Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Территориялық орналасуы бойынша



бет21/39
Дата12.11.2022
өлшемі2.12 Mb.
#464656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Умкд Комп жели Инф-21-1 мп - утвержд

Территориялық орналасуы бойынша: локальдық, аймақтық, ауқымды(глобальдық).
Бір бөлменің немесе бір ғана ғимараттың ішінде орналасқан желіні локальдық желі деп (Local Area Network - LAN), бір ауданның немесе қаланың көлемінде орналасқан желіні аймақтық желі деп (Metropolitan Area Network - MAN), бірнеше қалалар мен елдерде орналасқан желілердің жиынтығын ауқымды желі деп (Wide Area Network - WAN) атайды.
Архитектурасы мен хаттамасы бойынша: Internet, Apple (архитектуралық) Ethernet, X.25 (хаттамалық) т.б.
Архитектура – желідегі жұмыс станцияларының өзара байланысу құрылымы мен қатынасын анықтайтын тұжырымдама. Ол желідегі аппараттық және бағдарламалық құралдардың логикалық, функционалдық және физикалық тұрғыдан ұйымдастырылуын қарастырады.
Жұмыс істеу принципі бойынша желілер серверлік және бір рангілі болып бөлінетіндігі 1-тақырыпта айтылған.
Сервер деп пайдаланушыға мәлімет алмасу мақсатында өзінің қызметі мен ақпараттық ресурстарын ұсынушы, қуатты процессорлы, үлкен сиымдылықты компьютерді немесе күрделі, көпфукнциялы бағдарламалық жабдықты айтады. «Сервер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда server – қызмет етуші деген мағынаны білдіреді.
Серверлік желіде екі түрлі архитектура қолданылады:

  • файл-сервер архитектурасында пайдаланушының сұранысы бойынша мәліметтер серверден клиентке (жұмыс станциясына) жіберіледі де, ол мәліметтердің өңделуі клиентте жүзеге асырылады;

  • клиент-сервер архитектурасында пайдаланушының сұранысы бойынша мәліметтер сервердің өзінде өңделіп, клиент тек дайын өңделген мәліметті пайдаланады.

Сервердің мынадай түрлері бар:

  • файлдық сервер;

  • баспа сервері;

  • қосымшалар сервері;

  • хабарламалар сервері (пошталық сервер);

  • мәліметтер қоры сервері (SQL-сервер).

Хабарламалар сервері сандық (екілік жүйедегі) мәлімет алмасуды хабарлама түрінде жүзеге асырады. Хабарламалық қызметтің бірнеше түрі бар:

  • электрондық пошта қызметі - мәтіндік, бейнелік, дыбыстық, графиктік типті ақпараттарды жіберуді орындайды. Сонымен бірге, компьютер мен телефонды бір жүйе ретінде қолданатын дауыстық пошта қызметі де қолданылады. Мұнда дауысты, сөзді мәтінге және керісінше түрлендіретін арнайы бағдарламалар пайдаланылады;

  • құжат айналымын басқару қызметі. Бұл қызмет құжаттар мен хабарламаларды бір пайдаланушыдан екіншісіне бағыттап отыруды іске асырады;

  • каталогтар қызметі. Мұнда каталог сервер жөніндегі мәліметтерді сақтайды. Бұл мәліметтер пайдаланушыға қажетті ақпаратты жылдам іздеп табуға, оны сақтауға, қорғауға мүмкіндік береді.

Мәліметтер қоры сервері (SQL-сервер) мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет