Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет6/59
Дата05.12.2022
өлшемі268.86 Kb.
#466473
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
k-20-1u,k-19-1,3keshen. kazak adebi tilinin tarih zhane dialektologiyas

Күрделі сөздер деп кемінде екі не одан да көп толық мағыналы сөздерден құралып, бір бүтін тұлға ретінде қалыптасқан сөзді айтады.
Кірме сөздер - бір тілден басқа тілге енген бөтен тілдің элементі (сөз,морфема,синтаксистік құрылыс т.Б.)
Қазақ тілі - түркі тілдерінің бірі. Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік тілі.
Қаратпа сөз -біреуге арналып айтылған сөйлемде оның кімге арналғанын білдіретін сөз не сөз тіркесі.
Латын жазуы - ежелгі римдіктердің әріптік жазуы. Ең көне латын жазуы б.з.д. VII ғ. белгілі.
Лексема - сөз қорындағы бірлік ретінде қарастырылатын сөз. Ол тілдің грамматикалық тұлғасы мен флексиясын, сонымен қатар нақты мағыналық варианттарды анықтап отырады.
Лексика - тілдегі сөздер жиынтығы; тілдің сөздік қоры. Бұл термин сөздік қордың жекелеген қабаттарына да қатысты жұмсалады және де қайсыбір жазушының немесе шығарманың лексикасы деп бөлінеді.
Лексикография - сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғылыми әдістемесін жасайды.
Лексикология - тілдің сөздік қоры мен тіл лексикасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лингвистикалық география - тілдік құбылыстардың территориялық таралуын зерттейтін тіл білімінің саласы .
Лингвистикалық палеонтология - бағзы замандардан келе жатқан тіл білімінің бөлімі ретінде белгілі бір тілдің ойлау сипатын қалпына келтіру, алғашқы аумақтық таралуы мен өмір жағдайы, сөздік құрамы және басқа да ерекшеліктерін қарастырады.
Лингвистикалық терминдердің сөздіктері - терминалогиялық сөздіктердің бір түрі. Сөздіктер үшін материал жинау тәсілдеріне байланысты барлық лингвистикалық терминдердің сөздіктері: сөздіктер және тезаурустар деп бөлінеді.
Метатеза - дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауыстыруы.
Метафора - троп немесе сөйлеу меxанизмі. Метафора сөздің басқа мағынада қолданылуы.
Метонимия - троптың бір түрі, бір обьектінің не обьектілер тобының атауын басқа обьектіге алмастырып қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет