Лекция№4.
Физикалық және каналдық деңгей
Физикалық деңгей (Physical layer) мысалы, коаксиалды кабель, орамды жұп, оптоталшықты кабель немесе цифрлық территориялы канал сияқты байланыстың физикалық каналдары бойынша биттерді жіберумен айналысады. Бұл деңгейге деректерді жіберудің өткізу жолағы, бөгелуден қорғалған, толқындық кедергі және т.с.с. физикалық ортасының сипаттамасы әсер етеді. Осы деңгейде дискреттік ақпаратты жіберуші электрлік сигналдардың сипаттамасы да қарастырылады, мысалы, импульстардың фронттарының тіп – тіктігі, жіберілетін сигналдардың қуаты немесе тогының деңгейлері, кодтаудың типі, сигналдарды жіберу жылдамдығы. Оған қоса, мұнда ажыратқыштардың типтері және әр байланысудың тағайындалуы стандартталады.
Физикалық деңгейдің қызметтері желіге қосылған барлық құрылғыларда жүзеге асады. Компьютер жағынан, желілік адаптермен немесе тізбектелген портпен физикалық деңгейдің қызметтері орындалады.
Физикалық деңгей протоколының мысалы ретінде, толқындық кедергісі 100 Ом болатын 3-ші категориялы экрандалмаған орамды жұпты қолданатын кабельді, RJ-45 бөгеуді, физикалық сегменттің ең жоғары ұзындығы 100 м, деректерді кабельде көрсетуге арналған манчестерлік кодты, сонымен қатар басқа да орта және электрлік сигналдардың сипаттамасын анықтайтын Ethernet технологиясының 10Base-T спецификациясы бола алады.
Физикалық деңгейде жай ғана биттер қайта жіберіледі. Бұл жағдайда кейбір желілерде бір – бірімен әрекеттесетін бірнеше жұп компьютерлердің байланыс сызықтары бірінен кейін бірі қолданылатыны (бөлінетіні) ескерілмейді, жіберудің физикалық ортасы бос емес болуы мүмкін. Сондықтан каналдық деңгейдің (Data Link layer) міндеттерінің бірі, жіберу ортасына кіру рұқсат етілгенін тексеру. Каналдық деңгейдің тағы бір міндеті, қателерді табу және түзету механизмдерін жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін каналдық деңгейде биттер кадр (frames) деп аталатын жиындарға топталады. Каналдық деңгей ерекшелеу үшін, биттердің арнайы тізбегін әр кадрдың басына немесе аяғына қоса отырып кадрлардың дұрыс жіберілуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар белгілі бір тәсілдермен кадрдың барлық байттарын өңдей отырып және кадрға бақылау сомасын қоса отырып бақылау сомасын есептейді. Кадр желі бойынша келген кезде, алушы алынған деректердің бақылау сомасын қайта есептейді және оны кадрдағы бақылау сомасымен салыстырады. Егер олар бірдей болса, кадр дұрыс болады және қабылданады. Ал егер бақылау сомалары бірдей болмаса, онда қателік табылғаны. Каналдық деңгей қателіктерді тауып қана қоймай, зақымдалған кадрларды қайта жіберу арқылы оларды түзетеді. Қателіктерді түзету қызметі каналдық деңгей үшін міндетті емес екенін айта кеткен жөн, сондықтан осы деңгейдің кейбір протоколдарында ондай мүмкіндік жоқ болады, мысалы, Ethernet пен frame relay-де.
Каналдық деңгейдің локалдық желілерде қолданылатын протоколдарында, компьютерлер арасындағы байланыстың және оларды адрестеу тәсілдерінің белгілі бір құрылымы салынған. Каналдық деңгей локалдық желідегі кез келген екі түйін арасында кадрды жеткізуді қамтамасыз етсе де, ол мұны желіде байланыстың нақты анықталған топологиясымен , нақты сол үшін құрылған топологиямен ғана жасайды. Локалдық желілердің каналдық деңгейінде қолдау табатын осындай типті топологияларға жалпы шина, сақина және жұлдыз, сонымен қатар осылардан мосттар мен коммутаторлар арқылы алынған құрылымдар жатады. Каналдық деңгей протоколдарына мысал ретінде, Ethernet, Token Ring, FDDI, lOO VG-AnyLAN протоколдарын жақызуға болады..
Локалды желілерде каналдық деңгейдің протоколдарын компьютерлер, мосттар, коммутаторлар және маршрутизаторлар қолданады. Компьютерлерде каналдық деңгейдің қызметі желілік адаптерлер мен олардың драйверлерінің біріккен күшінің арқасында жүзеге асады.
Тұрақты топологиясы сирек болатын глобалды желілерде каналдық деңгей жиі дербес байланыс сызығымен қосылған тек екі көршілес компьютермен хабарлама алмасуды қамтамасыз ете алады. «нүкте - нүкте» протоколының (осындай протоколдарды қаншалықты жиі атайды) мысалы ретінде, кең таралған РРР және LAP-B протоколдарын алуға болады. Мұндай жағдайда барлық желі бойынша шеткі түйіндер арасындағы хабарламаны жеткізу үшін желілік деңгейдің құралдары қолданылады. Дәл осылай Х.25 желілері ұйымдастырылған. Кейде глобалды желілерде каналдық деңгейдің қызметтерін таза түрде ерекшелеу қиын, өйткені олар желілік дейгейдің қызметтерімен бір протоколда байланысады. Осындай тәсілдің мысалы ретінде, ATM және frame relay технологияларының протоколдары бола алады.
Тұтастай каналдық деңгей, желінің түйіндері арасында хабарламаны қайта жіберу бойынша мықты әрі аяқталған қызметтердің жиыны. Кей жағдайда каналдық деңгейдің протоколдары өзінше жеткілікті транспорттық құрылғы ретінде болады және желілік пен транспорттық деңгейлердің құралдарын қатыстырмай-ақ, олардың үстімен қолданбалы деңгейдің немесе қосымшалар протоколдарымен тікелей жұмыс жасауға рұқсат етіледі. Мысалы, Ethernet-тің үстінен тікелей өтетін SNMP желісін басқару протоколын жүзеге асыруға болады, бірақ стандартты түрде бұл протокол IP желілік протоколының және UDP транспорттық протоколының үстінен жұмыс істейді. Әрине, мұндай жүзеге асыруды қолдану шамалы ғана болады – бұл әр түрлі технологиядағы құрылымды желілер үшін, мысалы, Ethernet және Х.25, тіпті барлық сегменттерде Ethernet қолданылатын желіде де жарамайды, бірақ сегменттер арасында ілмектері көрінетін байланыс болады. Ал Ethernet-тің мостпен қосылған екісегментті желісінде каналдық деңгейдің үстінде SNMP жүзеге асыру толығымен жұмысқа жарайтын болады.
Оған қарамастан, кез келген топология желісінде және технологиясында каналдық деңгейдің қызметтері сапалы хабарламаны транспорттауды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып табылады, сондықтан OSI моделі осы тапсырманы шешу үшін екі келесі деңгейлерге бөлінеді – желілік және транспорттық.
Достарыңызбен бөлісу: |