Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № бұйрығымен бекітілген



бет4/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.81 Mb.
#7950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

2.2-мақсат. Табиғи газбен ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету

Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар кодтар: 003


Нысаналы индикатор, міндеттің және қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезең) көрсете отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Қол жетпеушілік себептері

2014 ж. жоспар

2014 ж. нақты

Нысаналы индикатор
















Табиғи газбен ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету

Астана және Алматы ққ., облыс әкімдіктерінің деректері

%

100

100




2.2.1-міндет. Қазақстан Республикасының ішкі нарығының өсіп отырған сұранысын газбен үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















Газ өндіру көлемі

Ведомстволық деректер

млрд.

текше.м.


41

43,2




Тауарлық газ өндірісінің көлемі

Ведомстволық деректер

млрд.

текше.м.


24,7

28,3




Газ тасымалдау көлемі (оның ішінде, газды экспортқа тасымалдау, ҚР тұтынушыларына жеткізу және халықаралық газ)*

Ведомстволық деректер

млрд.

текше.м.


116

116




«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырымен газ тасымалдауын қамтамасыз ету

Жобалық деректер

млрд.

текше. м


до 2,5

до 2,5




Тұрғындарды газдандырудың деңгейі (Алматы қ. және 9 газдандырылған облыстардың газдандыру деңгейі)

Алматы қ. және облыс әкімдіктерінің деректері

%

56

56,36




Iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату

Ведомстволық деректер

%

97,9

98,2




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




«Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырын салуын мониторингілеу, оның ішінде:

Компрессорлық станцияларын қоса жобаның толық аяқталуы және жобалық қуаты жылына 10 млрд. текше метр 2016 жылда көзделген.

«Бейнеу-Шымкент» газ құбырының 1-ші кезегі (желілік бөлігі)

2013 жылғы 7 қыркүйекте Қахақстан мен Қытай Басшыларының қатысуымен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының «Бозой-Шымкент» учаскесі газбен толтыру ресми рәсімі өтті.

«Бейнеу-Шымкент» газ құбырының 2-ші кезегі (желілік бөлігі)

Қазіргі уақытта «Бейнеу-Бозой» учаскесі желілік бөлігінің құрылысы жүріп жатыр және оның аяқталуы мен іске қосылуы 2015 жылда көзделген.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ көлігі жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерді игеру шеңберінде бюджеттік бағдарламаларды мониторингілеу

Облыс әкімдіктерінің мәліметі бойынша 2014 жыл қорытындысы сәйкес ҚР10 облыс халқының газдандыру орташа деңгейі – 56,36% (2013ж. – 54,51%).

1.01.2015ж. бойынша газдандырылған елді-мекендердің саны 1150-ге (2013ж. - 1000) жетті, бұл 10 газдандырылған облыс пен Алматы қаласының 4730 жалпы елді мекендер санының 24,31% құрады.



Ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын бекіту

2014 жылдан бастап Ілеспе газ өңдеуді дамыту бағдарламаларын бекіту, бекітілген газды кәдеге жарату бағдарламасына және ілеспе газ өңдеуді дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыс тобының 10 отырыстар өткізілді.

Жұмыс тобының жер қойнауын пайдаланушылардың шамалы 90 өтініштер қарастырылған, оларға газ жағатын көлемдері газды технологиялық тұрғыдан ерiксiз жағу шегінде бекітілді, сонымен қатар жерқойнауын пайдаланушылармен жүзеге асырудың үшжылдық мерзімімен кезге әзірлеген Ілеспе газ өңдеуді дамыту бағдарламаларын қарастырылған және мақұлданған.



2006 жылғы 27 желтоқсандағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Өзбекнефтегаз» ҰХК және «Газпром» ААҚ арасындағы қарсы газ жеткізу туралы келiсiм шеңберiнде ынтымақтастық хаттамасына қол қою

ҚР ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету мақсатында 2006 жылғы 27 желтоқсандағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Өзбекнефтегаз» ҰХК және «Газпром» ААҚ арасындағы қарсы газ жеткізу туралы келiсiмге қол қойылған және 2006 жылғы 27 желтоқсанынан бастап барлық импорттық газ Қарашығанақ газын экспорттаумен тең бағамен және тең көлемде «свопталады».

Жоғарыда аталған келісімнің шеңберінде жыл сайын ынтымақтастық хаттамасы бекітіледі, ол Қарашығанақ кен орнындағы газды қарама қарсы жеткізу арқылы ҚР Қостанай облысы және Оңтүстік облыстарға жеткізіледі.

Аталған СВОП операциялар 2007 жылдан бастап ресей газын Қостанай облысына жеткізуді және өзбек газын оңтүстік облыстарына жеткізудің бағасын ұстау саясатын жіргізді.


Қазақстан-Қытай газ құбырының «С» желісін салуын мониторингілеу, оның ішінде:

Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай магистралды газ құбырының үшінші желісінің желілік бөлігі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, 2014 жылғы 30 мамырда жұмыс комиссиясы өткізілді. 2014 жылғы 15 маусымда іске қосатын-реттеуші жұмыстар басталды. 2014 жылдың тамызында Серіктестік ішкі құбырлық диагностикасын өткізуіне кірісті.

желілік бөлігі

Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай Магистралды газ құбырының үшінші желісінің желілік бөлігі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, 2014 жылғы 30 мамырда жұмыс комиссиясы өткізілді. 2015 жылдың 1 тоқсанында газ құбырының желілік бөлімін пайдалануға беруді қабылдау бойынша Мемлекеттік қабылдау комиссиясын өткізу жоспарланып отыр.

Компрессорлық станцияларды салу

Компрессорлық станцияларының құрылысының аяқталуы 2015 жылда көзделген.

Қолданыстағы газ жүйесін қайта құруын және жаңғыртуын мониторингілеу

Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай магистралды газ құбырының үшінші желісінің желілік бөлігі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, 2014 жылғы 30 мамырда жұмыс комиссиясы өткізілді. 2014 жылдың тамызында Серіктестік ішкі құбырлық диагностикасын өткізуіне кірісті.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газқұбыры бойынша жобалық қуаты жылына 2,5 млрд. текше метрге дейін жетті.



Ел өңірлері, соның ішінде Ақмола және Қарағанды облыстары тұтынушыларының жекелеген санаттарын газдандыруын мониторингілеу

1.01.2015ж. бойынша газдандырылған елді-мекендердің саны 1150-ге (2013ж. - 1000) жетті, бұл 10 газдандырылған облыс пен Алматы қаласының 4730 жалпы елді мекендер санының 24,31% құрады.

* жыл сайынғы газ көлемі түзетілуі мүмкін, себебі газ құбыры бойынша нақты міндеттемелері жоқ аралас мемлекеттердің ресурстары тасымалданатын болады.

2.3-мақсат. Мұнайгазхимиялық өнеркәсібін дамыту

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды: 027, 028


Нысаналы индикатор, міндеттің және қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезең) көрсете отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Қол жетпеушілік себептері

2014 ж. жоспар

2014 ж. нақты

Нысаналы индикатор
















Экономиканың тұтынудың мұнайгазхимиялық өнімде қамтамасыз ету

ведомство

лық


деректер

%

100

100




2.3.1-міндет. Мұнайгазхимия өндірістерін дамыту

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















Мұнайгазхимия өнімдерін өндіру көлемі:

ҰЭМ СК

Жылына

мың


тонна










жол битумы

400

546,6




бензол, параксилол

0

0




полипропилен










Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




Бәсекеге қабілетті базалық мұнайгазхимиялық және қосылған құны жоғары өнімді шығару бойынша жаңа өңдеуші қуаттарды салуын мониторингілеу:




Атырау МӨЗ-де хош иicтi көмірсутектерді (бензол, параксилол) өндіру кешені (кешеннің бірінші іске қосу нысандары)

Хош иісті көмірсутектер өндірісі кешені бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталуда.  2014 жылы 25 желтоқсанда «Қазақстанның жаңа индустриализациясы» жалпыұлттық телекөпір барысындаМемлекет басшысы АМӨЗ-дегі Хош иісті көмірсутегілерін өндіру кешенінде (бұдан әрі - ХКӨК) іске қосу – жөндеу жұмыстарына басталды деп белгі берді.

Технологияның икемділігін ескерсек, Кешен мұнайхимиялық өнімді де өндіре алады, және де жоғары октанды бензинді өндіріп отын жүйесі бойынша жұмыс істей алады, сондай-ақ ішкі нарықта ашық мұнайөнімдерінің жетіспеушілігі байқалады. мұнайды тереңдетіп өңдеу бойынша кешенді пайдалануға беруге дейін Хош иісті көмірсутектер өндірісі бойынша кешен отын жүйесінде жұмыс істейтін болады, яғни жоғары октанды бензин өндіреді.



Атырау облысында Интеграцияланған газ-химия кешені (I кезең)

ИГХК өндірістік қондырғыларына ЖСҚ мемлекеттік сараптама алынды. Ішінара инфрақұрылым объектілері салынған, оның ішіндегі электр беру желісінің (1 кезең) құрылысы аяқталды, ішкі алаңындағы автожол және темір жол бойынша құрылыс жұмыстар жүргізілуде, т/ж екі аралық, Зауттық т/ж стансасын дамыту, Қарабатан т/ж стансасы құрылысы соңғы сатысында.

Жоба құнының қымбаттауына байланысты Sinopec Engineering-пен EPC келісімшарты бұзылды. SinopecEngineering-пен ЕРС келісімшартының тоқтатылуына байланысты жаңа қытай бас мердігерді таңдау үшін Қытайдың Экспорт-импорт банкінің қарыздық қаржыландыру әрекеті тоқтатылады. Қазіргі уақытта «KPI» ЖШС-мен жаңа EPC мердігерін қытай компаниялары арасында таңдау бойынша процедуралар жүргізілуде. Сонымен қатар коммерциялық банктердің қаржыландыруды тарту шарты бар бас мердігер ретінде CB&I компаниясының (Нидерланд-американ компаниясы) қатысу мәселесін қарастырылуда.

Сондай-ақ, ИГХК жобасына Шеврон компаниясының кіруі туралы мәселе қарастырылуда. Тараптар Шеврон компаниясына қарастыруға жоба бойынша материалдар беру үшін ақпаратты таратпау туралы келісімге қол қойды.

«KPI» ЖШС-сы бұрын салынған инфрақұрылым объектілері мемлекеттік меншікке беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылы ҚР Бюджет кодексіне (192-бабының 2-1 тармағына) тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. «KPI» ЖШС мүлігімен бюджеттік несиелерді мерзімінен бұрын өтеу туралы ҚР Үкіметінің қаулы жобалары әзерленді. Қаулы жобалары мемлекеттік органдардың қарауында жатыр.



Атырау облысында Интеграцияланған газ-химия кешені (II кезең)

2,5 млрд. АҚШ долларына дейінгі сомаға Корея Республикасының экспорттік-несиелік K-SURE мен K-EXIM-мен және 600-ден 800 миллион АҚШ доллар сомасына ECGD (Ұлыбританияның эксперттік-несиелік агенттігі) - агенттіктерімен түсіністік туралы Меморандум жасалды.

2013 жылдың құркүйек айында Petrofac-GS-Linde консорциумымен ЕРС келісім-шарт жасалды. Жоба құнының едәуір қымбаттауы бойынша бас мердігермен берілген есепке байланысты ЕРС келісім-шартын бұзуы жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Жобалық жұмыстар аяқталды (OpenBookEstimated кезең шеңберінде – ашық кітап әдісі бойынша шығындарды бағалау). Қаржыландыру жобасын ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жалғасуда. Теңізде газсепарациялық қондырғы алаңында бастапқы жұмыстар жүргізілуде.

Жобаның операторы «KLPE» ЖШС жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу шеңберінде Кеңес заманындағы нормалық құжаттармен қарастырылып әзірленген өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жобалау және құрылыс талаптарын орындағанда жобаның құны орта есеппен 20% дейін қымбаттау мәселесіне тап болды. Жоба құнының өсуін болдырмау мақсатында арнайы техникалық шарттар әзірленіп жатыр.

Мұнайхимия және химия өндірістерінің спецификасы пайдалануға берілген және коммерциялық пайдалану кезеңінде ұзақ жұмыс тәжірибесі бар мамандарды тартуды талап етеді. Осындай өндірістердің Қазақстанда жоқтығын ескерсек, тиісті мамандар шетелден тартылатын болады. Осыған байланысты 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде шетелдік жұмысшаларды тарту үшін тиісті өзгерістер енгізілді. Осы заң жоба ҚР Парламентіне егізілді. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 қаулысы).


«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопарі» арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымының ЖСҚ әзірлеу (түзету)

2014 жылғы 20 қазандағы № 31 Республикалық бюджеттік комиссияның Шешіміне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1199 «2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 «2014-2016 жж. Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлығына өзгерістер енгізу туралы »қаулысына сәйкес 2014 жылы ЖСҚ-ны әзірлеуге арналған қаражат алынып тасталынды.


Мұнай-газ өнеркәсібі үшін мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, мұнай-газ химиясы, мұнай-газ химиясы машинасын жасау мен сервистік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ұлттық кластердің кеңесін құру

ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 49 бұйрығымен Ұлттық кластер кеңесі құрылды, оның құрамы мен Ережесі бекітілді. Ұлттық кластер кеңесі құрамына мемлекеттік органдар, мүдделі компаниялар, ассоциациялар, ғылыми-зерттеу институттар және жоғары оқу орындарының кандидатуралары енгізілген.

Ұлттық кластерді дамытудың стратегиясы мен жол картасын әзірлеу

Сарапшы жұмыс топтарының шеңберінде Ұлттық кластер, атап айтқанда, мұнай өңдеу, мұнайгазхимия және онымен байланысты машина жасау, ғылым және кадрларды даярлау, техникалық қызмет көрсету өңдеуші секторының филиалдарын байланыстыратын жұмыстары басталды.

Осылайша, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен 2014 жылдың қараша-желтоқсан айларында Министрлікпен қажетті машина жасау құралдары мен материалдармен, қажетті қызмет көрсету жұмыстарды және қызметтерді қамтамасыз ету үшін, мұнайгазхимия жобаларын газ шикізатымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша бірқатар кездесулер өткізілді.

Нәтижесінде мүдделі тараптармен газ және оның құрамдас құрамын балансы алдын ала болжамдары ұсынды, машина жасау өнімдерін және қызмет көрсету жұмыстарды және қызметтерді қажеттілігі туралы ақпарат алынды.

Алынған ақпарат қазіргі уақытта бір деректер базасын құру мақсатында Министрлікпен өңделуде.

Сондай-ақ, 2015 жылдың қаңтарында, Министрлікпен Стратегияны және Ұлттық кластерді дамыту Жол картасын әзірлеу бойынша сарапшылар тобының отырысы өтті. Стратегия және Ұлттық кластердің даму Жол картасы жобасына мүдделі тараптардың ұсыныстарын жинақтау бойынша жұмыс жүргізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет