Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім ғылым министрлігі


Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді



бет24/42
Дата18.10.2023
өлшемі1.67 Mb.
#480965
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
gtf umkd 2024

Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:
1) бастамалы
2) қолданбалы
3) өндірулер
Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.
Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.
Мақсаты – адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады. Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі:
1) іздеу
2) ғылыми зерттеу
3) жобалы-құрастырушылық жұмыстар
Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа технология мен техниканың пайда болуына бағытталған.Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Жобалы-құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.
3-дәріс. Ғылым философиясы
3.1.Философиядағы ғылым ұғымы.
3.2. Ғылыми таным ерекшелігі.
3.3. Ғылым этикасы.
Қазіргі ғылым Европада ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қалыптасты. Ғылымның дамуына әсер еткен дүниетаным өзгерісінің қалайша орын алғандығы туралы басты екі көзқарас қалыптасқан:
1.Экстернализм ( Дж. Бернал, Э. Цилзель, Р. Мертон) – ғылым қалыптасуын әлеуметтік- экономикалық қатынастардан туындаған дүниенің рационалды – механистік түсінігімен байланыстырады. Олар бойынша, рационализм негізі болып табылатын экономикалық қатынастар дүниенің діни, анимистік түсініктерін қанағаттанарлықсыз етті, өндіріс математика мен механиканың дамуын қажет етті, сондықтан ғылым қалыптасуы экономикалық және әскери қажеттіліктермен байланысты.
2.Интернализм. (А.Койре, А.Холл) – ғылымның қалыптасуын ойлау тәсілінің өзгеруімен, рухани мәдениет ерекшелігімен, оның өзін дамытуымен байланыстырады. Олардың пікірінше, ғылым - “интеллектуалдық мутация” нәтижесі.
Ғылым – табиғат, қоғам, таным туралы білім алуға бағытталған рухани іс-әрекет формасы, оның мақсаты-ақиқатқа жету, обьективті заңдылықтарды ашу. Ғылым – бір жүйеге келтірілген білімдер жиынтығы.
Ғылым түрлері.

  1. жаратылыстану

  2. қоғамдық ғылымдар

  3. ойлау туралы ғылым (логика)

  4. техникалық ғылымдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет