3. ТІГІН МАШИНАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Тігін машиналарын шығаратын фирмалар қазіргі кезде машиналардың көптеген түрлерін шығаруда. Кейде олардың ішінен технологиялық және экономикалық көрсеткіштері тұтынушыны қанағаттандыратынын таңдаудың өзі күрделі мәселе. Тігін машиналарын құрлысы бойынша талдамай тұрып, алдыменен оларға жалпылама сипаттама келтірейік. Жалпы сипаттаманы тігін машиналарын тұрғызылатын инешаншымдарына байланысты қарастырамыз.
3.1. Қайықты инешаншым құратын машиналарға сипаттама
Біринелі, автоматтандырылмаған, матажылжыту төрткілдешті ілгері-кері қозғалыс бере алатын, қайықты тігін машиналары өте көп таралған машиналар қатарында. Бұлар қолдануына байланысты әмбебап машиналар. Мұндай машиналардың басты білігінің айналу жиілігі 4000-5000 ай/мин болады. Мұндай жылдамдықта жұмыс орындайтын машиналарда үйкелісетін бөлшектерін майлау келесі үш түрде болуы мүмкін: орталықтандырылған, майды мөлшерлеп дәлмөлшерімен (дозасымен) беретін және «кебу» майлау жұбы.
Орталықты майлау жүйесінде ашық картерге май құйылады. Оған орналастырған сорап қысыммен сфера пішінді қалпақа береді, май қалпақпен шағылысып негізгі үйкелісетін жұптарға шашырайды. Майдың шамалы бөліктері жетуі қиын құрылымдарға (мысалыға қайыққа, инежүргізгішке) жеткізіледі. Майдың артығы қайта картерге ағып түседі. Мұндай жүйенің кемістіктері де бар – олар: ашық картердегі майдың ластануы, майдың шығыны көп болуында.
Соңғы он бес жыл шамасында пайда болған, майды мөлшерлеп беру жүйесінде жабық картер және миниатюрлі сорап (әншейінде екеу) қолданылады, ал май үйкелісті жұптарға май көлемін реттеп беретін түтіктердің көмегімен жетізіледі. Мұндай жүйеде май картерге қайта ақпайды, сондықтан картердегі май ластанбайды. «Кебу» майлау жүйесінде машина майсыз жұмыс атқарылады немесе май тек ішкі құрылымдардың үйкеліс жұптарына ғана беріледі. Ал қайық және инежүргізгішке май берілмейді, оларда композициалық материал «бакрон»-нан жасалған металлокерамикалық төлке қолданылған. Мұндай жүйе өңделетін материалдың ластануын болдырмайды. Осыдай майлау жүйесі бар машиналарда басты біліктің айналу жиілігі 4000 ай/мин аспайды.
Қарастырылған тігін машиналарында автоматтандыру жүйесі болуы және болмауы да мүмкін. Автоматтандыру жүйесі бар машиналар варианттарында электржетекті басқару және басқа автоматтандыру құрылымдары болуы мүмкін.
Екі инелі қайықты инешаншым машинасы екі өзара параллель тігім тұрғызуға мүмкіндік береді. Екі инелі машинада қайықтың айналу өсі тік орналасады. Машиналар бір-бірінен инелерінің ара қаықтығымен, материалды жылжыту құрылымының түріне байланысты (төрткілдешті, тісті білеулі төрткілдешті және инемен, үш аспапты, тартқыш тығыршықтарымен қозғалтатын) бөлінеді. Мұндай машиналарда инежүргізгіші жетектен ажыратылатын және ажыратымайтын түрге де бөлінеді. Инежіргізгіштің бірін жетектен ажырату бұрышты, тігім жолы күрт бұрылған бөлшектерді сыруда өте қолайлы. Екі инелі машиналарда құрама тісті білеулі, инелі жылжыту құрылым кең таралған. Осылармен қатар екі инелі машинарарда инелердің ортасында кескіш пышақ орналасқаны да кездеседі. Мұндай машиналар бірден тігістер орындап, ортасынан бөлуге мүмкіндік береді, мысалыға кесілген қалта және де басқа операциалардды орындауда. Екі инелі машиналарды автоматтандыру бір инелі машиналардыкене ұқсас.
Біринелі қайықты ирекжолды тігім орындайтын машиналар екі, үш және төрт шаншымда болуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай машиналар модифициаланған ирекжолды инешаншыммен әрлеу тігімі үшін қолданылуы да мүмкін. Соңғы кездерде жетекші фирмалар механикалық жолмен басқарылатын ирекжолды инешаншым түзетін машиналарды шығара бастады. Мұндай машиналар кәдімгі ирежол тігістен көп шаншымды ирекжол тігіске тез ауыстырылу мүмкіндігі бар, мысалыға JUKI LZ 2284N, PFAFF 938-U-6/01 машиналар.
Ирекжолды машиналарда инежүргізгіштің көлденең ауытқуы автоматтандырылады. Бұлай автоматтандыру кезінде инежүргізгіштің көлденең сызықпен ауытқу қадамды ауытқыту жетегімен атқарылада, ал бұл жетек басқару жүйесіндегі (пультіндегі) бағдарламамен басқарылады.
Аса ауыр материалдарды өңдейтін машиналарда тұрығының мөлшері үлкейтілген болады. Мысалыға, инеден бастиектің орнатылған жеріне дейін 750 мм – ге дейін болуы мүмкін. Мұндай машиналар көбінесе шайқалмалы немесе тікөсті қайықпен құрамданады. Олардың жылдамдығы да төменірек (800 ай/мин) болады. Мұндай машиналар көп жағдайда көп қабатты, қалыңдығы 25 мм дейінгі пакеттерді сығымдалған жағдайда тігеді.
Цилиндір пішінді ұстынды (колонкалы) тұрығы бар машиналар негізінен материал жылжытқышының түрімен және инесінің санымен айрықшалынады. Біринелі бағаналы машиналар оң (PFAFF 591) және сол (PFAFF 571) құрылымды болады. Мұндай машиналарда бағанасының биіктігі 162 мм болады, ал кей жағдайда биіктігі ұлғайтылған болуы мүмкін – 424,5 мм (JUKI PLC-1690AB).
Достарыңызбен бөлісу: |