Адам қандай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен, ақыл
– ойымен әлемді жасандырып, тіршілік көркіне үстеме мән дарытып,
сонымен бірге еңбек құдіретімен өзі де өзгеріп, өркениетті заманның
ізгілікті бір белесінде өмір сүріп отыр. Демек,
еңбек адам баласының
табиғатқа қатынасын айқындайтын күретамыр, әрекет өрісі болып
табылады.
Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын
қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол
алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық
түкпіріне тарады.
Н.Н.Моисеев «әмбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның
идеяларының бастауын В.И.Вернадский мен Н.Ф:Федоров еңбектерінен
табуға болады. Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері
жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырады. Адамның
қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім
арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік
пен адамның қалыптасуы -
әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.
Ақыл – ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие болды.
Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы – ми дамып, жетіле түсті. Әр түрлі
іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын
өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны
қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты.
Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның «адамға тәуелсіз өз
ерекшелігін» (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді.
Сөйтіп, әлеуметтік
организмнің ең нәзік бөлшегі, жаңа Адам әлемі –
мәдениет әлемнің бастауы, адамның рухани әлемі қалыптасты. Адамның
даму эволюциясында екі қарама – қарсы бағыт қалыптасты. Бірінші –
сыртқы дүние туралы білімнің өсе түсуіне негізделген оның өзіндік
еркіндігі, құрал – саймандар мен мәдениеттің дамуы. Екіншісі – адамның өз
қолымен дамып отыратын екінші табиғаттың күрделене түсуіне
байланысты оған оның бағыныштылығының арта түсуі.
Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы
әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден
соғылған, құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған.
Кейбір рулардың
пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда
болған. Осы көзқарастардың бәріне ортақ идея – ол әлемді жарататын
сыртқы күштің болуы.
Тейяр де Шарден «эволюциялық мәре» теориясын ұсынды. Ол Адам мен
әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл – ой мен
мистиканы өзара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы
– оның ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің
тарихы. Осы тарихи процесте әлем
дамуының белгісіз бір бағыты,
косомстық діңгек қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі
болатын Жер рухы пайда болады.
Осының нәтижесінде туындаған Адам өзінің даму эволюциясында ең соңғы
нүктеге, яғни «Омега нүктесіне» жетуге ұмтылады. Философтың ойынша,
«Омега» нүктесі эволюцияның аяқталып, сүйіспеншілік негізінде бір –
біріне ұмтылатын жалпы бірігу мен әлемдік гармонияның бастауы болып
табылады. Бұл әлем бөлшектерінің бірін – бірі іздестіріп, өзара гармонияда
бірігуі. Омега нүктесі - Әлем мен Адамзаттың болашағы, эволюцияның ең
жоғарғы полюсі. Онда барлық индивидтер мен халықтардың өзара келісуі
болады. Барлығы сүйіспеншілік арқылы бірігеді. Православие дінінің
көрнекті уағыздаушысы. А.Меньнің пікірінше «Адамның әлемдегі орны
туралы тейярдизм ілімін», «оптимистік мәре» деп атауға болады. Омега
нүктесі – бұл жарық.
Тейярдизмге жақын идеялар орыстың көрнекті философы,
суретші
Н.К.Рерих шығармашылығында көрініс тапқан. Адам – Жер мен Космостың
өзара кездесуі болып түратын ерекше нүкте. Әлемдік құбылыс ретінде
адамның өзі де толық игеріп болмаған керемет космостың энергияның иесі
болып табылады.
Адамның жаралуы туралы аңыздар көп, оны жерде мекендеп отырған
барлық халықтың әдебиетінен қиналмай-ақ табуға болады. Қытайдың ерте
замандағы «Әдет – ғұрып естеліктері» деген көне жазбасында осы жайлы
былай жазылған: «Дүние жаралған шақта Адам баласы әлі жаратылмаған
еді. Hola (жаратушы) адамның тұрқын сары топырақтан жасаған. Ол жалғыз
өзі ештеңе тындыра алмайтын болған соң тұрған арқанды балшыққа тастай
салады. Содан соң құдіреттің күшімен сол арқанға Жан бітеді де,
адамға
айналады».
Біз атап өткен ілімдердің барлығы Адам мен табиғаттың бірлігін
мойындайды. Адам табиғаттың өз жемісі, оның даму эволюциясы
нәтижесінде қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: