Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Жергілікті желдету жүйелері



бет20/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Жергілікті желдету жүйелері. Жергілікті желдету жүйесі жалпы алмасу секілді ауа беруге және шығаруға арналады. Жергілікті ауа шығару жүйесін зиянды заттарды түзілу орнынан алып кету қажет болғанда орнатады. Ол үшін бүркеме түріндегі сору құрылымдары қолданылады (сору шкафтары, шатырлар, плиталарға орнатылатын шатырлар, ванналар ернеуіндегі сору құрылымдары, станоктардан сору құрылымдары және т.б.). Жергілікті ауа беру жүйесіне ауа себезгілері, ауа перделері және ауа оазистері жатады.
Мысал ретінде пеш аузына орнатылған шатыр-бүркеменің схемасы берілген(56-сурет).



56-сурет. Пеш аузына орнатылған шатыр-бүркеменің схемасы

Ауа себезгісі дегеніміз арнайы құрылғыдан шығатын ауаның жұмыс орнына немесе шектеулі жұмыс аумағына бағытталып берілуі (57-сурет).





57-сурет. Ауа себезгісі

Құрамындағы зиянды заттар концентрациясын ауа себезгілері көмегімен ауа ағыны әсер ететін аумақта оның қозғалыс жылдамдығын, температурасын, ылғалдылығын және оның өзгертуге болады. Кей жағдайларда ауа себезгілерін жергілікті ауа шығару жүйелерімен бірге қолдануға болады. Ауа оазисі дегеніміз бөлменің қоршаулармен оқшауланған, бірақ жоғарғы жағы бекітілмеген, бөлменің барлық көлеміне қарағанда ішінде белгілі микроклимат туғызуға болатын бөлігі. Жан-жағынан қоршалған, бірақ төбесі ашық ұяға бөлменің басқа көлеміне қарағанда таза, жылы ауа беріледі.


Ауа пердесі дегеніміз есік немесе қақпаның жоғарғы, төменгі немесе жанына орнатылатын, ұзын жіңішке саңылаудан үлкен жылдамдықпен ауа беретін құрылғы. Пердеге берілетін ауа бөлменің жоғарғы жағынан алынады немесе арнайы калориферде қыздырылады (бұл жағдайда ол ауа жылу пердесі деп аталады 58-сурет.).

58-сурет.Ауа жылу пердесі




Ауа баптау. Бөлмелерде метеорологиялық жағдайларды сыртқы ауа ортасы параметрлерінің өзгеруіне қарамастан, тұрақты және автоматты түрде ұстап тұратын механикалық желдету жүйесін ауа баптау жүйелері деп атайды.
Ауа баптау – бөлмелерде адамға жағымды және өндірістік процестердің жүруіне тиімді, мәдени құндылықтардың сақталуына қолайлы комфорттық жағдайлар туғызудың барынша жаңа және техникалық жетілген тәсілі.
Қазіргі заманға ауа баптау жүйелері ауа дайындауға, тасымалдауға және таратуға, бөлмедегі ауа параметрлерін автоматты реттеуге, оны қашықтықтан бақылау мен басқаруға арналған техникалық құрылғылардың кешені.
Ауа баптау жүйелері жергілікті және орталы, жыл бойы және кезеңдік жұмыс істейтін болып бөлінеді.
Орталық ауа баптау жүйелерінде ауа өңдеу процестері жүретін орталық кондиционер, қызмет көрсетілетін бөлмеден тыс жерге орнатылады және ауа өткізгіштер арқылы сол бөлмеге ауа беріледі. Мұндай жүйелер жеке үлкен бөлмелерді, сондай-ақ бірнеше бөлмелерге ауа бере алады. Орталық кондиционерлер форсункалы немесе беттік ауа салқындатқыштармен қамтылуы мүмкін. Кондиционерлер типтік секциялардан құрастырылады, оларды кез-келген ауа өңдеу процесіне қолдануға болады.
Мысал ретінде 59-суретте жыл бойы ауа баптауға арналған кондиционер схемасы берілген.



59-сурет. 1- жалюзді тор; 2- жылу оқшауланған қақпақ; 3- сүзгі; 4- аралық секция; 5- қақпақ; 6- 1-ші қыздыру калорифері; 7- араластыру секциясы; 8- сумен шаю камерасы; 9- форсункалар; 10- 2-ші қыздыру калорифері; 11- жұмсақ өткізгіштер; 12- желдеткіш; 13- сыртқы ауа; 14- бапталған ауа; 15- рециркуляция ауасы; 16- сепаратор.

Жергілікті ауа баптау жүйелерінде кондиционер, сол қызмет көрсетілетін бөлмеге терезе асты шкафы немесе аспалы агрегат түрінде орнатылады. Мұндай жүйелер лаборатория, қонақ үй бөлмелері, кабинет т.с.с. көлемі кіші бөлмелерде орнатылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет