Жылыту жүйелеріне қойылатын талаптар. Жылыту жүйесіне қойылатын талаптарды бес топқа жіктеуге болады:
- санитарлық-гигиеналық -ауа температурасы мен қоршаулардың ішкі бет температурасын белгілі мөлшерде ұстап тұру; жылыту аспаптарының бет температурасын шектеу;
- экономикалық - күрделі қаржы мен металл шығынының аз болуы; пайдалану кезіндегі жылу энергиясының тиімді шығыны;
- сәулеттік-құрылыстық – бөлме интерьеріне сәйкес, жинақы және құрылыс конструкцияларына үйлесімді болуы шарт; ғимараттың салыну мерзімімен келісілуі;
- өндірістік-монтаждық - түйіндер мен бөлшектердің саны мейлінше аз болуы керек, оларды дайындауды механикаландыру; монтаждау кезінде еңбек шығынының аз болуы;
- пайдалану кезіндегі – техникалық жетілген жүйенің барлық пайдалану уақытында мүлтіксіз , тиімді жұмыс істеуі.
Жылыту жүйелерінің жіктелуі. Жылыту жүйелері негізгі екі топқа бөлінеді:
1) жергілікті жылыту жүйелерінде жылу көзі, жылу құбырлары және жылыту аспаптары бір қондырғыға біріктіріледі. Жергілікті жылыту жүйесі ретінде пешті қарастыруға болады. Пештің жылу көзі қызметін ошақ атқаратын болса, жану өнімдерін әкетуге арналған түтін жолы жылу құбырларын алмастырады, ал жылу бөлмеге пеш қабырғалары арқылы беріледі. Пешпен бір немесе жапсарлас салынған екі-үш бөлмені, кей жағдайда бірінің үстіне бірі орналасқан бірнеше бөлмелерді жылытуға болады.
2) орталықтан жылыту жүйесінің қамту аумағы жергіліктіге қарағанда әлдеқайда кең. Орталықтандырылған жүйелерде бір жылу орталығының бір ғана емес, бірнеше ғимарат топтамаларын жылытуға мүмкіндігі бар.
Қолданылатын жылутасымалдағыш түріне байланысты, жылыту жүйелері мынадай түрлергі бөлінеді: сумен, бумен, ауамен, газбен жылыту жүйелері.
Қазіргі уақытта сумен жылыту жүйелері кеңінен таралған.
Сумен жылыту жүйелері. Сумен жылыту жүйелері ыстық судың температурасына байланысты былай бөлінеді:
1) төмен температуралы (су температурасы tв≤1500С);
2) жоғары температуралы (су температурасы tв>1050С (150 –ге дейін)).
Құбырлардың жылыту аспабына жалғану схемасына қарай бір құбырлы (11,а-сурет) және қос құбырлы (11,б-сурет) болып бөлінеді.
а) б)
11-сурет. Құбырлардың жылыту аспабына жалғану схемасы
1-бір құбырлы жүйе желісі; 2-тұйық участок; 3-реттегіш кран; 4- қос құбырлы жүйенің беру құбыры; 5- қос құбырлы жүйенің қайту құбыры;
6- жылыту аспабы.
Жылыту аспаптарын жалғау құбырларының орналасуына қарай тік (12, а-сурет) және көлденең (12, б-сурет) жүйе болып бөлінеді.
а) б)
12-сурет. Жылыту аспаптарын жалғау құбырларының орналасуы
Магистраль құбырларды тарту орнына қарай жүйелер былай жіктеледі:
1) жоғарыдан тартылған, яғни беру магистралі жылыту аспаптарынан жоғары, ал қайтару магистралі жылыту аспабынан төмен тартылған жағдайда (13, а-сурет);
2) төменнен тартылған, яғни беру және қайтару магистральдары жылыту аспаптарынан төмен тартылған жағдайда (13, б-сурет);
3) төңкерілген жүйе, яғни беру магистралі төмен, ал қайтару магистралі жоғары орналасқан жағдайда (13, в-сурет).
а) б) в)
13-сурет. Магистраль құбырларды тарту орнына қарай жүйелердің жіктелуі
1-беру магистралі; 2-қайтару магистралі.
Беру және қайтару магистральдарындағы су ағынының бағытына қарай жылыту жүйелері:
1) су қозғалысы ағыны қарама-қарсы (14, а-сурет);
2) су қозғалысы ағыны бағыттас (14, б-сурет) болып бөлінеді.
а) б)
14-сурет. Беру және қайтару магистральдарындағы су ағынының бағытына қарай жылыту жүйелерінің түрлері
а) – тік, бір құбырлы, жоғарыдан тартылған жылыту жүйесі;
б) – тік, қос құбырлы, төменнен тартылған және су қозғалысы қарама-қарсы жылыту жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |