Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет37/41
Дата24.09.2024
өлшемі0.63 Mb.
#503921
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Этопедагогика оқулық

7-ші ерекшелігі – тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, 
бағалаудың ӛте қиын процесс екендігі. 
8-ші ерекшелігі – тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет. Бүгін мен 
ертеңгі келешек ӛмірдің ұштасуы. 
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың аталған ерекшеліктерімен қатар, 
ӛзіндік қиыншылығы да бар. 


70 
а) тәрбие жұмысын ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастырумен 
салыстырғанда уақыт жағынан едәуір қиындық тудырады. Оқу белгілі 
уақытта сабақ кестесіне байланысты басталады, аяқталады, ал тәрбие 
жұмысы уақытты сынып жетекшісі оқушылардың бос уақытын есепке 
алып, ӛзі белгілейді. 
б) тәрбие жұмысының бағдарламасы жалпы жасалған, ал оқу 
процесінде әр пәннің жеке-жеке бағдарламасы бар. Бұл тәрбие 
жұмысының жоспарын нақты жасауға мүмкіндік бермейді. 
в) тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына ыңғайлап, сынып 
жетекшісі тақырыптарды ӛзі таңдап, тәрбие материалдарын ӛзі сұрыптап 
алып, инсценировка, жоспар жасайды. Бұл біріншіден, сынып 
жетекшісінің кӛп уақытын алса, екіншіден, күрделі, жан-жақты кӛп еңбекті 
талап етеді. 
Аталған ерекшеліктер мен қиыншылықтар сынып жетекшісінен сан-
салалы білім мен іскерлікті, шеберлік, дағдыны, педагогикалық іскерлікті 
тәжірибені қажет етеді. Осы орайда сынып жетекшісі тәрбиені кешенді 
жүргізуге тырысады, ал тәрбиені кешенді жүргізу тәрбиеге бір жақты 
келуден, жүйесіздіктен құтқарады. 
 
Бақылау сҧрақтары 
1. Қазiргi кезеңде жалпы бiлiм беретiн мектептерде халық педагогикасын 
пайдалану жолдары.
2. Ұлттық киiм, сәулет, бейнелеу ӛнерлерiмен, үй жиһаздарымен 
таныстыру.
3. Дәстүрлер мен салттар, ырымдар мен жоралғыларды түсiндiрудің 
қандай әдiстерi бар? 
4. Ертегiлердi экрандаудың қандай тәрбиелiк әсерi бар? 
5. Халық ертегiлерi – ӛмiр оқулықтары.
6. Халықтық тәрбие үлгiлерiн, ауыз әдебиетi шығармаларын пайдалану 
жолдары.
7. Этнопедагогикалық білім беру мазмұны туралы айтыңыз. 
8. Сыныптан 
тыс жұмыстардағы халық тағылымдарын үйретудi 
ұйымдастырудың қандай жолдарын білесіз? 
9. Этнопедагогика тағылымдарын мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарында 
пайдалану жолдары қандай? 
10. Мектепте және мектептен тыс оқу-тәрбие ісінде халықтық педагогика 
элементтерін пайдалану арқылы ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың 
қандай жолдары бар? 
11. Сыныптан 
тыс жұмыстардағы халық тағылымдарын үйретудi 
ұйымдастыру.


71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет