Лекция №7. Сеанстық, көрсету, қолданбалы деңгейлері Сеанстық деңгей сеанстарды құруды және үзуді, оларды басқаруды қамтамасыз етеді. Сеанс — бұл екі соңғы пунктар арасындаға логикалық байланыс. Сеанстық деңгейді қолдану әрдайым: мысалы, егер қосымшалар деректерді логикалық байланысты орнатпай-ақ жіберу үлгісін қолданса, онда сеанстық деңгей хаттамасының мүлде керегі жоқ. Мұндай үлгіде әрбір жіберілетін деректер пакеті бекітілген орны туралы— пошта арқылы жіберілетін хатқа ұқсас барлық ақпаратты қамтыған. Логикалық байланыс орнатылған үлгіде деректерді жібермес бұрын, оның логикалық байланысын (каналын) орнату бойынша шаралар орындалады. Деректерді жібергеннен кейін — сеансты аяқтау бойынша қосымша әрекеттер. Бұл үлгінің ең жақсы мысалы — телефон соғу. Нөмірді терген кезде Сіз логикалық байланыс құрасыз, нәтижесінде желінің келесі жағында телефон соғылады. Сөйлесушілердің біреуі «алло» дегенде, деректерді жіберу басталады. Абоненттің біреуі тұтқаны тастағаннан кейін, телефондық компания байланысты үзу үшін кейбір іс-әрекеттерді орындайды. Сеанстық деңгей деректерді жіберу кезегін тексеріп отырады. Бұл қызмет «диалогты басқару» (dialog management) деп аталады.
Сеанстық, өкілдік, Қолданбалы деңгейлер хаттамаларының мысалдары мынадай — SMTP (Simple Mail Transfer Protocol), FTP (File Transfer Protocol) және Telnet.
Қолданбалы деңгей (Application layer) — бұл шынында әр түрлі хаттамалардың жиынтығы, олар арқылы желіні пайдаланушылар файлдар, принтерлер немесе гипермәтінді Web-парақтар сияқты, бөлінген қорларға рұқсат алады, сонымен қатар өзара, мысалы, электрондық пошта хаттамасының көмегімен ортақ жұмысты ұйымдастырады. Қолданбалы деңгей операция жүргізетін деректер бірлігі әдетте хабарлама (message) деп аталады.
Қолданбалы деңгейдің көптеген қызметтері бар. Мысал ретінде ең болмаса бірнеше көп тараған файлдық қызметті орындауды қарастырайық: Novell NetWare операциондық жүйедегі NCP, Microsoft Windows NT-дағы SMB, NFS, FTP және TFTP, TCP/IP стегіне кіретіндер.
FTP хаттамасы (File Transfer Protocol) — әр түрлі компьютерлер арасында файлдарды көшіруде ең танымал әрі қауіпсіз тәсіл. FTP деректерді жіберу үшін транспорттық механизм ретінде TCP хаттамасы қолданылады. Оның жабдықтарымен пайдаланушы серверге өзінің «жеке куәлігін» көрсете алады, одан кейін бумаларды қарап шыға алады және екі жаққа да файлдарды жібере алады. FTP – клиент пен FTP-сервер арасында да, екі жойылған компьютерлер арасында да деректерді жібере алады.
HTTP хаттамасы – Web-сервер мен клиент арасында мәліметтерді жіберудің негізгі, әрі аса қарапайым тәсілі. Web және HTTP пайда болмай тұрып, Интернетте файлдарды жіберу үшін еңгізу/шығару (input/output, I/O) хаттамасы ретінде көбінесе FTP қолданылды.
HTTP – бұл URL-мен жұмыс істейтін және гипермәтін/гипермедиа орталарына арналған тұтас, әрі шапшаң еңгізу/шығару хаттамасы. FTP-ге қарағанда, бұл күйсіз хаттама және оның бірнеше бұйрығы (тәсілі) ғана бар. MIME-ді қолданғанының арқасында, HTTP мәліметтердің көптеген пішімдеріне және түрлі еңгізу/шығару міндеттеріне бейімделеді.
HTTP – сұрау/жауап үлгісін іске асыратын клиент-серверлік хаттама. HTTP-клиент, немесе пайдаланушылық агент (әдетте бұл Web-браузер), HTTP-серверге URL көмегімен қосылады да, қорды сұратады, мысалы HTML-құжатты.
TELNET хаттамасы қызмет көрсетуші машинаға барлық алшақталған терминалдарды ASCII кодында жұмыс істейтін қатарлық типті стандартты «желілік виртуалды терминалдар» ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар анағұрлым қиындау қызметтерді (мысалы, локальды немесе алшақталған жаңғырық-бақылау, парақтық режим, экранның биіктігі мен ені және т.б.) келістіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. TELNET TCP хаттамасының негізінде жұмыс істейді. Қолданбалы деңгейде TELNET-тің үстінде не іс жүзіндегі терминалды қолдау бағдарламасы (пайдаланушы жағында), не қызмет көрсетуші машинадағы терминалдан жетуге болатын қолданбалы процесс болады.
TELNET-пен жұмыс істеу телефон нөмірін теруге ұқсайды. Пайдаланушы пернетақтада
telnet delta
тріп, экранда delta машинасына кіруге шақыру алады.
TELNET хаттамасы бұрыннан бері бар. Ол жақсы тексерілген және кең таралған. Әртүрлі операциондық жүйелер үшін көптеген жүзеге асыру нұсқаулары құрылған. Клиент-процесі, айталық, VAX/VMS ОЖ-нің, ал сервер-процесі UNIX System V ОЖ-нің басқарылуымен жұмыс істеуі мүмкін.