26.Желілік технология - оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс- қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология.
27.Кейстік технология - қағаз, электронды және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтығына (кейстерге) және оларды өз бетінше зерделеу үшін білім алушыларға жеткізуге негізделген технология.
28.Мультимедиа - пайдаланушыға диалогтық режимде әр текті деректермен (графика, мәтін, дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені.
29.Тестілеу кешені - білім беру процесінің барлық деңгейінде білім алушылардың оқу материалдарын меңгеру дәрежесін анықтау үшін қолданылатын бағдарламалық құрал.
30.Тьютор - білім алушыларға оқытушы оқытатын пәнді меңгеруге көмектесетін тұлға.
31.Мұғалім – Эдвайзер- қызметі негізгі білім беру мақсаттарын, олардың критерийлері мен индикаторлар жүйесін, білім беру нәтижелерін мониторингілеу мен бағалау рәсімдерін, жеке білім берудің негізгі әдістері мен құралдарын әзірлеу міндетін қамтитын маман.
32.Сандық білім ресурсы - материалдарды мультимедиалық түсіндіретін, интерактивті тапсырмалары және тесттері бар білім беру объектілерінің кешені.
33.Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау - білім беру мақсаттарына жету деңгейін, білім, білік және дағдыларының қалыптасу деңгейін, сондай-ақ олардың жеке және тұлғалық қасиеттерін қоса алғанда даму деңгейін анықтау; тексеру (бақылау), білім алушылардың оқу жетістіктерін өлшеу.
34.Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) - базистік оқу жоспарының негізінде құрастырылған, оқу үшін білім алушылармен білім беру ұйымының оқу жоспарынан таңдалып алынған оқу пәндерінің (бейіндік курстар)
Достарыңызбен бөлісу: |