31
Жұмбақтарды Аристотель «Жан-жақты жымдасқан метафора» дейді.
Яғни затты бейнелеп, баламалап сипаттау
арқылы ұқсас заттардың
қасиеттері мен түріне, аумағына, кӛлеміне зер салып, жұмбақты шешуші
жұмбақты шешеді, әрі заттарды салыстыра кӛз алдына елестетіп,
дүниетанымдық қабілетін дамытады.
Жұмбақтар, кӛбінесе үйлесімді ұйқасы әсем де ырғақты ӛлеңмен
құрылады. Қара сӛзбен жасалған жұмбақтар да бар. «Отқа жанбас, суға
батпас»
(мұз) айтыс түрінде құрылған, яғни жұмбақ айтыстарын екі ақын
шығарып бірі ӛлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі сол жұмбақтың шешуін
ӛлеңмен айтады. Авторы белгісіз ел аузында
жатталып қалған жұмбақ-
айтыстар да кездеседі.
Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез-келген айтушы ӛз ойнына
құрастырып та айта береді, тек жұмбақтың сӛздік қисыны, ӛлеңдік
үйлесімі болуға тиіс.
Жұмбақ айтушы неғұрлым кӛбірек, күрделірек жұмбақтарды тауып
айтып, шешушіні жеңуге тырысады. Егер жұмбақ шешуші мүдірмей,
айтылған жұмбақтарды дұрыс және толық шеше алса, оның ӛзі де жұмбақ
айтып, жұмбақ айтыс жалғасып, айтушы мен шешуші ӛз білімдерін
сараптайды. Кім кӛбірек жұмбақ айтып (кӛбінесе санап отырады), кӛбірек
жұмбақ шешсе, сол жұмбақ айтысуда жеңп шығып, білімділігін кӛрсетеді.
Жұмбақ айтысу мен жұмбақ айтысты ажырата білу керек. Жұмбақ
айтыста жеңіп шығу ақындық дарынның,
білімнің басымдылығына
байланысты.
Отбасында балаларға жаңа жұмбақтар үйретіп, жұмбақ айтысуды
ұйымдастырып, олардың тапқырлығын сынау, жұмбақ айтысуда жеңіп
шыққан балаларды мадақтап отыру – бұрыннан қалыптасқан дәстүр
болатын. Отбасында ӛтетін «Туған күн» , «Ұлыстың Ұлы күні», «Мереке
күні», «Думанды кеш» сияқты рәсімдік той-томалақ, тамашаларда
ұйымдастырылатын түрлі ойындардың бір түрі – жұмбақ айтысу. Ондайда
жұмбақ айтысудан үздік шыққандарға сыйлық беріледі.
Балалар бақшасында «Қызықты кеш», «Ӛнерпаздар мен білгіштер
жарысы» сияқты думандарда жоспарлы түрде ұйымдастыра білген
тәрбиеші, жұмбақ айту,
жұмбақ айтысу, жұмбақ айтыс дәстүрлерін
қызықты ӛткізеді. Әрине, жұмбақ айтуды кӛбінесе тәрбиешінің ӛзі
бастайды да, бұрыннан үйретілген жұмбақтар бойынша жұмбақ айтысу
одан әрі жалғасады. Жұмбақты кӛп білген балдырғанға «білімпаз» деген
атақ беріледі (оның 3-2-1 дәрежесі болу керек). Білімпаз балдырған жұмбақ
айтысуды басқаруға да ерікті болады.
Балалар бақшасында ӛтетін тақырыптық және мерекелік, той-
думандық кештердің бір кезеңінде жұмбақ айту мен жұмбақ айтысуды
ұйымдастыра білу керек.
Мектеп бағдарламасында ауыз әдебиетінің бір бӛлімі ретінде
жұмбақтар бірінші сыныптан бастап оқулықтарға ендірілген. Әдеби
кештерде, мерекелік кештерде, ӛнерпаздар мен ой тапқыштар жарысында
жұмбақ айту, жұмбақ айтысу, жұмбақ айтыс ерекше орын алады.
Пәндік
32
кештерде сол пәндік кештердің тақырыптарына байланысты жаңа
жұмбақтарды, кӛбінесе, оқушылардың ӛздері ойлап шығарады, әділ
қазылар алқасы жаңадан шығарылған жұмбақтардың мәнін, маңызын,
кӛркемдік сапасын жан-жақты бағалай білуге тиіс.
Пәндік
сабақ
ӛтерде
(әсіресе
биология
сабақтарында)
тақырыптарына сәйкес, сабақты жұмбақ айтудан бастау керек болады.
Жоғары сыныптарда «жұмбақ айтысу» кешін ұйымдастырып, оны
ӛнерпаздар думанымен жалғастыру қажет.
Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар,
тәрбиелік мәні де ерекше. Ӛйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау
кезінде тәрбиеленуші ӛзінің білім дәрежесін байқап, кӛп білуге талпынады,
ынта-жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп, ӛнерге талпынушылығы
артады.
Достарыңызбен бөлісу: