Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет34/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
§ 6. АЛУНДИРЛЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. СВЧ аспаптарына арналған жоғары температуралы және қатты қайралған шағын өлшемді катод-жылытқыштар үшін жентектелген сфероидизирлеенген алундтан жасалған оқшаулау массасы және иттрия және алунд тотығының негізінде балқытылған оқшаулау массасы бар жылытқыш тораптарды дайындау. Кедергінің 1% дейін шашырату рұқсатымен жылытқыштарды жасау. Сандық аспаптар мен коммутациялық жабдықтардың көмегімен жылытқыштардың кедергілерін 0,5% дәлдікпен өлшеу. Жылытқыштардың кедергілерін оның параметрлерін өлшеу жолымен түзету. Балқу температурасы бойынша соңғы өнім сапасын өздігінен бақылаумен оқшаулау массасының ұнтағын дайындау. Құю үшін құрамды дайындау. Жылытқыштарды құю. Өздігінен температуралық режимді іріктеумен оқшаулау массасын балқыту (алунд қоспасы бар эвтектика). Күрделі қалыпты алундирленген жылытқышты (эллиптикалық шиыршықтар) дайындау. Электрофорездік қаптау үшін пасталар дайындау. Бастапқы материалдар мен пасталардың электр өткізгіштігін (РН) өлшеу. Электрофорез әдісімен 0,005 мм кем емес қалыңдық бойынша күрделі қалыпты жылытқыштарға қаптау жағу.

Білуге тиіс: жылытқыш тораптарын жасауға арналған жабдықтардың құрылғысын және оны баптау тәсілдерін; бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылғысын, өлшеу шектерін және қателіктерін (электр өткізгішті, қышқылдықты, созылыңқылықты, электрлік кедергілігін өлшеуге арналған аспаптар); жылытқыш тораптардың сапасын бақылау тәсілдерін; рентген-теледидарлық микроскоптың жұмыс қағидаттарын; жылытқыш материалдарды жасау кезінде пайдаланылатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін; электр химияның негізгі заңдарын; ұнтақты материалдарды жентектеу процесстерін.

Жұмыс үлгілері

1. Күрделі қалыпты шағын жылытқыштар - 0,005 мм қалыңдығы және ± 1% кедергі бойынша шашыраумен алын қаптамасын жағу.

2. Құрастырылған жылытқыштар - қоспаны құю.

3. Жылытқыш тораптар – жентектелген алундтан жасалған оқшау массаларын жағу.

4. Суспензияның бастапқы материалдары – электр өткізгіштігін және қышқылдығын өлшеу.
§ 7. ГАЗЖҰТҚЫШ ДАЙЫНДАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ұсақталған газжұтқыш қорытпаларды және металл ұнтақтарын фракциялар бойынша себу; механикалық електерді тиеу және түсіру. Престелген және жентектелген газжұтқыштарды галтовкалау; галтовкалы барабандарды тиеу және түсіру. Галтовкадан кейін газжұтқыштарды ұнтақтар мен поролоннан айыру. өңдеудің сапасы мен тазалығын айқындау. Газжұтқыштарды өлшеп салу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтар қызметінің қағидаттарын және пайдалану ережесін; престелетін және одан әрі өңделетін ұнтақтар фракциясын; галтовкалы барабандарда бұйымдарды өңдеу кезінде жіберілетін ақаулықтарды; таразылардың құрылғысын және қызметінің қағидаттарын.


§ 8. ГАЗЖҰТҚЫШ ДАЙЫНДАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Берілген рецепт бойынша газжұтқыш құрамдарды дайындау, сыртқы түрі бойынша оның сапасын айқындау, ыдыстарға буып-түю. Ұстағыштары бар және төсемсіз газжұтқыштарды престеу, газжұтқыштарды кішкене сөрелерге баспалау. Газжұтқыштардың сапасы мен өлшемін тексеру. Металды барий мен оның қорытпаларын жасау үшін шихталарды дайындау.

Білуге тиіс: газжұтқыш құрамдарды даярлау үшін қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және баптау ережесін; рецпетуралық құрамды және газжұтқыштардың қасиетін; газжұтқыштардың сапасын бақылау үшін аспаптар мен құралдардың құрылғысын; вакуум техникасының негіздерін.

Жұмыс үлгілері

1. Металлды барий - эфирмен тазалау және кесектерге кесу.

2. Ұстағышы, төсемі бар таблеткалы газжұтқыштар - престеу; әртүрлі қалыптардың төсемінде баспалау.

3. Газжұтқыш - құрастыру және шыны аяқ пен табақшаға баспалау.

4. Таблеткалы газжұтқыш, құрастырылған - кішкене сөрелерге баспалау және қайнату.

5. Газжұтқыштар жағылған бөлшектер - газ жанарғыларының көмегімен дәнекерлеп, сорып алу посттарында сорып қайнату.

6. Оттегінің көздері - барий тотығымен нихром түтіктерін толтыру және түтік шеттерін қысу.

7. Металл никелі - бөлшектеу, ұсақтау.

8. Барий тотығы - қыздырып отырып алу.

9. Газжұтқышты құрамдар - сыртқы түрі бойынша даярлау және бақылау.

10. Цермиш-металл - бөлшектеу, ұсақтау, ұнтақтарды дайындау.
§ 9. ГАЗЖҰТҚЫШ ДАЙЫНДАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металл барийін және оның қорытпаларын, алюминий қосылған магний қорытпаларын, миш-металл алу. Газжұтқыш түтіктерді дайындау. Материалдарды дайындау және барий мен оның қорытпаларын балқыту үшін шихталар дайындау бойынша кешенді жұмыстарды орындау. Өздігінен барий, оның қорытпалары мен миш-металлдарды вакуумдық балқыту процесін жүргізу және реттеу. Ұсақ дисперсиялы ұнтақтарды: технологиялық режимдерді ерекше дәл сақталуын талап ететін (улы, жарылғыш және тез тұтанғыш) никель, цирконий, метал цермиші, калий, натрий және цезий хроматтарын кептіру және газсыздандыру процесін жүргізу. Металл түтіктеріне барий құю және толтыру. Вакуум құрылғыларына өздігінен қызмет көрсету.

Білуге тиіс: газжұтқыштарды жасау жабдықтарының, оның ішінде барийді вакуумдық тозаңдату және түтіктерді толтыру қондырғыларының құрылғысын және баптау ережесін; вакуумды бақылау және түтіктердің бариймен толу тығыздығын белгілеуге арналған күрделі аспаптардың құрылғысын, міндетін және шарттарын; негізгі және қосалқы материалдардың қасиетін; бариймен және оның қосындыларымен жұмыс істеу ережесін; вакуумдық балқу және бірден булану процестерінің негіздерін; электр вакуумды аспаптарда қолданылатын газжұтқыштардың міндеті мен түрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Газжұтқыштарға арналған металл барийі - қондырғыда балқыту және бірден буландыру.

2. Түтікті газжұтқыш - дайындаушы.

3. Алюминий қосылған магнийді қорытпалары және миш-металл - балқыту.

4. Цирконий - жентектеу.
§ 10. Карбидтеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы қондырғыларда немесе вакуум посттарында электр вакуум аспаптарының катодтарын карбидтеу. Карбидтеу үшін вакуум тәсіміне, сутегін тазалау мен кептіру және бензол буын мөлшерлеу қондырғыларына қызмет көрсету. Катод кедергісін тексеру және карбидтеу коэффициентін есептеу.

Білуге тиіс: карбидтеуге арналған қондырғылардың құрылғысын және баптау тәсілдерін; процесті бақылауға арналған аспаптардың (ұшқынды ағын іздестіруші, вакуумметр, амперметр, вольтметр, кедергіні өлшеуге арналған көпір) міндетін, құрылғысын және шарттарын; сутегімен, бензолмен жұмыс істеу ережесін; карбидтелуге жататын катодтардың типтерін; карбидтеудің катодқа әсерін.


§ 11. Карбидтеуші

4-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы және тәжірибелі қондырғыларда күрделі конструкциялы (шұлықты және т.б.) катодтарды карбидтеу. Күрделі вакуумды тәсімдерге және сутегін жұқалап тазалау және кептіру қондырғыларына қызмет көрсету. Карбидтеудің автоматты процестері бар құрылғыларда жұмыс істеу.

Білуге тиіс: әртүрлі вакуумды жүйелермен карбидтеуге арналған әртүрлі моделді қондырғылардың құрылғысын; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, міндетін және қолдану шарттарын; қолданылатын материалдардың, химиялық заттар мен газдардың негізгі қасиеттерін; вакуумдық техниканың негіздерін.

Жұмыс үлгілері: МГЛ жазық конструкциялы шұлықты және вольфрамды катодтар – карбидтелген пайызды бақылау үшін шам вольтметрін пайдалана отырып сутегінде және вакуумда карбидтеу.
§ 12. КАРБОНИЗАТОРШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр пештерінде метан немесе метан қосылған бензин буларының қоспасы атмосферасында метал бөлшектерін және таспаларды қарайту (газбен қарайту). Күйеден тазалау.

Білуге тиіс: маңызды бөліктердің атауы мен міндетін және қызмет көрсетілетін, оның ішінде газбен қарайту пештері мен бөлшектің бетін тазалауға арналған станоктардың қызметінің қағидаттарын; бензиннің, метанның негізгі қасиеттерін; беті қарайған бөлшектерді бақылау үшін қолданылатын аспаптардың міндеті мен шарттарын; қарайту сапасының электр вакуум жұмысына әсерін.

Жұмыс үлгілері: Әртүрлі конфигурациялы бөлшектер және электр вакуум аспаптарының пластиналары - қарайту және тазалау.
§ 13. КАРБОНИЗАТОРШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қолмен және арнаулы қондырғыларда бүрку немесе электрофорез әдісммен күрделі бөлшектерді қарайту. Метан пиролиз процесін жүргізу. Сыртқы жағдайларға (температура, ылғалдылық) байланысты режимді, суспензия құрамы мен бөлшек типтерін іріктеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы мен баптау тәсілдерін; қарайту процесін бақылауға арналған аспаптардың (манометр, вольтметр, амперметр, вискозиметр және т.б.) және метан пиролизінің құрылғысын; құрамдар мен массалар рецепттері; қажетті созылыңқылыққа дейін массалар мен құрамдарды сұйылту тәсілдерін; сыртқы жағдайларға (температура, ылғалдылық) байланысты электрофорез процессін және жабылатын бөлшектердің беткі жағдайын реттеу тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Қабылдағыш-күшейткіш шамдардың анодтары - қолмен және жартылай автоматта бүрку әдісімен аквадагпен қарайту.

2. Әртүрлі конфигурациялы бөлшектер қарайту және тазалау.

3. Қабылдағыш-күшейткіш шамдардың торлары – электрофорез әдісімен қарайту.


§ 14. КАРБОНИЗАТОРШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қатаң шектелген ұзындықпен берілген электрлік кедергімен белгілі учаскеге көміртегі пленкасын жағу процесін өздігінен жүргізу. Қалпы бойынша жауапты және күрделі бөлшектерге қаптама жағу, номиналға дейін жетілдіру, кедергі шамасын бөлудің күрделі заңымен қаптаманы өлшеу. Вакуумда буланумен СВЧ-энергиясын жұтқыштарды жағу. Арнайы құрылғыда қаптама бойындағы кедергінің таралуын бақылау. Пролизді қондырғыға қызмет көрсету және аспаптар бойынша бұйымның дайын болғандығын бақылау.

Білуге тиіс: пролиз қондырғысының құрылғысы мен оны баптау ережесін (ток қуатын және газ шығыстарын реттеу, газ өтудің қуаттылығы мен жылдамдығын өлшеу); процесті бақылауға арналған күрделі аспаптардың құрылғысын, міндетін және қолдану шарттарын (өзі жазатын потенциометр, микроскоп, омметр, ротаметр, ваттметр, амперметр және т.б.); газдардың химиялық құрамына, газдардың температурасына, қоршаған ортаға байланысты газдардың өту жылдамдығын реттеу тәсілдерін; аталған қондырғы жұмысына жататын пиролиздің физикалық-химиялық процестерін, химия, электр техникалық заңдарын; қолданылатын материалдардың міндеті мен қасиеттерін; күрделі қаптауларды жағуға қойылатын талаптарды.

Жұмыс үлгілері

1. Баллондар ақырындату желісімен - қаптама жағу.

2. Күрделі қалыпты энергияны жұтқыштар - қаптама жағу.

3. СВЧ-энергиясын жергілікті жұтқыштар (кварц түтіктері, қыш өзекшелер және т.б.) - көміртегі пленкасын жағу.

4. Қыш өзекшелер - бериллий тотығынан жасалған қаптамаларды жағу.
§ 15. Люминофоршы-экраншы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ерітінділерді автоматты мөлшерлегіші бар бапталған жабдықтарға тұндыру әдісімен люминофорды механикалы және қарапайым конфигурациялы аспаптарға қолмен жағу. Қондырғыларды тиеу және түсіру, автоматты мөлшерлегіш торабының жұмысын бақылау. Колбаларға суспензияларды құю әдісімен люминофорларды қолмен жағу. Кептіру және қабат қалыңдығын және қаптаманың тегістігін тексеру.

Білуге тиіс: люминафорларды жағуға арналған маңызды бөліктердің атауы мен міндетін және қызмет көрсететін жабдықтардың қағидаттарын; Қаптаманың қалыңдығын өлшеуге арналған бақылау аспаптардың міндеті мен қолдану шарттарын; қаптаманы жағуға арналған люминофорлар мен ерітінділердің негізгі қасиеттерін; суспензияны жасауға арналған негізгі рецепттерді; суспензияларды колбаларға қолмен құюдың тәсілдерін; люминофорлы қаптаманың міндетін.

Жұмыс үлгілері

1. Сынапты-кварц аспаптарының колбалары - люминофорларды құю әдісімен жағу.

2. Неон аспаптарының колбалары - люминофорларды қолмен жағу.

3. Люминесценциялы аспаптар (түтіктер) - люминофорларды үстіне құю әдісімен жағу.

4. Теледидар кинескоптарының экрандары - люминофорларды қондырғыға тұндыру әдісімен жағу.
§ 16. Люминофоршы-экраншы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматты қаптау мен кептіруде суспензия түтіктеріне қою әдісімен люминофорды түтіктерге механикалы жағу; жартылай автоматтарда және автоматтарды катафорез әдісімен люминафор қаптамасын жағу. Люминафорларды жағу процесін реттеу. Жартылай автоматтардың жекелеген тораптарын өздігінен бөлшектеу, жуу және құрастыру. Люминофорларды колбалар (шеңберлі) экранына жағу. Суспензиялар дайындау, бүрку процесін жүргізу және реттеу. Еріткіштер мен суспензияларды дайындау, кептіру. Бапталған жабдықтарда үстіне құю немесе бүрку әдісімен люминофор қаптамаларына органикалық пленкаларды жағу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын және баптау тәсілдерін; жууға дейін және кейін люминофор қаптамасын жағу тораптарын бөлшектеу және құрастыру ережесін; қаптаудың тегістігін, люминофор жүктемесінің шамасы (мг/см2) мен қабат қалыңдығын белгілеуге арналған бақылау-өлшеу құралдардың құрылғысын; суспензия мен лактардың негізгі рецепттерін; пленка жасайтын лактардың қасиетін және оның құрамдас бөліктерін; люминофорлы және пленкалы қаптаулардың міндетін.

Жұмыс үлгілері

1. Анодты қыш ұстағыш - катафорез станогында люминофорды жағу.

2. Шынылы платтар - люминофорды жағу.

3. Теледидар кинескоптарының экрандары - айналмалы машиналарда тұндыру әдісімен люминофорды жағу (люминофорды жағу және кептіру).

4. Электронды-сәулелі түтіктердің экрандары - тұндыру әдісімен қолмен бір қабат люминофор жағу.

5. Өлшемі диагональі бойынша 50 см дейін теледидар кинескоптарының экрандары – алюминирлеу алдында органикалық пленканы жағу.

6. Арнайы электронды-сәулелі түтіктердің (шеңберлі) экрандары – бүрку әдісімен люминофорларды жағу.

§ 17. Люминофоршы-экраншы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бүрку немесе тұндыру әдісімен экран немесе қыш сәулелендіру алаңының бірлігіне қаптама қабатының дәлдік тегістігімен күрделі конфигурациялы колбалар экрандары мен қыш сәулелендіргіштерге люминофорларды жағу. Күрделі көп қабатты қаптауларды жағу. Күрделі экрандарға әртүрлі көлемді түйірлермен тез тұнатын суспензияларды жағу үшін режимдерді өздігінен таңдау. Арнайы жабдықтарда флотация, үстіне құю немесе бүрку әдісімен люминофорды қаптауларға органикалық пленкалар жағу. Лактардың қасиеттері мен сыртқы жағдайларға байланысты өздігінен лакты іріктеу және процесті реттеу (тамшының таму биіктігін, суды ағызу жылдамдығын іріктеу.

Білуге тиіс: люминофорлар мен органикалық пленкаларды жағуға арналған жабдықтардың құрылғысын; қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау және оның жекелеген тораптарын реттеу ережесін; қаптауды бақылауға арналған күрделі аспаптардың құрылғысын, міндетін және қолдану шарттарын; процесті оңтайлы белгілеу шарттарын; күрделі көп қабатты қаптаулар үшін суспензияның құрамы мен қасиеттерін; орындалатын жұмыс шегінде химиялық процестердің теориялық негіздерін.

Жұмыс үлгілері

1. Электрондық-оптикалық түрлендіргіштердің шынылы бөлшектері, арнайы қабылдағыш электронды-сәулелік түтіктердің экрандары - люминофорлар мен органикалық пленкаларды жағу.

2. Қыш индикаторлардың сәуле шығарғышы - люминофор жағу.

3. Люминесценциялы индикаторларға арналған анодты платтар - люминофор жағу; люминофорды ток өткізгіш жолдардан тазалау.

4. Өлшемі диагональі бойынша 50 см артық теледидар кинескоптарының экрандары және барлық өлшемдегі қалпына келтіруші кинескоптардың экрандары - органикалық пленканы жағу.

5. Арнайы электронды-сәулелі түтіктердің әртүрлі конфигурациялы экрандар - бүрку және тұндыру әдісімен люминофорларды жағу.

6. Экрандар - әртүрлі құрамды суспензияларды көп қабатты тозаңдату және әрбір қабатты қатаң температуралық режимді кептіру.


§ 18. Люминофоршы-экраншы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс алаңын алдын ала арнайы өңдеумен аспаптар экрандарына және қыш сәуле шығарушыларға әртүрлі маркалы люминофорларды жағу. Үйірткілеу немесе тұндыру және тозаңдату әдісімен түсті люминофордың тұтас қабатын жағу. Қондырғыларды өздігінен теңшеумен, тиісті маскалар мен растрларды таңдаумен және орнатумен түсті бөлу бойынша люминофорлық қаптауларды фотоэкспонирлеу. Арнайы қондырғыларда мозайкалы және сызықты экрандарды көрсету. Сфералық немесе талшықты-оптикалық жазық дискіге тұндыру немесе электрофорез әдісімен жұқа құрылымды қондыру. Флотация әдісімен сфералық немесе жазық дискінің люминофорлық қабатына және мозайкалы әрі сызықты түсті экрандардың люминофорлық қаптауына органикалық пленканы жағу. Таңдалған режимге жабдықты реттеу. Процесті жүргізу барысында қаптау сапасын бақылау. Экранды кептіру және жартылай күйдіру.

Білуге тиіс: түсті люминофорлар мен органикалық пленкаларды жағуға арналған әртүрлі модельді арнайы жабдықтардың кинематикасы мен электр тәсімін; жабдықтардың таңдалған жұмыс режимін тексеру тәсілдерін; қаптама сапасын тексеру үшін бақылау-өлшеу аспаптарын теңшеу және реттеу; люминофорирлаудың физикалық және химиялық процестерінің теориялық негіздерін.

Жұмыс үлгілері

1. Сфералық талшықты-оптикалық дискі - тұндыру әдісімен жұқа шекті экранды қондыру.

2. ГЗСИ әртүрлі конфигурациялы экрандар - трафаретті баспа әдісімен люминофорды жағу.

3. Теледидардың түсті кинескоптарының экрандары – люминофорлық қаптауларды жағу.


§ 19. Люминофоршы-экраншы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және жаңа әзірленген түсті кинескоптардың экрандарына люминофорлық қаптаулар жағу. Жабдықтардың жаңа технологиялық режимдері мен жаңа конструктивтік элементтерді өңдеу кезінде әртүрлі эксперименттер жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының көмегімен процестерді жүргізуді тұрақты бақылау. Микроскоппен немесе бірнеше рет үлкейтетін лупаның көмегімен түсті экранның сапасын бағалау.

Білуге тиіс: жабдықтардың құрылғысын, кинематикасын, электр тәсімдерін, дәлдікке тексеру ережесін және баптау тәсілдерін; арнайы және әмбебап бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын және дәлдікке тексеру ережесін; кез-келген мақсаттағы және барлық типтегі люминофорлардың рецептуралық құрамы мен қасиеттерін; люминофорлеудің физикалық-химиялық процестерінің теориясын.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

Жұмыс үлгілері: Түсті дисплейлі кинескоптың экраны - люминофорлық және матрицалық қаптауларды жағу.


§ 20. Магнезиттеуші-вакуумшы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бүрку әдісімен қолмен слюда тілімшелеріне, аяқтарға, қыш бөлшектерге оқшаулау қабатын жағу. Слюдада оқшаулау қабаттарын бекіту бойынша бір қатар жұмыстарды орындау (қыздыру, тазартылған суға салу, кептіру). Слюдаларды қалпына келтіру. Қаптау құрамын түзету. Жабдықтар кешеніне қызмет көрсету (бүрку қондырғысы, кептіру шкафы, муфель пеші).

Білуге тиіс: қыздыруға арналған қызмет көрсетілетін пештердің, кептіру шкафтарының, бүркігіштердің құрылғысын; бақылау аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; оқшаулау қаптамаларының құрамы мен қасиеттерін, олардың аспаптардың қалыпты жұмысына әсерін.

Жұмыс үлгілері: Электр вакуум аспаптарының слюда тілімшелері, аяқтар және басқа бөлшектер - қолмен магнезиттеуші.
§ 21. Магнезиттеуші-вакуумшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Айналмалы және барабан типтегі жартылай автоматтарда бүрку әдісімен күрделі конфигурациялы слюда тілімшелеріне, аяқтарға, қыш бөлшектерге оқшаулау қабатын жағу. Слюдада оқшаулау қабаттарын бекіту бойынша жүйелі жұмыстарды орындау (қыздыру, суға салу, кептіру). Слюдаларды қалпына келтіру. Қаптау құрамын түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жартылай автоматтардың, бүріккіштердің құрылғысын; қыздыру пештеріне, кептіру шкафтарына қызмет көрсету, күрделі конфигурациялы слюданы қалпына келтіру тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері: Металл торлардан жасалған нысана - бүрку әдісімен диэлектрик қабатын жағу.
§ 22. КҮҢГІРТТЕНДІРуші-вакуумшы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Айналмалы типтегі машиналарда өңдеу (шынылау) әдісімен шыны бұйымдарын іштей күңгірттендіру. Машиналарды тиеу және түсіру.Жабдықтардың жұмыс режимдерін реттеу.

Білуге тиіс: күңгірттендіру машиналарының маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін және қызметінің қағидаттарын; күңгірттендіретін еріткіштердің негізгі қасиеттері мен құрамдарын.

Жұмыс үлгілері: Жарық беретін колбалар - машинада ішкі бетін күңгірттендіру.
§ 23. КҮҢГІРТТЕНДІРуші-вакуумшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шағын оптикалық тығыздықты қамтамасыз етумен арнайы жабдықтарда шыныдан жасалған бұйымдарды күңгірттендіру. Өңдеу (шынылау) әдісімен қолмен күңгірттендіру. Шыныланған бөлшектерді жуу.

Білуге тиіс: күңгірттендіру процесін жүргізу барысында жабдықтардың құрылғысын және баптау тәсілдерін; эталон бойынша күңгірттендіру процесін бақылау ережесін; өңделетін материалдардың (бөлшектердің) қасиетін ескере отырып, бұйымдарды күңгірттендіру режимін таңдау.

Жұмыс үлгілері

1. Кептіргіш шамдардың колбалары - қолмен сыртқы бетін күңгірттендіру.

2. Жарық беретін шамдар - қолмен сыртқы күңгірттендіру.

3. Шағын шамдар - қолмен сыртқы күңгірттендіру.


§ 24. Қышқыл ерітінділерін қолдана отырып колбаларды жуушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған жуғыш машиналарда және қолмен тазалау, майсыздандыру, өңдеу, жуу және шыны колбаларды және баллондарды кептіру. Одан әрі өңдеу және қаптауларды (күміс, жартылай өткізгіш қаптамалар, алюминилендірілген) жағу үшін сыртқы және ішкі бетін өңдеу. Жуу ерітінділерін дайындау.

Білуге тиіс: майсыздандыру, жуу, өңдеу мен кептіруге арналған қызмет көрсететін жабдықтар қызметінің қағидаттарын; қолданылатын материалдардың қасиеттерін (еріткіштер, қышқылдар, сілтілер); өңдейтін және майсыздандыратын құрамдардың негізгі рецепттерін; аспаптарды дайындаудың кейінгі технологиялық операциялары үшін тазалау сапасының маңызы.

Жұмыс үлгілері

1. Электр вакуум аспаптарына арналған колбалар мен баллондар - арнайы жуу ерітінділерінде жуу және әртүрлі қышқылдарда өңдеу.

2. Электр вакуум аспаптарына арналған колбалар - қышқыл, сілте ерітінділерінде және суда жуу; кептіру шкафтары мен пештерінде кептіру.

3. Диаметрі диагональі бойынша 50 см дейін электронды-сәулелі түтіктердің қабықшасы - жуу ерітінділерін дайындап, машинада жуу; ішкі қаптамаларын (люминофор, алюминий, аквадага) алу.


§ 25. Қышқыл ерітінділерін қолдана отырып колбаларды жуушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қолмен, жуу машиналарында, дыбысты және ультрадыбысты қондырғыларда колбалар мен ірі габаритті қабыршақтарды тазалау, майсыздандыру, өңдеу, жуу және кептіру. Процесті өздігінен жүргізу. Балқитын қышқыл ерітінділерін және әртүрлі концентратты жуу ерітінділерін дайындау.

Білуге тиіс: майсыздандыру, жуу, өңдеу мен кептіруге арналған қызмет көрсету жабдықтарының құрылғысын; қолданылатын (ерітінділер, қышқылдар, сілтілер) материалдардың қасиеттерін; тазалау сапасына, экран мен конустың шетжақтарында сынықтардың болмауына қойылатын негізгі талаптарды.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі диагональі бойынша 50 см артық электронды-сәулелі түтіктерге арналған қабыршақтар - жуу ерітінділерін дайындап, машиналарда жуу.

2. Түсті кинескоптарға арналған қабыршақтар - машинада конустар мен экрандарды жеке жуу.

3. Диаметрі диагональі бойынша 50 см артық электронды-сәулелі түтіктерге арналған қабыршақтар және қалыпқа келтіру кезінде ЭЛТ колбаларының қабыршақтары - ішкі қаптамаларды (люминофор, алюминий, аквадаг) алу.

4. Электр вакуум аспаптарына арналған қабыршақтар - өңдеп қолмен жуу.

5. Корпус пен өткелдердің, конустың металл-шынылы тораптары, аяғы бар корпус, түтіктер, электрондық-оптикалық түрлендіргіш цилиндрлер – ультрадыбысты қондырғыларда жуу.


§ 26. Қышқыл ерітінділерін қолдана отырып колбаларды жуушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жуғыш ерітінділермен және балқитын қышқыл ерітінділерімен күрделі конфигурациялы шыны қабыршақтарды (колбаларды), түсті кинескоптардың экрандары мен конустарын өңдеу. Әртүрлі маркалы және әртүрлі химиялық тұрақты шыныдан жасалған қабыршақтардың жылтыратылған дискілеріне жоғары талаптар қойып, арнайы жуғыш ерітінділермен талшықты-оптикалық дискілерді, күрделі конфигурациялы ФЭП шыны және металды-шынылы қабыршақтарды өңдеу. Ажарланған экран мен конустың шетжақтарын желімдеу, тазалау және жуу. Конус пен экранның жиынтығын оларды өңдеу кезінде тексеру. Экранға түсті люминофорды және конусқа өткізгіш қаптамаларды жағу үшін экран мен конустың ішкі бетінің жуылу сапасын тексеру.

Білуге тиіс: жуу операциясының міндетін, желімдеу; майсыздандыру, жуу, өңдеу мен кептіруге арналған әртүрлі моделдегі қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын; қолданылатын материалдардың (қышқылдар, ерітінділер, сілтілер) қасиетін; балқитын қышқыл концентраттарының өңделетін шыны бұйымдарының сапасына әсерін; тазалау сапасына, экран мен конустың шетжақтарында сынықтардың болмауына қойылатын негізгі талаптарды.

Жұмыс үлгілері

1. Рентген электрондық-оптикалық түрлендіргіші - колбаның жылтыратылған дискісіне қойылатын арнайы талаптармен металды-шынылы колбалар мен бөлшектерді қолмен жуу.

2. Түсті дисплей кинескоптары - экран мен конустың шетжақтарының дәлдігімен желімдеу, тазалау және жуу.

§ 27. Тотықтырушы-вакуумшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Катодтарға малтып немесе сылап эмиссиялы қаптамаларды жағу. Керндермен, катодтарды бүрку әдісімен тотықтыру процесін жүргізу үшін рамаларға орналастыру және оларды қаптаудан кейін арнайы ыдыстарға орналастыру. Резеңке қабыршақтарды, оларды престеу және алюминаттар мен алюмосиоикаттарды алу үшін бастапқы материалдардың ұнтақтар қоспасымен толтыру; қабыршақтардан престелген штабиктарды шығарып алу, штабиктарды жентектеу үшін қайықшаларға орналастыру, резеңке қабыршақтарды вольфрам ұнтағымен толтыру, қабыршақтардан вольфрам ұнтақтарын шығарып алу. Алюминаттан, алюмосиликат пен вольфрамнан жентектелген штабиктарды шыны ыдыстарға салу немесе шыны ампулаға дәнекерлеу.

Білуге тиіс: тотықты катодтар қаптамасы үшін суспензиялардың құрамы, кеуекті металл катодтар жасау үшін алюминат пен алюмосиликат құрамдарын; тотықты және кеуекті металл катодтар технологиясында қолданылатын барий мен метал ұнтақтары негізіндегі эмиссионды-белсенді қосындылардың құрамын және оларға қойылатын талаптарды; тотықты қаптамаларды жағу, қаптау сапасын бақылау тәсілдерін; ыдыстарға қойылатын талаптарды; вольфрамды дайындамалардың барий алюмосиликаттары мен алюминаттарын сіңдіру процесін ерекшеліктерін.

Жұмыс үлгілері

1. Газразрядты шамдардың катодтары - малту әдісімен тотықтыру.

2. Арнайы шамдардың шиыршықтары - сылау әдісімен тотықтыру.


§ 28. Тотықтырушы-вакуумшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өздігінен режимді таңдаумен бүрку немесе электрофорез әдісімен катодтарды немесе қылдарды қаптау. Қаптаудың режимі өзгерген кезде жабдықтарды реттеу және баптау. Пасталар мен суспензияларды түзету. Күрделі қаптамаларды жағу. Өлшеу жолымен тотықтың салмағын айқындау. Орташа күрделі шағын габаритті металкеуекті катодтарды дайындау. Барий люминаттарын (алюмосиликаттарын) келіде ұсату және дайындамаларды, катодтар мен белсенді заттарды сіңдіру молибден қайықшаларына орналастыру. Сіңдірілген дайындамалар мен катодтарды алюминат (алюмосиликат) қалдықтарынан зімпара шеңберінің, құмбүріккіш қондырғылардың, бормашиналардың көмегімен немесе қолмен тазалау.

Білуге тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылғысын, міндеті мен баптау тәсілдерін; материалдардың негізгі, механикалық, физикалық және химиялық қасиеттерін; катодтарды қаптаудың әртүрлі тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптары қызметінің қағидаттарын және құрылғысын; массалар, суспензиялар, барий алюминаттарын, алюмосиликатарын дайындау тәсілдерін; талап етілетін қалыңдығы, салмағы кедір-бұдырлығы бар катодтарды алу үшін жұмыс жағдайына қарай тотықтандыру және режимдерді реттеу тәсілдерін; құмбүріккіш қондырғыларда, бормашиналарда және қолмен вольфрам дайындамалары мен шағын габаритті катодтарды тазалау тәсілдерін; гидравликалық престе шағын габаритті катодтарды престеу тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Жылыту катодтары - қолмен және автоматта бүрку әдісімен тотықтыру.

2. Газразрядты шамдардың катодтары - катафорез әдісімен тотықтыру

3. Синтерделген катодтар - никель пасталарымен қаптау.

4. Тік қыздыру катодтарына арналған вольфрамды сым - тотықтыру.

5. Кеуекті металл, шағын габаритті катодтар - гидравликалық престерде престеу.

6. Ірі габаритті кеуекті металл катодтар - вольфрамды массаны дайындау.
§ 29. Тотықтырушы-вакуумшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қаптаманың салмағы мен қалыңдығына шектеулер қойылған күрделі жұмыстарды орындау. Қаптау үшін режимдер мен құрамдарды таңдау. Тік қыздыратын арматураланған катодтарын дайындайтын автоматтарға қызмет көрсету. Катодтарды механикалық дайындау автоматтарының барлық тораптарын баптау. Бағдарламалық басқарумен катодтарды қаптаудың жартылау автоматтарын теңшеу; жұқартқыштарды қайнату және тотықтыру. Қаптау процесін түзету. Кеуекті металл катодтар үшін әртүрлі пайыздық құрауыштары бар алюминаттардың, алюмосиликаттар эмиссионды-белсенді заттар және басқа заттар дайындау. Вольфрам дайындамаларының газ өткізгіштігін белгілеу. Берілген кеуектілік пен шектеулермен вольфрам дайындамаларын престеу режимін өздігінен түзету. Эмиссионды-белсенді заттарды көмір қышқыл газ атмосферасында өңдеу. Концентратты дәнекерлеу қондырғысында кеуекті металл катодтарының бөлшектерін құрастыру. Қондырғылар мен құрылғылардың көмегімен күрделі катодты-жылытқыш тораптарын құрастыру.

Білуге тиіс: катодтарды дайындауға арналған автоматтардың құрылғысын және баптау ережесін; эмссионды-белсенді құрамдарды дайындау және тотық қаптамасын жағу ережесін, сапасын бақылау; кеуекті металл катодтарын және эмиссионды-белсенді заттарды дайындауға арналған жабдықтар мен қондырғылардың құрылғысын; вольфрам дайындамалардың кеуектілігін тексеру ережесін; вакуум туралы негізгі түсініктер; катод температурасын пирометрмен өлшеу әдістерін.

Жұмыс үлгілері

1. Оксидті тікелей қыздырылған армирленген катодтар – толықтай автоматта дайындау.

2. Беті кеуек катодтар – қылқаламның көмегімен және бүрку әдісімен эмиссиялық қабат түсіру.

3. Синтерирленген катодтар – қатты рұқсат етілетін салмағына және қабатының қалыңдығына қолмен ысқылау әдісімен қаптау.

4. Оксидті катодтар – бүрку әдісімен тығыздап қаптау.

5. Металл кеуек катодтар – вольфрам дайындамалардың кеуектігін және эмиссионды-белсенді заттың салмағын өлшеу әдісімен айқындау.

6. Вольфрам дайындамалар – берілген кеуектілікті нығыздау әдісімен алу.
30. ТОТЫҚТАУШЫ - ВАКУУМШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ток және магнетрондарды жоғарылатылған іріктеумен миниатюралық және жоғары миниатюралық электр вакуумдық аспаптарға, аз шуылды және көп шуылды ЛБЗ, ЛОВ, қуатты клистрондарға арналған оксидті және металл кеуекті катодтар жасау. Рұқсат етілген ±2 мкм жабын қалыңдығы бойынша бағдарламалық басқарылатын жартылай автоматтарда оксидті катодты эмиссиялық қабат алу. Қабаттың құрамын және режимін өз бетінше таңдау. Рұқсат етілуі бойынша (± 2 мкм) оправкадағы катодтарды орнатып, отырғызуды өлшей отырып миниатюралық және жоғары миниатюралық ЭВП катодтарын тотықтауға арналған оправкаларды құрастыру. Микроскопты, микроманипуляторды, микротокты пайдалана отырып катодтың шеткі бетін кесу және тазарту. Катодтардың тығыз оксидті қабат атуға арналған тозаңдатқышты теңшеу және бақылау. Жартылай автоматта катодтарды қаптау бағдарламасын таңдау. Белсенді заттар компоненттерінің пайыздық мәнін есепке ала отырып арнайы тағайындалған (шағын буландыру, үлкен ток беру, күрделі эмитациялық беті және т.б.) металл кеуекті катодтар үшін барий негізіндегі эмиссиялық-белсенді заттарды дербес дайындау. Микроскоппен бақылай отырып даяр кеуек пен эмитациялық дақтың белсенді заттарды дәл мөлшерлеу және берілген мөлшерін ала отырып катодты кеуекті нығыздау. Микроскопты пайдалана отырып катодтарды орнатып және орнатуды өлшей отырып металл кеуекті катодты оправкаларды құрастыру. Катодтардың негізгі параметрлерін: ток қызуының қуаттылығын, шекті тығыздығын айқындау. Қызмет мерзімі процесінде және циклдық сынақтарда катодтың негізгі параметрлерін (пайыздық) өлшеу.

Білуге тиіс: металл кеуекті катодтарды дайындауға арналған катодтар мен жабдықтарды тотықтыру үшін бағдарламалық басқарумен жартылай автоматтардың құрылғысы және жұмыс режиміне теңшеу әдістері; түрлі құрылымдағы тозаңдатқыштардың құрылғысы және жұмыс принципі; бақылау-өлшеу аппаратураның құрылғысы, өлшеу және қателіктер шегі, түрлі өлшемдегі цилиндрлік, сфериялық, түтікшелік, эллиптикалық және кеуек оксидті катодтардың тығыздығын және қаптау бағдарламаларын есептеу әдістері, тотықты және металл кеуекті катодтардың жұмыс механизмі; электр вакуумды аспаптардың құрылғысы.

Жұмыс үлгілері

1. Тығыз қабатты ИВ-З үлгісіндегі катодтар – дайындау.

2. Жұқа тығыз қабатты және дәл қалыптастырылған жиектерімен тотықты катод – дайындау.

3. Тотықты катодтар керндері – тығыз карбонатты қабаттың құрамы мен бетін дайындау.

4. Металл кеуек миниатюралық катод (эмитациялық дақтың мөлшері 0,07х0,3 мм) - әзірлеу.
§ 31. ГАЗ СОРҒЫШ ҚОНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Малу, жағу және фонтандау әдістерімен қолмен және арнайы құрылғыларына электро вакуумды аспаптардың ішкі арматуралық бөлшектеріне газ сорғышты қондыру. Газ сорғышты қондыру үшін бөлшектерді дайындау. Жабдықты күрделі емес баптау жағдайында түрлі құрылымдағы нығыздағыштарда газ сорғыштарды нығыздау. Қаптама өлшемін айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөліктерінің атауы және қызметі; процестерді бақылауға арналған газ сорғыш пен аспаптарды қолмен қондыруға арналған айлабұйымдардың қызметі және қолдану шарттары; газ сору құрамы мен олардың құрамдас бөліктерінің негізгі қасиеті және қызметі; электр вакуумды аспаптың жұмысына газ сорғыштың сапасының әсері, қаптама өлшемін айқындау және есептеу.

Жұмыс үлгілері

1. Прожекторлық, кинопроекциялық, ұшақтық және арнайы лампаларға арналған газ сорғыш – электрод аяқтарына қондыру және спиральға фонтандық аппаратта жағу.

2. Қосымша газ сорғыш (формиргеттер) – траверске электр вакуумды аспаптардың торын қондыру.

3. Қабылдағыш-күшейткіш лампалардың ішкі арматурасының бөлшектері – қосымша газ сорғыш қондыру.

4. СВЧ аспаптары – препаратты мөлшерлеп қондыру.

5. Металл лампаларға арналған спиральдар – қолмен қондыру.


§ 32. ГАЗ СОРҒЫШ ҚОНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конфигурациясы бар электр вакуумды аспаптардың бөлшектеріне (торшалар, анодтар) бүрку және электр форезі әдісімен газ сорғыш қондыру. Қаптау режимін дербес таңдау. Жабдықтың жұмыс режимін дербес теңшей отырып реттеу; қаптауға арналған құрамды түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және баптау тәсілдері; газ сорғыш қондыру режимін таңдаудың негізгі принциптері; электр вакуумды аспаптың жұмыс шарттарына байланысты газ сорғыштардың түрлі құрамын пайдалану ережесі, газ сорғыштың өлшемін және қондырудың сыртқы сапасын айқындауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы (лупа, торзионды таразы).

Жұмыс үлгілері

1. Генераторлы лампалардың ішкі арматура бөлшектері - бүрку әдісімен цирконий, тантал және басқа құрамдар жағу.

2. Қабылдағыш-күшейткіш радиолампалардың ішкі арматура бөлшектері – қаптама бойынша дәл шегімен қосымша газ сорғыш қондыру.

3. Электр вакуумды аспаптардың ішкі арматурасы бөлшектері – электр форез әдісімен графит-цирконий және титан қаптама жағу.

4. Вакуумды сандық индикаторлардың бөлшектері – қаптамасы бойынша дәл шекті қосымша газ сорғыш қондыру.
§ 33. ГАЗ СОРҒЫШ ҚОНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі титан газ сорғыштар жасау, сыртын қарап және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен олардың сапасын айқындау. Түрлі әйгілі әдістермен түрлі конфигурациялы бөлшектерге газ сорғыш қондыру.

Білуге тиіс: газ сорғыштарды дайындау және қондыруға арналған жабдықтардың түрлі құрылғыларының құрылымы; қызмет көрсетілетін жабдықтың дәлдігін теңшеу және тексеру ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының, вакуум құрылғылардың (маперметрлер, вольтметрлер, вакуумметрлер, пирометрлер) құрылғысы, қызметі және пайдалану шарттары; бақылау-өлшеу құралдарының (калибрлері, штангенциркульдер, микрометрлер, проекторлар және т.б.) бөлшектерін тексеру тәсілдері мен қолдану шарттары; орындалатын жұмыс шегіндегі вакуумды техника негіздері.


§ 34. КҮЙДІРУШІ - ВАКУУМШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі газ атмосферасындағы газ және электр пештердің (сутегі, оттегі және т.б.) бөлшектері мен тораптарын күйдіру. Жөнделген жабдықта жұмыс кезінде қаптамалардың бөлшектерін күйдіру. Сымдарды күйдіру. Дәнекерлеу элементтерін күйдіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін күйдіру пештерінің маңызды бөлшектерінің атаулары, қолдану принципі және қызметі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану шарттары, күйдіруді реттеу режимдері; күйдірілетін материалдардың негізгі қасиеттері, және оларды күйдірген кезде қасиеттерінің өзгеруін; қышқылдандыру және қалпына келтіре күйдіру қызметі; қызмет көрсетілетін жабдық жұмысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

Жұмыс үлгілері

1. Металл бөлшектер – қалпына келтіре күйдіру.

2. Бөлшектер мен тораптар – конвейерлі пештерде және сутегі атмосферасында қалпақта күйдіру; ЭВП бөлшектері мен тораптары – вакуумда және сутегі ортасында күйдіру.

3. Металл қыш лампалардың дайындамасы – көлденең түтікшелі пештерде күйдіру.

4. Қарапайым нығыздалған бөлшектердің дайындамалары – күйдіру.

5. Фарфор көпіршелер – муфталық пештерде күйдіру.

6. Кварц пластиналар – жоғары вакуумды, жоғары температуралы күйдіру.
§ 35. КҮЙДІРУШІ - ВАКУУМШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс режимін дербес таңдай отырып пештердегі бөлшектер мен сымдарды күйдіру. Сутекті және қышқылдау пештерінде және басқа құрылымды пештердегі бөлшектерді күйдіру. Жоғары жиіліктегі токтардың бөлшектерін вакуумды күйдіру. Вакуумды-сутекті пештердегі инертті газдардың металл бөлшектерін күйдіру. Конвейерлік пештерде (лераларда) органикалық пленканы күйдіру. Операциядан кейінгі ақаулардың түрлері бойынша бақылау, бақылау нәтижелерін рәсімдеу, құжаттаманы жүргізу. Вакуумды күйдіру құрылғысына қызмет көрсету және жұмыс режимін бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және баптау тәсілдері; күйдіру процесінің ерекшеліктері, вакуумды (вакуумметр, ұщқынды ағатын жерді іздегіш), температураны (пирометр, электропотенциометр, гальванометр), пештердің электр деректерін (амперметр и вольтметр) өлшеуге арналған аспаптарды бақылау тәсілдері мен құрылғысы; бөлшектерді газсыздандыру және жоғары жиілікте қыздыру процесінің негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Кеуек титан газ сорғыштар және газ соратын қабаттар – сутекті пештерде жентектеу.

2. Металл, металл қыш, қыш бөлшектер мен тораптар – вакуумды күйдіру.

3. Лампаішілік бөлшектер (анодтар, катодтар, торшалар) – сутекті және конвейерлі пештерде күйдіру.

4. Арнайы ұнтақтардан жасалған металл қабатты бөлшектер мен дайындамалар – вакуумды күйдіру.

5. Шыны мен металлдан дәнекерленген бөлшектер – күйдіру.

6. Графит кассеталар – сутекті пештерде күйдіру.

7. Генератор лампалар катодтары – сутегі атмосферасында токта «формалау».

8. Тотықтырылған катодтар, алундирленген қыздырғыштар – сутекті пештерде термиялық өңдеу.

9. Никель суспензиямен, никель ұнтақпен қапталған катодтар – сутегі атмосферасында күйдіру.

10. ЭЛТ колбалары – оргпленканы күйдіру.

11. Шыны колбалар – күйдіру.

12. Кристалл ұстағыштар – сутекті пештерде күйдіру.

13. Молибден және вольфрам таспа – күйдіру.

14. Қалыпталған металл шыны аяқтар – сутекте күйдіру.

15. Люминофор, органикалық пленка жағылған өткізгіш, жартылай өткізгіш қабатты шыны қабықшалар – күйдіру.

16. Слюда пластиналар – муфталы пештердегі оқшаулағыш құрамды жүйелі бекіте отырып электр пештерде күйдіру; сандық индикаторлардың слюдалық пластиналары – муфталық пештерде электрмен қыздыра отырып күйдіру.

17. Вольфрам, рений және т.б. ұнтақтар – күйдіру.

16. Мыс, күміс дәнекерлер – сутекте күйдіру.

18. Призмалар, линзалар, пластиналар – күйдіру.

19. Сымдар мен спиральдар – муфталық пештерде күйдіру.

20. Түрлі-түсті және баяу балқитын металдардан жасалған сымдар – қайта орай отырып күйдіру.

21. Магнитті басқарылатын байланыстарға арналған сымдар мен пружиналар – сутекте күйдіру.

22. Өңдеудің аралық сатыларындағы ЭВП торшалары – сутекте күйдіру.

23. Спиральдар – қайта орай отырып жоғары температурада күйдіру.

24. ЦЭЛТ-ке арналған ЭОС – жоғары жиіліктегі күйдіру.

25. Тантал анодтар – вакуум пештерде жентектеу.
§ 36. КҮЙДІРУШІ - ВАКУУМШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сутегі, азот немесе вакуум атмосферасындағы күрделі көпсатылы электр вакуумды тораптарды күйдіру және дәнекерлеу. Түрлі-түсті кинескоптың электронды-оптикалық жүйесінің электрлік және жоғары жиілікте қыздыра отырып бөлшектері мен тораптарын сутекті және вакуумды пештерде күйдіру. Температурасы мен уақыты бойынша режимді дербес таңдаумен қымбат тұратын, жоғары температурадағы дәнекерді пайдалана отырып дәнекерлеу процесін жүргізу. Вакуумды тығыздалған қоспаларды алу мақсатында түрлі материалдардан жасалған бөлшектерден тұратын кең номенклатурадағы ЭВП тораптарын құрастыру, зарядтау және дәнекерлеу. Түрлі механикалық қасиеттерді және сыртқы түрін алу мақсатында түрлі режимдегі пештерге қызмет көрсету және үлкен номенклатурада күйдіру. Бөлшектердің бетінде тотықтау пленкасын алу мақсатында күйдіру процесін жүргізу. Алынатын дәнекердің, жентектеу қабатының және тотық пленкасын эталон бойынша сапасын бақылау.

Білуге тиіс: күйдіру пештерінің түрлі модельдері жабдықтарының құрылғысы; қызмет көрсетілетін жабдықтың таңдалған режиміне теңшеу және баптау ережесі; арнайы айлабұйымдарды және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, қызметі және пайдалану шарттары; дәнекерлеуден алдын тораптарды құрастырудың кезектілігі; көп сатылы тораптар мен бөлшектерді дәнекерлеу процесі; дәнекерленген тораптар мен бөлшектерге қойылатын талаптар; дәнекердің құрылымына әсер ететін себептер; қолданылатын газ ортасының физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, өңделетін бөлшектердің материалына оның әсері.

Жұмыс үлгілері

1. Мыс рентген түтікшелерінің анодтары - графитті нысандарда құрастыру және балқыту.

2. Торий-цирконий маяк сериялы анодтар – жентектеу.

3. Рентген түтікшелердің анодты тораптары – жарақтарды пайдалана отырып құрастыру (зарядтау) және пакетті дәнекерлеу.

4. Рентген түтікшелердің бериллий терезелері – сутекте флюспен және вакуумда белсенді қабатта дәнекерлеу.

5. Кеуек және нығыздалған титаннан жасалған газ сорғыштар, газ сорғыш қабаттар – вакуумда жентектеу.

6. Арнайы жоғары жиіліктегі аспаптардың бөлшектері мен метал тораптары – сутекті пештерде дәнекерлеу және күйдіру.

7. ТКЛ бөлшектер – майсыз тартып шығаратын жартылай автоматты жоғары вакуумды құрылғыларда бағдарламасын таңдай отырып тораптарды күйдіру.

8. Вакуумды конденсаторлар мен қосқыштардың бөлшектері мен тораптары – дәнекерлеу, күйдіру.

9. Электровакуумды аспаптардың бөлшектері мен тораптары – сутекті ортадағы құрылғыда күрделі тораптарды дәнекерлеу; тотықталған пленка жасау және құрғақ және ылғал сутекте күйдіру.

10. Магнитті басқарылатын байланыстардың бөлшектері, магнитті басқарылатын байланыстар – күйдіру.

11. ЭЛТ тораптары мен бөлшектері – сутекті пештерде күйдіру және дәнекерлеу.

12. Көпқабатты металл қабатпен дайындама – температуралық күйдіру.

13. Түрлі-түсті кинескоптар – қабаттарын желімдеу.

14, М-32, М-59, М-61 маскалар – күйдіру.

15. Кварц резонатор корпусы – метал шыны дәнекер алу.

16. Концентрациялық генератор лампалардың аяқтары – алдын ала өңдеп дәнекерлеу.

17. Молибден, вольфрам сымдар және олардың қорытпаларынан жасалған сымдар – күйдіру.

18. Никель және латунь 11-ден 250 микронға дейінгі сымдар – күйдіру.

19. Тор жолдар – сутек атмосферасында токпен сорып күйдіру.

20. Оқшаулағыш қабатпен қапталған қыздырғыштар – сутекті пештерде күйдіру.

21. Түрлі-түсті кинескоптың электронды-маскалық торабының рамалары – күйдіру.

22. Рамалық торлар – сутек атмосферасында дәнекерлеу; ЭЛТ-ға арналған рамалық ірі көлемді торшалар, диэлектрикті торшалар – күйдіру.

23. Ірі көлемді күшті генераторлық лампалардың торшалары – көпқабатты қаптарды дәнекерлеу.

24. Орташа күрделіліктегі МЛ және ТКЛ тораптар мен бөлшектер – вакуумда дәнекерлеу және газсыздандыру.

25. Күрделі конфигурациялы (көп сатылы) аспаптардың тораптары – вакуумда дәнекерлеу, күйдіру және газсыздандыру.

26. Қымбат тұратын жапсырмаларымен күрделі аспаптардың тораптары – жоғары жиіліктегі ток вакуумды пештерде дәнекерлеу.

27. Аспаптардың тораптары – сутекті пештерде глазурьмен дәнекерлеу.

28. Үлкен көлемдегі тораптар (ұзындығы 450-500 мм) – дәнекерлеу.

29. СВЧ модульдерінің тораптары – күйдіру.

30. Түрлі-түсті экрандар – органикалық пленканы күйдіру.

31. Электронды сәулелі түтікшелердің, түрлі-түсті кинескоптардың экрандары, конустары – күйдіру.


§ 37. КҮЙДІРУШІ - ВАКУУМШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі орталарда: сутекте, дәрмектелген газда, азотта кептіріп және ылғалдап пештерге толықтай қызмет көрсету және түрлі бөлшектерді күйдіру және дәнекерлеу режимдерін дербес реттеу. Түрлі режимдегі бірнеше пештерге бір уақытта қызмет көрсету және бағдарламалық басқарылатын және автоматты жазбалы сутекті пештерге қызмет көрсету. Бағдарламалық басқарылатын пештерге арналған бағдарламалардың жиынтығы (температура, уақыт). Берілген бағдарламаның орындалуын тексеру. Үздіксіз жұмыс істейтін жоғары температуралық қалпақты пештерге қызмет көрсету. Жоғары жиіліктегі токтағы сутекті пештерінде белсенді құрамдармен (барий, кальций, алюминий, торий тұздарының қоспасы) катодтардың бөлшектерін күйдіру және сіңдіру. Жоғары температуралық пештерде катодтардың құйылған қыздырғыш тораптарын жентектеу. Сутек ортасында жоғары миниатюралық тотықты катодтарды жентектеу. Вакуумды тығыз қоспаларды алу мақсатында құрастырылған жарақтарды, дәнекермен ұстауды және басқа құрастыру жолдарын талап ететін күрделі конфигурациядағы ЭВП тораптарын жоғары температурада дәнекерлеу. Диффузионды дәнекерлеумен ауыстырылатын дәнекерлеу процесін жүргізу. Күйдіру: орау қадамын сақтай отырып молибденнен, нихромнан, вольфрам сымдардан жасалған сымдардан спиральды желілерді; геометриялық өлшемдерді сақтай отырып оларды газсыздандыру мақсатында баяулататын шағын құрылымды жүйелерді. Сериялық емес шығарылымның бөлшектеріне арналған күйдіру режимін таңдау.

Білуге тиіс: түрлі ортадағы пештердің құрылғысы мен пайдалану ережесі; бағдарламалық басқарылатын пеш блоктарының құрылғысы және жұмыс істеу принципі; үздіксіз жұмыс істейтін жоғары температуралы пештерге қызмет көрсету және пеште жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары; пешті жұмысқа қосқанда алунд құбырды баптау режимі; жоғары жиіліктегі генераторға қызмет көрсету ережесі; жоғары жиіліктегі токты күйдіру процесінің ерекшеліктері; металл қыш қасиетіне жентектеу режимінің әсері; түрлі материалдарды жоғары температурада дәнекерлеу ерекшеліктері; дәнекерленген қоспалардың сапасына дәнекерлеу режимі параметрлерінің әсері; дәнекерленгеннен кейін анықталған тораптар мен аспаптардың ақауларының себептері; дәнекерлердің маркалары мен құрамы және олардың сипаттамасы; белсенді құрамға сутегі ылғалдығының әсері; электровакуумды аспаптардың өндірісінде қолданылатын вольфрамның, молибденнің, никельдің, темір, мыс және олардың қоспаларының физикалық-химиялық және механикалық қасиеті; металды күйдіру және тазалауда қолданылатын газдың химиялық және физикалық қасиеті; газ тазартқыштардың химиялық және физикалық қасиеттері (алюмогель, селикагель, цеолит); температураны бақылау тәсілдері (микропирометр, фотопирометр).

Жұмыс үлгілері

1. Аралық құбырмен резонаторлы блок – дәнекерлеу.

2. Металл қыш энергия шығару – алтын-мыс дәнекермен дәнекерлеу.

3. Металл қыш бөлшектер – жоғары температурада жентектеудің циклдық тәсілі; бағдарламалық басқарылатын пештердегі технологиялық байланысты белсенді ету және алдын ала жентектеу.

4. Күрделі конфигурациялы металл қыш оқшаулағыш – жоғары температуралы дәнекермен дәнекерлеу.

5. Күрделі клистрондар – сутекті пештерде дәнекерлеу.

6. Ұзындығы 450 мм-ге дейін баяулату желісі – оправкада және оправкасыз қаптай отырып қалыптау және күйдіру, жентектеу; спиральді баяулату желілері – дәнекерлеу.

7. Металл қыш аяқ – жоғары температуралы, күміс дәнекермен дәнекерлеу.

8. СВЧ аспаптар, күрделі тораптар – инертті газдар атмосферасында күйдіру, жоғары температуралы индукторларда шынымен металды дәнекерлеу.

9. Электродтар пакеті – шыны глазурьлармен дәнекерлеу.

10. 25 мкм қадаммен 30 мкм қалыңдықтағы фольгадан баяулататын ұсақ құрылымды жүйелер – газсыздандыру және күйдіру.

11. Рентген түтікшелер – вакуумды, сутекті пештерде және жоғары жиіліктегі токтарда бір уақытта көп сатылық дәнекерлей отырып бөлшектер мен тораптарды құрастыру.

12. Айналып тұратын анодтармен диагностикаға арналған рентген түтікшелер – жоғары температуралы вакуумды пештердегі нысаналарды газсыздандыру.

13. Металл қыш тораптар - алтын-мыс дәнекермен түрлі металдардан құрастыру және дәнекерлеу.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі


р

с



Осы бөлімшеде орналастырылған кәсіптердің атауы

Разрядтар диапазоны

2002 жылы БТБА-ның қолданыстағы бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разрядтар диапазоны

БТБ шығарылымының



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Аквадирлеуші

3-4

Аквадирлеуші

3-4

20

Электро-вакуумды өндіріс

2.

Алундирлеуші

2-5

Алундирлеуші

2-5

-//-

-//-

3.

Газ сорғыш дайындаушы

2-4

Газ сорғыш дайындаушы

2-4

-//-

-//-

4

Карбидтеуші

3-4

Карбидтеуші

3-4

-//-

-//-

5.

Карбонизатор

2-4

Карбонизатор

2-4

-//-

-//-

6.

Люминофоршы-экрандаушы

2-6

Люминофоршы-экрандаушы

2-6

-//-

-//-

7.

Магнезирлеуші-вакуумшы

2-3

Магнезирлеуші-вакуумшы

2-3

-//-

-//-

8.

Матирлеуші-вакуумшы

2-3

Матирлеуші вакуумшы

2-3

-//-

-//-

9.

Қышқыл ерітінділерді пайдаланып колбаларды жуушы

2-4

Қышқыл ерітінділерді пайдаланып колбаларды жуушы

2-4

-//-

-//-

10

Оксидирлеуші-вакуумшы

2-5

Оксидирлеуші-вакуумшы

2-5

-//-

-//-

11

Газ сорғыш қондыру жөніндегі оператор

2-4

Газ сорғыш қондыру жөніндегі оператор

2-4

-//-

-//-

12

Күйдіруші-вакуумшы

2-5

Күйдіруші-вакуумшы

2-5

-//-

-//-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет