Әзірбайжан тілі – түркі тілдеріне жатады. Әзірбайжан, Грузия, Армения, Иран, Ирак, Түркия елдерінде тараған тіл.
Әлеуметтік бағыт – тілді адамдардың қарым-қатынас құралы және әлеуметтік құбылыс ретінде танитын ағымдардың, концепциялардың, мектептердің жиынтығы.
Әріп – дыбысқа берілген шартты таңба.
Басқа тілден енген сөздер – бір тілдің екінші тілге сөз ену тарихи жағдайға және экономикалық, сауда, мәдени қатынастарға байланысты болады. Екі ел арасындағы заттардың алмасуымен қатар, сол заттың атаулары да ауысып отырады.
Башқұрт тілі – түркі тілдерінің бірі. Башқортостан мен Ресей Федерациясында тараған.
Билингвизм – қостілділік: белгілі әлеуметтік топтың екі тілде сөйлеуі. Бірнеше тілде сөйлеу (полилингвизм) көп ұлттар тұратын елдерге тән.
Варваризм – өз тілінде баламасы бола тұра, бөтен тілдің сөздерін еліктеумен (сән үшін) қолдану.
Вокализм – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі. Вокализм сипатына: тілдегі дауысты фонемалар саны; оларды әр түрлі фонетикалық орында қолдану ережелері (қатар келетін дыбыс, екпінді-екпінсіз айтылу, сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында келуі); фонемалардың варианттары болуы; сөйлеудегі қызметі жатады.
Говор – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.
Грамматика – 1) тілдің құрылымы, яғни морфологиялық категориялар мен тұлғалар, синтаксистік категориялар мен құрылымдар, сөзжасам тәсілдерінің жүйесі. Тілдің негізгі үш жүйесі: дыбыстық, лексикалық – фразеологиялық және формальды категориялар, формальдық әрі құрылымдық деңгейді қамтиды. 2) Жоғарыда айтылған тіл құрылымын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. 3) «Грамматика» термині жеке грамматикалық категориялардың қызметіне қатысты да қолданылады.
Грамматикалық бірліктер – сөз, сөзтұлға, синтаксистік құрылым (сөз тіркесі, жай сөйлем,күрделі сөйлем).
Графема – лингвисткиалық мағынасы бар, тілдің графикалық жүйесінің ең кіші бірлігі. Ол – cөз, морфема, буын және фонеманың референті де болуы мүмкін.
Графика – графемалар, тыныс белгілері, екпін белгілері және т.б. жазу құралдар жиынтығы; фонематикалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |