Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттiң
стратегиялық мақсаттарына сәйкестiгi
Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары
|
Мемлекеттiк органның қызметi iске асыруға бағытталған мемлекеттiң стратегиялық мақсаттары
|
Стратегиялық құжаттың, нормативтiк құқықтық актiнiң атауы
|
1-стратегиялық бағыт. Заңнамаға сәйкес әдiлет органдары ұсынатын мемлекеттiк қызмет көрсетулер және адвокаттар мен нотариустар көрсететiн заңгерлiк қызмет көрсетулер сапасын арттыру, азаматтардың құқықтық мәдениетiн арттыру
|
1.1-мақсат:
Мемлекеттiк және заңгерлiк қызметтер көрсету үдерiстерiн оңтайландыру, олардың ашықтығы мен қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету
|
Халыққа ұсынылатын мемлекеттiк қызмет көрсетулер сапасы мен қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
|
«Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 6 сәуiрдегi № 310 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы
|
1.2-мақсат:
Азаматтардың бiлiктi заң көмегiн алуға құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету
|
ҚР Конституциясының 13-бабы «Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.»
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
«Әдiлет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы
|
1.3-мақсат:
Құқықтық насихат жөнiндегi iс-шаралар санын көбейту жолымен ел азаматтарының құқықтық мәдениетiн арттыру
|
|
«Әдiлет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы
|
2-стратегиялық бағыт. Заңнаманы жетiлдiру, сапалы нормашығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастықты құқықтық қамтамасыз ету
|
2.1-мақсат:
Нормашығармашылық қызметiнiң сапасын арттыру
|
Нормашығармашылық қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру
|
«Әдiлет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
«Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 6 сәуiрдегi № 310 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспары.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы
|
3-стратегиялық бағыт. Қылмыстық-атқару жүйесiн халықаралық стандарттарға жақындату
|
Мақсат:
ҚАЖ қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және оны халықаралық стандарттарға жақындату
|
Қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамыту
|
«Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 6 сәуiрдегi № 310 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы
|
4-стратегиялық бағыт. Сот-сараптама жүйесiн халықаралық стандарттарға жақындату
|
Мақсат:
Сот-сараптама қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, сот сараптамасын халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру
|
Сот сараптамасы органдарын одан әрi дамыту
|
«Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.
«Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысы.
|
5-стратегиялық бағыт. Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi Дүниежүзiлiк сауда ұйымының стандарттарына сәйкес келтiру
|
Мақсат:
Қазақстанда зияткерлiк меншiктi дамыту үшiн қолайлы жағдай қалыптастыру
|
Бiрiншi басымдық:
Қазақстанның әлемдiк экономикаға ойдағыдай кiрiгуi - елдiң экономикалық дамуының сапалық серпiлiсiнiң негiзi
|
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
|
6-стратегиялық бағыт. Дiни сенiм бостандығын қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдардың дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылын жетiлдiру
|
Мақсат:
Қазақстан Республикасы азаматтарының дiни сенiм бостандығына құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету үшiн конфессияаралық
|
«Өркениет сұхбатын» дамытуда мәдениаралық және конфессияаралық келiсiм орталығы ретiнде Қазақстанның ұстанымын бекiту татулықты сақтауға және жағдайларды дамытуға жәрдемдесу
|
Мемлекет Басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы
|
7-стратегиялық бағыт. Бағалау қызметiн жетiлдiру және халықаралық талаптарға сәйкес келтiру
|
Мақсат:
Бағалау қызметiн одан әрi дамыту және оны халықаралық талаптарға сәйкес келтiру, бағалау қызметiн өзiн-өзi реттеудi жетiлдiру
|
|
«Қазақстан Республикасында бағалау қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңы.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы
|
4. Министрлiктiң функционалдық мүмкiндiктерi
және ықтимал қауiп-қатерлер
4.1. Фунционалдық мүмкiндiктер.
Министрлiктiң қызметiн жетiлдiру мақсатында:
1) Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен ведомстволары арасында функциялар мен жауапкершiлiктердiң ара-жiгi нақты ажыратылған жаңа ұйымдық құрылым болады;
2) бiрыңғай белгiленген ережелерге сәйкес Министрлiкте құрылымдық бөлiмшелердiң, ведомстволар мен аумақтық әдiлет органдарының қызметiн рейтингiлiк бағалау жүйесi енгiзiледi;
3) Министрлiк қызметiнiң барлық салаларында қызметкерлердiң кәсiби деңгейi арттырылады (даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру), әр қызметкердiң қызмет ету тиiмдiлiгiн одан әрi жетiлдiруге ықпал ететiн қолайлы еңбек жағдайы жасалады;
4) одан әрi жетiлдiру және олардың сапасын жақсарту үшiн әдiлет органдары қызметiнiң бағыттарын талдау бойынша жұмыстар жүргiзiледi;
5) құқықтық қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
4.2. Ықтимал қауiп-қатерлер.
Сыртқы факторлардың есебiнен Әдiлет министрлiгiнiң мақсаттарына қол жеткiзуге әсер етуi мүмкiн қатерлер;
1) жаңа жағдайларда мемлекеттiк органдардың тиiстi шешiмдердi және Әдiлет министрлiгi жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi уақытында қабылдамауы;
2) Министрлiктiң бiлiктi мамандарының жағдайы аса тартымды ұйымдарға кетуi (жоғары жалақы, қолайлы еңбек жағдайы, нормаланған жұмыс кестесi және т.б.);
3) министрлiк қызметiнiң қалыпты жұмыс iстеуiне кедергi келтiруге ықпал ететiн Министрлiктiң, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлықтығы;
4) компьютерлiк жүйенiң iстен шығуы, деректер қорының жоғалуы.
Сектораралық өзара iс-қимыл
Мiндеттердiң атауы
|
Мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлескен iс-қимыл
|
Құқықтық насихат мәселелерi бойынша
|
1-стратегиялық бағыт. Заңнамаға сәйкес әдiлет органдары ұсынатын мемлекеттiк қызмет көрсетулер және адвокаттар мен нотариустар көрсететiн заңгерлiк қызмет көрсетулер сапасын арттыру, азаматтардың құқықтық мәдениетiн арттыру.
1.3-мақсат. Құқықтық насихат жөнiндегi iс-шаралар санын көбейту жолымен ел азаматтарының құқықтық мәдениетiн арттыру
1.3.1-мiндет. Республика азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыру үшiн халықтың ақпараттық-насихаттық жұмыстармен (iс-шаралармен) қамтылуын ұлғайту, соның iшiнде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбестiк көзқарасты қалыптастыру
|
1. IIМ, МАМ, ЖС, БП, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiмен бiрлесiп аса өзектi құқықтық мәселелер бойынша, соның iшiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша БАҚ-та сөз сөйлеулер
2. Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп мектепке дейiнгi мекемелерде құқықтық ағартуды енгiзу, сондай-ақ осы жұмысты республиканың орта бiлiм беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында жалғастыру
|
Нормашығармашылығы процесi бойынша
|
2-стратегиялық бағыт: Нормашығармашылық қызмет сапасын арттыру
2.1-мақсат. Норма шығармашылық қызметiнiң сапасын арттыру.
2.1.3-мiндет. Заңгерлiк және салалық пысықталу тұрғысында нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу
|
Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеуге мемлекеттiк органдардың заң қызметтерiн, салалық Ғылыми-зерттеу институттарын, Парламент депутаттарын тарту, сондай-ақ Парламент Палаталарының аппараттарымен ынтымақтастық
|
Қылмыстық-атқару комитетiнiң желiсi бойынша
|
3-стратегиялық бағыт. Қылмыстық-атқару жүйесiн халықаралық стандарттарға жақындату
3.1-мақсат. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және оны халықаралық стандарттарға жақындату.
3.1.2-мiндет: Қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң аумағындағы сотталғандардың, қызметкерлердiң және өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
|
1. IIМ Iшкi әскерлерiмен түзеу мекемелерi жеке құрамының және жедел жағдай қиындай түскен кезде оларды қорғау үшiн тартылған iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң iс-әрекеттерiн пысықтау бойынша бiрлескен жаттығулар өткiзу.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi жедел қызметтерiнiң IIМ және ҰҚК жедел қызметтерiмен дiни экстремизм және криминалды терроризм көрiнiстерi, экстремистiк және террористiк сипатта қылмыстар жасауға қатысы бар адамдар туралы, сондай-ақ экстремистiк және террористiк қызметтердi қаржыландыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар туралы жедел ақпаратпен өзара алмасуды ұйымдастыру.
|
3-стратегиялық бағыт: Қылмыстық-атқару жүйесiн халықаралық стандарттарға жақындату.
3.1-мақсат: Қылмыстық-атқару жүйесi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және оны халықаралық стандарттарға жақындату.
3.1.6 мiндет: Қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамның қажеттi мамандықты және осы мамандық бойынша тиiстi практикалық дағдыларды алуын қамтамасыз ету.
|
Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, түзеу мекемелерiнде жалпы бiлiм және кәсiби мектептер ашуды ұйымдастыру.
|
3-стратегиялық бағыт: Қылмыстық-атқару жүйесiн халықаралық стандарттарға жақындату.
3.1-мақсат: Қылмыстық-атқару жүйесi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және оны халықаралық стандарттарға жақындату.
3.1.9 мiндет: Сотталғандардың және тергеу-қамаудағылардың медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру.
|
1. Қылмыстық-атқару жүйесi медициналық қызметкерлерiнiң ДСМ-нiң жетiлдiру институттарында бiлiктiлiгiн арттыру курстарына қатысулары.
2. ДСМ-мен бiрлесiп қылмыстық-атқару жүйесiнiң соматикалық және психиатриялық ауруханаларында емдеу алдын алу көмектерiн ұйымдастырудың жыл сайынғы мониторингiн өткiзу.
3. ДСМ-мен бiрлесiп қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде туберкулезге қарсы iс-шаралардың жыл сайынғы мониторингiн өткiзу.
|
Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң желiсi бойынша
|
5-стратегиялық бағыт. Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi Дүниежүзiлiк сауда ұйымының стандарттарына сәйкес келтiру. 5.1-мақсат: Қазақстанда зияткерлiк меншiктi дамыту үшiн қолайлы жағдай қалыптастыру.
5.1.1-мiндет: Контрафактiлi өнiммен күреске, алдын алуға және зияткерлiк меншiк объектiлерiн қорғауға бағытталған iс-шараларды ұйымдастыру.
|
БП, IIМ, ЭСЖКА өкiлдерiмен бiрлескен iс-шараларды жүргiзу
|
Дiни iстер комитетiнiң желiсi бойынша
|
6-стратегиялық бағыт: Дiни сенiм бостандығын қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдардың дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылын жетiлдiру
6.1-мақсат: Қазақстан Республикасы азаматтарының дiни сенiм бостандығына құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету үшiн конфессияаралық татулықты сақтауға және жағдайларды дамытуға жәрдемдесу.
6.1.1-мiндет: Халықтың дiнтану сауатының деңгейiн арттыру.
|
Әдiлет, бiлiм және ғылым, мәдениет және ақпарат министрлiктерi, Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы мен Ұлттық-мәдени орталықтардың өкiлдерiнен ақпараттық-насихат топтарын қалыптастыру
|
Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң желiсi бойынша
|
7-стратегиялық бағыт: Бағалау қызметiн жетiлдiру және халықаралық талаптарға сәйкес келтiру.
7.1-мақсат: Бағалау қызметiн одан әрi дамыту және оны халықаралық талаптарға сәйкес келтiру, бағалау қызметiн өзiн-өзi реттеудi жетiлдiру.
7.1.1-мiндет: Мемлекеттiк бағалау стандарттарын әзiрлеу және бекiту
|
Мүдделi мемлекеттiк органдар (қаржы, экономика, индустрия және сауда, көлiк және коммуникация, бiлiм және ғылым, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Жер ресурстарын басқару агенттiгi, Құрылыс iстерi комитетi) мен бағалау бiрлестiктерiнiң мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу және келiсу
|
5. Нормативтiк құқықтық актiлер және бағдарламалық құжаттар
1. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы.
2. «Адвокатура туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
3. «Әдiлет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
4. «Қазақстан Республикасында бағалау қызметi туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.
5. «Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
6. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы.
7. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылдарға дейiнгi Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы.
8. «Қазақстан Республикасының патенттiк жүйесiн дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1243 қаулысы.
9. «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн енгiзу жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысы.
6. Бюджет бағдарламалары
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
|
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
|
Бюджеттiк бағдарлама
|
001 Мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ету
|
Сипаттама
|
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратын, комитеттердi және аумақтық органдарды ұстау, лицензиялардың, АХАЖ-дың бланкiлерiн, заңды тұлғаларды тiркеу туралы куәлiктерiн дайындау, мемлекеттiк қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру, ақпараттық жүйелердi қамтамасыз ету және пайдалану, есептеу техникасының жүйелi-техникалық қызмет көрсетуi, байланыс қызметiне, соның iшiнде корпоративтi телекоммуникациялық желiге ақы төлеу, ағымдағы ғимараттарды, үй-жайларды, негiзгi құралдарды, ғимараттарды жөндеу, ғимараттарды, үй-жайларды жалдау және өзге де қызмет көрсетулер мен жұмыстар.
|
Көрсеткiштерi
|
Көрсеткiштер атауы
|
Өлшем бiрлiгi
|
Есептi кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2008 жыл (есеп)
|
2009 жыл (жоспар)
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Сан көрсеткiштерi
|
Мемлекеттiк мекемелердiң саны (комитеттердi қоса алғанда)
|
бiрл.
|
20
|
20
|
20
|
20
|
20
|
Сапа көрсеткiштерi
|
|
|
|
|
|
|
|
Тиiмдiлiк көрсеткiштерi
|
|
|
|
|
|
|
|
Нәтиже көрсеткiшi
|
Әдiлет министрлiгi мен оның комитеттерiнiң қызметiн қамтамасыз ету
|
%
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Бағдарламаны iске асыруға арналған шығыстар
|
|
мың теңге
|
8480783
|
6280325
|
6024979
|
7245928
|
8141372
|
Достарыңызбен бөлісу: |