Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 2.01 Mb.
бет5/10
Дата09.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6. Мұнай өңдеу және мұнай шығару өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі


2012 жылғы Қазақстан Республикасының мұнай-газ жабдығының жалпы ішкі нарық көлемі 2 млрд АҚШ долл. құрады. Ал, ішкі өндіріс жалпы нарық көлемінің 7,1%-ын құрады. Макроөңір елдері секторындағы өнімнің импорттық сыйымдылығы 15 млрд АҚШ долл. асады.

Шаралар:

- техникалық реттемелеу жүйесін жетілдіру және көпшілік жалпы қабылданған дүниежүзілік стандарттарға көшу;

- өнім бөлігін сатылы оқшауландырумен халықаралық жетекші компаниялармен бiрлескен жаңа өндiрiстердің пайда болуы үшін жағдай жасау;

- еңбек өнімділігін арттыру;

- инновациялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуды ынталандыру; бар кәсіпорындардың қуаттылығын модернизациялау.
Химия өнеркәсібі

2015-2019 жылдарға химия өнеркәсібін дамытуда басым секторлары анықталды: агрохимия және өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі.

Көрсетілген секторларды басымды деп тағайындауы қажетті шикізатпен қамтамасыз етілгендігіне, қолданыстағы ірі кәсіпорындардың, өнімнің елімізде және көршілес елдердің нарықтарындағы жоғарғы сұраныстығымен анықталады.

Іс-шаралар: Агрохимия секторын дамытудағы басым бағыттарында мемлекет саясатты калий тыңайтқыштары, өсімдікті қорғауға арналған өнімдері, күрделі (NPK-тыңайтқыштарын) өндіру сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығының төмен деңгейі, өндірісті жаңғырту және дамытудағы кәсіпорындардың қаражаттарының жетіспеушілігі, агрохимия өндірушілер тарапынан химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді сату/тарату логистикалық жүйесінің әлсіздігі, агрохимиялық өнімдерді зерттеу үшін сынақ объектілерінің болмауы сияқты осындай сектордың негізгі мәселелерін шешу үшін бағытталады.

2015-2019 жылдар кезеңінде өндіріс көлемінмен өнімдердің қосылған құнын арттыру және секторда жаңа өндірістерді құруға арналған жалпы инвестицисы 454 млрд. теңгеден астам ірі инвестициялық жобалары бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес іске асырылатын болады.

Жалпы инвестициясы шамамен 80 млрд. теңге құрайтын бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес өндіріс үшін арналған химиялық заттектер өндірісін 2015 – 2019 жылдар кезеңінде ірі инвестициялық жобаларын жүзеге асырылуы көзделген, пигменттер және құрамдар, бояулар мен лактар, және т.б. негізгі бейорганикалық химиялық заттар ретінде басым өнімдерінің өндірісі көлемімен қосылған құнын арттыруға бағытталған.
Фармацевтика өндірісі

Саланы тұрақты дамыту үшін Министрлік мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және отандық кәсіпорындар мен бірлесіп 2015 – 2019 жылдарға фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі Кешенді іс-шаралар әзірленуде.



Шаралар: Кешенді іс-шаралар аясындағы Мемлекеттік саясат кәсіпорындардың GMP халықаралық стандартын енгізу кезінде шеккен шығындарының қарызын өтеу, фармацевтика өнеркәсібін ғылымды дамытудағы басымды басымды тізіміне енгізу арқылы инновациялық даму және өнеркәсіптегі зерттеулерді ынталандыру, бірыңғай дистрибьютор арқылы отандық өндірушілерден дәрілік заттарды, медициналық жабдықтармен және медицина саласына арналған бұйымдарды ұзақ мерзімді сатып алу тетігін жетілдіру, салада жаңа өндіріс түрлерін құру, сондай-ақ саладағы отандық өндірушілерге арналған пұрсаттылық тәртіптемесін жасау сияқты маңызды салалық мәселелердің шешуге жолданған.

Сонымен бірге, республика аумағында өндіріс, биотехнология және вакциналардың жаңа түрлерін жасау үшін ірі шетелдік компанияларды тарту, отандық өндірістің фармацевтикалық және медициналық өнімдерді жаңа нарыққа ілгерілету жұмыстары жүргізілетін болады.


Жеңіл өнеркәсіп

Саланың тұрақты дамуы үшін Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары (2014 жылғы 13 қазандағы № 61 бұйрық) әзірленді және бекітілді, оның шеңберінде мемлекеттік саясат саланың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған: жеңіл өнеркәсіп өнімнің заңсыз өндірісі және айналымымен күрес, контрабанданы қысқарту, жеңіл қнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, соның ішінде кеден-тарифтік реттеу шарларын қолданумен, сондай-ақ кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жолымен.



Шаралар:

Жеңіл өнеркәсіп тауарларын Қазақстанның ішкі нарығында ілгерлету (ақпараттық-насихаттау жұмысын өткізу) бойынша, ЕЭК жеңіл өнеркәсіп өнімін бірлескен бизнес-міндеттердің әлеуетін пайдалануды ескере отырып үшінші елдердің нарығына бірлесіп ілгерлету тетігін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.


Экспорттық бақылау

Жаппай қырып-жоятын қаруды, оны тасымалдау, қару-жарақ және әскери техниканы таратпау бойынша халықаралық міндеттерін орындау мақсатында, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру.



Шаралар:

1. Қазақстан Республикасынын аумағына әкелу, пайдалану, транзит және оның аумағынан экспорттық бақылау нысандарды (ерекше таурлар, жұмыстар, қызметтерді) шығару рұқсат ету механизмін жүзеге асыру.

2. Экспорттық бақылау саласы бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу.
Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Өнеркәсіптік қауіпсіздік тұрғысынан қауіпті өндірістік объектілердегі апаттылықты төмендету басым болып табылады.



Шаралар:

1. Өнеркәсіптін саласы бойынша қауіпті өндірістік объектілердегі жабдықтрды техникалық қайта жаңғыртуды жалғастыру;

2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру.
«Жергілікті қамтуды» дамыту үшін жағдайларды жасау

1. Басымдық бағыт – жергілікті қамтуды дамыту мемлекеттік саясатын жүйелеу, нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.

Осы бағыттын шеңберінде жергілікті қамтуды дамыту мәселелерін реттейтін бір-неше нормативтік құқықтық актілер қабылданды, оларды пайдаланудан күтілетін нәтиже – қазақстандық өндірістін көлемін үлкейту, отандық кәсіпорындардын бәсекелестік қабылетін жоғарылату, жаңа перспетивалық өндірістерді шығару және шығарылған өнімнің сапасын жоғарылату.



Шаралар:

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің функциялардын шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардын, мемлекеттік органдардын, ұлттық компаниялардын және жүйе құрайтын кәсіпорындардын сатып алу мониторингісін бір орталыққа бағындыруды іске аыру;

- офсеттік келісімдерді қолдану;

- отандық тауарлардын ерекшелігін есепке алатын ұлттық техникалық стандарттарын әзірлеу (тарифтік емес реттеу).



2. Басымдық бағыт «Отандық өндірушілерге сервистік қолдау көрсету».

Жергілікті қамту дамытуда қол жеткізген жетістіктерімен қатар отандық өндірушілерге қолдау көрсету және ақпараттық сүйемелдеу бөлігінде айқын сұрақтар байқалады. Мысалы, өнеркәсіптік дамыту және елдің потенциалының бірыңғай ақпарат базасы жоқ, отандық өндірушілер жөнінде толық ақпарат, қолдау шаралары бойынша хабардарлық, жергілікті өндірістін насихаты.

Осыған байланысты сервистік қолдау көрсету мәселелері ерекше назарды бөлуге және келесі шараларды қабылдауды қажет.

Шаралар:


  • отандық өндірушілерді ақпараттық қолдау;

  • ішкі рынокта өнделген отандық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызметінің субъектілеріне шығыстар бөлігін төлеу;

  • жергілікті қамту бойынша сараптама өткізу;

  • жергілікті қамту идеологиясын дамыту;

  • ахуалдық картаны әзірлеу және еңгізу.

3. Басымды бағыт «Отандық өндірістін кейінгі дамыту жолдарын талдау және болжамдау»

Жергілікті қамтуды дамыту жылдар ішінде бірнеше аналитикалық зерттеулер өткізілді, олар жергілікті қамтуды маңызды деңгейге жоғарылатуды рұқсат берді. Бірақ, интеграциялық процесстерге, сондай-ақ ауқымды мән-жайға байланысты жергілікті қамтуды дамыту тәсілдерін кейінгі жетілдіру бойынша аналитикалық зерттеулерді тұрақты негізді жүргізу қажет.



Шаралар:

- отандық өндірушілер үшін преференциалдық тәртібі тиімділігін талдау;

- жергілікті қамту нысаналы индикаторлары жетістігін мониторингілеу;

- жергілікті қамтуды дамытудың дүниежүзілік тәжірибиені зерттеу.



4. Басымдық бағыт «Ішкі рыноктағы ең талап ететін тауалары мен қызметтерді өндірісті игеру бойынша жобаларды іске асыруды қолдау және қолданыстағы өндірістерді модернизациялау»

Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердін отандық өндірушіні қалыпты дамыту үшін талаптарды жасау, және оларды ішкі рынокта жылжыту шеңберінде біздің елдің кіші және орта кәсіпорындарды ынталандыру қажет.

Осыған байланысты, бүгін отандық өндірушілерімен жүйе құрайтын кәсіпорындардын өзара әрекет механизмін әзірлеу және жүзеге асыру мәселесі бойынша активно ірі жүйе құрастыру кәсіпорындарымен жұмыс атқаруда.

Шаралар:


  • шектес өндірістерді дамыту;

  • отандық өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ету;

  • отандық тауар өндірушілерге перспективалық және бәсекеге қабілетті өндірістерді игеруге көмек көрсету;

  • тау-кен рудасы сектордын жер қойнауын пайланушыларымен жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізу кезінде тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді саты алу тәртібін сақтауды бақылау.


Экономика салаларындағы энергия тиімділіктің арттыруы

Энергия үнемдеу саласының даму басым бағытына өнеркәсіптік секторда энергия тиімділіктің арттыруы, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік секторы жатады, сонымен бірге энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласына инвестицияларды тарту және энергия тиімділік бойынша қаржыландыру мөлшерін тиімді істеу.

Жалпы елдің энергия тұтынуын 70% пайызын Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары құрайды.

Сондай-ақ, энергия үнемдеу потенциалы энергетика секторында орналасқан. Энергетика бастапқы энергия ресустарының негізгі тұтынушы болып табылады.

Көліктің тез даму темптері білікті және қымбат энергия тасымалдауларын-мотор майы және электр энергиясын қажетсінеді. Осыған байланысты, көлік секторында жүргізілетін энергия үнемдеу саясаты аса маңызды болып есептеледі, жүк және адамдар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында ең төмен энергетияның жұмсалуын көліктік құралдарын жетілдіру құрылымы.

Шаралар:

Энергия тиімділік жобаларын қаржыландыру және инвестицияларды тарту, нормативті құқықтық базалар және заңнамаларды әрі қарай жетілдіру үшін қойылған мақсатқа жету үшін шаралар қолданылады.


Қазақстан Республикасының аумағының геологиялық зерттелуін жоғарылату

Экономиканы шикізаттық ресурстармен қамтамасыз ету пайдалы қазбалар қорларының(түсті металдар, алтын) орны толмауының, геологиялық зерттеулерді технологиялық жетілдірудің өзектілігімен, геологиялық барлау үрдісінің ғылыми қамтамасыз ету мәселерінің болумен байланысты.



Шаралар:

- геологиялық барлау жұмыстарын активтендіру,

- минералдық-шикізат базасын және жер қойнауын пайдалануды, жер асты суларын және қауіпті геологиялық үрдістерді мониторинг,

- геологиялық мәліметтер және геоақпараттық жүйелердің мәліметтер Банкін қалыптастыру,

- шикізатты өндіру мен қайта өңдеуде тек қана заманауи технологияларды пайдалану шартымен шет елдік инвестициялады тартуға жағдай жасау, сондай-ақ жаңадан өндірістерді қалыптастыру; өндіруші кәсіпорындарға тек қана экологиялық зардапсыз өндірістерді енгізу.
Халықаралық жүйемен техникалық реттеу және метрологияның ұлттық жүйесінің сәйкестігі деңгейін көтеру

Техникалық реттеу және метрология саласында басым бағыт өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу және бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін жағдай жасау және оны халықаралық және өңірлік нарықтарға ілгерілетуге көмек көрсету болып табылады.



Шаралар:

- Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу бойынша Жоспарды іске асыру;

- мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыс жоспарын іске асыру;

- Кеден одағының техникалық регламенттерімен өзара байланысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды талдау және жүйелендіруді өткізу;

- халықаралық, өңірлік және шетел мемлекеттерінің ұлттық стандарттарын, сондай-ақ мәліметтер базасын толықтыру және бейімдеу (аудару);

- нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай мемлекеттік қорының қызметін дамыту, кеңейту және оны сүйемелдеу;

- техникалық реттеу саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту және ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты республикалық мемлекеттік кәсіпорнының санитариялық және фитосанитариялық шаралары, саудадағы техникалық кедергілер бойынша Ақпараттық орталықтың қызметін техникалық реттеу және қамтамасыз ету саласында ақпараттық жүйелерді дамыту;

- кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша өңірлік (салалық) семинарлар өткізу;

- техникалық реттеу және метрология саласында кадрларды даярлау және біліктіліктерін көтеру;

- аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың, соның ішінде КО және ЕАЭП жұмыстарының шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық, өңірлікжәне өзге де ұйымдардың, соның ішінде техникалық комитеттердің жұмыстарының шеңберіндегі ынтымақтастық (ИСО, МЭК, МГС, ILAC, IAF, СООМЕТ).
Ұлттық инновациялық жүйесінің дамуына жәрдемдесу

«Инновациялар» (түрлері: өнім, процесс, ұйымдастырушылық және маркетингтік инновациялар) дамудың процесстері болып табылады, олардың бәсеке қабілеттілігін көтеру үшін әрбір кәсіпорында, секторда және салада болуы тиіс.

Нәтижесінде инновациялар тәжірибелі-конструкторлық және ғылыми-зерттеу қаржыландыруының жоқ болу, өндіріспен ғылымның тиімді байланысының жоқ болу, кәсіпорындардың жалпы технологиялық және техникалық артта қалу, өндірістік инфрақұрылымның жетілмеу, әлемдік экономикасымен нашар бірігу, экономиканың шикізаттық бағыттары мәселелерін шешу керек. және

Мынадай басым бағыттар бойынша келесі шараларды қолдауды болжайды:



  1. Инновацияны қолдауға қаржылық құралдарды жетілдіру.

Осы бағыт бойынша, соның ішінде техникалық және экономикалық сараптамалар жетілдірілген, заңнамалық деңгейде оларды ұсыну тәртібі жеңілдеді, инновациялық гранттардың түрлері үлкейтіледі және анықталды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады.

Технологияның трансферт процессін жетілдіру бойынша қаржылық құралдар арқылы жұмыс жалғасады.



  1. Инновациялық инфрақұрылымның алдағы дамуы.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ИИДМБ) бірінші бесжылдық шеңберінде құрылған, инфрақұрылым қызметін оңтайландыру бойынша екінші бесжылдық шеңберінде ИИДМБ 2015-2019 жылдары жұмыс жүргізілді және жүргізілу жалғасады.

Бұдан басқа, ұлттық инновациялық жүйесінің басты элементінің бірі ИИДМБ-на сәйкес анықталған, «Инновациялық технологиялар паркі» алдағы дамуы бойынша жұмысы жалғасады.

3. Инновациялық процессте саны көп субъектілерді тарту мақсатында ақпаратты-насихаттық қызметінің дамуы

Инновациялық даму идеологиясы және оның артықшылықтарын тарату және таңдаулы өнертапқыштар, инноваторлар, іске қосу шараларын анықтауға бағытталатын, инновация бойынша бірыңғай ұлттық байқау жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар жоғарыда аталған шаралармен ғылым мен бизнестің әрекеттесуін нығайту бойынша жұмыс жүргізіледі. .

Бизнестің мәселесін шешу, экономиканың нақты секторларының қажеттілігінің инновациялары мен зерттемелері, қолданбалы зерттеулер нәтижелерін бағдарлау осы бағыттың басты мақсаты болып табылады. Мақсатты технологиялық бағдарламалар осы жұмыстың құралдарын орындалуы болуы тиіс.


Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына ТҰК тарту

Әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайында инвестицияларды тарту ел дамуының басым бағыты болып табылады. «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» шегінде инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша айтарлықтай шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, Елбасымен минимум 10 ТҰК тарту және экономикалық басым секторларында «зәкірлі инвесторлармен» бірге бірлескен кәсіпорындар құру міндеттері қойылды.



«Индустриялық дамуды инвестициямен қамтамасыз ету» 1-басым бағыты

Өңірде айрықша жағымды инвестициялық ахуалын құру, соның ішінде ЭЫДҰ стандартына сәйкес жақсы әлемдік тәжірибе есебімен Қазақстанда өңірлік инвестициялық хабты қайта құру, сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде инвестицияны төмендетуді болдырмау елдің индустриялды-инновациялық даму бағыттарының негізі болып табылады. Осыған байланысты инвестицияларды тарту бойынша жұмыс күшейтілетін болады.



Шаралар:

- инвестиция саласында заңнаманы жетілдіру, соның ішінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес;

- Қазақстанның жағымды инвестициялық беделін құру бойынша жұмысты жалғастыру және жандандыру, соның ішінде, Қазақстанның инвестициялық мүмкіншіліктері туралы ақпараттық-презентациялық жұмыс өткізу;

- инвесторларға сервистік қызмет көрсету бойынша жұмыс сапасын жақсарту;

- «Бір терезе» шеңберінде мемлекеттік қызметті уақтылы көрсету;

- инвесторлардың құқығын қорғау бойынша тиімді инвестициялық омбудсмен қызметімен қамтамасыз ету;

- шетелде халықаралық өкіл жүйесін құру.

Мемлекет басшысы 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жолдауында жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау үшін нақты тапсырмалар берілді. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет.



«АЭА» 2-басым бағыты

Елді индустриялды-инновациялық дамыту бойынша негізгі міндеттерінің бірі жоғары қосылған құны бар өнім өндіретін бәсекеге қабілетті ашу арқылы экономиканы әртараптандыру болып табылады.


Бұл ретте, инвестиция тартуда және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуда негізгі құрал болып арнайы экономикалық аймақтарды
(бұдан әрі – АЭА) дамыту болып табылады, бұл дамыған инфрақұрылымға, тұрақты заңнамаға және жүйелі басқаруға негізделеді.

Шаралар:

- АЭА саласындағы заңнаманы жетілдіру;

Қазақстандағы АЭА туралы ақпараттық-тұсау кесер жұмыстарын жүргізу арқылы инвестициялық имиджін жылжыту;

- АЭА-да инфрақұрылым құрылысын аяқтау;

- АЭА басқару жүйесін дамыту;

- АЭА дамыту тәсілдерінде алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелерді енгізу;

- АЭА басқаруға шетелдік компанияларды тарту.
Бәсекелестікке қабілетті туристік индустрияны құру

Туристік сала қызметінің дамуының басты бағыты болып ішкі және келу туризмінің ұлғаюы болып табылады. Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін Қазақстанда туризм өсу нүктелері анықталған – Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағы, Алматы қаласы, Алматы, Шығыс-Қазақстан және Маңғыстау облыстары. Осы өсу нүктелері бойынша 2012 жылғы желтоқсанда Жүйелік жоспарлардың дайындалуы аяқталған. Жүйелік жоспар шеңберінде өткізілген зерттеулер Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 22 маусымдағы №337-2 ПАБ тапсырмасын орындау үшін әзірленген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдаудың негізі болды.



Шаралар:

- Халықаралық туристік көрмелерге қатысуды қамтамасыз ету;

- «Туризм және саяхат» KITF Қазақстандық Туристік Жәрмеңкеге қатысуды қамтамасыз ету;

- «Іле-Балқаш регатасын» өткізу;

- Қазақстан Республикасының ресми туристік веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- Туристік саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық мәжілістер өткізу.



Экономика мен қоғамның ғарыш өнімдері мен қызметтері деген сұраныстарын қанағаттандыру

Елбасы өзінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында инновациялық саланы, оның ішінде ғарыш саласын құруды нақты міндет етіп қойды Осылайша, еліміздің толыққанды отандық ғарыш саласын құрудың маңыздығына айрықша көңіл аударды.

Ғарыш саласы экономика салаларының міндеттерін шешу мақсатында ғарыш аппараттарының орбиталық тобын қолдауды және кеңейтуді және ЖҚЗ және ғылыми-технологиялық мақсаттағы байланыс ғарыш жүйелерін тиімді пайдалану жөніндегі шараларын нығайтуды талап етеді.

Ғарыш саласын бұдан әрі дамыту Қазақстан Республикасында құрылып жатқан ғарыш инфрақұрылымын қолдану тиімділігін арттыру міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.

Ғарыш саласындағы инновацияларды дамытудың негізгі драйвері қолданбалы ғылыми зерттеулер болып табылады. Осы зерттеулердің шеңберінде таяу және алыс ғарышты, геодинамикалық процестерді зерттеу, ЖҚЗ мәліметтерін қабылдау және өңдеу, ғарыш техникасы мен технологияларының келешекті үлгілерін әзірлеу, зымыран-ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан экономикасының салаларында ғарыш өнімдері мен қызметтерін қолдануды кеңейту жөніндегі ғылыми бағыттар дамытылады.

Тәжірибелік-эксперименттік базаны дамыту ғылымды дамыту міндеттерін және жоғары технологиялар трансферті міндеттерін бір уақытта шешуге ықпалын тигізеді, сондықтан Қазақстан Республикасының ғарыш бағдарламаларында ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен назар аударылады.

Ғарыш ғылымының қазіргі заманғы тәжірибелік-эксперименттік базасын құру оның дәрежесін әлемдік деңгейге көтеруге ықпалын тигізеді.

Шаралар:

- «KazSat» ғарыш байланыс жүйесін, ЖҚЗ ғарыш жүйесін және дәлдігі жоғары спутниктік навигациясын пайдалануға енгізуді қамтамасыз ету және бұдан әрі дамыту;

- ғарыш инфрақұрылымын қолданылуының нәтижелігін арттыру, ғарыш жүйелерінің өнімдері мен қызметтерінің ауқымдылығын кеңейту;

- тәжірибелік өндірісі бар ҒА ҚұСК, ҒТ АКТБ пайдалануға беру және оларды толық өндірістік қуаттылыққа шығару;

- ғарыш технологияларының ұлттық зертханасын (ҒТҰЗ) құру;

- Ресей Федерациясы жалға алған объектілер құрамына кірмеген және ол құрамнан шығарылған «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету және ұстап тұру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

- «Ангара» ТЗ базасында «Бәйтерек» ҒЗК-ні құру;

- ғарыш техникасы мен технологияларының жаңа үлгілерін әзірлеу;

- ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінде ұшу-ғарыштық сынауларды құру және жүргізу;

- ғарыш саласының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

- ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін мониторингілеу жүйесін дамыту;

- таяу және алыс ғарыштық зерттеулердің ғылыми және эксперименттік базасын дамыту;

- ғарыш техникасының жаңа үлгілерін әзірлеудің зертханалық және тәжірибелік-эксперименттік базасын жаңғырту.

2-Стратегиялық бағыт.

Экономика қажеттілігін қамтамасыз ету және транзиттік әлеуетін іске асыру үшін көлік инфрақұрылымның озық дамуы

Автомобиль жолдарын, теміржол секторін, су көлігін және азаматтық авиация саласын дамыту жолмен тиімді көлік-логистиканың инфрақұрылымын құруы көлік саланың басым бағыттары болып табылады.



Шаралар:

- Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс автомобилдік магистралдарын құру және қайта құру, және де республикалық маңызы бар басқа жолдарды қайта құру,

- Алматы-Шу учаскесінде екінші жолдар салу, Боржақты-Ерсай теміржол желісін салуды аяқтау. Теміржол саласындағы жобаларды іске асыру көлік-логистикалық орталықтардың ұтымды желісін дамыту, жүктеулі теміржол учаскелерінің арасында арақашықтықты және уақытты қысқартуды болжайды,

- ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Орал, Петропавл, Қостанай, Семей және Өскемен қалалары әуежайларының ұшу-қону жолдарын қайта құру, Астана қаласы әуежайдың жаңа терминалын құру және ұшу-қону жолын қайта құру,

- Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту, Құрық портында паромдық өткел салу, сауда флотын құрғақ жүктермен және паромдармен толықтыру, ішкі су жолдарында қауіпсіздікті әрі қарай дамыту және кеме қатынасы шлюздерін ұстау;

- кезең-кезеңмен көлік-логистикалық орталықтарды салуымен ішкі терминалдық жүйесін құруы.



3 Стратегиялық бағыт. АКТ саласын және отандық ақпараттық кеңістіктігін дамыту, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін жетілдіру.

АКТ дамыту және отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.

АКТ саласын дамыту және отандық ақпараттық кеңістіктіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін негізгі күш Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жұмылдырылатын болады.



Меры:

АКТ, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қол жетімділігімен, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ақпараттық ортаны құрумен, сонымен қатар отандық ақпараттық кеңістікті дамыту арқылы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділімен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ, аталған бағыт шеңберінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға, телекоммуникациялық инфрақұрылымына қол жетімділікті қамтамасыз етуге және олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сандық телерадио хабарларын таратуды енгізуге, «электрондық үкіметті» дамытуға және отандық ақпараттық контенттің өнімдерін ынталандыруға бағытталған іс-шаралардың толық кешені іске асырылатын болады.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғау, қауіпсіз жұмыс істеуі мониторингі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуі мен функционалдығының өзгермеу жағдайларының мониторингі жүргізіледі.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет