Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы АҚТӨбе заң институты



бет3/78
Дата14.04.2023
өлшемі165.61 Kb.
#472245
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
kolik

Пререквезиттер: «Қазақстан Республикасының Конституциясы құқық», «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы», «ІІО әкімшілік қызметі» «Көлік объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері».
Постреквизиттер: «ІІО қызметіндегі әкімшілік процесс».


2. ГЛОССАРИЙ
(негізгі терминдер мен анықтамалар)
Көлiк қауiпсiздiгi - бұл экономиканың көлiк саласының нақты және ықтимал қауiптерден қорғалуының жай-күйi, бұл ретте мемлекет экономиканың және халықтың автомобиль, темiр жол, әуе, теңiз және өзен көлiгi түрлерiмен тасымалдауға және олармен байланысты қызметтерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасауды, көлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуды, сондай-ақ транзиттiк әлеуеттi тұрақты дамыту мен бәсекеге қабiлдiгiн қамтамасыз етудi қамтамасыз етудi.
Көлік құралы (КО) - онда орнатылған адамдарды, жүктерді немесе жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;
Жол жүрісі қауіпсіздігі - оған қатысушылардың жол-көлік оқиғаларынан және олардың салдарларынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халық денсаулығына теріс әсерлерінен қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі;
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету - жол-көлік оқиғаларын, жол қозғалысының экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерлерін болғызбауға, олардың салдарының ауырлығын төмендетуге, сондай-ақ осындай салдарды жоюға бағытталған қызмет;
Жол жүрісі қағидалары - Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісінің бірыңғай тәртібін, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық және басқа да құралдарын тағайындауды және олардың қолданылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
Жол қозғалысы - адамдар мен жүктерді көлік құралдары арқылы немесе жолдар шегінде онсыз өткізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы;
Жол - осы Заңда белгіленген тәртіппен жайластырылған немесе бейімделген және көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін пайдаланылатын жер бөлудің барлық жолағы не жасанды құрылыстың беті. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөліктерін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;
Жол-көлік оқиғасы - көлік құралының жолмен жүру процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің зақымдануына не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
Жүргізуші - көлік құралын басқаратын адам, мал, табын, жүк тиейтін, жегетін немесе мінетін жануарларды жол бойымен жүргізетін айдаушы;
Жаяу жүргінші - жолда көлік құралынан тыс жүрген және онда жұмыс жүргізбейтін адам. Мүгедектерге арналған кресло-арбамен жүретін, велосипед, мопед, мотоцикл жүргізетін, шаналарды, арбаларды, балалар арбасын алып жүретін жеке тұлғалар жаяу жүргіншілерге теңестіріледі;
Автомобиль - жолдармен жүруге және онда орнатылған адамдарды, жүктерді немесе жабдықтарды тасымалдауға немесе онда орнатылған адамдарды, жүктерді немесе жабдықтарды тасымалдауға арналған көлік құралдарын, оның ішінде троллейбустарды қоса алғанда, жолдармен сүйреуге арналған механикалық көлік құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға қолданылмайды;
Ерекше мақсаттағы Автомобиль-күзетілетін адамдарды тасымалдауға және (немесе) оларға ілесіп жүруге арналған көлік құралы;
Аялдама-егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралын тиеу немесе түсіру үшін қажет болса, көлік құралының қозғалысын бес минутқа дейінгі уақытқа не одан да көп уақытқа әдейі тоқтату;
Велосипед-екі немесе одан да көп дөңгелегі бар (мүгедектерге арналған кресло-арбалардан басқа) және ондағы адамдардың бұлшықет күшімен қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;
Велосипед жолы-велосипедтердің жүруіне арналған және тиісті белгімен белгіленген жеке жол немесе жолдың бір бөлігі. Велосипед жолы басқа жолдардан немесе сол жолдың басқа элементтерінен конструктивті түрде бөлінеді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет