2. Каналдық (арналық) деңгей – OSI моделінің екінші деңгейі. Каналдық деңгей мәліметтер дестесінің құрамына кіретін символдарды тізбектелген түрде жеткізуге арналған. Бұл деңгейде желі түйіндерінің физикалық деңгейді пайдалану ережелері анықталады. Физикалық деңгейден алынған мәліметтерді желілік деңгейге түсінікті мәліметтер кадры деп аталатын түрге аударады және керісінше, желілік деңгейден қабылданған кадрларды физикалық деңгейге керек биттер ағынына түрлендіреді. Каналдық деңгей екі желілік деңгей арасында тасымалданатын мәліметтердің тұтастығын қадағалап отырады.
Каналдық деңгей жұмысы екіге бөлінеді: физикалық ортаға қатынас құруды бақылау және логикалық арнаны басқару.
3. Желілік деңгей – мәліметті адрестеу және жеткізу жұмысын қамтамасыз етеді. OSI моделінің үшінші деңгейі.
4. Транспорттық деңгей - төртінші деңгей. Транспорттық деңгей бір компьютерден жіберілген ақпараттың екінші компьютерге дұрыс қабылдануына жауапты болып саналады, яғни берілетін ақпараттың сапасына бакылау жүргізеді.Желіде саны 1-ден көп дестелер тасымалданған кезде транспорттық деңгей осы хабарлар дестесінің өту (тасымалдану) реттілігін бақылайды. Дестелердің қайта қайта жіберілу нәтижесінде олардың қосарланып кетпеуін анықтайды және ондай жағдай туындағанда артығын жояды.
5. Сеанстық деңгей – диалогты басқаруды қамтамасыз етеді.
6.Ұсыну деңгейі – алтыншы деңгей. Бұл деңгейде мәліметтерді ұсыну, көрсету функциялары (мысалы, шартты таңбалау, бөліп белгілеу, қайта құрылымдау) жүзеге асырылады. Бұл деңгейде дестелердің немесе файлдардың пішімі (форматы) тексеріледі, мәліметтерді әрбір нақты жұмыс станциясына сәйкесті пішімге түрлендіру жұмысы және мәліметтерді рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін оларды шартты таңбалау процесі (ал мәліметтер қабылдау кезінде кері шарттытаңбалау) жүргізіледі. Сонымен, ұсыну деңгейіне файлдар пішімін түрлендіру міндеттері жүктеледі.
7. Қолданбалы деңгей - пайдаланушы мен желілік қолданбалардың әрекеттестігіне байланысты мәселелермен айналысады. Қолданбалы деңгей есептеу желісінің түйіндеріне (немесе қолданбаларына) басқа түйіндермен немесе (қолданбалармен) байланысуға мүмкіндік беретін кейбір қызметтер ұсынады. Бұл деңгейде есептеу желісі арқылы тасымалданатын мәліметтер анықталады және олар бөлшектерге бөлінеді. Қолданбалы деңгей үлгісінің көзге түсетін бөлігі болып табылады. Онда ешқандай нақты жүмыс істелмейді, тек есептеу желісіне қатынас құрмақшы талап төменгі (алтыншы) деңгейге жіберілетін сұратуға өзгертіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |