапсырмалар - құрастыру.

3. Шықпалар – қолмен құрастыру және дәнекерлеу; өлшемі бойынша кесу; технологиялық операциялар алдында орау және жазу; қалыптау, майыстыру, жұқарту.

4. Газ сіңіргіштер - жолақ етіп дәнекерлеу және қалыптау.

5. Декоративтік шамшырақтарға арналған бөлшектер - фотолитографияларды, сымдарды кесу; сымдарды оқшаулауыштарынан тазалау; ашаларды, моншақтарды, шамдарды, сырғаларды, тойтармаларды құрастыру; сымдарды өру, қалқалау.

6. Газ сіңіргіштің ұстауыштары, молибден, никель, платина шықпалар, анод дайындамалар, анод қалпақшалар, арнайы шамдардың спиральдары және басқа да металл бөлшектері – қаңқасында, қол немесе аяқ жетекті нығыздауыштарда немесе механикаландырылған құрылғыда тегістеу, қалыптау, жаншу, калибрлеу.

7. Табақты, алюминийленген никельден жасалған бөлшектер – белгілеу және қаңқасында қысқышы бар құрылғыларда қайшымен кесу.

8. Сымнан жасалған бөлшектер – электрлік айыру әдісімен және дұрыс кесу құрылғысында жасау.

9. Электронды оптикалық түрлендіргіштерге арналған слюда дискілер мен пластиналар - пневматикалық нығыздауыштар мен штамптарда шабу; қаңқасына қалыңдығы 4-8 мкм дискілерді жапсыру.

10. Мыс арқан – қолмен орау және пышақты жетегі бар құрылғыда кесу.

11. Қыздырылатын катод - жасау.

12. Калийі бар капиллярлар, цезий таблеткалар, никель ампулалар – жасау және белгілеу.

13. Қабылдап-күшейткіш шамдардың қыздырғыш катодтарының керндері – түтіктерді құрылғыларда кесу.

14. Фотоэлементтерге арналған колбалар – шықпаларды платиналау.

15. Үстіңгі шықпасы бар металл қабылдап-күшейткіш шамдардың колбалары – колбаларға шыны сақиналарға қолмен кигізу.

16. Стартерлерге арналған корпустар – нығыздауыштарда штамптау.

17. Қуатты жарықтандырғыш шамдарға арналған ілгек - құрылғыда қолмен жасау.

18. Металл шамдар – қол құрылғылары немесе "Байерд" типті жартылай автоматта колбаларды жапсырмаларға қысу.

19. Шағын көлемді, өте шағын қабылдап-күшейткіш шамдар – екі қабат сақиналарды дәнекерлеу, экранды тегістеу, аралықтарды аяққа дәнекерлеу, слюданы калибрлеу.

20. ПРК шамдары – бекіту кесінділері.

21. Металл таспа – кейіннен арнайы құрылғыларға толтыра отырып кесу.

22. Арнайы қыздырғыш, қуатты жарықтандырғыш шамдар – ілмектерді газ шілтерде ілмектерді қолмен қою; көпірді қалыптау.

23. Сынап төрт электродты доғал шамдар – кедергіні вакуум цементпен жағу.

24. Механотрондар - өзекті мембраналарды құрастыру.

25. Электр вакуум аспаптарының аяқтары – құрылғыларда және қолмен белгілеу; никель ілмектерді дәнекерлеу.

26. Слюда пластиналар –жартылай автоматтарда пистондарды қолданбай арматуралау.

27. Қайтарушы пластиналар - дайындау және жиекқұрсауда дәнекерлеу.

28. Жартылай өткізгіш аспаптар - әр түрлі икемді шықпаларды жасау; топсаларды, төсемдерді, электродтарды, коллектор мен эмиттерді жартылай автоматтарда және басқа да құрылғыларда шабу (кесу); эмиттер сақинасын тегістеу; шықпаларды арнайы құрылғыларда тілу; полихлорвинил түтіктерді шықпаларға қолмен кигізу; аяқтың шығыңқы бөлігіндегі индийді кесу; дәнекер қабатты кесу; балқыманы белгіленген қалыңдыққа дейін илемдеу; микросхемалардың рамаларын ою.

29. Катод ұстауыштардың серіппесі – қол құрылғысында жасау.

30. Есептеуіштерге арналған серіппелер – орау және кесу.

31. МҚШ торларын орауға арналған рамалар - тазалау.

32. Керндерге оралған спиральдар мен қыздырғыштар – аяқ басқышы және механикалық жетегі бар құрылғыда кесу.

33. Бөлшектерді арматуралауға арналған түтіктер – қол жетегі бар құрылғыда кесу.

34. МҚШ цоколіне арналған түтіктер – жасау және құрастыру.

35. Рентген түтіктер - спиральдарды орау; ілмектерді бүгу; катодтарды қалыптау.

36. Фотоэлементтер – сүрмені газ шілтердің жалынында никельге дәнекерлеу, ұстауышты фурадит сақинаға дәнекерлеу.

37. Дәнекер фольга - 20-30 мкм қалыңдыққа дейін жаншымаларда илемдеу.

38. Металл шамдардың аяқтарына арналған құрастырылған шасси – тығынның құлақшаларын бүкпесінен жазу.

39. Шайба – икемді шықпаларға өзекті құрылымдардың аса берік, шағын аспаптарын кигізу.

40. Электронды-оптикалық түрлендіргіштерге арналған электродтар, траверсалар - құрастыру.

41. Электродтар – шынымен орау, кесу және жұқарту.


§ 12. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫНЫҢ БӨЛШЕКТЕРІН ДАЙЫНДАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптардың ішкі арматурасына арналған бөлшектерді штамптау, дәнекерлеу әдістерімен және дәнекерлеу режимін өздігінен реттей отырып құрылғыларда жасау, құрылғыларды баптау. Ішкі және сыртқы арматураны бөлшектеу. Ақаулы тораптардан арматураның бөлшектерін пневмоқұралдардың және оларды қайта пайдалануға арналған арнайы құрылғылардың көмегімен алып тастау. Икемді шықпаларды автоматта кесу және орау. Тегістеу және қалыптау машиналарының жұмысын бақылау,бөлшектердің өлшемдерін арнайы өлшеу (сағат проектор, шатограф) аспаптарымен өлшеу. Үш және төрт буынды шықпаларды дәнекерлеу автоматтары мен жартылай автоматтарында дәнекерлеу режимін реттей отырып дәнекерлеу. Сымның кергішін тегістеуге арналған құрылғыны баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және баптау тәсілдері; арнайы және әмбебап құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; жасалатын бөлшектердің мақсаты және оларға қойылатын талаптар; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Тор жағалар – түзету.

2. Рентген түтіктердің тораптарына арналған шықпалар – дәнекерлеу, орталықтау, моншақтарды кигізу.

3. Қуатты генератор шамдардың шықпалары – жасау және дәнекерлеу.

4. Көп буынды икемді шықпалар - автоматтар мен жартылай автоматтарда толық жасау.

5. Құрамында асыл металдары бар материалдардан жасалған шықпалар - зигті автоматта кесу және қалыптау.

6. Микро құрылымды тор кенептен жасалған шықпалар - кесу.

7. АЖЖ генератор шықпалары – антенна шықпаларды нығыздау және дәнекерлеу.

8. Ұстауыштар, шайбалар – ТҚШ бөлшектерін дәнекерлеу, калибрлеу, тегістеу, құрастыру.

9. Сымнан жасалған бөлшектер - электрлік айыру әдісімен және дұрыс кесу жабдықтарында жабдықты өздігінен баптай отырып жасау.

10. Молибден, ниобий, күміс, алтын, ренийден жасалған бөлшектер – құрылғыларда кесу.

11. Құрамында күміс пен алтын бар материалдардан жасалған дискілер мен төсемдер – кейіннен химиялық өңдей отырып жасау.

12. ЭВП-ке арналған слюда оқшаулауыштар – штамптарда дәнекерлеу элементтерімен арматуралау.

13. Мыс арқан – арқанның механикалық құрылымы; автоматта кесу.

14. Тікелей және жанама қыздыру катоды - жасау; биплан және қуаты 3, 5, 10 кВт шамдарға арналған көп секциялы спиральдар – қалыптау.

15. Катодтар, шықпалар, анодтар, экрандар – дәнекерлеу.

16. ЭВП катодтары – бүршіктерін тазалау.

17. Қабылдап-күшейткіш шамдардың катодтарының қыздырылатын керндері – айналдыру; нығыздауышта қалыптау; шықпаны дәнекерлеу.

18. Катод керні – құрылғының көмегімен және автоматта пукель жағу.

19. Телевизиялық кинескоптар – нығыздауышын алу; арнайы құрылғыда жарнамалық кинескоптардың жарылыстан сақтандырғыш рамаларын итеру.

20. Генератор шамдар – тығынды нығыздау; антеннаны орнату және дәнекерлеу.

21. Шағын көлемді қабылдап-күшейткіш шамдар – сақиналарын үшінші торға дәнекерлеу.

22. Металл шамдар – жартылай автомат нығыздауышта жаныштай отырып, колбаның мұнараларын қысу.

23. Аша, саусақша, тегіс аяқтар, вакуум индикаторларға арналған аяқтар, сандық индикаторларға арналған аяқтар, металл ПУЛ аяқтар – кесу; шықпаларды қалыптау; экранды дәнекерлеу.

24. Бөгеттер – цоколін алу және дәнекерлеу.

25. Пистон – түтіктерді кесу; кертпекті қол нығыздауышта жазу, түсіру.

26. Пластиналар – таспаны кесу; номерлер мен таңбаны ою.

27. Слюда пластиналар – нығыздауышта және жартылай автоматта пистондау; штамптарда және қолмен арматуралау.

28. Плющенка - катод түтігіне дәнекерлеу.

29. Бифиляр, монофиляр, шағын көлемді, көп ілмекті қыздырғыштар - автоматтарда және жартылай автоматтарда арматуралау, қалыптау.

30. Электр вакуум аспаптарын қыздырғыштар - сутекті атмосферада жасау.

31. Электронды-оптикалық түрлендіргіштер – экран стаканын, катод колбаны, өткелдерді металдандыруға арналған қалыптау және дәнекерлеу; қалпақты, диафрагманы, шықпаларды құрастыру.

32. МҚШ модуль аспаптар – торды, дәнекерді құрастыру және металдандырылған қабықты ашу.

33. ТР1-85/15 типті аспаптар – қалыңдығы 0,2 мм астам никель мен алюминийленген темірден жасалған цилиндрлер мен экрандарды кесу.

34. Түрлі-түсті кинескоптың экранды-маскалы торабының құрастырылған рамасы - регенерация (қалпына келтіру).

35. ТҚШ торлары - калибрлеу, нығыздау.

36. Өте шағын аспаптарға арналған тегіс торлар, қабылдап-күшейткіш шамдардың торлары - жасау.

37. Слюда - қалыңдығы 25-40 мкм дайындамаларды 4-8 мкм пластиналарға қалыңдығы бойынша өлшей отырып бөлшектеу.

38. Спиральдар мен қыздырғыштар - автоматтарда кесу; қалыптау.

39. Радиоқыш – пистондау және арматуралау.

40. Термисторлар – жартылай өткізгіш материалдардан жасалған түтіктерді кесу және оларға контактілі паста жағу; вольфрам сымды түйіндеу.

41. Алтын және күміс балқымалардан жасалған фольга - жаныштамаларда илемдеу.

42. Фотоэлементтер, фотокөбейткіштер - бандаж жасау; дискіні құрастыру; диаметрі 3 мм аз сүрме дөңгелегін никельге газ шілтердің жалынында дәнекерлеу.

43. Шағын көлемді люминесцентті шамдарға арналған цоколь – нығыздауышта баспа-ұнтақтан жасалған штамп.

44. Карболит ПУЛ цокольдері – жартылай автоматта арматуралау.

45.ПУЛ арналған қадалықтар - автоматта өздігінен баптай отырып жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет