Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет23/41
Дата24.09.2024
өлшемі0.63 Mb.
#503921
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Этопедагогика оқулық

Қҧлпытастар әр түрлі ою-ӛрнектермен, суреттермен әшекейленген. 
Қазақстанда тасқа қашалып салынған түрлі аңдар, садақ суреті, ою-
шимайлар, жылқы, түйе, күн суреттері жиі кездеседі. Ежелгі тас, мыс 
дәуірлерінің ӛнері VI-VIII ғасырлардағы Түрік қағанаты кезеңінде де 
қолданылған. Тастан батырдың суретін салу, тамға (таңба), тасқа түскен 
жазулар Орхон ескерткіштерінен мол табылған.
Х-ХІІ ғ.ғ. Қараханидтер мемлекеті дәуірінде, Ұлы Жібек жолының 
Жетісу, Оңтүстік территорияларын басып ӛтетін бӛлігінде орналасқан – 
Сайрам, Құлан, Мерке, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Отырар сияқты 
қалалардың сәулеттік құрылысы дамыды. Әсіресе, Отырар, Тараз, Сайрам, 
Ясы қалаларының іргесі ӛсіп, мәдениет пен ғылымның, қолӛнер мен 
сауданың орталығына айналды. (Тоғыз жолдың торабы болғандықтан) 
Бірақ, ғасырлар бойы әр ұрпақтың ӛнерімен, білімімен, қажырлы 
еңбегімен жетіліп бой кӛтерген, сәулет ӛнерінің керемет үлгілерін ӛз 
бойын жинақтаған Отырар, Ясы, Тараз сияқты ғылым мен білімнің
ӛнердің, мәдени ӛмірдің орталығы болған кӛптеген қалалар, ХІІІ 
ғасырдағы Моңғол шапқыншылығы кезінде түгелдей қирады. 
Орта ғасырдағы (ІХ-ХІІІ ғ.ғ.) және ХІV-ХVІІІ ғасырдағы 
 сәулет өнері 
Орта 
ғасырлардағы 
сәулет 
ӛнері 
құрылыстарының 
даму 
ерекшеліктерін біздің кезімізге дейін сақталған діни бағыттағы сәулеттік 
құрылыстардан кӛруге болады. Оларға: 
1. Қозы Кӛрпеш-Баян Сҧлу мазары (ІХ-Х ғасыр) жатады. Ол Аягӛз 
ӛзенінің бойында, Таңсық темір жол станциясының жанында тұр. Мазар 
жалпақ қырлы тастардан, орта ғасырлық дӛң, кешен үлгісінде пирамида 
түрінде қалаған. Құрылыс қарапайым болғанымен, мыңдаған жылдарға 
шыдап келеді.
2. Айша Бибі (ХІ-ХІІ ғасыр) мазары тік тӛртбұрыш пішінде 
салынған құрылыс. Әр бұрышында жоғарғы жағы жіңішкеріп жұмыр 
мұнаралары бар.мазардың қабырғалары, тӛрт мұнарасының сырты 
түгелдей, квадрат формалы, әр түрлі оюлармен әшекейленген, 
плиткалармен кӛмкерілген, әдемі, айшықты сәулет құрылысы. Ескерткіш 
бойында қазақ халқының барлық оюларының түрлері қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет