Қазақстан республикасы ғылым жәНЕ



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата20.05.2023
өлшемі258.72 Kb.
#474030
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 ТК Боранбаев Ж.

дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзіктігінің 
өсуі. Мұндай күрделенумен қатар қатыгезденіп жатқан дүниеде тұрақтану 
үшін, адам ең алдымен өзінің ішкі өмірін талдап, соның негізінде өзінің 
мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуы қажет. Мұндай адам өміріне қас дүниеде 
адам өзінің рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керекті 
нәрсе — ол зат, материя, я болмаса идея, таным философиясы емес, негізінен 
алғанда, — адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай 
объект, өндірістің, я болмаса танымның құралы емес, ол субъект — ерікті, өз-
өзіне жеткілікті, жауапкершілікті болмыс. 
Жоғарыда айтылған жалпы мінездемені нақтылай келер болсақ
онда экзистенция (өмір сүру) мен эссенция (мән-мағына) ұғымдарының осы 
философияның негізінде жатқанын байқаймыз. Егер бүкіл жануарлар 
әлеміндегі тіршілік өзінің мән-мағынасымен бірге бұл дүниеге келер болса, 
адам ең алдымен бұл дүниеге келіп, неше түрлі қиын-қыстау жағдайлардан 
өтіп барып, көп уақыттан кейін ғана өз өмірінің мән-мағынасына ие болады. 
Яғни адамның өмір сүруі оның мән-мағыналыққа жетуінен анағұрлым алда 
жүреді. Мысалы, Африкада, я болмаса Амазонканың бойында өмір сүретін. 
қолтырауын жағаға шығып, жұмыртқалап, оларды ыстық құмның астына 
көмеді. Уақыты келген кезде, жұмыртқалардың қабығы жарылып, ішінен 
кішкентай қолтырауындар жер бетіне шығып, дереу шөлге қарай емес, суға 
қарай жүгіреді. Қолтырауын осылайша миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп 
жатыр. Ол өз мән-мағынасымен бірге өмір сүруге келеді! Ал дүниеге келген 


сәбиді алар болсақ, ол анасыз өмір сүре алмайды, оны көп жылдар бойы 
тәрбиелеп өсіру қажет, содан кейін ғана ол өз өмірі жайлы сұрақтарды өз 
алдына қойып, өмірінің мән-мағынасын ашуға тырысады. 
Экзистенциализм философиясында «шекаралық ахуал» деген категорияға 
көп көңіл бөлінеді. Ол — өмір мен өлімнің екі арасында қалу, үрей мен 
алаңдау, түңілу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай 
адам өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда, оның жан дүниесі терең сілкініске 
ұшырағанда, «өмірде болу» тебіренісінің негізінде ғана адам тез пісіп-жетіліп, 
өз өмірінің қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағынасын терең аша 
алады. 
Экзистенциализм философиясы адамның еріктілігіне ерекше көңіл бөледі. 
Еріктілік — «қажеттікті тану», я болмаса «табиғи дарынды іске асыру» емес, 
ол экзистенциямен, яғни өмір сүрумен тең. Адам дегеніміз — өзін-өзінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет