Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет2/30
Дата29.09.2022
өлшемі2.82 Mb.
#461551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
kash kt ktan ok tu umkd1

Пәннің мақсаты мен міндеттері


Мақсаты: докторанттардың ЖОО-дағы қашықтықтан оқу процесінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану дағдыларын дамыту арқылы оқытушының негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ету. Модуль мазмұнын меңгеру негізінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану шеңберінде қарапайым ақпараттық-технологиялық құзыреттерді қалыптастыру. Жоғары мектепте химияны оқыту саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін химик-оқытушының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Модульдің негізгі міндеттері
- қашықтықтан оқу үрдісінде АКТ және оқытудың инновациялық әдістерін қолдану туралы білімді өзектендіру;
- қашықтықтан оқытудың негізгі түсініктерін қалыптастыру;
- білім алушылардың сандық білім беру ресурстары оқытудың жаңа құралдары ретінде таныстыру;
- қашықтықтан оқыту кезінде пайдаланылатын сандық білім беру ресурстарының бірыңғай ұлттық коллекциясымен жеке, топтық жұмыс тәсілдерін әзірлеу;
- докторанттарды ЖОО-да педагогикалық практикадан өту барысында СБР пайдалануға дайындау;
- оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін біріктіруді қамтитын сабақты жобалау білігін қалыптастыру.
Оқу модулін меңгеру барысында студенттер базалық, кәсіби және арнайы құзыреттерді меңгеруі тиіс.
Базалық құзыреттер саласында:
- ЖОО-да химияны қашықтықтан оқыту кезіндегі базалық пәндер бойынша білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асырудың ерекшеліктері;
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласында:
- заманауи білім беру технологияларын қолдану және СБР пайдаланудың оңтайлы жағдайларын таңдау, сондай-ақ оқу процесінде қарастырылатын СБР функцияларын нақты айқындау;
- білім алушылардың оқу іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру, оны басқару және оның нәтижелерін бағалау қабілетін игеру;
Арнайы (пәндік) кәсіби құзыреттер саласында:
ЖОО химиясы бөлімдері бойынша оқытуды жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологияларын игеру;
- виртуалды практикумдармен білім алушылардың жеке, топтық және ұжымдық жұмыс жағдайында эксперименттік міндеттерді шешу дағдыларын меңгеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет