Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы



жүктеу 164.98 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі164.98 Kb.
Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi N 1061 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 5 тамыз, N 259 (25656); "Казахстанская правда" от 23.07.2009 г., № 177 (25921); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 32, 305-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 678 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 321-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 678 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 8 тамыздағы N 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 27, 317-құжат).
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                 К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң     
2009 жылғы 13 шiлдедегi
N 1061 қаулысымен  
бекiтiлген     

Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесi

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджет жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.


      2. Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:
      1) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы және бюджеттiк параметрлерi болжамының жобасын әзiрлеу және оны жергiлiктi атқарушы органның мақұлдауы;
      2) атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының, бюджеттiк өтiнiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауы;
      3) жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу.

2-бөлiм. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала,
астана бюджетiнiң жобасын әзiрлеу

2-тарау. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
әлеуметтiк-экономикалық дамуы және бюджеттiк параметрлерi
болжамының жобасын әзiрлеу

      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.


      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзiрленедi және:
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын, үрдiстерi мен басымдықтарын;
      бюджеттiк параметрлердiң үш жылға арналған болжамын қамтитын құжатты бiлдiредi.
      Бюджеттiк параметрлердiң болжамы:
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарын;
      тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң болжамын;
      жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша шығыстардың болжанатын көлемiн қамтуға тиiс.
      Жергiлiктi атқарушы орган әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң қосымша көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.
      5. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi түсiмдерiнiң болжамды көрсеткiштерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн Бюджет түсiмдерiн болжамдау әдiстемесiне сәйкес айқындалады.
      6. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша шығыстардың болжамды көлемiн айқындау мынадай кезеңдердi қамтиды:
      1) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының болжамды көлемiн айқындау;
      2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша шығыстардың болжамды көлемiн айқындау.
      7. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының болжамды көлемi:
      жергiлiктi атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге;
      жергiлiктi атқарушы органның резервiн трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi түсiмдерi көлемiнiң 2 %-ынан аспайтын мөлшерде қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады.
      8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен бюджеттiк параметрлерi болжамының жобасын ағымдағы қаржы жылының 20 сәуiрiнен кешiктiрмей тиiстi жергiлiктi атқарушы орган мақұлдайды.
      9. Тиiстi жергiлiктi атқарушы орган мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиiс.

3-тарау. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала,
астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың
стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдердi
әзiрлеу

      10. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi:


      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын;
      2) бюджеттiк өтiнiмдердi әзiрлейдi және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
      Ереженiң осы тармағында көрсетiлген құжаттарға нәтижелерiне бағалау жүргiзiлген жағдайда бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
      11. Атқарушы органдардың жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарларының жобалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамы мақұлданған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негiзiнде жыл сайын әзiрленедi.
      12. Бюджеттiк бағдарламалар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамында жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемi шегiнде әзiрленедi.
      Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының болжамды көлемi осы Ереженiң 7-тармағында айтылған шығыстар шегерiмiмен базалық шығыстарға және жаңа бастамалар шығыстарына бөлiнедi.
      Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасып жатқан) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және жергiлiктi атқарушы органның басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
      Жаңа бастамалар шығыстарына:
      кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;
      макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
      13. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының көлемi базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөледi.
      Базалық шығыстар шығыстардың бар құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде айқындалады.
      Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, есептi қаржы жылғы стратегиялық жоспарды iске асыру туралы есептердi, нәтижелердi бағалауды ескере отырып бөлiнуге тиiс.
      14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебi сияқты бұған дейiнгi жоспарлы кезеңде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
      15. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептер жасалмайды.
      Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептер тек қана үшiншi жылға жасалады.
      Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстар түрлерi бойынша есептер осы бағдарламаларға (кiшi бағдарламаларға) жоспарланатын жоспарлы кезең жылдары бөлiнiсiнде жасалады және ұсынылады.
      16. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдерi түскен күннен бастап он бес жұмыс күнiнiң iшiнде оларды қарайды және олар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша қорытындылар дайындайды.
      17. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдердi олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, мемлекеттiк қызметтiң қолданылып жүрген заттай нормалары мен стандарттарына сәйкестiгi мәнiне қарайды, сәйкес келмеген жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдердi тиiстi ескертулермен пысықтауға қайтарады.
      Бюджеттiк өтiнiм жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган оны қарамастан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.
      18. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қайтарылған кезде стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдердi пысықтайды және оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қайтарған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынады.
      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қарайды.
      19. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның стратегиялық жоспарларының жобалары мен қорытындылары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның стратегиялық жоспарларының жобаларымен, қорытындыларымен өзара байланыста қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.
      20. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi стратегиялық жоспарларды бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес келтiредi және ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдердi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

4-тарау. Маслихаттың облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджетi туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      21. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi пысықтаған стратегиялық жоспарлардың жобалары негiзiнде облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.


      Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiнен кешiктiрмей аяқталады.
      22. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
      23. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 72-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзiрленедi.
      24. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамын;
      2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;
      3) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

3-бөлiм. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджет жобасын әзiрлеу

5-тарау. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
әлеуметтiк-экономикалық дамуы және бюджеттiк параметрлерi
болжамының жобасын әзiрлеу

      25. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.


      26. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзiрленедi және:
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын, үрдiстерi мен басымдықтарын;
      үш жылға арналған бюджеттiк параметрлердiң болжамын қамтитын құжатты бiлдiредi.
      Бюджеттiк параметрлердiң болжамы:
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарын;
      тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң болжамын;
      жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша шығыстардың болжанатын көлемiн қамтуға тиiс.
      Жергiлiктi атқарушы орган әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң қосымша көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.
      27. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет түсiмдерiнiң болжамды көрсеткiштерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн Бюджет түсiмдерiн болжамдау әдiстемесiне сәйкес айқындалады.
      28. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша шығыстардың болжамды көлемiн айқындау мынадай кезеңдердi қамтиды:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының болжамды көлемiн айқындауды;
      2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша шығыстардың болжамды көлемiн айқындауды.
      29. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының болжамды көлемi:
      жергiлiктi атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге;
      жергiлiктi атқарушы органның резервiн трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет түсiмдерi көлемiнiң 2 %-ынан аспайтын мөлшерде қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады.
      30. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен бюджеттiк параметрлерi болжамының жобасын ағымдағы қаржы жылының 25 сәуiрiнен кешiктiрмей тиiстi жергiлiктi атқарушы орган мақұлдайды.
      31. Тиiстi жергiлiктi атқарушы орган мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиiс.

6-тарау. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiнен
қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық
жоспарларының жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдердi әзiрлеу

      32. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi:


      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын;
      2) бюджеттiк өтiнiмдердi әзiрлейдi және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
      Ереженiң осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi жүргiзiлген жағдайда бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
      33. Атқарушы органдардың жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарларының жобалары жыл сайын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң мақұлданған болжамы Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негiзiнде әзiрленедi.
      34. Бюджеттiк бағдарламалар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамында жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемi шегiнде әзiрленедi.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының болжамды көлемi осы Ереженiң 29-тармағында айтылған шығыстарды шегергенде базалық шығыстарға және жаңа бастамалар шығыстарына бөлiнедi.
      Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасып жатқан) бюджеттiк иннестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетулер тiзiлiмiне сәйкес мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге және жергiлiктi атқарушы органның басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
      Жаңа бастамалар шығыстарына:
      кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;
      макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
      35. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының көлемi базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөледi.
      Базалық шығыстар шығыстардың бар құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде айқындалады.
      Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген өңiрдiң даму басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, есептi қаржы жылғы стратегиялық жоспарды iске асыру туралы есептердi, нәтижелердi бағалауды ескере отырып бөлiнуге тиiс.
      36. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебi сияқты бұған дейiнгi жоспарлы кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
      37. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептер жасалмайды.
      Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептер тек қана үшiншi жылға жасалады.
      Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстар түрлерi бойынша есептер осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жасалмайды.
      38. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдерi түскен күннен бастап он бес жұмыс күнiнiң iшiнде оларды қарайды және олар бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша қорытындылар дайындайды.
      39. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдердi олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, мемлекеттiк қызметтiң қолданылып жүрген заттай нормалары мен стандарттарына сәйкестiгi мәнiне қарайды, сәйкес келмеген жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдердi тиiстi ескертулермен пысықтауға қайтарады.
      Бюджеттiк өтiнiм жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган оны қарамастан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.
      40. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қайтарылған кезде стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдердi пысықтайды және оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қайтарған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынады.
      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.
      41. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның стратегиялық жоспарларының жобалары мен қорытындылары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның стратегиялық жоспарларының жобаларымен, қорытындыларымен өзара байланыста қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.
      42. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi стратегиялық жоспарларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес келтiредi және ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттiк өтiнiмдердi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

7-тарау. Маслихаттың ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджетi туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      43. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлердiң болжамы және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi пысықтаған стратегиялық жоспарлардың жобалары негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.


      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей аяқталады.
      44. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетiнiң жобасы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстары негiзiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
      45. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 73-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзiрленедi.
      46. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетiнiң жобасын жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамын;
      2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет