Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Диэреза – сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Ассимиляциялық негізде болатын фонетикалық құбылысқа диэреза жатады. Диэрема



бет5/59
Дата05.12.2022
өлшемі268.86 Kb.
#466473
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
k-20-1u,k-19-1,3keshen. kazak adebi tilinin tarih zhane dialektologiyas

Диэреза – сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Ассимиляциялық негізде болатын фонетикалық құбылысқа диэреза жатады.
Диэрема – морфема мен сөздің түйіскен жерін белгілейтін бірлік.
Жазу – графикалық элементтер арқылы хабарды сақтап, белгілі бір қашықтықта жеткізілуін қамтамасыз ететін белгілер жүйесі.
Жаргон – тұрақты жеке әлеуметтік топтың ауызекі қолданыстағы сөйлеу түрі. Жалпы халық тілінен жаргон айрықша лексикасымен, фразеологизмдерімен және сөзжасамдық тәсілдермен ерекшеленеді.
Идеографиялық жазулогографиялық жазу; оның таңбалары идеограмма деп аталады.
Изафет – кейбір иран жіне түркі тілдеріндегі атрибутивті құрылымдардың типін белгілейтін термин.
Изоглосса – қар. Лингвистикалық география.
Историзмдер – көнерген, ескірген ұғымды білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Архайизмдерден ерекшелігі - қазіргі тілде синоимі болмайды.
Калька – шет тілдерден жолма-жол аударудың арқасында пайда болған жаңа сөз, фразеологизм не сөздің жаңа мағынасы.
Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, қызмет түріне байланысты шаруашылық саласындағы ерекшеліктерді білдіретін жалпы лексиканың бір бөліміндегі сөздер.
Кириллица – славяндардың ең көне әліппесі.
Клише – қар.Штамп.
Көне еврей тілі – семит тілдерінің бірі. Інжіл кітабында сақталған.
Көне египет тілі – афроазиялық тілдердің жеке тармағы. V ғасырдан бастап өлі тіл.
Көне орыс тілі – шығыс славяндықтарға ортақ тіл.
Көне түрк тілі- түркі халықтарының тілі. Түркі сына жазуларында , руналық жазуларда көптеп кездеседі.
Көне үнді тілі – Үндістан түбегін мекендеген ежелгі арийлер тілі.
Көркем әдебиет тілі – 1) көркем шығармалар тілі болғандықтан тіл тарихы мен әдеби тіл тарихы пәніне жатады, 2) поэзия тілі. Көркем әдебиет тілі ұлттық тілдің эстетикалық қызметін атқарады.
Крит жазуы – Шреция мен Грит аралында табылған, қола дәуіріне жататын жазу. Критмекен мәдениеттің бір үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет