Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 33. Сорып алушы-ВАКУУМшы



бет33/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
§ 33. Сорып алушы-ВАКУУМшы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қолмен немесе автоматты басқарумен күрделі вакуумды жүйесі бар вакуумды посттарда күрделі конструкциялы электр вакуумды аспаптарды сорып алу. Тазалау, дайын аспапта қажетті атмосфераның қалыптасуы, жандандырылған қабаттар мен пленкаларды құру және жаттықтыру мақсатында аспаптардың әртүрлі элементтерін өңдеу процесінің кезектілігін сүйемелдейтін күрделі және эксперименталды аспаптарды сорып алу процесін жүргізу. Тәжірибесіне сәйкес өңдеу процесін басқаруды сүйемелдейтін сорып алу процесінде аспаптарды өңдеудің әртүрлі түрін үздіксіз бақылау.

Білуге тиіс: майсыз вакуумды алу тәсілдерін пайдалана отырып, күрделі вакуумды тәсімдері бар сору посттарының құрылғысы мен міндетін; масса-спектрометриялық жабдықтармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін; күрделі тәжірибелі және эксперименталды аспаптарды сорып алу режимдері мен ережесін; электр техникасының негіздерін.

Жұмыс үлгілері

1. Екінші ұрпақтың электрондық оптикалық түрлендіргіші - сорып алу.

2. СВЧ тәжірибелі және эксперименталды лазерлері мен аспаптары - сорып алу.
§ 34. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫН СҮРТУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қолмен немесе қарапайым құрылғылардың көмегімен дайын қарапайым электр вакуум аспаптары мен бөлшектерін шаңнан, кірден, мастикадан, флюстен тазалау. Өңдеуден кейін металл бөлшектерін сүрту. Шыныны сүрту. Цоколдарды мастикадан тазалау, қадалықтарды сүрту.

Білуге тиіс: бұйымдар мен бөлшектердің тазалығына қойылатын талаптарды; әртүрлі бұйымдарды сүрту ережесі мен тәсілдерін; сүрту кезінде қолданылатын еріткіштермен жұмыс істеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Металл бөлшектері – майсыздандырудан кейін сүрту.

2. Электр вакуумдық бұйымдар, тораптар мен бөлшектер – матамен сүрту.

3. Шам-фарларға арналған шашыратқыштар мен шағылдырғыштар – сүрту.


§ 35. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫН СҮРТУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптары мен бөлшектерін қиын кететін кірден механикаландырған құрылғыларды (айналма щеткалар мен дискілерді) пайдалана отырып қолмен және ұнтақтар мен еріткіштерді (пемза, ацетон және т.б.) қолдана отырып жартылай автоматта тазарту және сүрту. Аспаптың бүтіндігін сақтай отырып және қаптау алаңын сызбаның талап етілетін өлшеміне дейін жеткізіп, қаптамалары әртүрлі бұйымдар мен бөлшектерді тазалау және сүрту. Металл және қыш бөлшектерді қабықшалардан тазарту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың міндетін және қызметінің қағидаттарын, оның маңызды бөліктерінің атауын және міндетін; құрылғыларды қолдану ережесін; бұйымдар мен бақылау-өлшеу құралдарын тазалауға арналған жартылай автоматтарды; қаптаудың бетін қорғаудың негізгі өлшемдерін; өңделетін бұйымның тазалығына және қаптаудың тұтастығына қойылатын талаптар; еріткіштерді қолданудың шарттарын және олардың негізгі қасиеттерін.

Жұмыс үлгілері

1. Жалатылған колбалар - жағылған қабаттың өлшемін сақтай отырып, колба шынысын сүрту және тазалау.

2. Фокустайтын цоколы бар қыздыру лампалары – цоколды тазалай отырып сүрту.

3. Электр вакуум аспаптары - сүрту.


§ 36. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫН СҮРТУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы шарттармен дайындалған күрделі конфигурациялы, ірі габаритті аспаптарды әртүрлі құрылғылар мен арнайы құрамдарды қолданумен қолмен тазалау және сүрту. Әртүрлі өңдеуден кейін конустың ажарланған кесектерін және түсті кинескоптың экранын еріткіштерді қолдана отырып, қаптауларды бүлдірмей тазалау.

Білуге тиіс: өңделетін жалатылған бұйымдарды сүрту ережесін; пайдаланылатын құрылғылар мен еріткіштермен жұмыс істеу ережесін; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттерін; жарылғыш кинескоптарды қолдану ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. ТКЛ, МКЛ бөлшектері мен тораптары - өңдеу және сүрту.

2. Диагоналы бойынша 50 см артық экраны бар теледидарлық кинескоптар - сүрту.

3. Түсті кинескоптар - сүрту.

4. Шам-фар шағылдырғыштар - ішкі бетін сүрту.

5. Беріктігі жоғары ерекше сериялы электр вакуум аспаптары, цоколсыз электр вакуум аспаптары - сүрту.

6. Конфигурациясы әртүрлі аспаптар - сүрту.
§ 37. Газжұтқыштардың бүріккішші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Газжұтқыштарды сорып алынған электр вакуум аспаптарында жоғары сапалы индуктордың көмегімен жартылай автоматтарда және қолмен тозаңдату және майсыздандыру. Геттер айнасын тозаңдату сапасын қадағалау. Тозаңдату режимін өздігінен реттеу.

Білуге тиіс: газжұтқышты тозаңдату үшін құрылғыларды, жартылай автоматты басқару және оны жұмыс режиміне шығару ережесі мен тәсілдерін; жоғары жиілікті қондырғылардың жұмыс қағидаттарын; электр вакуум аспаптарын жартылай автоматтарға тиеу және түсіру ережесін; газжұтқышты қолмен тозаңдату тәсілдерін; газжұытқыштың міндеті мен қасиеттерін; геттер айнасының сапасына қойылатын талаптарды.


§ 38. Түсті кинескоп өндірісіндегі құрастырушы-монтажшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ұстағыштарды рамаларға дәнекерлеу. Қондырғыда дайындама массаларын илемдеу. Рамаға байланыс серіппелері мен алюминий экрандарын дәнекерлеу.

Білуге тиіс: экрандық-маскалық тораптарға кіретін қолданылатын жабдықтардың, материалдардың, бөлшектер мен тораптардың құрылғысы мен қызметінің қағидаттарын.

§ 39. Түсті кинескоп өндірісіндегі құрастырушы-монтажшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы қондырғыларда бақылаумен түсті бөлгіш маскаларды сферизациялау. Маска сферасын үлгілермен және арнайы қондырғыларда бақылап, масканы рамаға дәнекерлеу. Экрандық тораптардың және түсті кинескоп конустарының элементтерін қосымша өңдеу. Маска рамаларының тораптарын регенерациялау. Орындалған жұмыстың сапасына бақылау жүргізу.

Білуге тиіс: арнайы қондырғылар мен құрылғылардың конструкциясын және дәлдігін тексеру ережесін; материалдардың, бөлшектердің және тораптардың қасиеттерін және оларға қойылатын талаптарды; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын қолдану шарттарын.

Жұмыс үлгілері

1. Конустың дайындамаларын – мойнақтардың біліктестігін және перпендикулярлығын бақылау.

2. Экранды-маскалық торап – жоғары қысымды ауамен маскаларды үрлеп тазарту; арнайы қондырғыларда экранды-маскалық тораптарды дірілдіөңдеу.
§ 40. Түсті кинескоп өндірісіндегі құрастырушы-монтажшы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы қондырғыларда және құрылғылардың көмегімен экран торабы мен түсті кинескоптың қабықшасын құрастыру. Экранның бетіндегі көптеген жерге экран мен маска арасында белгіленген қашықтықты қамтамасыз ету. Дәнекерлеу үшін арнайы құрылғыда элемент қабықшаларын орнату кезінде экранды конусқа қатысты орталау. Құрастырылған қабықшаның сапасын, оның ішінде арнайы қондырғылардағы ағыс іздеушінің көмегімен бақылау. Қабықшаларды дәнекерлейтін термиялық пештерді басқаратын автоматты жабдықтарды бақылау және реттеу.

Білуге тиіс: қолданылатын жабдық пен жарақтың конструкциясын, құрылғысын және қызметінің қағидаттарын; қолданылатын материалдардың физикалық қасиеттерін; құрастырылған тораптар мен қабықшалардың сапасын бағалау өлшемдерін; дайындау мен өңдеу процесінде режимдерді бақылау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Түсті кинескоптың қабықшасы – пештерде экранды конуспен дәнекерлеу; жабыстырылған қабықшаның сапасын бақылау

2. Экран торабы – экран-маска қашықтығын бақылау.
§ 41. Түсті кинескоп өндірісіндегі құрастырушы-монтажшы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тәжірибелі өндіріс жағдайында экран торабын және түсті кинескоп қабықшасын құрастыру. Арнайы жабдықтарда компланарлық электронды-оптикалық жүйесі бар түсті кинескоптың экранды-маскалық торабын құрастыру. Пневматикалық тетігі бар қондырғыларда құрастыру процесінде экран мен маска арасындағы белгіленген қашықтықты қамтамасыз ету. Индукциялық қызмет қағидасында негізделген қондырғыларды құрастырылған тораптарды бақылау.

Білуге тиіс: арнайы технологиялық жабдықтардың конструкциясын және жұмысының режимін; экран-маска қашықтығын бақылау үшін пневматикалық тетіктері бар аспаптарды қолдану және теңшеу ережесін; құрастырудың технологиялық процесін жүргізудің тиімді режимін белгілеу ережесін; вакуумды техника және электр вакуум аспаптары өндірісінің технологиясының негіздерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері: Дисплейі бар түсті кинескоп - экранды-маска тораптарын құрастыру және экран-маска қашықтығын белгілеу.


§ 42. Аяқтарды штампылаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір шпинделді, станоктарда көп позициялы (жартылай автоматты айналмалы үстелде, айналмалы үстелді қолмен бұрау станоктарында, газ шілтерлерін қолмен келтіру станоктарында) аяқтарды штампылаушы. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау. Газ шілтерлерінің режимін теңшеу.

Білуге тиіс: маңызды бөліктердің атауы мен міндетін және қызмет көрсетілетін жабдықтар қызметінің қағидаттарын; газбен жұмыс істеу қауіпсіздігі ережесін; штампылау режимін және аяқтардың сапасын бақылауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен шарттарын; штампыланған аяқтардың сапасын тексеру тәсілдерін; өңделетін материалдардың маркаларын, сортын және негізгі қасиеттерін.

Жұмыс үлгілері

1. Тарамды және жазық аяқтар - шыны бөлшектерді автоматты тиеумен көп позициялы жартылай автоматтарда штампылау.

2. Штенгелсіз жазық аяқтар - механикаландырған түсірумен және шықпаларды шығыршықтарға бункерлік тиеумен жартылай штампылау.
§ 43. Аяқтарды штампылаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Айналмалы үстелді қолмен бұрау машиналарында, процесті өздігімен жүргізетін бір шпиндельді станоктарда, қолмен тиейтін көп позициялы жартылай автоматтарда аяқтарды штампылау. Штампылаудың жылу режимін теңшеу. Штампыланған аяқтардың сапасын белгілеу және оларды пештерде күйдіру. Табанындағы аяқтардың жұлынбауын бақылау бойынша аспаптар мен тіреулер жұмыстарының дұрыстығын қадағалау.

Білуге тиіс: аяқтарды штампылау станоктары мен көп позициялы жартылай автоматтардың құрылғысын, жұмыс режимін және қызмет көрсету ережесін; металды шынымен пісірудің негізгі қағидаттарын; аяқтарды шықпалардың жұлынуына бақылау жүйесінің құрылғысын және оның жұмысының дұрыстығын тексеру; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылғысын (полярископ, индикатор, калибрлер) және оларды реттеу ережесін; аяқтарды штампылау кезіндегі негізгі қасиеттерін және материалдарға қойылатын талаптарды; газдардың қасиеттерін.

Жұмыс үлгілері

1. ТГИ1-2500/35 типті шамдар - аяқтарды штампылау.

2. ТГИ2-400/16 типті шамдардың тарамды аяқтары - штенгелді қолмен дәнекерлеу станоктарында штампылау.

3. ТГИ2/260/12 типті шамдардың үш жапырақты аяқтары - станокта штенгілеумен штампылау.

4. Вольфрамды және коварлы қадалықтары, бекіту элементтері (ситалды және шынылы қыш төлкелері) бар аяқтар - бір шпиндельді станоктарда штампылау.

5. Жетіден кем шықпасы бар астау секілді жазық аяқтар - шықпа мен шығыршықтарды қолмен тиеп, жартылай автоматтарда штампылау.

6. Жоғары вольтты түзеткіштерге арналған тарамды пышақтар - бір шпиндельді станоктарда дайындау.

7. Феррохромды шықпасы бар аяқтар - шықпаны бір шпиндельді станоктарда алдын ала тотықтырумен штампылау.

8. Он киловатты прожекторлы шамдарға арналған аяқтар - үш шпиндельді станоктарда штампылау.

9. Әртүрлі электр вакуумды аспаптарға арналған жазық аяқтар - бір шпиндельді станоктарда штампылау.

10. Тарамды және жазық аяқтар - қолмен тиейтін жартылай автоматтарда штампылау.

11. Арнайы міндеттегі металл сериялы шынылы табан (төлке типтегі) аяқтар - көп позициялы жартылай автоматтарды штампылау.

12. Газразрядты шамдарға арналған тарамды аяқтар - бір шпиндельді қолмен бұру станоктарында штампылау.
§ 44. Аяқтарды штампылаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аяқтарды жетіден артық электродтары бар көп позициялы жартылай автоматтарда, электродтарды екі және одан да көп қатарға, тәжірибелі және ұсақ сериялы өндіріс үшін С-89-8, С40-1, С48-2(3) маркалы жоғары температуралы шынылардан жасалған аяқтарды орналастырумен (механикалық беріктігін арттыру үшін ситаллды шайбаларды қолданумен – шыны) штампылау.

Білуге тиіс: қыздырылған шыныны қалыптау шарттарын; әртүрлі конструкциялы аяқтардың беріктігіне штампылаудың жылы режимінің әсерін; жоғары температуралы шынылармен жұмыс істеудің ерекшелігін; аяқтарды штампылау үшін қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын, режимін және ережесін; герметикалық дәнекерлікті жасау үшін металл мен шыныға қойылатын негізгі талаптарды.

Жұмыс үлгілері

1. Жетіден артық шықпасы бар электр вакуум аспаптарына арналған вольфрамды, коварлы және молибденді электродтары бар ақтар - штампылау.

2. Енгізулер екі және одан да көп қатарға орналасқан жазық пышақтар - штампылау.

3. Жоғары температуралы шыныдан (С-48-3 және т.б. маркалары) жасалған электр вакуум аспаптарына арналған аяқтар - штампылау.

4. С-39-2 маркалы сілтісіз шыны шықпамен оралған С-89-9 (марганец тотығы қосылған қара шыны) шыныдан жасалған жазық аяқтар - бір шпиндельді станоктарда штампылау.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі




Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Раз-ряд-тар диа-пазо-ны

2002 жылы БТБА-ның бұрын қолданыста болған бөлімдері бойынша кәсіптер атаулары

Раз-ряд-тар диа-пазо-ны

БТБА шы-ғарылымы-ның



Бөлімнің қысқар-тылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жоғары жиіліктегі индукторда қайнатушы

2-6

Жоғары жиіліктегі индукторда қайнатушы

2-6

20

Электр вакуум

өндірісі


2.

Электр вакуум аспаптарын қайнатушы

2-5

Электр вакуум аспаптарын қайнатушы

2-5

20

-”-

3.

Электр вакуум аспаптарының бөлшектерін қайнатушы

1-4

Электр вакуум аспаптарының бөлшектерін қайнатушы

1-4

-//-

-//-

4.

Цоколь құюшы

2

Цоколь құюшы

2

-//-

-//-

5.

Түсті кинескоптар маскалары өндірісіндегі калибрлеуші-прецизионшы

5

Түсті кинескоптар маскалары өндірісіндегі калибрлеуші-прецизионшы

5

-//-

-//-

6.

Электр вакуум аспаптарының монтажшысы

2-6

Электр вакуум аспаптарының монтажшысы

2-6

-//-

-//-

7.

Сыртқы арматуралар монтажшысы-орнатушысы

3-5

Сыртқы арматуралар монтажшысы-орнатушысы

3-5

-//-

-//-

8.

Шықпаларды пісіру автоматтарын баптаушы

4-6

Шықпаларды пісіру автоматтарын баптаушы

4-6

-//-

-//-

9.

Шамдарды күйдіруші

2

Шамдарды күйдіруші

2

-//-

-//-

10.

Түсті кинескоптар маскалары өндірісіндегі қорғану қаптаулары жөніндегі оператор

4

Түсті кинескоптар маскалары өндірісіндегі қорғану қаптаулары жөніндегі оператор

4

-//-

-//-

11.

Сорып алушы-вакуумшы

2-6

Сорып алушы-вакуумшы

2-6

-//-

-//-

12.

Электр вакуум аспаптарын сүртуші

1-3

Электр вакуум аспаптарын сүртуші

1-3

-//-

-//-

13.

Газжұтқыштардың бүріккішші

3

Газжұтқыштардың бүріккішші

3

-//-

-//-

14.

Түсті кинескоп өндірісіндегі

құрастырушы-монтажшы



3-6

Түсті кинескоп өндірісіндегі

құрастырушы-монтажшы



3-6

-//-

-//-

15.

Аяқтарды штампылаушы

2-4

Аяқтарды штампылаушы

2-4

-//-

-//-

2. ТЕХНикалық-ХИМИялық жұмыстар


§ 1. Аквадирлеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптарының бөлшектері мен тораптарына, оның ішінде әрең жететін жерлерге қолмен және арнайы жабдықтарға, қаптаулардың желілік өлшемін және параметрлерін сақтай отырып, қаптаулар (аквадаг, тотықтар) жағу. Құрамы мен міндеті бойынша, өлшемдермен өзара байланысқан қаптаулар жағу. Жаңа технологиялық процестерді әзірлеу кезінде бұйымдарды аквадирлеу жұмыстарын орындау. Аквадаг суспензиясына арналған кеспектерді жуу. Суспензияларды кеспектерге құю.

Білуге тиіс: күрделі қаптауларды жағу үшін қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылғысы мен баптау тәсілдерін; қосалқы жабдықтардың, жұмыс құрылғыларын және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын; аквадирлеу процесі мен режимін; қаптауға арналған суспензияның, пасталардың және олардың құрамды бөліктерінің негізгі қасиеттерін.

Жұмыс үлгілері:

1. Электрондық-сәулелік түтіктердің колбалары-сылау немесе толтыру әдістерімен баптаудың сыртқы және ішкі кезектелген әрі тұтас қабаттарын қолмен жағу.

2. Жоғары вольтты есептеуіштердің колбалары - ішкі бетіне графит жағу.

3. Теледидарлық кинескоптары - үстіне жағылған жабдыққа бүрку әдісімен сыртқы ток өткізгіш қаптауды жағу.

4. СВЧ-энергиясын жұтқыштар – бүрку әдісімен катодты-графитті препараттар негізіндегі пасталарды қолмен немесе жартылай автоматта жағу.

5. Электрондық-оптикалық аспаптар - сыртқы аквадирлеу немесе жаққышпен немесе бүріккішпен лактау.


§ 2. АКВАДИРлеуШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы электр вакуум аспаптарына 7-9 квалитетке рұқсат етілген орамаралық қашықтықты қатал сақтай отырып, аквадажды суспензиялардан жасалған күрделі қаптауларды (шиыршық тәрізді) арнайы құрылғылар мен жабдықтарды қолдана отырып қолмен жағу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтар мен жұмыс құрылғыларын баптау ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, міндетін және қолдану шарттарын; электр вакуум аспаптары өндірісіндегі химиялық процестер технологиясының негіздерін.

Жұмыс үлгілері

1. Түсті кинескоптар - аквадагты конусқа жағу; конус пен мойнақтарға жартылай өткізгіш және өткізгіш қаптауларды жағу.

2. Арнайы мақсаттағы электрондық-сәулелік түтіктердің колбалары - шиыршық тәрізді қаптауларды жағу.

3. Ситаллды өзекшелер - СВЧ-энергиясын жұтқыштарды шиыршық ұстағыштарға пиролиз метан әдісімен жағу және СВЧ-энергиясын жұтқыш кедергісін жетілдіру.

4. Кварц түтіктері - бүріккішпен сыртқы аквадирлеу; жылтырату; кедергілерді өлшеу.
§ 3. Алундирлеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Оқшаулау қаптауларын бүрку, электрофорез, механикалық созу әдісімен жылытқыштар мен сымдарға жағу.

Білуге тиіс: қызмет көрсету жабдықтарының маңызды бөліктерінің атауын, міндетін және қызметінің қағидаттарын; едәуір тараған құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының (таразы, лупа, термометр) міндетін және қолдану шарттарын; қаптау үшін қолданылатын суспезиялардың құрамы мен қасиеттерін; жылытқыштардың қаптауларының міндетін және олардың сапасының электр вакуум аспаптардың жұмысына әсерін.

Жұмыс үлгілері

1. Қатпарлы жылытқыштар - электрофорез әдісімен алундирлеу; қалыптау және соңдарын тазалау.

2. Жылытқыштар – автоматта жұмыс істеу кезінде қаптау үшін сынада бекіту.

3. Сым – оқшаулау қаптауының өлшемін айқындау.


§ 4. АЛУНДИРЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі типті жылытқыштарға қаптаулар жағу. Көп жылғалы машинадағы сымдарды көп қабатпен қаптау. Қаптау режимін өзгерту кезінде жабдықтарды реттеу және теңшеу. Қаптаудың жағдайына қарай пасталар мен суспензияларды түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын және баптау тәсілдерін; арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдардың құрылғысын; жылытқыштардың түріне (типіне) қарай қаптаулардың режимдерін таңдаудың негізгі қағидаттарын; суспензия құрамына сыртқы факторлардың (температура, ылғалдылық) әсерін; жұмыстың әртүрлі режимдері кезінде негізгі қасиеттердің өзгеруін.

Жұмыс үлгілері

1. Көп шлейфті қатпарлы жылытқыштар - электрофорез әдісімен ("қалпақшаларды" майлау) алундирлеу.

2. Көп филярлы, қыш ұстағышқа орамдалған жылытқыштар - кейіннен жылытқыштарының соңын майлаумен оқшаулау массасын жасау.

3. Жылытқыштарға арналған сымдар - көп жылғалы машиналарда бірнеше рет созумен алундпен қаптау.


§ 5. АЛУНДИРЛЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тәжірибелі шағын жылытқыштар жасау. Қалыңдығы 7 квалитет бойынша рұқсат етілген қаптауларды жағу. Электрофорез әдісімен және бүрку әдісімен жылытқыштарды көп қабатты қаптау. Қыш ұстағышта жылытқышты орамдау сапасын тексеру және алундирленген жылытқыштардың қалып беріктігін айқындау, омдық кедергіні өлшеу.

Білуге тиіс: әртүрлі модельді жабдықтардың құрылғысын; қызмет көрсетілетін жабдықтардың дәлдігін баптау және тексеру ережесін; жылытқыштарды жасау кезінде қолданылатын сымдардың қасиеттерін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, міндетін және қолдану шарттарын; электрофорез процесін жүргізу кезінде қолданылатын электр техникасы мен электр химиясының негізгі заңдарын; режимдерді іріктеудің негізгі қағидаттарын, электрофорез процесін реттеу және қапталатын жылытқыштың нысанының күрделігіне қарай қаптау үшін құрамды, суспензия құрамын, сыртқы факторларды (үй-жайдың температурасы, ылғалдылығы) түзету әдісін.

Жұмыс үлгілері

1. Тілімшелі жылытқыштар - бүрку әдісімен көпқабатты қаптау.

2. Шағын жылытқыштар - қатаң рұқсаты бар катафорез әдісімен көпқабатты қаптау.

3. Орамдары жақын және айналымдар арасындағы қашықтығы бар бифилярлық жылытқыштар - қолмен бүркіп қаптау.

4. Шағын габаритті жылытқыштар: бір филярлы, көп ілмекті, қатпарлы - катафорезді станоктарда алундирлеу.

5. Шиыршықты, бір филярлы, қыш кернге орамдалған жылытқыштар – қыштан шығып тұрған шеттерін оқшаулау пасталарын жаға отырып жасау.

6. Жылытқыштарға арналған сымдар - процесті фотоэлементпен және автоматты реттеу жүйесімен жарақтандырылған көп жылғалы машинада алундпен қаптау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет