Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Желі – мәліметті өңдеу мен сақтау, түрлендіру мен жіберу құрылғыларымен жабдықталған объектілер жиынтығы. Желі құрамына келесі компоненттер



бет20/39
Дата12.11.2022
өлшемі2.12 Mb.
#464656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Умкд Комп жели Инф-21-1 мп - утвержд

Желі мәліметті өңдеу мен сақтау, түрлендіру мен жіберу құрылғыларымен жабдықталған объектілер жиынтығы.
Желі құрамына келесі компоненттер кіреді:

  • желілік адаптермен жабдықталған компьютерлер;

  • байланыс каналдары;

  • сигналды түрлендіргіш құрылғылар;

  • желілік құрылғылар.

Желіде негізінен екі түрлі құрылғылар пайдаланылады: ақпараттықжәне коммуникациялық құрылғылар.
Ақпараттық құрылғылар ақпаратты өңдеу және сақтау қызметін атқаратын ақпараттық жүйелерден тұрады. Ақпараттық жүйенің құрамына компьютерлер, бағдарламалық жабдықтар, пайдаланушының ақпараттық сұранысын қамтамасыз етуге арналған принтер, сканер секілді басқа да қосымша құрылғылар кіреді.
Коммуникациялық құрылғылар мәліметтерді түрлендіру және жіберуге байланысты қызмет атқарады. Коммуникациялық құрылғылар пайдаланылатын байланыс құралдарының типіне байланысты жіктеледі.
Пайдаланушының желідегі тұтынушылығын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені (негізінен желідегі компьютерді) жұмыс станциясы немесе клиент деп атайды.
Жұмыс станциясының қарапайым дербес компьютерден айырмашылығы – оның желілік адаптермен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуінде.
Компьютерлік желіжұмыс станцияларымен, коммуникациялық байланыс каналдарымен, мәлімет алмасуды жүзеге асырушы желілік құрылғылармен, желілік бағдарламамен жабдықталған жүйе.
Компьютерлік желі:

  • территориялық орналасуына;

  • архитектурасы мен хаттамасына;

  • платформасына;

  • пайдаланылатын операциялық жүйелерге;

  • қызмет ету саласына;

  • қызмет ету түріне;

  • мәлімет жіберу жылдамдығына;

  • жұмыс істеу принципіне;

  • мәлімет жіберу ортасына;

  • топологиясына;

  • коммутациялау әдісіне байланысты жіктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет