Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім ғылым министрлігі



бет21/42
Дата18.10.2023
өлшемі1.67 Mb.
#480965
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
gtf umkd 2024

1.1. Ғылымның пайда болуы.
1.2. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері.
1.3. Тарихи ғылымдар мен философиялық
Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғары дәлділігімен ерекшеленеді деп айтылады.
Fылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасқан. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми танымның ерекшелігін көрсете алмайды. Шындығында, білімнің формасы түріндегі және оның өзге формалардан артықшылығы, ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Fылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.
Теория деген не? Теория - бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Кез-келген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және процестермен бірқатар бақылаулар мен эксперименттердің мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.
Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды.
Заңдарды құрастыруда өзге салаларда қалыптасқан теорияларда және оларда жеткілікті дәл мән мен мағынаға ие болған (мысалы, "энергия" және "жұмыс" ұғымдары механикада өзінің мәні мен мағынасына ие болады және кәдуілгі тілдегі осындай ұғымдардан көбіне өзгешеленеді) ұғымдарды енгізумен сипатталатын концептуалдандыру тәсілі.
Fалымдар осы тәсілдерді қолдана отырып, эмпирикалық қорытындылар болып табылатын ғылым заңдарын қалыптастырады. Ол сырттай қарама-қайшы болғанымен, іштей ортақ қасиеттері мен қырлары бар жекелеген құбылыстардың арасындағы қайталанатын, қажетті мәнді қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Осылайша, біз объективті әлем заңдары мен ғылым заңдары арасындағы маңызды айырмашылық пен бағыныштылықты анықтай аламыз. Оның алғашқысы бізден тәуелсіз, тыс нақтылықтың өзінде өмір сүреді. Екіншісі эмпирикалық қорытындылар күйіндегі олардың бейнелері болып табылады. Бұл жағдайда әлемнің объективті заңдары ғылым заңдарында барынша толық емес, шартты, жақын, объективті әлем байланысын қайталайтын ерекше формада - аралары логикалық байланыстармен бекітілген ерекше ғылыми абстракциялардың көмегімен бейнеленеді. Алайда ғылымның барлық заңдары эмпирикалық қорытынды ретінде пайда бола бермейді.
Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза (грекше hіpothesіs - негіз, жорамал) формасында көрінеді. Гипотезалар бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық гипотезалар. Алғашқылары - жекелеген заттар, жағдайлар мен процестер туралы болжамдар мен жорамалдар. Екінші топтағы гипотезаларға, мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы гипотезаның негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжанды. Бұл болжамдар дәлелденгеннен кейін гипотезаны ұсыныс ретінде емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады.
Теориялық гипотезалар мен заңдар кейде тікелей сезімдік бақылауға қайшы келіп отырады.
Теориялық гипотезалар бастапқыда қызық әрі фантастикалық болып көрінуі мүмкін, мысалы, соңғы онжылдықтардағы Fаламның құрылысы туралы гипотезаларға байланысты пікірталастар осындай. Алайда гипотезалар қаншалықты кездейсоқ болғанымен, олар шығармашылық бей-берекетсіздіктің нәтижесінде емес, оның алдындағы "сәтсіз" гипотезалар мен көптеген эксперименттік мәліметтерге талдау жасаудың негізінде ашылады. Жаңа гипотезалар оның алдындағылардың көмегімен түсіндіріле алмаған айғақтарды жүйелеп, түсіндіріп, болжауды мақсат тұтады. Егер жаңа гипотезалардың салдарлары бақылаулар және эксперименттермен дәлелденетін болса "яғни, верифицияланса (латынша verus –ақиқат), онда мұндай гипотезаны жоғары деңгейдегі ақиқат ұсыныс немесе, ғылымның заңы ретінде қарастыруға болады.
Сонымен, теориялық білімдер өзінің құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық гипотезаларды да әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғары дәрежеде дәлелденген гипотезалар ғана белгілі бір теорияның құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Өзінің логикалық формасы жағынан өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің (заңдардың) жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастардың қатарына ең алдымен эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастар жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз, дәлелденген, объективті шынайы болуы тиіс. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы оны құрайтын пікірлерінің бастапқы, түпкі ұсыныстардан (сөйлемдерден) таза логикалық немесе математикалық жолмен шығарылғандығымен сипатталады. Мұндай түйіннің нәтижесінде алынған пікірлер теорияның салдарлары деп те аталады.
Салдарлар өзінің мазмұны жағынан берілген теорияның заңдары болуымен қатар белгілі бір жағдайларды, ақуалдар мен процестерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымдар да болуы мүмкін. Салдарлар туындайтын ұсыныстар, әдетте теорияның постулаттары, принциптері немесе аксиомалары деп аталады. Әрбір жекелеген теориядағы мұндай ұсыныстарды негіздер деп те атауға болады, бірақ олардың өзі өзге кеңірек және тереңірек теориялардың салдарлары болуы да мүмкін.
Заңдар теорияның ең мәнді тұжырымдары ретінде мынадай танымдық функцияларды атқарады:
1. Олар әр түрлі жүйелердің зерттеліп отырған теориясының ішінде неғұрлым тұрақты, қажет және жалпы байланыстарын, берілген теорияның пәндік саласын құрайтын жүйені негізгі жай жүйелері мен элементтері арасындағы өзара қатынастарын және өзара әрекеттерін бейнелейді.
2. Олар бақылаулар мен эксперименттердің көмегінсіз-ақ математикалық есептеулер мен логикалық ой қорытындылаудың нәтижесінде берілген пәндік саладағы белгілі нәрсені түсіндіруге және жаңа құрылыстарды болжауға жағдай жасайды.
3. Олар бірден көзге түсетіндей айқын емес болса да, өзінің пәнділік саласында белгілі бір шектеулер қояды.
Мұнан шығатын қорытынды, кез келген теория белгілі бір шекараларда ғана, белгілі бір жағдайларда ғана объективті ақиқат ретінде қарастырылады
4. Ақырында ғылыми теорияның заңдары тиым салу функциясын, зерттеу процедурасын жүйелеу және реттеу функцияларын атқарады. Берілген теорияда орынсыз немесе мән-мағынасы жоқ тұжырымдар мен абстракцияларға тыйым сала отырып, олар бей-берекетсіздікке, өзімшілдіккке жол бермейді. Заңдардың реттеуші функциясы да тыйым салу функциясынан туындайды.
Заңдардың жүйелеуші функциясы берілген пәндік саладағы элементтер мен жай-жүйелерінің арасындағы өзара бағыныштылық (субординация) пен өзара әрекетін бекітуге мүмкіндік береді. Мұның салдарында оны күрделі қызмет етуші және дамушы ретінде қарастыруға, соның нәтижесінде ғылыми зерттеуді қарапайымдандыру мен жеңілдетуге мүмкіндік болады.
Fылымның құрамына әрқашанда теориялық білімдер кіреді. Оның мазмұнын жекелеген гипотезалар, заңдар және қатаң құрастырылған ғылыми теориялар құрайды. Әрине, мұндай теориялар бірден пайда болмайды. Олар ғылыми танымның тарихи дамуының нәтижесі.
Физика ертедегі Греция дәуірінде-ақ пайда болғанымен қатаң физикалық теориялар XVІІ ғасырда ғана қалыптаса бастады. Химия мен биологиядағы мұндай теориялар XVІІІ және XІX ғасырларда пайда болды. Fылыми теориялардың белгілі бір білім мен практиканың саласында пайда болуы, сол саланың жоғары деңгейге жеткендігін, өзінің гносеологиялық жетістігін білдіреді. Егер, көркемдік, техникалық немесе саяси салаларда теориялар қалыптасып және қолданыс тапты дейтін болсақ, онда жаңа ғылыми пәндердің пайда болғандығын көрсетеді: эстетика эстетикалық әрекеттің теориясы, сұлулықтың заңдылықтары мен критерийлері туралы ғылым, техникалық ғылымдар, тап күресі мен саяси өзара қатынастарды бейнелейтін заңдар, ғылыми теориялар. Белгілі бір білім жүйесінің құрамында теориялардың және қатаң бекітілген заңдардың болуы ол жүйенің ғылыми екендігін білдіреді.
Осылайша, ғылыми танымның қандай артықшылықтары барын айқын аңғаруға болады. Адамның кез-келген әрекеті қандай да бір міндеттерді және мәселелерді шешуді білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет