Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Жылытудың гигеналық негіздері? Жылыту жүйелеріне қойылатын талаптарға тоқтал?



бет11/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Жылытудың гигеналық негіздері?

  • Жылыту жүйелеріне қойылатын талаптарға тоқтал?

  • Жылыту жүйелерінің жіктелуі?

  • Сумен жылыту жүйелері?

  • Құбырлардың жылыту аспабына жалғану схемасына сипаттама бер?

  • Магистраль құбырларды тарту орнына қарай жүйелерінің жіктелуі?

  • Беру және қайтару магистральдарындағы су ағынының бағытына қарай жылыту жүйелері.

  • Жылытылатын бөлмелерден жоғалатын жылуды анықтау?


    Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1,5, ҚӘ 2,3


    5 Дәріс
    Тақырыбы: «Сумен жылыту жүйелері»

    Орталықтан жылыту жүйелерінің элементтері. Бөлмелерге орнатылатын жылыту аспаптарына қойылатын талаптар. Жылыту аспабының түрлері. Жауып-реттегіш арматуралар. Жылыту жүйесінің кеңейту ыдысымен қосылған схемасы. Жасанды айналымдағы сумен жылыту жүйесінің схемасы.


    Дәрістің мақсаты: орталықтан жылыту жүйелерінің элементтері, жылыту аспаптарына қойылатын талаптар туралы жалпы мәліметтермен танысу.




    Орталықтан жылыту жүйелерінің элементтері. Сумен және бумен жылыту жүйелерінің негізгі элементтерінің бірі – жылыту аспаптары, олар жылутасымалдағыш жылуын бөлме ауасына беруге арналған.
    Бөлмелерге орнатылатын жылыту аспаптарына түрлі талаптар қойылады:

    • санитарлық–гигиеналық - бет температурасы салыстырмалы түрде төмен болуы, аспаптың көлденең бетіне шаң қонатындықтан, ауданы шектеулі болуы, аспап бетін шаңнан тазарту ыңғайлы болуы керек;

    • экономикалық – аспап құны салыстырмалы түрде арзан, аспапқа жұмсалатын металл шығыны аз болуы керек;

    • сәулеліктік – құрылыс – аспаптың сыртқы түрі бөлме интерьеріне сай болуы, аспаптың бөлмедегі алатын ауданы аз болуы тиіс;

    • өндірістік – монтаждық – еңбек өнімділігін арттыру үшін аспаптарды дайындау және монтаждауды механикаландыру;

    • пайдалану бойынша – аспаптардың жылу беруін реттеу мүмкіндігі, аспап ішіндегі гидростатикалық қысымның шекті жұмыс жағдайында температураның тұрақты және қабырғаларынан су өтпеуі.

    Жылыту аспаптарына сонымен қатар, жылутехникалық талап қойылады: аспап қабырғасының бірлік ауданы арқылы бөлмеге жылутасымалдағыштан неғұрлым көп мөлшерде жылу ағынын алып беруі қажет. Сонымен қатар, аспаптар механикалық төзімді, тасымалдауға ыңғайлы, су және бу өтпейтін болуы керек.
    Жоғарыдағы талаптарға түгелдей жауап беру мүмкін емес, аспаптардың алуан түрлі болуыда сондықтан. Жылыту аспабының 6 түрі бар (15 - сурет):

    • радиаторлар,

    • панельдер,

    • қырлы құбырлар,

    • тегіс құбырлы аспаптар

    • калориферлер.




    а) б) в) г) д) е)

    15-сурет. Жылыту аспабының түрлері


    а-радиатор, б- панель, в- конвектор, г- қырлы құбыр, д- тегіс құбырлы аспап,
    е- калорифер.
    Радиаторлар – жылыту техникасында кеңінен қолданылады, сұр шойыннан жеке секциялар түрінде жасалады (16-сурет). Радиатордың жеке секцияларынан ниппельдер арқылы ауданы әртүрлі жылыту аспаптарын құрастырады. Радиаторлар – конвективті- радиациялық типтес аспаптарға жатады.

    16-сурет. Радиатор




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет